Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Азаттықтың ақ таңы арайлап атқанына биыл 30 жыл. Егемендік алғалы еліміздің жеткен жетістігі, алған асуы, бағындырған белесі бір төбе екенін зор мақтанышпен айтуға болады. Әлем елдері Қазақстан Республикасы деген жас мемлекеттің күн санап дамуына қызыға да, қызғана көз салатын болды. Бірлігі мен берекесі жарасқан қазақтың кең-байтақ қасиетті жерінде 130-дан аса ұлт өкілі бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуінің өзі сыйластық пен достықтың символын көрсете білді. Бұл – біздің үлкен жеңісіміз бен жетістігіміз.

Қазақ халқы Тәуелсіздіктің арқасында дербес мемлекет құра білді. Шын мәнінде мемлекет құраушы ұлтқа айналғанын зор мақтанышпен айтуға болады. Бұл еліміздің болашағы үшін әрбір азаматқа ерекше жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, жастар мемлекеттің гүлденуіне бір кісідей атсалысу қажеттігін ешқашан да ұмытпағандары абзал. Себебі, елдің тізгіні жастардың қолында.

Біз қазақтың қанымен жазылған том-том тарихты ешқашан да естен шығармауымыз керек. «Өткенді айтпай, бүгінгі еске түспейді» дегендей кешегі тарихсыз біздің ертеңіміз бұлыңғыр болары анық. Сондықтан, қазақ тарихын әрбір ұрпақ білуге міндетті.

Қазақ тарихы – ұлттың болашағы. Қазақстан Республикасындай тәй-тәй басқан жас мемлекеттің болашағы зор, алар асуы алды, бағындырар белесі көп. Біз Алатаудың биік шыңына көз тастап, айқын мақсаттарға жету жолында тынбай, адал еңбек етуге тиіспіз. Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп, адалдықты, тазалықты, патриоттық сезімді бойына дарыту – ұстаздың басты міндеті. Осынау аса жауапты міндетті орындай отырып, біз ел ертеңіне шын жаны ашып, жүрегі ауыратын ұлтшыл ұрпақты тәрбиелеп шығамыз. Қазақтың ұрпағы текті, білімді, ақылды, білікті болса біздің алар асуымыз, жетер жетістігіміз, бағындырар биігіміз көп болатынына сенім мол.

Қазақтың қасиетті жерін қорғап қалған ата-баба ерлігіне жас ұрпақ мәңгі қарыздармыз. Осы күрес жолында біздің ата-бабаларымыздың бір ғана арманы болды. Ол – Тәуелсіз ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ атану. Қасық қаны қалғанша жаумен күресіп, жеңіс үшін жан қиған ерлік иелерінің асқақ арманы, айқын мақсаты бүгін біздің қолымызға бақ болып қонды.

Енді еркіндіктің қадірін білуге міндеттіміз. Тәуелсіздіктің қадірін білу дегеніміз – оны аялау, сақтау, ол үшін кез келген күреске дайын, сақадай-сай болу. Ең бірінші АНА ТІЛІМІЗДЕ сәлемдесіп, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, қазақтың дарқан даласында тек болмысы қазақ, жаны қазақ, тілі қазақ, діні қазақ ТӘУЕЛСІЗ ҰРПАҚ санын арттыру жолында еңбек етуге міндеттіміз.

Айдана САҒЫНҒАНОВА,

«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 

"№2 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы облысы

Сәрсенбі, 18 Тамыз 2021 12:14

Пәтер кілтін табыстады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған ауыр атлетші Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоны қабылдады

Амандық Ғаббасұлы қола жүлдеге қол жеткізген жетісулық спортшыларға ақ тілегін арнап, алғысын білдірді. салтанатты шара соңында Зүлфия Чиншанлоға облыс әкімінің құрмет грамотасы мен үш бөлмелі пәтер кілтін берсе, Игорь Сонға екі бөлмелі пәтер мен құрмет грамотаны табыс етті. Жаттықтырушы Сергей Седовты 2 млн. теңгенің сертификатымен марапаттады. Жиын соңында спортшылар облыс әкіміне алғысын айтып, алдағы бәсекелерде көк байрақты биік көтереміз деген жақсылығымен бөлісті.

 

Бүкіл Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары сонау Шелектен бастап, сондай-ақ көрші жатқан Талғар ауданынан да Есіктің орталығына таң атпай келіп, қандай кезекке тұратынын бүгінде жергілікті жұрт біліп қалған. Ол – флюорографияға кезек.

Иә, өкінішке қарай, халық саны 300 мыңнан асатын үлкен ауданда жалғыз жерде флюорография аппараты жұмыс істеп тұр. «Шынымен, солай ма?» деген сұрақтың жауабын нақтылау үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа «тегін» медициналық көмек көрсететін Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының баспасөз хатшысына хабарластық. Ол жақтан алған жауап мынандай: «Рентген сәуле шығаратын түтіктің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты флюорографиялық аппарат уақытша жұмысын тоқтатты және жөндеу жұмыстарына өтінім берілді. Жақын күндері жасалып, жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен күзде жаңа құрылғы жеткізіледі».

Бұдан бөлек ауданда МӘМС-пен жұмыс істейтін «Табиб мед» емханасы бар. Ол жаққа да хабарласып, мән-жайды білдік. Емхана басшысы Ренат Ибрагимов: «Өкінішке қарай, жүктеменің көптігінен флюорография аппаратының бір бөлшегі күйіп кетті. Жер-жерге тапсырыс беріп, оны таппай отырмыз. Сонымен қатар Ресейден 2020 жылы шыққан жаңа аппаратты сатып алдық. Ол жолда келе жатыр. Келесі аптада іске қосылады», – дейді. «Табиб мед» емханасында тіркелген халық үшін осындай жақсы жаңалық бар екен.

Ауданымызда медициналық орталықтар жоқ емес, баршылық. «Флюорография аппараты олардың бірінде болмауы мүмкін емес» деген оймен бір-бірден бәріне хабарласып шықтым. Шынымен, тек біреуінде ғана, халық таңнан кезекте тұрған – «Эскулапта» ғана бар екен. Сонымен мұндағы жайды көзбен көру үшін арнайы бардым. Сағат күндізгі 10. Флюорография орналасқан ғимараттың алды құжынаған халық. Үсті-үстіне шығып, кезектің дауын даулап, бір-бірімен айғайласып жатыр. Ал кезектің соңын сұрағандарға енді ешкімнің бекер күтпеуін, қабылдамайтынын ескертуде. Халық саябырлаған соң түстен кейін «Эскулап» директорының орынбасары Асия Тамазоваға бардық. «Мен бүгін түске дейін флюорографияға келгендерді тіркеп, сондағы қызметкерлерімізге көмектесіп келдім. Өйткені олар үлгермей жатыр. Халық өте көп. Бір күнде 120 адамды қабылдадық. Күнделікті қаншамасын қайтарамыз. Өйткені өте үлкен жүктемені ескі аппарат көтере алмайды. Адамдар мұны түсінбей бізбен дауласады. Тіпті «Аудандық ауруханамен әдейі келісіп алып, ондағылар ақылы аппаратқа жіберіп, екеуара ақша жасап отырсыңдар» дейтіндер де бар. Кезекке тұру үшін адамдар таңғы 5 жарымнан келеді. Сонау Шелек жақтан, көрші Талғардан келетіндер де көп. Міне, үш айдан бері әдеттегіден үш есе артық жүктемемен жұмыс істеп жатырмыз», – дейді А.Тамазова. Әдетте, бұл жерге күніне 40-50 адам келеді екен. Ал қазір, бір жағынан, аудандағы медицина мекемелеріндегі флюорография аппараттарының істен шыққаны бар, енді бір жағынан, жаңа оқу жылы басталар тұста студенттер мен мұғалімдердің медициналық тексеруден өтуі бар – флюорографияға деген сұраныс еселеп артқан.

Қазақта «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген сөз бар. Және осы бір сөз дәл қазіргі жағдайды жақсы-ақ суреттеп тұрғандай. Өкініштісі, осы үлкен кезекте эпидемиологиялық ахуал еш ескеріліп, санитарлық талаптар сақталып жатқан жоқ. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарнасын ай сайын жалақысынан жырып беретін жұрт жағдайдың жоқтығынан басын бәске тігіп, таңнан келіп кезегін күтіп жүр. Олардың флюорографияға алған кезекте аты жаман ауруды да жұқтырып алмасына кім кепіл? «Эскулап» қызметкерлері тексерілуге келгендердің арасында өкпесі қабынғандардың да анықталып жатқанын айтты.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Когда народ един, живет в мире и согласии,

для него нет недостижимых высот.

Н. А. Назарбаев.

 

Казахстан - многонациональная страна. Между представителями разных этносов в ней царят взаимопонимание и уважение. Каждая из проживающих народностей в Казахстане уникальна, и  вместе с тем они представляют собой один дружный народ под названием - казахстанцы.

На протяжении многих веков казахскому народу приходилось бороться за независимость и суверенитет. Благодаря своим лучшим качествам, умению сплотиться и быть единым в минуту опасности, стремлению жить в мире, согласии и добрососедстве с другими народами, он не исчез в потоке истории и через десятилетия смог восстановить свою государственность.

Сегодня в Казахстане единой семьей живет более 18 млн человек – представителей более 130 этносов. На казахском, русском, уйгурском, немецком, корейском, татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные театры, передаются национальные программы радио и телевидения.

 На протяжении 30 лет народ независимого Казахстана живет в мире и дружбе. Все этносы имеют одинаковые условия для реализации культурных традиций и обычаев. При этом проявляется уважение к историческому наследию каждой народности. Приоритетными являются дружественность, взаимопонимание, толерантность. Здесь каждый чувствует внимание, имеет возможности сохранить и приумножить культурное наследие, обогатиться за счет знакомства с этническими особенностями других народностей. Дружба и толерантность - для казахстанцев не пустые слова. Каждый день представители народа Казахстана учатся понимать, ценить и уважать каждого члена общества, независимо от этнической принадлежности.

Укрепляя независимость, наша республика изначально поставила во главу угла принцип соблюдения прав и интересов этнических сообществ, интеграции полиэтничного общества. Сегодня во всем мире признан «казахстанский путь развития», неотъемлемой частью которого является модель межэтнической толерантности и межконфессионального согласия.

Так, в 1995 году по инициативе  Первого Президента Н. А. Назарбаева  был создан уникальный общественный институт - Ассамблея народа Казахстана, призванный оказывать содействие в регулировании и поддержании межнационального мира и стабильности в республике. По опыту Казахстана аналогичные общественные структуры созданы в ряде стран СНГ.

«Казахский народ должен объединять все другие народы, проживающие в стране. Широкая душа казаха помогает ему уживаться со своими соседями, это позволяет сохранять единство всего казахстанского народа. Казахский народ несет ответственность за всех, кто живет в нашей стране. Никто не должен чувствовать себя ущемленным по языку, вероисповеданию и культуре», – сказал Первый Президент Нурсултан Назарбаев. 

Сегодня благодаря межнациональной стабильности Казахстан уверенно наращивает экономический потенциал, решает социальные проблемы, строит жизнь общества на новых демократических принципах. Это еще раз свидетельствует о том, что Казахстан движется по пути демократизации, вхождения в число 30-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Что же в эти моменты требуется от нас? Трудиться и оставаться  достойными гражданами своей страны. А для того, чтобы беречь мир, надо еще ближе узнавать друг друга, лучше понимать своего соседа.  Поэтому будем дружны - как одна семья!

Ирина КАРЯКИНА

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 155 жағдай, Талғар ауданында - 36, Жамбыл ауданында – 23, Қарасай ауданында – 22, Панфилова уданында – 17, Текелі қаласында – 16, Еңбекшіқазақ және Ескелді аудандарында 15 жағдайдан, Іле ауданында – 12, Ұйғыр ауданында – 10, Қаратал, Көксу, Кеген аудандарында 9 жағдайдан, Балқаш ауданында – 8, Кербұлақ және Сарқан аудандарында 7 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ 252 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.

16.08.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3362 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 66-ы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 330 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5500. Төсек-орын жүктемесі – 61,1 %.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 617 650. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2444. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 482 119. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2322.

Құрметті жетісулықтар!
Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.
Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.
Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады!
Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!

Тоғызқұмалақтан еліміздің жастарын жаттықтырып, ұлттық ойынымызды дәріптеп жүрген Мусрят Елибакиевке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және  шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сапиевтің бұйрығымен тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

Өмірін спортқа арнаған Мусрят Елибакиев алғаш 1992 жылы чемпион атанған. Содан бері ұлттық ойыны-мыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген спортшы мүмкіндігі шектеулі балаларға тоғызқұмалақ үйретіп келеді. Еңбегі еленген азаматтың куәлігін спорт күні қарсаңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков табыстады.

– Бұл көп жылдық маңдай терімнің жемісі деп білемін. Мұндай жоғары дәрежедегі атаққа қол жеткізу мен үшін үлкен құрмет, мәртебе, – дейді М.Елибакиев. Бүгінде спортшы зағип жандар спорты голболды елімізде дамытуға күш салуда. Қазіргі таңда осы спорт түрінен ұлттық құраманың бас бапкері.

Айта кетейік, Мусрят Елибакиев тоғызқұмалақтан Алматы облысындағы, Республика бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

mezet.org

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Рас, денсаулығы мықты адам қоғамғамол пайда әкелетіні сөзсіз. Ал денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы – спортпен шұғылдану. Бұл қазіргі әлемдік пандемия жағдайында да өзекті болып отыр. Сондықтан еліміздің спорт саласына баса назар аударылып, дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтарға барлық жағдай жасалып жатыр. Ауданымыздың спортсүйер тұрғындары үшін де жағымды жаңалықтар көп болмақ. Бұл жайында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков бізге берген сұхбатында айтты.

– Ерболат Сарабекұлы, әңгімемізді бұқаралық спорттың дамуынан бастасақ.

– Бұқаралық спорт саласында  халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр. 2021 жылдың жартыжылдығында спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 98 157 адамға жетті, яғни тұрғындардың 32,6 пайызы. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1856 бала оқиды.

Ауданда әртүрлі спорт түрінен 883 секция жұмыс істейді. Атап айтқанда,  баскетбол, волейбол, футбол, гандбол, үстел теннисі секілді 85-ке жуық спорт секция жұмыс атқарады. Дзюдо, бокс, самбо, еркін күрес, гір спорты, жеңіл атлетика, шахмат, дойбыдан 40-қа жуық спорт секциясы бар.

Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалған емес. Қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, теңге ілу, асық ату, саятшылық, аударыспақ сынды секцияларға барушылар да көп. Жыл сайын саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  140-тан аса спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Халықты дене шынықтырумен қамтуды көп жағдайда саланың қолданыстағы инфрақұрылымы айқындайды. Ауданда бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға және өткізуге 398  спорт нысаны бар. Оның ішінде 91 спорт зал, 2 спорттық кешен, 1 стадион, 54 ату тирі, 246 жазықтық құрылғылар, 4 оңтайландырылған спорт зал.

– Ауылдағы балалар мен жасөспі-рімдер спорты қай деңгейде?

– Ауданымызда екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмысын жүйелі жүргізуде. Бірі аудан орталығындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде, екіншісі Шелек ауылында. Спорт мектептеріндегі оқушылар  спорттың 16 түрімен  айналысады. Атап айтсақ, жекпе-жек, футбол, волейбол,  грек-рим күресі, самбо, дзюдо, баскетбол, бокс, акробатика, еркін күрес, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, каратэ-до, таэквондо, армреслинг, стол теннисі,құсбегілік. Қазіргі таңда аталған спорт мектептерінде 1856 бала тәлім алып, 81 жаттықтырушы жұмыс атқарады.

– Аталған мекемелердің материал-дық-техникалық базасы қай деңгейде?

– Еліміз үшін ұлт саулығы бірінші орында. Ал денсаулықтың кепілі – спорт екені баршамызға аян. Сондықтан ауданымыза спорт саласына баса назар аударылуда. Спорт мектептеріндегі барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылған. Шелектегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде бокс рингі орналасқан. Жақын арада Есік қаласындағы спорт мектебіне де көлемі 6х6 кәсіби бокс рингі қойылады.

Былтыр жарысқа қатысатын спортшылардың өзекті мәселесі оң шешімін тапты.  Бюджеттен қаражат бөлініп, спортшыларды жарысқа тасымалдау үшін екі спорт мектебіне жеке автокөліктер сатып алынды.

– Спортқа түбегейлі бет бұрған балаларға қандай мүмкіндіктер қарас-тырылған?

– Облыс аумағында Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында балаларға арналған спорт мектеп-интренаттары бар. Оқу орындары жариялаған конкурсқа жыл сайын 20 аудан мен қаланың жас спорт саңлақтары қатысып, бақ сынайды. Орын саны шектеулі, 1 орынға 40-50 оқушы таласады. Сондықтан мектеп-интернатқа жүзден жүйрік шыққан жас спортшылар ғана қабылданады. Былтыр өздерінің қарым-қабілетін көрсете білген 19 баламыз осы екі спорт мектебіне оқуға жіберілді. Оның сыртында 2 оқушы Алматы қаласындағы спорт мектептеріне жолдама алды. Өмірін спортпен байланыстырған 21 бала биыл да конкурсқа қатысуға ұсыныс берді. Жас спортшыларымыз сенімді ақтайды деген үміттеміз.

– Футболдың өзі үлкен сала. Бұл бағытты дамытуда қандай жұмыстар атқарылуда? Нәтиже қандай?

– Оныңыз рас, ауданымыз үшін футбол саласының маңызы зор. Алтын адам мекені футболшылар ұстаханасы десек, артық айтқандық емес. Атақты клубтарда өнер көрсетіп жүрген қаншама мықты аладоп шеберлері – біздің ауданымыздың тумасы. Еліміздің беделді клубтарында, ұлттық құрама сапында ойнаған Дмитрий Бьяков – Балтабайдың тумасы. Есік қаласында дүниеге келген Захар Коробов еліміздің бірнеше футбол клубында өнер көрсетіп, спорттағы карьерасын аяқтады. Қазіргі уақытта туған жеріне оралып, Бөлек ауылдық округінде жас футболшыларды жаттықтырумен айналысады.

Жалпы алғанда, ауданымыздағы футбол жоғары деңгейде дамып келеді. Тек соңғы кездегі карантиндік шектеулерге байланысты жаттығу жұмыстары тоқтатылды. Соның өзінде жас теңбіл доп шеберлерінің тәжірибелерін шыңдау үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Облыстық спорт мектеп-интернатына түс-кен 19 баланың 5-еуі – футболшы.

– Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты аудандық чемпионаттар да өткізілмей кеткен сыңайлы.

– Өкінішке қарай, барлық спорттық шаралар онлайн форматқа ауысып, карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған жарыстардың өзі көрерменсіз, жанкүйерлерсіз өтуде. Былтырдан бері эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудандық чемпионат тоқтатылды. Өздеріңізге белгілі 2019 жылы чемпионатқа 38 команда қатысып, 1 және 2 лигада тартысты ойын көрсеткен еді. Қазірдің өзінде сол командалар 1 лигаға жасақталып, өнер көрсетуге сақадай сай. Аты жаман ауруды аман-есен жеңсек, футбол жарыстары жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.

– Футбол жарыстары тоқтаты-лып, стадион мен ауылдардағы футбол алаңдарына көңіл бөлінбей кеткен жоқ па?

– Жарыстар ұйымдастырылмаса да жазықтық-құрылымдық алаңдарымыз талапқа сай жасақталып, күтіп-бапталуда. Негізінен ауылдарда шағын футбол алаңдарын салу қарқынды жүзеге асуда. Қазіргі таңда тендер ойнатылып, 15 ауылда шағын футбол алаңдарын салу жұмыстары басталады. Аталған алаңдарда ауыл балалары тегін ойнайды, тек, қауіпсіздік және пайдалану ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Жалпы, спорт саңлақтарының басым көпшлігі ауылдан шығатыны баршамызға мәлім. Сондықтан ауыл спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр.

Ал Есік қаласындағы орталық стадионды заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізу үшін 30 млн теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта стадион заман талабына сай күрделі жөндеуден өтіп, арнайы жарық шамдары орнатылады.

– Басқа да тақырыптарға ойыссақ, ұлттық спортымызға қаншалықты көңіл бөлінуде?

– Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнде өзінің өзектілігін жоғалтпаған ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылық жоғары деңгейде. Әсіресе, көкпар, тоғызқұмалақ, саятшылық, дойбы, хандойбы, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, асық ату сынды ойындар жастар арасында кеңінен тараған.

Бір ғана көкпар ойнын алсақ, бұл спорт түрінен ауданымызда 14 команда жасақталған. Бұл командалардың басым бөлігі Шелек өңірінен. Жыл сайын көкпардан чемпионат, аудан әкімінің кубогі ұйымдастырылады. Аталған жарыстардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық спортымызды насихаттау, командалық көкпар өнерін жетілдіру және облыстық чемпионатқа іріктеу. Қуанарлығы, көкпардан аудан құрамасы облыста үнемі жоғары нәтиже көрсетіп, үздік бестіктің қатарынан түскен емес.

Құсбегілік өнері де аудан аумағында кеңінен қанат жайып, дамып келеді. Бүгінде 22 бүркітіміз түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көріп жүр. Жыл сайын бүркітшілердің басын қосып, сонар ұйымдастырылады.

Ой ұшқырлығы мен математикалық есепті талап ететін тоғызқұмалақ ойыны өз биігінде дәріптеліп келеді. Жақында ғана облыс деңгейінде өткен «Ақбидай» ауыл ойындары сайысында ауданымыздың тоғызқұмалақшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екі спортшымыз облыстың құрамасына еніп, республикалық жарысқа қызу дайындық үстінде. Сонымен қатар асық ату мен бестас ойынында ауданымыз командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

– Елді мекендерде спорт алаңда-рын жасақтау қолға алынды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын таба ма?

– Стрит воркаут деп аталатын бұл жаттығу алаңдарын 19 елді мекенге салу үшін сұраныс берілген. Қазіргі уақытта конкурс өткізілді. Жақын арада Тескенсу, Түрген, Бәйдібек би, Қаракемер,  Бәйтерек, Асы, Қорам, Жаңашар, Саймасай,Қаратұрық, Малыбай, Балтабай, Сөгеті, Қаражота, Ақши,  Көктөбе, Қазақстан, Ташкенсаз, Ават ауылдық округтерінде құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар 4 елді мекенге ұсыныс беріп қойдық, алдағы мәслихат отырысында қаралады.

Бүгінгі таңда Есік қаласының орталығында, саяжай маңы және Бижанов ауылында стрит воркауттар жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар ауданның спорт инфрақұрылымын дамыту қолға алынып отыр. Түрген, Ащысай, Жаңашар, Қырбалтабай, Бәйдібек би, Балтабай ауылдарына шағын спорт кешенін салуға Алматы облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасына өтінім берілді.

– Шелек ауылында спорт кешені бой көтереді деген жоспар сөз жүзінде қалып қоймай ма? Шелектік спортшылардың қуанышы қашан еселенеді?

– Шелек ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін Алматы облысының құрылыс басқармасы жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға 53 миллион 544 мың теңге бөлді. 2019 жылдың шілде айында конкурста жеңімпаз атанған «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС сметалық құжаттаманы былтыр қараша айында тапсырды. Биыл наурыз айында мемлекеттік сараптамадан өтті. Ауқымды спорт кешенінің жалпы құны 1 млрд 838 млн теңгені құрайды. Жақын арада мемлекеттік конкурс ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Қаржы бөлініп, мердігер компания анықталса, құрылыс жұмыстары басталмақ. 

– Коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында жүзеге асып жатқан карантиндік шаралар спорттың дамуына қаншалықты  әсер етті?

– Былтырдан бері эпидемиологиялық ахуалға байланысты спорттық жарыстар мен жаттығулар онлайн форматқа көшірілді. Қалыптасқан жағдайға қарамастан Instagram, WhatsАpp әлеуметтік желілерінде онлайн спорттық іс-шаралар тұрақты өткізілді. Алайда қарсыласпен бір алаңда өткізілген жарыстың орны бөлек. Әлеуметтік желі арқылы болған соң балалар жаттығу кезінде басқа нәрселерге алаңдап кетеді. Десек те, жаттықтырушыларымыз жарысқа қатысатын, оқуға түсуге дайындалып жүрген спортшыларымызды қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жаттықтыруда. Ол үшін спортшыларымыздан ПЦР тест алынып, ара қашықтық сақталады, әр адамға жаттығу жасау үшін 5 шаршы метр орын қарастырылған.

– Су спортына жақын азаматтар үшін алып ауданымызда бірде-бір бассейн жоқ. Бұл олқылықтың орны тола ма?

– Оныңыз рас, ауданымызда спортшыларымызды жаттықтыратын бассейндер жоқ. Спорттың осы саласына бет бұрған азаматтарымыз көрші Талғар ауданындағы бассейнге барады. Биыл бұл мәселе оң шешімін тауып, Есік қаласындағы спорт кешенінің жанында 25 метрлік жабық бассейннің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаға мемлекеттен қаражат бөлінген жоқ, құрылыс жеке инвесторлар есебінен қолға алынған.

– Осы жылғы жетістіктеріңізге тоқталып өтсеңіз.

– Жыл басында қысқы спорт түрлерінен Райымбек, Кеген аудандарында спартакиада өтті. Осымен төртінші жыл, ауданымыздың спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Шаңғыдан 2019 жылы чемпион атанса, 2020 жылы 2 орынды иеленді. Шаңғышыларымыз биыл материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жасақталған аудандарды шаң қаптырып, тағы да чемпион атанды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық параолимпиадалық ойындарда спортшыларымыз командалық есепте 3 орынға тұрақтады.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай Алакөл ауданында спорттың 4 түрінен спартакиада өтті. Шағын футбол, теннис, жағажай волейболы, жеңіл атлетикадан өнер көрсеткен жерлестеріміз Талдықорған қаласына жол беріп, командалық есепте 2 орынды қанжығалады.

Спорттың 11 түрінен өткен «Ақбидай-2021» ауыл спорты ойындарында командамыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрінді. 2-3 жылда ұйымдастырылатын бұл додада жерлестеріміз 8 спорт түрінен жүлделі орындарды иеленді.

Өзбекстанның Ташкент қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында ауданымыздың спортшысы Әлпеш Изенбай самбодан жеңімпаз атанды. Сербия Республикасы Врбас қаласына өткен бокстан 5-халықаралық турнирде  Елянур Турганова қола медаль жеңіп алды.

– Төл мерекеде әріптестеріңізге айтар жылы лебізіңіз болса...

– Жоғарыда атағанымдай, аудан спорты жылдан-жылға дамып, жоғары нәтиже көрсетіп келеміз. Спортшыларымыздың түрлі дәрежедегі жарыстарда биік белестерді бағындырып, жеңіске жетуі – бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларымыздың маңдай терінің жемісі. Сондықтан спортшыларымыздың жұлдызын жағуға үлес қосып жүрген әріптестеріме, ардагерлерімізге, ауданымыздың, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшыларымызға, осы салаға енді ғана бет бұрған жас жеткіншектерге тек жеңісті күндер тілеймін. Алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз көп болсын!

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Тілдескен

Сардарбек НҰРАДИН.

Дүйсенбі, 16 Тамыз 2021 15:01

Тәуелсіздік тағылымы

Тәуелсіздік.

Бұл біреулер үшін жай сөз болса, біз үшін және осы тәуелсіздік үшін қан кешіп, жанын қиған нар тұлғалар үшін бүкіл әлем дерсің. Себебі тәуелсіздік алғанға дейін біз қаншама даналарымыз бен ғұламаларымыздан,  ел қорғаған жауынгер-батырларымыз бен Алаш арыстарынан, қаншама үкілі үміттерімізден, жанын шүберекке түйген қаншама қайсарлы боздақтарымыз бен мұзға алау жаққан саңлақтарымыздан айырылдық. Олардың қай-қайсысы болмасын, тәуелсіздікті қадір тұта білетін әрбір жүректе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгілікке өмір сүрмек.

Баурайынан қара жорға шайдалып бос келе жатқанда, жоқтауға толы ащы үннен, сірә, Қаратау да мөлтілдеген көз жасын тыя алмаған болар. Қазақ халқы осынау қайғы – қасіретке де, қиыншылыққа да, қуанышқа да толы болған тарихымызды арқалап, еш қиындыққа бөгелместен, ғасырлардың тар қақпасын бұзып, тәуелсіздікке де қол жеткізді. Бүгін міне, алтыннан қымбат тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр!.

Өткенін білмеген елдің келешегі болмас. Қаншама жылдар бойы жат елдің боданы болғанына қарамастан, тарихын өзгертпей, ерен ерлердің ерліктерін ұрпақтарына аманаттаған өткеннің жаршыларына да алғысымыз шексіз. Олар болмағанда, еліміздің артқа тастаған мыңжылдықтарының арғы жағы үңірейіп бос қалар еді. Сондықтан да жалқын ойлап қабағына боз қырау түнеткен бабамыздың өсиеті біздің елдігіміздің нышаны іспеттес. Біз бүгінде бақытты елміз. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халқының қамын жейтін ел басымыз бар. Тәуелсіздіктің тұмары аңқыған егемендігіміздің нышандары бар. Ертеңгі ұрпақ үлгі тұтар, елі үшін қызмет ететін азаматтарымыз, елінің тыныштығын күзеткен ержүрек жауынгерлеріміз бар. Осындай қайсар халқымыз барда тар бұғаудан босаған басымыз ешкімге иілмейді, керісінше, тәкапарлардың тізесі босағамызда бүгілмек.

Қазақ деп аталатын бұл керуен ешқашан тоқтамасын. Себебі қазақ ұлы әрі байтақ! 

Айерке Еркінқызы

 

 

 

 

 

 

Дүйсенбі, 16 Тамыз 2021 14:55

Аудан жастары жемқорлыққа қарсы

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні баршаны алаңдатады.

Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу – барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Осы орайда, аудан тұрғындары мен жастары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарынан туатын құқықтық жауапкершілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Райымбек батыр атындағы орта мектепте «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты жиын өтті. Шараға облыс орталығынан келген ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Жастарға жемқорлықтың зиянын түсіндірген «Жетісу – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ілияс Сайлаубайұлы және Алматы облысының жастар ресурстық орталығы Рухани құндылықтарды дамыту бөлімінің басшысы Мадияр Жұмабаев бұл қоғамдық дерттен аулақ болуға үндеді. Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары, жастар ресурстық орталығының мамандары, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар, белсенді жастар өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

А.ӘБІТ,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы,

аудандық мәслихат депутаты.

Дүйсенбі, 16 Тамыз 2021 14:04

Санадағы зардап

Қасиетті Қазақ жеріне атом ядролық бомбасы жарылғанына, міне, биыл тура жетпіс екі жыл толды. «Таң атар-атпастан қара жердің бауырын солқ еткізген дүмпу және орасан қуатты  ауа толқыны үйдің есік-терезелерін дірілдетті» деп келетін әке-шешелеріміздің естеліктері Семей өңірі тумаларының көпшілігінің естерінде қалғаны анық.

Маңдайының соры қалың еліміз небір нәубетті, небір зұлматты басынан өткеріп, Ұлық Алланың қалауымен мына бүгінгі мамыражай  күнге жетіп отыр. Осындайда Жұбан Молдағалиев атамыздың «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлеңі еріксіз еске түседі.

Кіндік қаным тамған туған жерім – Аякөз, бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданымен шектес, жарылыс ошақтарынан 200 – 300 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Радиациялық сәулемен зақымдану шкаласымен алғанда екінші категорияға жататын елді мекен. Тұрғындар үшін зардабы да үлкен болды. Бала кезімізден есімізде қалғаны әрбір сынақтан кейін орын алатын дүмпу мен жердің дірілдеуі, сәбилердің  кемтар болып дүниеге келуі, жас балалардың өлім-жітім деңгейінің өсуі, ересек адамдар арасында онкологиялық аурулардың көбеюі, өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқан замандастарымыздың артуы, мутацияға ұшыраған үй жаңуарларының төлдері дүниеге келу оқиғалары еді. Бір қызығы осылардың бірде бірі бұқаралық ақпарат құралда-рында айтылмайтын, жабық тақырып болатын.

Еліміз егемендігін алып, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия бастағанда Семей ядролық полигоны туралы жан түршігерлік ақпараттармен таныса отырып, жағамызды ұстайтынбыз. Мәселен, 1949 жылы 29 тамызда жарылған атом бомбасының қуаты 30 килотонна болған екен. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қауаты 13-18 килотоннаны, ал Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасының қуаты 20-25 килотоннаны құраған. 1953 жылы 12 тамызда жердің бетінде сыналған сутегі бомбасының қуаты 500 килотоннаны құраған, яғни Хиросимо және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларынан ондаған есе қуатты. Жалпы Семей полигоныңда 470-ке жуық ядролық жарылыстар болған. Олардың 110-нан  астамы 1949-1963 жылдар аралығында жердің бетінде ашық түрде жүргізілген, қалған 300-ден астамы жердің астында жүргізілген. Тірі куәлердің айтуынша, осы сынақтардың нәтижесінде Дегелең тауы жермен жексен болған екен. Қазақ ССР Ғылым академиясы Жоғары энергиялар институтының деректері, 1949-1963 жылдар аралығында Семей полигоныңда атмосферада және жердің бетінде сыналған ядролық зарядтардың қуаты Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қуатынан екі жарым мың есе асып түседі дейді. Бұл жердің беті мен атмосферада жүргізілген сынақтың қуаттылығы мен оның сол мөлшердегі зияндары және   зардаптарын айқындайды. Ал мұндай жарлыстардың қаншамасы жердің астында жүргізілді. Зардабы өте орасан, жоғарыда көрсеткеніміздей адамға тікелей зияны тиюмен қатар, экожүйені, флора мен фаунаны жүздеген жылдарға қайта қалпына келместей қылды.

Жапониядағы  Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларын ұлттық трагедия ретінде қабылдап, осы трагедияның зардаптарын жоюға ерекше көңіл бөледі. Сол елді мекендердің тұрғындарына әлеуметтік-экономикалық қолдау, медицианалық қам-қорлық, қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен бірге Хиросима – Нагасаки оқиғаларының санаға түсірген таңбаларын – тарихи трагедиялық тағылым ретінде қабылдайды.

Осы орайда, Семей полигоны бойынша жоғарыда келтірілген атом бомбасы сынақтары мен оның зардаптары туралы ақпараттар, осы тақырыпқа қатысты үнемі айтылатын, қағаз бетіне түсірілген статистикалық мәліметтер болып табылатындығын, ал оның тасасында қаншама бүлінген тағдыр, түп-санаға беріш болып қатқан түйіткілдер турасында сөз қозғалмайтындығына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл өз алдына терең зерттеуді талап ететін үлкен тақырып.

Келешекте өзімізді өркендеген елдердің қатарынан көр-гіміз келсе, Семей ядролық полигонының тәни және материалдық зардаптарын жоюмен қатар, түпсанамызға тигізген рухани зардаптарын емдеуіміз қажет. Ал бұл материалдық ресурстармен қатар үлкен қажыр-қайратты талап етеді.

Тұрсын САДУАҚАСОВ,

Шелек өңіріндегі  Чернобыль және Семей ардагерлер  бірілестігінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет