Алматы облысында 71 ауылдық округ әкімін сайлау науқанына қатысты жұмыс қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда үміткерлердің ұсынымын қабылдау аяқталды. Алдағы кезекте үгіт-насихат жұмыстары мен әкімдерді сайлау ісі тұр.

279 тұлға ұсынымдарын жіберіп үлгерген. Оның ішінде 93-і саяси партияның өкілдері болса, 186 азамат ауылдық округті басқаруға қауқарлымын деп, өзін-өзі ұсынған. Айта кету керек, Ақсу, Алакөл, Кеген, Кербұлақ, Панфилов аудандарына қарасты ауылдық округтеріне әкім болып сайланамын деушілер өзін-өзі ұсынған.
Кандидаттар арасынан 243-і талапқа сай келсе, 16 тұлға саяси бәсекеден шет қалды.
Ауылдық округті басқаруға бағын сынап жатқандардың ішіндегі ең жасы Жантас Амангелдіұлы. Жасы 25-те. Алакөл ауданының Теректі ауылдық округін басқармаққа өз кандидатурасын ұсынғандардың бірі. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты, Балтабай ауылдық округінің тізгігін ұстамаққа ұсыным берген Жұман Мықтыбаев, үміткерлердің ішіндегі ең үлкені. Оның жасы 62-де.
«154 үміткер жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде 35 үміткер қайта сайлану арқылы дауысқа салынады. Орташа бәсекелестік – 3,9 адам. Барлық округтерде үміткерлердің саны 3-тен көп. Ең көп үміткер тіркелген аймақ, Іле ауданы Чапаев ауылдық округі. Мұндағы кандидаттардың саны 9-ы құрап отыр»,-дейді Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай.

Мұрадын оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай?

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай? – деп қазақтың көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатов жырлаған жастар – бүгінгі қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттің ертеңі. Сондықтан оларға артылар жүк ауыр, үміт мол. «Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі» – деп Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан еді бір сөзінде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға арналған түрлі бағдарламалар қолға алынып, оларға барлық жағдай жасалуда. Осы орайда, аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу қарқынын білу мақсатында жастар ресурстық орталығының жетекшісі қызметіне тағайындалғанына аз уақыт болса да, осы мекемеде бірнеше қызмет атқарып, аудан жастарымен етене еңбек етіп жүрген  Мәди Бердібаевпен тілдескен едік.

– Мәди Жарылқасынұлы, алып аудандағы жастардың саны кейбір өңірлердің халық санымен пара-пар. Осыншама азаматтарды бір арнаға тоғыстырып, жұмыс істеу қиынға соқпай ма?

– Оныңыз рас, аудан тұрғындарының саны 300 мыңнан асып-жығылса, 14-29 аралығындағы жастардың саны 65 мыңнан асады. Десек те, олармен бірлесе жұмыс жасап, ұйымдастыра білу қиын шаруа емес. Себебі бүгінгі жастар өте белсенді, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бір кісідей атсалысады. Оған қоса, Есік қаласы мен әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар қала, ауыл жастарымен тығыз қарым-қатынаста. Соның нәтижесінде Есік қаласы мен ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылары 266 іс-шара мен 94 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оның ішінде, тазалық акциялары, спорттық іс-шаралар, онлайн-кездесулер өткізіліп, 5 мыңға жуық жас қамтылды.

– Пандемиядан енді ғана бас көтеріп, экономикамызды дамытуға бет бұрған уақытта кәсіпкерлікті қолдау аса маңызды. Осы бағытта жұмыс жасап жүрген жастарға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілуде?

– Қазіргі таңда да, бұған дейін де кәсіппен айналысуды көздеп жүрген жастарға барлық жағдай жасалуда. Жастар ресурстық орталығының маман-дары ауылдық округтерге шығып, бағдарламаларды түсіндіреді және ниетті азаматтарға қолдау көрсетеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жұмыспен қамту орталығы арқылы оқуға жіберіп, жеңілдетілген несиелер мен қаржылай гранттар алуға қол ұшын береміз. Биылғы жылдың басынан бері 63 азамат «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында гранттарға қол жеткізді.

Сонымен қатар 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын «Zhasproject» жобасы аясында ауданның жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі жастарын жұмыспен қамтуға және өз кәсіптерін бастауға үлкен мүмкіндіктер берілді. Былтыр ұйымдастырылған жобаға жастар белсенді қатысып, жобаларын сәтті қорғап шықты. Нәтижесінде, 18 жоба жеңімпаз атанып, 1 млн теңге көлемінде грант ұтып алды. Осылайша, жастардың өз кәсібін бастауға демеу болып, 54 азаматты 5 ай тұрақты жұмыспен қамтыдық. Келісім-шарт мерзімі аяқталған соң да жас кәсіпкерлер өз жұмысын жалғастырып келеді.

Соңғы кездері жастар арасында кәсіп ашуға деген құлшыныс артуда. Соның әсерінен өздерінің бизнес жобаларын құрастырған азаматтардың өтініштерін қарау кезегі ұзаққа созылатын. Бұл кемшілік талабы бар жастардың мақсатын жүзеге асыруға үлкен кедергі келтірген. Алайда бұл мәселе шешімін тауып, жас кәсіпкерлер интернетте сайт арқылы өздерінің бизнес жобаларын қорғап шығуда. Ауыл шаруашылығы, ғылыми жобалар, жасыл экономика, білім беру сынды түрлі бағыттағы бизнес жоспарларды қабылдайтын 25 сайт жұмыс істеп тұр.

– Осы сайт арқылы мемлекеттік грантқа қол жеткізген азаматтар бар ма?

– Әрине, бүгінде жобаларын қорғап, грантқа қол жеткізген азаматтар 13 ауылда балаларға арналған өнер үйірмелерін ашып жатыр. Соның бірі Жасұлан Сейдазиев Қаракемер ауылында өз жұмысын бастап кетті. Ауыл балаларын өнер мен спортқа баулитын мекемелерде домбыра, би, бокс, күрес, шахмат сынды үйірмелер жұмыс істейді. Балалар өздері қалаған үйірмелерге тегін қатысады.

– Жұмыспен қамту мәселесі қалай жүзеге асуда?

– Әлемді қауіпті дерт шарпып, карантиндік шаралар енгізілген қазіргі уақытта жұмыссыз қалған жастардың саны артып келеді. Алайда бос жүрмей, екі қолға бір күрек табуға ұмтылған жастар ресурстық орталыққа, жұмыспен қамту орталығына жүгінуде.

Жігітке сайран етіп жүрген артық,

Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып.

Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,

Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық, – деп Біржан сал айтқандай, қазіргі жас қыз-жігіттер еңбекке құштар. Сондықтан оларды жұмысқа орналастыру үшін барлық шаралар жүзеге асырылуда.Ағымдағы жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына 1607 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Бүгінгі таңда 1029 азамат жұмысқа орналастырылды. Атап айтсақ, жастар тәжірибесіне 59, қоғамдық жұмысқа 850, әлеуметтік жұмысқа 120 азамат тартылды. «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 63 адам грант иегері атанды.

Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 130 адамды маусымдық жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Былтыр осы бағдарлама аясында 63 адам еңбек еткен болатын.

Оған қоса, жұмыспен қамту орталығы-мен бірлесе ауылдық жерлерде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырамыз. Өткен аптада ғана бірнеше ауылда болып, мәдениет үйле-рінде жәрмеңке өткіздік. Оған жұмыс беруші мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту негізінен «Жастар тәжірибесі» мен «Ұрпақтар сабақтастығы»  бағдарламалары арқылы жүзеге асуда.

– «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бізге мәлім. «Ұрпақтар сабақтастығының» мақсатына толығырақ тоқталып өтсеңіз.

– Өзінің атауы айтып тұрғандай, бағдарлама жастарды жұмысқа орналас-тырумен қатар, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланыстың нығая түсуіне жол ашады. Бағдарлама негізінде жұмысқа орналастырылған азамат зейнет демалысы жақындаған маманмен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтайды. Осы уақытта оған жалақы мемлекеттен төленеді. Қазіргі уақытта аталған екі бағдарлама бойынша оқу орнын бітіруші 135 жас маман кезекте тұр. Дипломдарын алған бойда жұмысқа орналастырылады.

– Жастар туралы сөз қозғағанда талай игі істердің ұйытқысы болған волонтерларды атап өтпеуге болмас. Қайырымды жастардың ресурстық орталықпен бірлесе жасаған жақсы-лықтары көпке үлгі. Осы шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болар.

– Расымен де, жақсылыққа жаны құмар жастардың жасаған қайырымды істері қиын жағдайға түскен талай шаңыраққа демеу болып, мұқтаж азаматтарға үміт отын сыйлады. Волонтерлардың ерен еңбегін жоғары бағалаған Мемлекет басшысы «Еріктілер жылының» жабылу салтанатында волнтерлар Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсеткенін айтқан еді. «Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеген ерекше жылға айналды. Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген кезең болды.Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік.Осылайша, адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалайтын қоғам екенімізді таныттық. Әлемді жайлаған індет қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық көрсетті» деген еді Президентіміз. Мемлекет басшысының жалынды сөздері еріктілерді жігерлендіре түсті. Күннен-күнге жақсылыққа жаны құмар жандардың қатары артып, талай игі істердің ұйытқысы болып жүр.

Биыл ерікті, белсенді жастардың атсалысуымен 30 отбасына бір айлық азық-түлік таратылды. Сонымен қатар мұқтаж жандарға 2 баспана сыйлады. Атап айтсақ, белгілі блогер Марғұлан Аденнің ұйымдастыруымен көпбалалы жанұяға Рахат ауылдық округіне қарасты саяжайдан үй, отағасына автокөлік алып берді. Тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттарды айтпағанда, волонтерлар баспанасы өртке оранған отбасыларға қомақты қаржылай қолдау көрсетіп, елдің алғысына бөленіп келеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы қайырымдылыққа ақша жинап, көмек сұрау секілді шаралары уақытша тоқтатылған. Оның бірнеше себебі бар. Негізгісі – көмекке мұқтаж азаматтарды көпшілікке жария етпеу, әсіресе, балаларын. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың ішінде көпбалалы жанұялар бар. Олардың мектеп жасындағы немесе жоғарғы оқу орнында оқитын балаларын әлеуметтік желі арқылы республикаға жария етпей, көмек қорын жинау жоспарлануда. Ол үшін әрбір ауылдық округте WhatsApp желісі арқылы чаттар құрылып, ауданымыздағы еріктілер мен белсенді жастар қосылған. Бұл бастама жастар арасында кеңінен қолдау тауып, әр округ жастарының кемі 10 пайызы осы чатқа тіркелді. Осылайша, аудан көлемінде кемінде 3 мың азамат қайырымдылыққа өз үлесін қоспақ.

– Бұл азаматтар заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізетін бола ма?

– Әрине, «Еңбекшіқазақ ауданының ерікті жастары» деген атаумен қоғамдық қор құрылады. Өз араларында жетекші, есепші сынды мамандарын тағайындап, жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде еріктілер көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жасап, көрсетілетін көмек түрлерін анықтап жатыр. Аталған жұмыстар сәтті жүзеге асса, еріктілердің қоғамдық қоры «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 миллион» атты қайырымдылық шарасын жүзеге асырмақ. Бұл қаржыға 5 отбасына баспана сатып алынады.

– Қазіргі уақытта жастар арасында күрмеуі қиын мәселелер бар ма?

– Әлемді әуреге салған коронавирус басқа салалардан бөлек жастардың белсенділігіне де кері әсерін тигізді. Індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында жасалған карантиндік шаралардың салдарынан жастар ресурстық орталығының іс-шаралары онлайн түрде өткізілді. Ал қашықтан ұйымдастырылған шаралар жастардың белсенділігін төмендетті. Жұмыссыз қолы бос жастар қылмысқа баруы, жаман әдеттерге бой алдыруы әбден мүмкін. Сондықтан біз мүмкіндігінше жастармен байланысты үзбеуге тырысып жатырмыз. Жоғарыда атағанымыздай, бизнеспен айналысуға ниеттенген жастарға бизнес жоспар жасауға қол ұшын беріп, бағыт-бағдар көрсетеміз. Жұмыспен қамту орталығы арқылы қайта оқытуға жағдай жасап, жұмысқа орналастырудамыз. Жұмыссыз жастардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы техникаларын меңгеріп, балық шаруашылығын үйренуде және оқуын аяқтағандар осы салаларда еңбек етуде.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Тілдескен

Сардарбек НҰРАДИН

Қаракемер ауылы – ежелден киелі мекен. Бұл киелі жердің топырағынан әртүрлі дүлдүлдер мен бұлбұлдар, даңқты спортшылар мен батырлар түлеп ұшқан. Аядай ғана ауылдан Кеңес Одағының қос бірдей батыры Қашаған Жаманқараев пен Рақымжан Тоқатаев, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, композитор Қуат Шілдебаев секілді белгілі азаматтар дүниеге келгенін тілге тиек ете кетейік.

Әрине, киелі жердің топырағынан нәр алып, бұлақтарынан сусындап жатқан мәдениеті де, спорты да осал емес. Небір дүлдүлдер мен дарабоз спортшылардың темірқазығы – ауыл екені даусыз. Ал біздің кейіпкерміз осы ауылдың мақтанышы, қала берді күллі Республиканың атын жалпақ жұртқа танытқан қаршадай ғана қызымыз –   Әлпеш Қасенқызы Изенбай. Әлпеш өзінің дарынын сонау бала күнінде аңғартқан. Кішкене қыздың бойындағы спортқа деген құлшынысты байқаған әкесі Қасен қызының «болашақта чемпион болам» деген бала арманын өзінің әкелік миссиясына айналдырып, 5 жасар Әлпештің қолынан жетектеп 2006 жылы ауыл іргесіндегі «Жас Бүркіт» спорт клубына апарады. Алғашқы жаттықтырушы Дамир Сәбитов кішкене қыздың қарым-қабілетін шыңдай түсті. Алға қойған үлкен арманы мен мақсаты Әлпешті адастырмай, 2014 жылы облыс орталығы Талдықорған қаласындағы спорт мектеп-интернатына жетелеп апарады. Қажырлы еңбек пен тынымсыз жаттығу өз нәтижесін де берді. 2016 жылы Дзюдодан Қазақстанның 3 мәрте жеңімпазы, 2017 жылы дзюдодан Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы болса, 2021 жылдың 25 сәуірінде самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. Биылғы жылдағы ең үлкен жетістігі – 2021 жылғы 5 маусымда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында Алтын медаль иегері атануы еді. Міне, әлемдік спорттық додаларда еліміздің намысын қорғап, көк Туымызды желбіретіп жүрген рухы берік қаршадай ғана қызымыздың алар асулары мен бағындырар белестері әлі де алда деп сенеміз. Алдағы жеңісті күндеріне сәттілік тілейміз!

 

Әлішер КУБЕНКУЛОВ,

Қаракемер мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.

Дүйсенбі, 12 Шілде 2021 14:41

Арманға айналған ала доп

Еуропадағы ала доп додасы басталғаннан бері футбол жанкүйерлері көгілдір экраннан көз алар емес. Жылы жүзді жандар,тартысты ойындар, әсерлі сәттер  жарыс  көркін асыра түскендей. Бізбен бірдей тәуелсіздік алған кей елдердің әлем таңдай қаққан ойын өрнегін көргенде қазақ елі қашан осындай ала доп додасында атой салар екен деген ойға қаласың. Сарапшылар айтарлықтай нәтижеге жету үшін балалар футболын мықтап қолға алу  қажет дейді.  Біз ауданымыздағы балалар футболының аяқ алысына аздап зер салған едік.

Бүгінде оқушылар арасында спортты дамыту мақсатында ауданымыздың көптеген мектептерінде аула клубтары құрылып, жекелеген және командалық спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді. Негізінен көпшілік аула клубтарында балалар футболының дамуына басым бағыт берілуде. Қазір аудандық  спорт мектептері мен орта мектептерде түрлі футбол  командалары бар. Бұл белгілі деңгейде балалар футболын дамытуға оң ниеттің барын аңғартады. Есік қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  бапкері  Жәдігер Рахмановтың сөзінше, қазір аталған спорт мектебінде жетіге  жуық балалар футбол командасы бар. Ол командалар балалардың жас ерекшелігіне қарай жасақталған. «Футбол ойнауға ынта танытатын балалар көп. Олар аптасына төрт күн арнаулы жаттығуға қатысады. Мұнда балалардың жеке шеберлігін арттыру мен командалық ойынды үйлестіруге арналған әдістемелер үйретіледі. Балаларды  қанаттандыру үшін көптеген футбол жарыстарын ұйымдастыру қажет. Пандемия жағдайына байланысты былтырдан бері балаларға арналған футбол додалары тым сиреп кетті. Жақында жарыстар қайта жалғасады деген үміттеміз. Кәсіпқой футболдың дамуына жол ашу үшін әуесқой футболды дамытуға күш салу қажет», – дейді футбол бапкері.

Мұндағы балалардың дені қаршадайынан футболға әуестеніп өскендер. Арасында, тіпті,спорттың осы түрін өмірінің өзегіне  балайтындар бар. Олар алаңда барын салып, жан-тәнімен беріліп ойнағысы келеді. Допты асықша иіруге ұмтылған балақайдың біреуін сөзге тарттық.

 –  Маған футбол қатты  ұнайды. Кішкентай кезімен футбол ойнаумен  айналысамын. Алғашында өзге балалармен бірге  ауладағы алаңда жаттығып жүрдім. Қазір осындағы  футбол секциясына қатысып жатырмын. Біз аудан көлеміндегі түрлі жарыстарда бақ сынаймыз. Әлі де көп ойындарға қатысып, шеберлігімді шыңдасам деген ойдамын, – дейді Ислам есімді жас футболшы. Алайда сол балалар  футболының   тамырына қан  жүгіртуге кедергі келтіріп отырған түрлі факторлар да жоқ емес. Ең әуелі, мектептерде  жасыл алаңдар жетіспейді, ал бар алаңдардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан тозығы жеткен футбол алаңдары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Отандық футбол сарапшылары ауылдарда  материалдық база төмен, доп пен спорттық киім жоқ дегенді алға тартады. Оған қоса мектеп оқушылары арасында аудандық деңгейде футбол жарыстары көп өткізіле бермейді. Олардың сөзінше, егер бала турнирлерге қатыспаса, онда  алға жылжу болмайды, доп тебуге аса ықыласты  аудандық, ауылдық жердегі ашылмаған таланттарды қолдау маңызды. Сонымен қоса,  жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, біліктілік санаты әртүрлі, жалақылары да мардымсыз. Бұл жағдайлар балалар футболының аяғына тұсау салып отырғаны шындық. Қазір  Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша  ауқымды жобасы әзірленіп жатқаны мәлім. Аталған жобалар еліміздегі балалар футболына тыңнан серпін береді дегенге сенгіміз келеді. Әйтеуір, қазақ жанкүйерлері әлемдік додалардан өз құрамасын көруге құмартатыны шындық қой.Әлемдік бәсекелерде қара терге малшынып, доп қуалаған қара домалақтарымызды көреміз деген үміт оты сөнбек емес.

Ерзат АСЫЛ

Вакцинация населения проводится согласно алгоритму. В области открыто 244 прививочных пунктов, из них 80 – передвижных (71 мобильные бригады, 17 передвижных медицинских комплексов). Составлены ежедневные и месячные графики вакцинации.

Акимами районов, городов, сельских округов совместно с главными врачами районных, городских больниц и врачебных амбулаторий ведется индивидуальная работа с населением по вакцинации. Так, за последние сутки в области было привито свыше 11 тыс.  чел. В целом в области за сутки вакцинируется около 10 тыс. человек.

Всего получено 844 тыс. доз вакцин (1 компонент – 498 170 доз, 2 компонент – 346 315 доз), привито первым компонентом - 401 тыс. чел., вторым компонентом - 230 тыс. чел.

Кроме того, функционирует 80 передвижных пунктов вакцинации в отдаленных населенных пунктах, торговых домах, общественных местах, обеспеченные активными термоконтейнерами рефрижераторного типа со встроенной холодильной установкой. Организован выезд мобильных бригад для вакцинирования трудовых коллективов.

Охват среди медицинских работников достиг 100%, преподавателей – 96%, силовых структур – 93%. Охват вакцинацией по области выполнен на 37%. Всего планируется вакцинировать 1,1 млн. человек.

Справочно: в медицинских организациях области для хранения вакцины имеются 153 морозильных камер, 272 активных термоконтейнеров (автоморозильники), ожидается поставка еще 80 активных термоконтейнеров для транспортировки вакцины. Поставлено достаточное количество самоблокирующихся шприцев 0,5 мл  - 2 332 000 штук.

Кроме того, проводится активная информационно-разъяснительная работа среди населения об эффективности вакцинации в средствах массовой информации и интернет-ресурсах. Согласно Медиа - плану усилена разъяснительно-просветительная работа среди населения о важности вакцинации. В этой работе активно участвуют 40 спикеров из числа авторитетных граждан области.

С начала текущего года проведено 124 брифинга, показано 253 сюжета. Опубликовано более 2000 статей в республиканских и региональных СМИ. Роздано более  700 тыс. информационных буклетов, памяток. Круглосуточно работает  Call-центр.

 

 

 

Аппарат акима Алматинской области

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызмет атқару кезінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтарды қолға түсірді. Сондай-ақ, шекара наряды өсімдіктермен бірге үш дана ұларды тауып тәркіледі.

Отандастарымыздың заңсыз қадамдары қатысты қос оқиға да 8 шілде күні орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сай әрекет еткен шекарашылар түнгі сағат 12-ден 40 минут өткенде Жалаңаш-Алғабас тасжолының бойында Қазақстан Республикасының қос азаматын мінген көлікті тоқтатқан. Жеңіл көлікті тінтудің нәтижесінде ішіне белгісіз өсімдіктер салынған 30 қапшық табылып тәркіленді. Өзінің салмағы шамамен 300  келіні тартады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл – еліміздің «Қызыл кітабына» енген «Макратони красячая» деп аталатын өсімдік болып шықты. Сонымен қатар, көліктен үш ұлар табылды. Отандастарымыз өздерінің заңсыз әрекеттерін «Саты» шекара бөлімшесінің учаскесіндегі мемлекеттік шекарадан 20 шақырым жердегі Далашық деп аталатын аумақта іске асырған. Қолға түскендердің бірі шекарашыларға қарсылық танытып, қашуға тырысқан.

Ал дәл сол күні кешкі алтылардың кезінде шекара наряды «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкерлерімен бірлесіп, Жіңішке шатқалының бойынан 1986 жылы туған Е.Сыбанқұлмен бірге Қазақстан Республикасының төрт азаматын ұстады. Шекарашыларға өздерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттарын көрсете алмаған азаматтардың көлігінен де қызыл кітапқа кірген өсімдіктің түрі салынған бес қапшық табылып тәркіленді.

Қазіргі сәтте шекара аймағында құрықталған азаматтар «Жалаңаш» шекара бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.

Т.Дәулетбаева,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

 

 

 

Шелек тарихи-өлкетану мұражайында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды.

Шелек тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған көрме Елбасымыздың Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы жарғысының халық арасында үлкен қолдау тапқанының көрінісі деп білеміз. Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Осы орайда Шелек тарихи-өлкетану мұражайында «Домбыра – бабадан қалған бағзы мұра» атты тақырыпта домбыра жасаушы, күйші Ақан Серікұлы Базаровтың өзі жасаған домбыраларын қойып, көрермендермен домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Көрме барысында домбыра жасаушы Ақан Серікұлы домбыра жасаудың әртүрлі тәсілдерін айтты. Көрмеге барлығы 7 домбыра қойылды. Көрмені Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары тамашалады. Көрме соңында музей залдары бойынша экскурсия жасалып, көрермендер залдарды тамашалады.

Ақан Серікұлы Шелек өңіріндегі Жаңашаруа ауылында дүниеге келген. Өнерге жастайынан құмар болған Ақан аға: «Әкем құрылысшы бола тұра, домбыра шертіп отыратын. Сонымен қатар,   қалдық ағаштардан аң-құстардың нобайын жасап, домбыра жасаумен шұғылданушы еді», – дейді.   Бабаларымыз  кез келген өнер түрін үлкен талғаммен аса жоғары бағалап отырған. Осыны көріп өскен бала Ақан 1999 жылы Қаскелең қаласындағы Мәдениет колледжіне оқуға түсіп, Шамалғандағы мектеп-гимназияда Еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Оқу орнында ағаш жонудың түрлі тәсілдерін үйреніп, сандық, астау, тағы басқа да заттар жасай жүріп 2002 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет факультетінің сәндік қолданбалы өнер кафедрасын бітіреді. Ол жерде көп шәкірттер дайындаған, домбыраның хас шебері Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазұлынан сабақ алған.  «Дауысы күмбірлеген керемет домбыра жасау асқан талант пен сезімталдықты қажет ететін дүние екені сөзсіз. Қазір өзі де шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздың қолынан шыққан домбыраның жалпы саны 500-ге жуық. «Домбыра жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік құпиясы бар. Әр шебер өз құпиясын кез-келген адамға жайып салмайды. Алайда, ең басты құпиясы әрине, домбыраның ағашына байланысты. Ағашы қандай болса, үні де сондай әуезді болып келеді», – дейді шебер.

«Алдымен, аспапқа лайықты ағаш таңдалады. Ол әбден  кептіріледі. Содан соң домбыраның шанағын белгілі бір заңдылықтарға сәйкес орналастыру қажет. Бет тақтайының қаттылығы, қалыңдығы – бәрі есептеле-ді. Сәл қиыс кетсе, дыбыс дұрыс шықпауы мүмкін», – дейді А.Базаров. Кез-келген ағаштан шауып, домбыра істеуге болады. Бірақ оның барлығы домбырашылардың көңі-лінен шыға бермейді. Сондықтан, Ақан аға  әр жасаған домбырасын кәсіби домбырашыларға көрсетіп, ақыл-кеңесін алып отырады. «Менің басты ақылшым, домбырамның сыншысы – Жолаушы Тұрдығұлов. Әр жасаған домбырамды қашықта тұрғаныммен, шама келгенде іздеп барып, ұстазыма көрсетіп, ақыл-кеңесін тыңдаймын», – дейді.  Ағаштан түйін түйіп, жансызға жан бітірген Ақан шебердің шапқан домбыраларымен осы күні исі қазақ өнерін түсінетін азаматтар өнер көрсетіп жүр десек артық айтқандық емес. Домбыра жасайтын шебердің айтуынша соңғы жылдары ұлттық аспапқа деген сұраныстың артқаны байқалады. Республика көлемінде біршама жылдан бері бекітілген Ұлттық домбыра күні соның айғағы емес пе?!

Айтулы мерекеде біздің мақсатымыз – үн-түнсіз, дабырасыз еңбек етіп, оқушыларға ұлттық қолөнердің сырын үйретіп жүрген ұстаз туралы бір жылы сөз арнау еді. «Ағаштан түйін түйген» шебер ұстазға алдағы жұмыстарында тек сәттілік тілейміз! Біздің тілек киелі аспаптан шертілген күй мен төгілген әндерді талантты шәкірттер орындап, болашақ жас-тар ұлттық құндылығымызды қастерлей білсе деген ой. 

Нұргүл САБАҚАНОВА

Өткен аптада облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, бірқатар нысандарды аралады. Әкімдіктің мәжіліс залында мәслихат депутаттарымен кездесу өткізіп, күрмеуі қиын өзекті мәселелерді талқылады, халық қалаулыларының ұсыныстарын тыңдады.

Киелі Алтын адам жеріне арнайы ат басын бұрған Жанболат Әкебайұлы, Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Сүлейменов аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов бастаған топпен ауданымыздағы ірі жобалардың құрылысымен танысты.

Есік қаласы және жақын орналасқан 8 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ететін Еңбек-шіқазақ топтық су құбырының құрылысына қаражат бөлініп, жұмыстар былтыр басталып кеткен. Жоба бойынша Бөлек, Әймен, Қарасай, Өрікті, Көктөбе, Қызылжар, Рахат, Қайназар ауылдарының тұрғындары келер жылдың мамыр айында сапалы тіршілік нәріне қол жеткізуі тиіс. Ол үшін бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі күнде құрылыс-монтаж жұмыстарының 60 пайызы аяқталып, 39 шақырымына құбыр тартылған (жалпы ұзындығы 45 шақырым). Жоба бойынша осындай ақпараттарды жеткізген мердігер «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-нің өкіліне Жанболат Әкебайұлы құрылысты уақытында әрі сапалы аяқтау керектігін тапсырды.

Есік қаласының төменгі жағындағы құрылысы жүріп жатқан 60 пәтерлі қос тұрғын үйге де арнайы барды облыстық мәслихат хатшысы. Мұндағы әрбір көпқабатты үйді салуға бюджеттен 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме «Капстройгрупп-Т» ЖШС. Мекеме басшысының айтуынша, барлық жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде, алайда, құрылыс материалдарының, әсіресе, цементтің қымбаттауына байланысты газоблок шығаратын зауыт өз жұмысын тоқтатқан. Алғашында келісім шарт жасасқан зауыт қабырға қалауға қажетті материалдарды жеткізу уақытын кейінге шегеріп келген. Осы мәселе құрылысты уақытында аяқтауға кедергі болуы мүмкін. Десек те, мердігер компанияның басшысы тығырықтан шығатын жолдарды қарастырып жатқанын жеткізді. Бүгінде құрылыс алаңында 62 адам еңбек етуде. Жыл соңында, Тәуелсіздік күніне орай 120 отбасы қоныс тойын тойлауы тиіс.

Аудан орталығында жүзеге асып жатқан осындай жобалардың барысымен танысқан Жанболат Жөргенбаев әкімдіктің мәжіліс залында VII шақырылым депутаттарымен кездесіп, өңірдегі мәселелерді талқылады. Алғашқы болып сөз кезегін алған Бекет Ахметов 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Ж.Жөргенбаев  өз кезегінде Алматы облыстық мәслихатының жұмысы, алдағы кезеңге арналған жос-парлар, «Nur Otan» партиясының «Өз-герістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстармен таныстырды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы жаңалықтарға тоқталып, өз ойымен бөлісті.

Жиын барысында халық қалаулылары аудан аумағындағы проблемаларды айтып, оң шешімін табуға ықпал етуін сұрады Жанболат Әкебайұлынан. Айдар Алсейітов Шелек ауылындағы тозығы жеткен кәріз жүйесінің мәселесін көтеріп, оны жүргізу үшін 1,4 млрд теңге қаражат керектігін айтты. Сонымен қатар, Нұрлы ауылындағы дәрігерлік амбулатория мектеп ғимаратының бір бөлігін жалға алып, тұрғындардың саулығы жолында жұмыс жасауда, медициналық мекемеге жаңа ғимарат қажет.

Аудандық мәслихат депутаты Раимжан Ибдиминов шаруалардың базынасын айтып, суармалы су мәселесі  мен су жүретін каналдардың тозығы жеткендігін жеткізді. Тескенсу ауылындағы ескірген мектеп пен амбулаторияның жайын жеткізген Қияс  Ақберген ауыл жастарына спорт алаңы қажеттігін, су құбырының ескіргенін айтты.

– Егемендік алғалы Тескенсу ауылында бірде бір әлеуметтік нысанның бой көтермегенін ескере отырып, осы жылдар арасында Тескенсудан сайланған депутат ретінде, ауыл тұрғындарының аманатын орындау үшін жоғарыда айтылған мәселелердің шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын – деді Қияс Жапарбекұлы.

Бүгінде жұмысқа орналасқан жас мамандардың баспанаға қол жеткізуі – өзекті тақырып. Бұл бойынша ауыл жастарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы септігін тигізсе, Есік секілді шағын қалаларда жұмыс істейтін жас мамандар аталған бағдарламаға қатыса алмайды. Осылайша, жас мамандардың баспана мәселесін жеткізген Лейля Тункаева мәслихат хатшысына жастарға көмек берудің басқаша жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Мәслихат депутаты Михаил Гусев Бәйтерек ауылдық округіндегі суармалы су мен ауызсу тапшылығына тоқталды.

Қойылған сұрақтар бойынша кездесуге қатысушылар пікір алмасып, талдау жасады. Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж.Жөргенбаев сұрақтарға барынша жауап беріп, мәселелерді назарына алып, облыстық мәслихат деңгейінде қарастыру мақсатында күн тәртібіне енгізетінін жеткізді.

 

Сардарбек НҰРАДИН

 «Еңбекшіқазақ» газеті және mezet.kz үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді.

Сайлауалды үгіт-насихат кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан, яғни, 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18.00-де басталып, 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша ноль сағатта аяқталады.

Жазбаша өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын Есік қаласы, Алматы көшесі, 112-үй, 2-қабат мекенжайында қабылданады.

Жарияланымдарда ақпараттың төленуі, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың қаржыландыру көзі туралы мәліметтер болуы керек. Баспалық материалдарды орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай редакция белгілейді.

Үгіттік материалдарды беру тәртібі

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті. Материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда редакция үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидаттардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда редакция үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бағасы:

- Мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

- Журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге.

Төлем газет берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттері арқылы төленеді.

Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға немесе телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

Есік қаласы, Алматы көшесі, 112-үй, 2-қабат. 8 (72775) 4 09 00, 4 19 31.

 

 

 

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерігінің №13 қаулысы шықты. Бас құжаттағы басты мәселелер «Jetisy Media» алаңында айтылды.

Әуелде ерікті түрде салынатын вакцина, қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ендігі жерде барлық тұрғындарға салынатын болады. Қаулы негізінде соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19-бен ауырып жазылған адамдардан басқасының барлығы да коронавирусқа қарсы вакцинаны алуға міндетті болып табылады. Мемлекет міндеттеген екпені алмаған жағдайда жұмысқа жіберуге шектеу енгізіледі.

Жаңа ереже бойынша, екпе алмаған ұйым қызметкерлері аптасына бір рет ПТР-тестілеуден өтуі қажет. Ескерте кетерлігі, аталған зертханалық талдау ақылы негізде жасалынады.

- «Ashyq» жобасына қатыспаған ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, боулинг клубтары мен бильярд бөлмелерінің қызметіне тыйым салынады. Банктердің, ХҚКО-ның, "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофехана типі бойынша 9-дан 20 сағатқа дейін, толымдылығы 50% - ға, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс істеуге рұқсат етіледі»,-деп атап өтті Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.


Айта кетейік, соңғы тәулікте тағы да 49 адам індет жұқтарғаны анықталды. Осылайша вирустың өсу қарқыны -0,2% құрап отыр. Бүгінгі таңда Алматы облысы сары аймақта орналасқан. Текелі қаласы әлі де қызыл аймақта, қалған аудан мен қалалар жасыл аймақта.

Вакцинациялауға келетін болсақ, облысқа барлығы 498 170 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 422 670 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компонент 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 177 850, Qaz-вак 8000 және 28 000 CoronaVac. Бірінші компонентпен барлығы – 396 622 адам, ал екіншісімен – 227 445егілді.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет