Дүйсенбі, 20 Қыркүйек 2021 16:42

Қазақ тілі – халық бірлігінің негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілі бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналуы керек. Осы тұста елімізде өтетін жалпыреспубликалық «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының да орны ерекше. Бұл бастама Қазақ жерін мекендейтін этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне, әрі өз ортасында дәріптеуіне түрткі болып отыр деуге толық негіз бар.

Акцияның VІ кезеңі құқық қорғау органдары мен ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған бұл шараға еліміздің 15 өңірінен құқық қорғау органдарының 66 қызметкері қатысса, олардың екеуі біздің ауданнан болды. Белгілі қазақ ақындарының жыр жауһарларынан үзінділерді мәнерлеп жатқа оқып, акцияға белсенді қатысқаны үшін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына қарасты Шелек полиция бөлімінің криминалисі, полиция лейтенанты, Азиз Омаров пен  Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының айдауыл полицейі, полиция кіші сержанты Ильяр Баситов аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар аудандағы тіл саясатын жүргізуде қосқан үлесі үшін әріптесіміз – «Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Құралай Мұратқызы Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Б.Керімбектің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрмет грамота мен Алғыс хаттарды табыстаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева марапатталушыларға қазақ тілі – халық бірлігінің негізі екенін айтып, мемлекеттік тілдің дамып, қанатын кеңге жая түсуі үшін болашақта да бірге жұмыс істеуге шақырды. 

Е.АСЫЛ

 

Дүйсенбі, 20 Қыркүйек 2021 10:57

Көптің қалауы – Президент назарында

Дәстүрлі Жолдау... Өткенді саралап, барымызды бағалап, кем-кетігін күзеп-түзеп болашаққа бағдар құратын құжат. Құжат дегеннен шығады, өткен жылы дәл осы білім күнінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жалпақ жұртқа жария еткен еді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Ентігіп келген індетпен күресіп қана қоймай, экономикамызды еселеп, тұрғындар тұрмысын түзеп, бірлігімізді бекемдей түсу тапсырылған-тын. Әлбетте, алтынмен апталмасақ та, қолымыз аузымызға жетті. Сынаптай сырғыған уақыт аралығында едәуір оң өзгерістер орын алды. Әлемдік дағдарысқа қарап, дағдарып отырғанымыз жоқ. Күн санап көшелер, ай аунап ауылдар абаттандырылғанын көріп,біліп жүрміз. Бір ғана іргелі Еңбекшіқазақтың өзінде жалпы соммасы 3 млрд теңгеге жуық қаржыға 37 елді мекеннің жолдары жөнделуде. Әлбетте бұл ауылға әр, өңірге өң беруде. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі де салыстырмалы сөйлесек, 105 пайызға артқан. Бұл оң үрдіс әр салаларда байқалуда. Бұл айтарымыз емес, аудан тұрғыны ретінде байқарымыз. Демек, келер жылдан да кемел істер күтеміз. Оның айғағы – «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» аттыЖолдауы. Дәстүрлі Жолдауды телеарнадан көріп түйсіндік.Көптің көкейінде жүрген келелі мәселелерді кесіп айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Әсіресе, медицина, білім, ауылшаруашылығы салаларындағы олқылықтардың орнын толтыру мәселесі күн тәртібінде күйіп тұр. Бұл ретте Президент үшінші ауысымда оқитын білім алушылар саны еліміз бойынша 225 мыңға жеткенін жариялады. Бұлай жалғасса, 2025 жылы миллионға жуықтайтынын да жасырмады. Жағымды мәселені жылдамдатып шешуді де тапсырды әрі мұғалімдер жалақысын дәстүрлі өсіруге тағы да 1,2 трлн теңге бөлінетінін жеткізді.

Екіншіден, ауылшаруашылығындағы былықтардың да бетін ашты. Президент сөзіне сүйенсек, ауылшаруа-шылығы саласын субсидиялауға соңғы бес жылда мемлекеттен трлн теңгеден астам қаржы бөлінген. Әйткенмен, қаржы межеге жетпей, қойын қалталарға құлыптанған. Ол турасында: «Тергеп-тексерудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің 50 пайызға жуығы дәл осы субсидиялауда анықталған» деп ашынды Қ.Тоқаев. Одан қалса, қуаңшылықта қырылған малдардың мәселесіне де шүйлікті Президент.

«Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге кейбір шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иемденіп алған. Тіпті, оны аяқ баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер әртүрлі себептер айтып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін шаралар қабылдауы керек. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша мән берген дұрыс».

Иә, шаруагерлердің шымбайына батқан, әйткенмен біраз шенділерге қолы да, сөзі де жетпей жүрген мәселені нақ айтқан ел Президентінің бұл талабы қуантты. Осы арқылы қара жерге нәр, түлігін түгендеген қараша халық тұрмысына мән кіреді деген зор үміт бар.

Тағы бір қуантқаны, ең төменгі жалақы деңгейі 2022 жылдың қаңтарынан бастап 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін өсіруді міндеттеді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Түмен ойдың түйіні бар. Даласын тұрмақ, санасын тәуелді етіп, ұлтын құл, рухын құм қылуды мұраттаған кеңестік кезеңнен де өттік, шүкір. Ердің күйкі, елдің жүдеу күйімен тәуелсіздікке жеттік. Мұның бәрін несіне жазып-сызып отырсыз дерсіз?! Айтпағым, Президентіміз атаған бірлік, татулық туы астына жиылу. Себебі, бүгінде тәуелсіздік төбемізден топ ете қалғандай күйдеміз. Ақиқаты осы деп қос өкпемізді қолымызға алып, шаужайланып тебінгенде алдымызға жан салмайтынды шығардық. Әрине, дұрыс. Әйткенмен, жалқылық ақиқат, жалпылық кесел тудырмауын пайымдауымыз маңызды. Еліміздің аузы енді ғана аққа тигенде кежегені кері тартпай, Абай айтпақшы, бар істі «ұғынысып, келісіп, жанжалсыз шешу» оңды қадам. Рас, азаттығымыз алдымызда, қазақтығымыз қанымызда. Ендеше, елімізді гүлдендіру, жерімізді түрлендіру – ортақ мақсат орайына жұмылайық, Бастысы, бірлігіміздің көбесі сөгілмесін!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

«Мәңгілік Ел тұғыры» ҚҚ төрағасы, журналист

Алматы облысында мектеп қабырғасындағы оқушылардың 675-і коронавирсқа шалдыққан. Олардың 215 жағдайы жазғы демалыс кезінде, 444-і офлайн оқыту кезінде және 16-сы онлайн оқытуда тіркелген. Облыстың 190 мектебінің 422-сыныптарына карантин енгізу туралы 366 қаулы шығарылды және 6281 оқушы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды.
Ал мұғалімдер арасында 2021 жылғы 1-20 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырғандардың 103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалған.
Айта кетейік, өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтар, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жүргізеді.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Облыс орталығында дзюдо, таеквандо, еркін және грек-рим күрестерінен жасөспірімдер арасында командалық жарыс өтті. Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген 350 спортшы аталған додада бақ сынады. Олар «Жетісу кубогын» сарапқа салды.
Шараның салтанатты ашылуына грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Мәрлен Көлбаев қатысты.
Финалдық кездесу алдында алғаш болып сөз алаған Нұрбақыт Теңізбаев жас өрендерге сәттілік тілеп, аталмыш сайыс үлкен додаларға дайындық екендігін жеткізді.
«Бұл жарыс аудандардағы спорттың қай түрінің жетік дамығандығын көрсетеді. Сондықтан, өз жерінің намысын қорғап келіп отырған спортшыларға сәттілік тілеймін. Бүгін ауданның атынан белдесуге шықсаңыздар, ертеңгі күні ел намысын байрақты бәсекелерде қорғайтын боласыздар»,-деді өз сөзінде Нұрбақыт Молдахметұлы.
«Жетісу кубогы» биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Айта кету керек, Республика бойынша жоғарыда аталған спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы ірі дода әлі де болса ұйымдастырылған жоқ.
Жетісуда өткізілген жасөспірімдер арасындағы бас сайысқа грек-римнен 13, еркін күрестен 10 команда қатысты. Нықтыласақ, 140 спортшы грек-рим бойынша, 119 саңлақ еркін күрестен боз кілемге шықты.
Финалдық кездесуде грек-рим күресі бойынша Талдықорған, Қапшағай қаласы мен Панфилов, Талғар аудандарының командалары белдесті. Боз кілемнің шаңын шығарған сайып қырандар өліспей беріспеді. Соңғы сәтке дейін жеңіс туын желбірету үшін командадағы жігіттер барын салды. Бабы мен бағы қатар шапқан құрама кубокты қанжығаларына байлады. Айтулы бәсекеде грес-рим күресі бойынша «Жетусі кубогы» Талдықорған қаласында қалды. Шаһар намысын қорғап шыққан өрендер ерледі. Төгілген тер, бапкердің үміті ақталап, асықтары алшысынан түсті. Ал, екінші орын Пафилов ауданына бұйырса, үшінші орынды Қапшағай қаласы мен Талғар ауданынан келген командалар өзара бөлісті.
«Осы жарыста біз еңбектің арқасында жеңіске жеттік. Бірінші айналымда Балқаш ауданы қарсыласымыз болды. Ол команданы 4:3 есебімен ұттық. Одан кейін Жамбыл ауданымен кездестік, олардан 3:2 ұпайымен басым түстік. Финалда Пафилов ауданынан келген командамен кубок үшін таластық. Нәтижесінде жеңіс бізде қалды»,-дейді грек-рим күресінен Талдықорған командасының мүшесі Әділет Қажыбеков.
Грек-рим күресіне келгелі 6 жылдың жүзі болған спортшы осы аралықта республикалық додаларда топ жарып, 2019 жылы Азия чемпионатында 1-ші орынды иеленіпте үлгерген. Жас қыранның талабы таудай. Ол болашақта, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов сияқты чемпион болғып, олип шыңын бағындыруды көздеп отыр. Айта кеткен жөн, Әділет бозкілем үстінде 4 қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, командасының биік тұғырдан көрінуіне ат салысты.
Ал дзюдодан ақтық кездесуде Іле, Талғар ауданының спортшылары үздік шығуға ұмтылды. Татамиға алғаш шыққанда Іле ауданы басымдылық алды, артынша көрсеткіштер өзгеріп, Талғар ауданы 3:1 ұпай санымен басымдылыққа ие болды. Спортта бір қадам барлығын шешетіні анық. Қос құраманың барлық мүшесі татамиде өнер көрсетіп болған соң ұпай саны 3:3-ті құрады. Жеңімпазды анықтау үшін, жеребие әдісімен екі команданың спортшысы қайтадан кілемнен табылды. Соңғы сәтте Іле ауданы жеңісті қолдан жұлып алды. Солайша, олар кубог иесі атанды. Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орын Іле, екінші орын Талғар, үшінші орын Алакөл мен Талдықорған командаларының еншісінде кетті.
«Талғар ауданынан 3:1 есебімен жеңіліп келе жаттық. Шешуші сәт маған түсті. Іле ауданының намысын қолдан бермеу үшін барымды салдым.Талғарлық команда бар жағынан мықты дайындалып келген. Соңына келгенде техникалық жағынан басым түстім, осылайша алтын медальға қол жеткізіп отырмыз»,-деді дзюдодан Іле ауданының құрама мүшесі Нұржан Алибай.
Қалған екі спорт түрінен, нақтыласақ еркін күрестен алтын медаль Қарасай ауданына, екінші орын Жамбыл ауданы, қола жүлде Кербұлақ және Еңбекшіқазақ аудандарына бұйырды.
Таеквандо бойынша да Қарсайлық спортшылар басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Іле ауданы иеленсе, үздік үштікті Талғар ауданы мен Талдықорған қаласы түйіндеді.
Осылайша, «Жетісу кубогы» олимпиадалық спорт түрлері бойынша өз иелерін тауып, саңлақтар самғады.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 17:02

Дәстүрлі форматтағы сақтық қалай?

 

Дәстүрлі форматта оқуға кіріскен оқушылардың денсаулығына қазіргі таңда бірінші мұғалім жауапты болып тұр. Білім министрлігі енгізген жаңа ережені орындауда ұстаздардың міндеті жоғары. Аудандағы білім мекемелеріндегі оқушылардың жай-күйімен танысып,  қабылданған сақтық шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндаймыз.

Жаңа оқу жылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты біршама өзгерістермен басталғаны белгілі. Оған мұғалімдер мен оқушылар да үйреністі. Күнделікті мектепке «Ashyq» қосымшасы арқылы кіріп, бетперде тағып жүруі басты шарт. Оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауын талап ету педагогтердің міндетіне жүктелсе, оны бұлжытпай орындау –  оқушының міндеті.

Ауданымызда биылғы оқу жылында 57 080 оқушы білім алуда, оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер саны – 5380.

Барлық білім мекемелері санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балалардың көп шоғырлануын болдырмау үшін олардың қоңырау мен асханаға бару уақыты әр мектепте сабақ кестесімен оқыту ауысымына қарай белгіленген. Ауданда жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус инфекциясы 6 ұстаздан анықталған. Ал 56 оқушы вирус жұқтырғаны белгілі болса, олармен білім беру ұйымдарында 536 оқушы қарым-қатынаста болған. Бұл туралы арнайы құзырлы орынға хабарланып, оқушылар мен мұғалімдер оқшауланған. Сол мектептерге толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандырылған.

«Мектепте 3 балам оқиды. Олардың қауіпсіздігін үнемі бақылап, санитарлық ережені сақтап жүруін ескертемін. 100 пайыз оқушылардың санитарлық шараларды орындап жүргеніне өз басым сенбеймін. Олардың арасында ойын баласы бар, аурудың не екенін ескермейтіні бар. Бұл тұста ата-аналар үйден баламызға бұл вирустың қауіптілігін түсіндіре беруіміз қажет. Қазақтың «сақтансаң, сақтаймын» дегені бекер емес. Тек кіші ұлым медициналық маска тағуға әрең үйренді. Балаларыма өзін де өзгені де қорғау керектігін қажетінше түсіндіріп жүрмін», – дейді ата-ана Қ.Дюсембиева.

Бұл тұста ұстаздардың да айтары бар. «Масканы мұғалімдер шешпейді. Алайда оқушылардың мұрыннан төмен түсіріп қоятын кездері болады. Бұндай жағдайда кезекші мұғалімдер әрдайым қадағалап ескертіп жүреді.  Оқушылар белгіленген жерден кіріп-шығады. Ас ішуге әр сыныптың өзінің баратын уақыты бар. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болмайды» – дейді Көктөбе  орта мектебінің ұстазы Айсұлу Алимбетова.

Дені сау ұрпақ – қоғамның қуатты күші. Балаларын сабаққа жіберіп, ауырмай келуін тілеп отыратын әрбір ата-анаға  маман кеңесін ұсынамыз. «Вирустың бүгінде балалар арасында жиі кездесуі орын алуда. Сондықтан оны жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Ата-аналар,  балаңыздың иммунитеті мықты болуы үшін алдымен дұрыс тамақтануына көңіл бөліңіз. Құрамы дәруменге бай тағамдар беріп, табиғи таза өнімдерді қолданыңыз. Жемістер мен көкөністерді пайдаланып, темір, фолий қышқылы, А, В6, С витаминдерін ішкізгеніңіз дұрыс болады. Еңбек жұмысын жасатыңыз. Үнемі қозғалыста жүріп, спортпен шұғылданғаны артық етпейді. Тамақтанар алдында қолын сабындап жууын тексеруді ұмытпаңыз», – дейді терапевт дәрігер Азамат Аубакиров.

Оқушылардың қауіпсіздігіне мектеп қабырғасында ғана емес, тасымалдайтын қоғамдық көлікте де баса назар аударылған. Тасымалдау кезінде автобус ішіне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 21 елді мекендегі 19 мектепке 3181 оқушыға тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. Аудан бойынша бастауыш, негізгі, орта білім беру мекемелерінің оқушыларын тасымалдау мақсатында бюджеттен 158 млн 132 мың теңге бөлінген. Облыстық білім басқармасы тарапынан өткізілген конкурс нәтижесінде тасымалдау жұмыстарын Есік пен Шелек өңірі бойынша «Ақжол Агротранс» пен «Шелек Тұлпар» ЖШС ұтып алған.  Жалпы, автобустар саны – 32 болса, мектептердің балансындағы автобус саны – 16.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 16:25

Жұмыссыз жастарға мүмкіндік

 

Қазіргі таңда өзекті проблемаға айналған жұмыссыздықты азайту және жұмыссыз жастардың арасында мемлекеттік арнайы бағдарламаларды түсіндіру, насихаттау мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осы аптада Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде жұмыссыз, маргинал жастардың қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Шараға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының білікті мамандары келіп, жиналған жастарға мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндірсе, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден де, атап айтар болсақ  «ADAL», «FOOD MASTER» ЖШС-нің мамандары өздерінің мекемелеріндегі бос жұмыс орындарына жастарды шақырды. Ал аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары жиналған жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берді. Жәрмеңкеге жалпы 50-ге жуық жас қатысып, оның ішінде Малыбай және Бөлек  ауылдарының тұрғындары «ADAL», «FOOD MASTER» ЖШС-нің басшылықтарына түйіндемелерін қалдырып, әңгімелесуге баратын болып шешілді. Тоқсан сайын ұйымдастырылатын бұл жәрмеңкенің соңында жиналған жастарға арнайы ақпараттық парақшалар да таратылды.

 

Айжан ӘБІТ,

жастар ресурстық орталығының маманы

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық QazVac вакцинасы әзірленді. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мақсатында Премьер-министр Асқар Мамин өткен жылдың 12 маусымында биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастады.
"Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-мен қатар Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы "Антиген" ЖШС базасындағы вакцинаны құю бойынша өндірістік алаңды дайындау басталды. "Антиген" ЖШС-сінде Алматы облысы әкімдігінің "Жетісу" ӘКК арқылы жалпы сомасы 420 млн.теңгеден астам лизингке 13 бірлік заманауи технологиялық жабдық сатып алынды", - деп бөлісті Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Мұндағы өндіріс желісі асептикалық өндірістің барлық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді.
"Итальялық аппарат вакцинаны бір минут ішінде 60 құтыға құюы мүмкін. Әр құтыда 3 доза. Бір айда ол 1 миллион дозаға дейін толтырылуы ықтимал. Құтыға құйылуға дейінгі дайындықты ағымдағы жылдың сәуір айынан бастадық. Ал шілде айынан бастап 300 мың доза төгілді. Бұл валидациялық серия. Жабдықты және бүкіл процесті тексеруге арналған. Бүгінгі күні алынған вакцинаның 300 мың дозасы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Зерттеулер аяқталуға жақын. "Антиген" ЖШС-дегі вакциналар толық сәтті тексеруден кейін ғана қолданылатынын атап өткен жөн", - деді "Антиген" ҰКП директоры Нұрлан Ахметсадықов.
Директордың айтуынша, барлық жабдықтар Еуропадан, Америка мен Қытайдан әкелінген. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейге, өндірістің барлық кезеңінде сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Антиген" ҰКП ЖШС биофармацевтикалық зауытпен қатар биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты базасында екінші өндірістік алаңға айналғанын атап өтеміз.
Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында екенін ерекше атап өткен жөн.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

16 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 818 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 489-ның симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2237,2 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,6% - ға дейін төмендеді.
Соңғы тәулікте КВИ 278 жағдайы тіркелді, оның ішінде 239-ы симптомдық және 39-ы симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 278 жағдайының 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Оқушылар арасында 42 және студенттер арасында 7 жағдай анықталып отыр.

Ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғануға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы санақ кезінде алматылықтарға интервьюерлердің киіміне назар аударуға кеңес берді.

«Алаяқтардан қалай қорғануға болады? Айта кетейін, интервьюерлер 1-30 қазан аралығында үйлерді аралайды. Оларда Алматы статистика департаментінің фотосуреті мен мөрі бар куәлігі, шарф, сондай-ақ ұлттық санақ символикасы бар сөмке және деректерді енгізуге арналған электрондық планшет болады. Құжаттың дұрыстығын sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады. Ол үшін куәліктің нөмірін «интервьюерді іздеу» арнайы іздеу жолына енгізу және ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексеру қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, спикер сауалнамадағы сұрақтарға тоқталды.

«Қазақстандықтардың жауаптары зерделенеді, олар бойынша респонденттердің жалпы жағдайы туралы білуге болады. Алынған мәліметтер тексеріліп, өңделеді. 2022-2023 жылдары он жинақта жарияланатын қорытынды шығару жоспарланған және ол келесі көрсеткіштерді қамтиды: ұлттық құрам, көші-қон, білім, неке және отбасы, үй шаруашылығы, жұмыспен қамту, табыс және өмір сүру қаражатының көздері, тұрғын үй сипаттамалары», - деді Айдар Әбілдабеков.

Сәрсенбі, 15 Қыркүйек 2021 15:36

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (07.09 – 13.09.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 222 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Шелек – 43

Есік –30

Байсейіт – 18

Масақ – 10

 Малыбай – 8

Қорам – 8

Қаракемер – 8

Көктөбе – 8

Қызылжар – 7

Алмалы – 6

Қырбалтабай – 6

Жаңашар – 6

Түрген – 5

Космос – 5

Қызылшарық – 5

Өрікті – 5

Бәйдібек би – 5

Әймен – 3

Азат – 3

Саймасай – 3

Тескенсу – 2

Бәйтерек – 2

Балтабай – 2

Базаргелді – 2

Ащыбұлақ – 2

Ащысай – 2

Ават – 2

Ақши – 2

Талдыбұлақ – 1

Сарыбұлақ – 1

Дихан– 1

Қаратұрық– 1

Рахат– 1

Қаражота– 1

Тауқаратұрық– 1

Қойшыбек– 1

Бөлек– 1

Қайыпов– 1

Ташкенсаз– 1

Еңбек– 1

Күш– 1

Алға– 1.

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

64 науқас – жұмыссыз

55 науқас – зейнеткер

50 науқас – мектеп оқушысы

22 науқас – ұйымдаспаған бала

21 науқас – жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

6 науқас – мұғалім

4 науқас – медицина қызметкері.

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет