Қазақстанда өткен тәулікте 6637 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1510

Алматы қаласы - 1219

Шымкент қаласы - 520

Ақмола облысы - 192

Ақтөбе облысы - 255

Алматы облысы - 194

Атырау облысы - 420

Шығыс Қазақстан облысы - 139

Жамбыл облысы - 152

Батыс Қазақстан облысы - 168

Қарағанды облысы - 781

Қостанай облысы - 181

Қызылорда облысы - 168

Маңғыстау облысы - 258

Павлодар облысы - 202

Солтүстік Қазақстан облысы - 133

Түркістан облысы - 145

 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 535906.

Жақында «Nur Otan» партиясы  аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста баяндамалар  тыңдалып, бірнеше  қаулы  қабылданды.

Отырысқа «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Р.Салықова, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық мәслихат депутаттары К.Карагулова, Э.Байшеков, В.Вальков, Б.Рахимов қатысты.

Ең әуелі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарған жұмысы туралы ЕГЭК директоры А.Жылқыбаев баяндама жасады. Колледж директоры  баяндамасында жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығына тоқталып, оған жол бермеу үшін оқу ордасында қолға алынған түрлі жобаларды  тілге тиек етті. « Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты мемлекет дамуын тежейтін аса қауіпті дерт  деп қабылдауы тиіс. Біз шәкірттеріміздің  бойында коррупцияға қарсы мәдениет  қалыптастыруға басымдық беріп келеміз», – дейді А.Жылқыбаев. Қоғамдық кеңестің отырысында сөз алған аудандық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары А.Қайыпжан аталған мекемеде коррупциямен күрестің қалай жүзеге асып жатқанын жан-жақты айтып берді. Соңында кезекті отырыста қабылданған  қоғамдық кеңес қаулысына сай «Электрондық үкімет» веб-порталы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен мерзіміне сәйкес уақытылы жұмыс жүргізуі қадағаланды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен біліктілігін мерзімдеріне сәйкес  қатаң бақылау сынды  мәселелер назарға алынды.

 

Ерзат АСЫЛ

ДДСҰ және ECDC сарапшылары "дельта" Еуропаның барлық елінде дерлік табылғанын және ол басқа нұсқалардың айналымын ығыстырып, таралуын жалғастыратынын атап өтті.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен (ECDC) бірлесіп, осы жазда «дельта» штамының жылдам таралуына байланысты туризмнен толығымен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды tourprom.ru.

Олардың мәлімдемесіне сүйенсек, SARS-COV-2 коронавирусының «дельта» нұсқасы «Еуропаны шарлап», әдеттегі штамдарды ығыстырады. Сондықтан олар туристерді инфекцияның таралуын болдырмауға күш салуға шақырды.

«2021 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында «дельта» нұсқасы басымдылығын көрсетті, генетикалық реттілік туралы толық ақпарат берген 28 елдің 19-ында осыдай жағдай тіркелген. «Дельта» штамының орташа үлесі – 68,3 пайыз, бұл бұрын үстемдік еткен «альфа» нұсқасының 22,3 пайызынан асып түсті», – деді ДДСҰ өкілдері.

«Біз пандемияны тоқтату тұрғысынан алғанда, жағдайды бақылауға алдық деп айта алмаймыз. Сонымен қатар біздің аймақтың көптеген елінде «дельтаның» таралуына байланысты жағдайдың ушыққанын байқадық», – деді ДДСҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Ханс Клюге.

 

Сонымен қатар ол осы жазда инфекцияның, атап айтқанда, «дельта» штамының таралу қаупін азайту үшін сапарлар мен ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырды.

«ДДСҰ елдерге ақысыз тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуді, байланыста болған адамдарға карантинді қолдануды және расталған инфекция жағдайында оқшаулауды кеңейтуді, берілу тізбегін үзу үшін контактілерді іздеуді күшейтуді және тұрғындар арасында ең қауіпті адамдарды вакциналауды ұсынады», – деді Клуге.

Оның айтуынша, «дельта» әлдеқайда жұқпалы, вакцина алмай штамға қарсы тұру мүмкін емес.

Ел тарихында елеулі оқиға 2021 жылдың 25 шілдесі күні орын алды. Бұқара болып болашақ әкімді таңдау Республикада тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Өлкенің өрісін кеңейтіп, әлеуетін арттыратын бірден-бір тетік ол-ауыл. Сарыарқаның сайын даласына келген саясаттағы тың бастама Алматы облысында айналып өтпесі анық. Бүгінгі күні, дүбірлі додаға Алматы облысынан 235 кандидат қатысуда. Оларға 220 мыңнан астам тұрғын дауыс береді деп күтілуде.

Ел аумағында өтіп жатқан саяси бәсекенің жоғары дәрежеде өтуіне ат салысып жатқан аудан, Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы. Аталған аймақта 300 мыңға жуық халық тұрады. Сәйкесінше, сайлаушылар саныда көп. 49 429 адам өз таңдауын жасайтын болады. Негізінен ауданда 48 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Соңғы деректер, сағат 16:00-де 21653 адам дауыс бергендігін растап отыр.

Сайлау науқаны мәресіне жеткенге дейін, барша аудан тұрғындары өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Еңбекшіқазақ аудананындағы сайлау науқаны санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.

Согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями по состоянию на 10.00 часов 25 июля2021 года избирательные бюллетени получили 17% от общего количества избирателей или 38783 человек, включенных в списки.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10-ға сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 17% алды немесе 38783 адам дауыс берді.

 

 

 

 

В 07.00 25 июля в Алматинской области стартовали выборы акимов сельских округов, сообщает JETISÝ MEDIA.
В ходе брифинга на информационной площадке JETISÝ MEDIA член Алматинской областной избирательной комиссии Каһарман Жаксылык сообщил о начале выборов. По его словам избирательная кампания будет проходить в 71 округе Жетсыу.
«На сегодняшний день официально зарегистрированы 235 кандидатов. Наибольшее количество которых в Талгарском районе. На 1 место борются 6 претендентов. В целом, по области новые акимы появятся в 71 населенном пункте», - сказал Каһарман Жаксылык.
Стоит отметить, что на протяжении дня на информационной площадке JETISÝ MEDIA будет озвучиваться информация о ходе выборов в сельских округах, а в 22.00 по времени столицы будут представлены предварительные итоги голосования.

Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады.
Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан алынып қалды. Сайлауға түсуші 82 үміткер саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады.
«Бұған дейін, Іле ауданы Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп күтілуде.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00 де Токио қаласындағы XXXII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді. Салтанатты шеруде әлемнің 200 елінен келген 11 мыңға тарта спортшы жүріп өтеді және құрама арасында бір спортшыны елдің туымен шығару дәстүрі бар. Бұл да спортшыға артылған жауапкершілікті еселей түсетіндей көрінеді. Әр жылдары Қазақстан туын түрлі бағыттағы спортшылар көтеріп шықты. ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан туын көтеріп шыққан ұландардың Олимпиада нәтижелеріне шолу ұсынады.

Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқан алғашқы жазғы Олимпиадасы 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласына өткен еді. Онда жамбылдық жас боксшы Ермахан Ибраимов ту алып шықты. Бұл Олимпиадада спортшы «қола» жүлде алды. Жалпы есепте Қазақстан 11 медальмен 197 ел арасында 24-орынға тұрақтады.



4 жылдан кейін Аустралияның Сидней қаласында өткен кезекті Олимпиадада да Ермахан Ибраимов ту ұстаушы болды. Әзірге Е. Ибраимов – Қазақстанда екі Олимпиадада ту алып шыққан және екеуінде де жүлдемен оралған жалғыз спортшы. Сидней ойындарында боксшы Қазақстан қанжығасына «алтын» әкелді. Сиднейдің тағы бір чемпионы Бекзат Саттарханов екеуі бокс жұлдыздарына айналды. Қазақстан Олимпиада нәтижесі бойынша 199 мемлекет арасынан 22-орынға көтерілді.


2004 жылғы дәстүрлі дода Олимпиада отаны – Грекияда өтті. Салтанатты ашылуда Қазақстан туын дзюдошы айбынды Асхат Жіткеев алып шықты. Одан халықтың Ермахан Ибраимовтың жолын, жеңісін күткені рас. Бұл додада А. Жіткеев 7-орын алып, жүлдеге іліге алмады. Жалпы Қазақстанның нәтижесі төмен болып, 201 елдің арасында 40-орынға бір-ақ сырғыды. Дегенмен, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 27 жастағы Асхат Жіткеев «күміс» жүлдеге қол жеткізді. Бұл – Қазақстанның дзюдо бағытындағы алғашқы Олимпиада медалі болды.


2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан туын алып шығу мәртебесі ауыр атлетикадан Азия чемпионы Бақыт Ахметовке берілді. Бақыт Ахметов Сидней Олимпиадасында 15-ші орын, Афина Олимпиадасында – 7-орын алған еді. Бейжің ойындарында 415 келі нәтижемен 5-орын алды. Қазір Бақыт Ахметов – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері. Оның салтанатты шерудегі ұлттық киімін танымал дизайнер, стилист Құралай Нұрқаділова тіккен еді. Қазір бұл костюм Олимпиада естелігі ретінде Бейжіңдегі музейде тұр.



 

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында еліміздің көк байрағын грек-рим күресінің балуаны, Азияның екі дүркін чемпионы Нұрмахан Тінәлиев ұстап шықты. Алайда жарыс жолын 1/8 финалдан бастаған Н. Тінәлиев швециялық Еурен Йоханнан жеңіліп қалды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында Лондонда кеткен есені қайтарғысы келді. Дегенмен, бұл жолы сәттілік серік болмады, Н. Тінәлиев алғашқы белдесуіне неміс спортшысы Эдуард Поптаннан жеңіліп қалды. Кейінірек ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында жарақатпен күресіп, екінші орын алды. 2019 жылдың қарашасында Мәскеу Гран-приінде, желтоқсанда Алматыда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен Конфедерация кубогына қатысты. Ал 2020 жылы Н. Тінәлиев Францияда грек-рим күресінен өткен Гран-при бәсекесінде «күміс» жүлде алды.



Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиадада 20 жастағы таеквондошы Руслан Жапаров ту ұстаушы болды. Алайда спортшы алғашқы айналымда әзербайжандық қарсыласы Радик Исаевтан 11:2 есебімен жеңілді. Жұбаныш кездесуіндегі жекпе-жекте те отандасымыз 29 жастағы оңтүстіккореялық Чха Дон Миннен жеңіліп қалды. Руслан Жапаров биыл да Токио Олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Ол таэквондода 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. 27 шілде күні алғашқы қарсыласы германиялық Александр Бахманмен боз кілемге шығады.



Биыл Токио Олимпиадасы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады. Спортшылар тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранның шырқалуы үшін барын салуға уәде берді.

Ольга Рыпакова – Өскемен қаласының тумасы, бұған дейін үш Олимпиадаға қатысып, үшеуінен де жүлдемен оралған тәжірибелі спортшы. Ол үш қарғып секіру бойынша 2008 жылы Бейжің қаласында «күміс» медаль алған, 2012 жылы Лондонда – «алтын» және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода – «қола» медаль алған. Одан бөлек, Ольганың еншісінде Универсиада «алтыны» және Азия ойындарының 6 алтын медалі бар. Сондай-ақ, ол әлем чемпионы және 2010 жылғы құрлықтық кубогтің иегері.

Қамшыбек Қоңқабаев – Олимпиада шаршы алаңында зор жауапкершілікке ие болған бокс құрамасының капитаны. Ол 2014 жылы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және 2017 мен 2019 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасы 29 жастағы қызылордалық спортшы үшін алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 маусымда Токио Олимпиада стадионында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 28 түрінен Олимпиаданың 97 жолдамасы бар.

Дереккөз

 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатта ҚР-да және Алматы облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 26 шілдеден бастап жаңа шектеу шаралары енгізілгені жазылған. Олар:

1) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері келесі қызметтерге тыйым салынады:

- қоғамдық көліктердің қызметтеріне;

- COСO, сауда үйлері, сауда желілерінің;

- спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері,спорт клубтары, жаттығу залдары);

- қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттардың (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);

- фитнесс-орталықтардың, фитнесс-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, моншалардың, СПА орталықтарының, бассейндердің;

- кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдардың, филармониялардың, цирктердің;

- алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің, ашық және жабық базарлардың;

- компьютер клубтарының, боулингтердің, бильярд залдарының, караоке, түнгі клубтардың;

- білім беру орталықтарының, балаларға және үлкендерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың көңіл көтеру орталықтарының;

- банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің;

- діни объектілердің қызметтеріне тыйым салынады.

2) жұмыс күндері қойылатын шектеулер:

- «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін;

-«Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога- орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА - орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін шектеу қойылады.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттаркциондардың қызметі тоқтатылады.

Қаулының толық мәтінін төмендегі сілтемеден көшіріп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет