Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың:«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы», – дейтін дана толғамы бар. Демек мектеп пен ұстаз – ажырамас ұғым. Мектептің жаны болған талай талантты шәкірттерді тұғырынан түлетіп, олардың алдағы арайлы өміріне жол ашқан аяулы ұстаздардың бірі Әсем Шорманова. Мұғалімдер күніне орай білім беру саласында  30  жылдан бері  еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогпен  жүздесіп, әңгімелескен едік.

– Ұстаздық деген ұлы жолдағы  алғашқы сапарыңыз тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келіпті. Ол кездің өзіндік қиындықтары болған шығар.

– 1986 жылы Алматыдағы  қыздар  педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына  оқуға түстім. Ол қазақ жастарының еңсесі түскен елінің ертеңі үшін батыл күресе  бастаған айтулы жылдар еді ғой. Сол себепті ол кездегі студенттер түрлі әлеуметтік  оқиғаларға белсене қатысатын. Біздің жүрегімізде қазақ елі азат болса  деген асқақ арман болды. 1991 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, Есік қаласына жолдама алдым. Бұл тәңір бізге тәуелсіздікті нәсіп еткен жылдар еді. Егемендіктің сыйы ретінде Есікте қазақ мектебі бой көтеріпті, осылайша қазіргі Р.Тоқатаев атындағы мектепке жас маман болып орналастым. Ол кезде жалындап тұрған жас едік. Сондықтан сабақтан тыс уақытта да мектептің өзге де жұмыстарына белсене кірісіп кететінбіз. Қысқасы, жастықтың жалыны мен егемендіктің қадірі бізге кез-келген қиындықты еңсеретін күш берді.

– Жас ұрпақтың зердесін оятып, олардың жүрегіне жол тарту үшін ұстаз бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

– Бізде көбінде тәртібі нашар не үлгерімі төмен оқушылар назардан тыс қала береді. Ал мен ондай балаларды үнемі сабақтан тыс шығармашылық үйірмелерге тартамын. Олар шығармашылық ортаға тез бейімделіп, өздерінің көкірек көзіндегі үміт отын жаға біледі, өздеріне деген сенім қалыптастырады. Бірде бір оқушыммен ғылыми жоба дайындап, обылыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алдым. Оқушымның әкесінен олимпиадаға апару үшін рұқсат сұрағанымда: «Сол ғылыми жобаңның не керегі бар. Сенің әдебиетіңе түкіргенім бар», – деп төбемнен жай түсіргені есімде. Әкесінің қарсылығына қармастан ол оқушыны додаға қатыстырдым, ал шәкіртім сол сынақтан сүрінбей өтіп, жүлделі болды. Баланың әкесінің тағдырын қайталамағанына қуандым. Бізде баласының бағын байлайтын ата-аналар да жоқ емес. Мен көбіне көлемді әдеби шығармаларды сахналық қойылым ретінде оқушылардың санасына сіңіруге тырысамын. Эпостық жырлардағы бабаларымыздың дүние танымын жас ұрпаққа ұғындыруға барымды саламын. Олар әдеби шығамармалардың өзге қырларына  бойлаған сайын жанар оты жайнап сала  береді. Жалпы, ұстаз шәкірттің жан әлеміне терең үңілуі қажет.

– Бүгінде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабыл-данды. Енді мұғалімдердің  құқықтары заң аясында қорғалады деген сөз. Сіз қоғам ұстаздардың қадір-қасиетін жете  түсініп келеді деп ойлайсыз ба?

– Әрине, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бірақ солай айтылғанмен ондағы құқықтық нормативтер шын мәнінде орындалып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Өйткені, ұстаздар қоғамдық жұмыстарға жегілу мен қағазбастылықтан әлі арыла алмай келеді. Оның үстіне балаларына көңіл бөлмейтін ата-аналар да кездеседі. Тіпті оқушылар қандай бір қидындыққа  тап болса, оны да ұстаздардан көретін жандар аз емес. Мұның  барлығы ұстаздардың беделіне әсер ететіні сөзсіз.

– Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің иесі. Сізді ұстаз ретінде оқушылардың қандай мәселелері толғандарады?

– Бір аңғарғаным, қазіргі балалар бүгін оқығанын ертең ұмытып қалады. Балалардың оқуына бей-жай қарайтын ата-аналар тағы бар. Сондай-ақ, балалардың өз ана тілін жетік білмейтіні қынжылтады. Өйткені, балалардың басым көпшілігі кітап оқымайды. Ал оны ата-ана қадағаламайды. Кітап оқымаған ұрпақтың көркемдік көкжиегі кеңіп, өзіндік дүние танымы қалыптаспайды. Оның үстіне біздің сан ғасырдан бері жинақтаған құндылықтармыз да сол кітаптарда жатыр емес пе?

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.

– Оқу ордаларының жан жүрегі болған ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Олардың ел ертеңі үшін еткен еңбектері жана берсін деген ізгі тілек айтқым келеді.

 

Тілдескен Ерзат АСЫЛ.

Бадминтон – олимпийский вид спорта и получает в республике стимул к развитию в виде проведения чемпионатов и первенств всех уровней. В Алматинской области  «базой» для  бадминтона является  специализированная детско-юношеская спортшкола  по футзалу и гандболу  в Илийском районе. Именно там в конце марта 2021 года состоялся первый чемпионат области по бадминтону. А второй чемпионат,  на который приехали семь команд из районов области и г.Талдыкоргана,  18-19 сентября  прошел в Енбекшиказахском районе, в СШ имени Беимбета Майлина с.Орикты в Рахатском сельском округе.

Место для его проведения было выбрано не случайно. Именно в данной школе тренер секции по боксу Тлек Манап еще в начале года на общественных началах стал проводить тренировки по бадминтону. Вначале – для боксеров своей секции. Потом для всех желающих учеников. Его воспитанники приняли участие в первом областном чемпионате в Илийском районе и выиграли его, а в мае стали участниками республиканского первенства в г.Шымкенте.

По итогам второго чемпионата команда Енбекшиказахского района  вновь стала лучшей и заняла первое командное место. Второе заняла сборная Жамбылского района и третье – специализированная ДЮСШ по футзалу и гандболу Илийского района. Команды награждены медалями и почетными грамотами областного управления физкультуры и спорта, которые им вручил руководитель районного отдела физкультуры и спорта Ерболат Сарабеков. 

Директор специализирован-ной ДЮСШ по футзалу и гандболу Дархан Аширов высоко оценил перспективы воспитанников Тлека Манапа и помог нашим бадминтонистам с экипировкой, спортивным инвентарем. Также постоянную поддержку в организации занятий по бадминтону оказывает директор СШ имени Б.Майлина Айгуль Мукаева. Благодаря ей соревнования прошли в строгом соответствии с санитарными требо-ваниями в период пандемии коронавируса. За соблюдением правил соблюдения социальной дистанции, обязательного ношения масок, наличием санитайзеров, за состоянием здоровья спортсменов следили медработники и администрация школы. Единственное, что огорчало – отсутствие болельщиков: в целях эпидемиологической безопасности в спортзал в ходе соревнований они допущены не были.

Воспитанники Тлека Манапа вновь получили путевку на предстоящий чемпионат республики по бадминтону. В этот раз они намерены войти в число призеров. Мы верим, что у них все получится.  У талантливого тренера – способные ученики.

 

И.ВИКТОРОВ.

На фото: На пьедестале почета победитель в личном первенстве, ученик 8 класса СШ имени Б.Майлина Нурзада Багдарали. Его поздравили директор областной специализированной ДЮСШ по футзалу и гандболу Дархан Аширов и директор СШ имени Б.Майлина Айгуль Мукаева (на переднем плане).

Неге қарттарымыз зейнет демалысына шығысымен қоғам өмірінен қол үзіп, белсенділіктерін жояды? Неге қанша жылдық еңбектің, бейнеттің рахатын көрер жасқа жеткенде өз өмірлерін күнделікті күйбең тірлікпен шектеп, қазан-ошақтан ары аса алмай жатады? Неге қартттар өздеріне көңіл бөліп, саламатты өмір салтын ұстануға, жаңа дүниені танып-білуге талпынбайды? Иә, бұл сұрақтар көпшілігіміз үшін қарттықты сүреңсіз, шуақсыз, мән-мағынасыз кезеңдей көрсетеді. Ал білген адам үшін өмірдің кереметі көп-ақ. Тіпті зейнет жасына келгенде де қуанышы да, қызығы да толастамайды. Тек оны аңғара білу керек және оған қарай ұмтылу, қадам жасау маңызды.

Арыға бармай-ақ, ауданымыздың тұрғыны Алпыс Арықбайұлын айталық. Ол кісі 73-ке келгенінше жылына 30-40, тіпті кей жылдары 60 шақты марафон, жарыстарға қатысып, тек жүлделі орындар алып жүрген. Спортшы соңғы екі жылда пандемияға байланысты мұндай мүмкіндіктің болмай тұрғанын айтады.

Иә, бүгінгі кейіпкеріміз – мықты марафоншы, жеңіл атлетиканың ардагері, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы,1984 жылы Қарағанды мен Алматы марафондарының (42 км, 195 м) чемпионы, 1997 жылы Стамбулда өткен халықаралық Еуразия марафонының чемпионы, 1998 жылы және 2002 жылы Астана марафонының чемпионы, 2003 жылы 9 мамырда Қырғыз Республикасында өткен халықаралық «Жеңіс марафонының» чемпионы, 1997-2007 жылдары Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан жазғы чемпионатында 5 шақырымға жүгіруден үш дүркін, 10 шақырымға жүгіруден төрт дүркін чемпионы, 2007 жылы Мәскеудің 860 жылдығы құрметіне өткен бүкіләлемдік марафон чемпионы... Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Ал спортшының қоржынындағы тек медальдар санын есептесек, жүзден асып жығылады екен және оның біраз бөлігі – Алпыс аға 50-ден асқаннан кейін алған жүлделері. Мысалы, 2007 жылы Мәскеуде өткен бүкіләлемдік марафонға қатысқанда ағамыз 61 жаста екен. Ал бұл жаста марафон чемпионы болғаны былай тұрсын, оған қатысудың өзі үлкен ерлікке пара-пар. Өйткені ешкім чемпион болып тумайды. Чемпион қылатын – қажырлы еңбек пен өмірге деген керемет құлшыныс. «Жас келді», «Зейнетке шықтым» деген сылтауды ысырып қойып, тынымсыз еңбектеніп, шәкірт тәрбиелеп, өз біліктілігін де үнемі арттырып отыруды Алпыс аға әдетке айналдырған. «Менің әр таңым жүгірумен басталады. 26 шақырымға жүгіріп келіп, гимнастикалық жаттығуларымды жасаймын», – дейді спортшы. Осы орайда өзге қарттарымыздың саламатты өмір салтын ұстануға неге «ниетсіз» немесе қызығушылығы жоғын сұрадық.

– Бір жылдары Тайвань елінің Тайбей қаласында болдым. Терезеден қарап тұрсам, таңғы алтыда ана жер мына жерде өңкей қарттар оншақты адамнан жиналып, дене жаттығуларын жасап жатыр. Бәрі сергек, қимылдары шапшаң, ширақ, көңілдері көтеріңкі. Өмірге деген құлшыныс көздерінен көрінеді. Бұл – жасап жатқан жаттығуларының әсері, соның күші. Осы жаттығудың, қимыл-қозғалыстың, денені шынықтырудың арқасында жаңағы жандар ауру-сырқаудың не екенін білмейді, ұзақ өмір сүреді. Менің бір жақсы ұраным бар: «Күшті болғың келсе – жүгір, денің сау болсын десең – жүгір, ақылды болу үшін де – жүгір». Жүгірген адамның, дене жаттығуын жасаған адамның ойы сергек болады. Кез келген ақпаратты миына оңай құйып алып, оны оңай қорыта біледі. Әрі қимыл-қозғалысы да ширақ болады. Тиісінше, ол адамның жұмыс өнімділігі де әлдеқайда жоғары. Сондықтан спортқа түбегейлі бет бұрып кетпесек те, таңғы жаттығуларды жасап тұрудың, саламатты өмір салтын ұстанудың пайдасы көп. Өзім қатарластардың көбі қазір таяққа сүйеніп, белі мен буыны, тізесі мен аяғы ауырғанын айтып отырады. Құдайға шүкір, менің ондай ауруларым жоқ. Олардан, тіпті қазіргі 30 бен 50-дің арасындағы кейбір жастардан да тыңмын деп айта аламын. Оған түрлі турнир мен марафондар кезінде көзім жеткен де. Жаңа жоғарыда мысал ретінде Тайваньдағы қарттарды айттым. Олар таңғы алтыда жаттығу алаңында болуы үшін одан да ерте тұрады. Ал біздің халық ұйқысын қандырып алуды жөн көреді. Сондай-ақ жаттығуды таңертең ерте бастаған сияқты қарттықты күтпей, ерте жастан қолға алу керек. Деннің саулығы, қимыл-қозғалыстың ширақтығы – қартайып-қажығанда емес, соған жеткізбей, жас күніңде ойлайтын дүние.

– Иә, дұрыс айтасыз, жастық жалынын жөнімен пайдаланып, спортқа бет бұрған жастар қатары көп пе?

– Өкінішке қарай, қазіргі уақытта спортқа қызығушылық төмен. Бұрын біздің жас кезімізде олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат көп таралатын, тіпті шағын кітапшалар да шығатын. Одан бөлек спорт, дене шынықтырудың денсаулыққа пайдасы туралы, қандай жаттығуды қалай жасау керектігі жайлы кітаптар да көп еді. Біз соларды оқып өстік. Жаңағы чемпиондарға қызығып, еліктедік. Ал қазір, меніңше, насихат аз. Халық елдің Туын көкке көтеріп, Әнұранын асқақтатып жүрген чемпиондарын, мықты спортшыларды танымайды, тіпті аттарын да естімеген. Арыға бармай-ақ қояйық, ауданымыздың спортшылары республикалық, халық-аралық үлкен жарыстарға қатысып, жүлдемен оралып жатыр. Бірақ жерлестері оларды білмейді. Яғни насихат жоқ. Егер сол спортшылар туралы газетке жазса, қоғамдық орындарда, көше бойында жылтылдап тұратын жарнамалар орнына баннерлерге спортшылардың аты-жөнін жазып, суретін ілсе, халық көріп-біліп жүретін еді. Жерлестерін мақтан тұтып, соларға еліктеп өсер еді. Өкінішке қарай, бізде спортшыларды өлгеннен кейін мақтауын асырып, төбесіне көтереді. Чемпиондарға құрмет өлгеннен кейін емес, көзінің тірісінде көрсетілсе, спортқа деген қызығушылық та, чемпион болуға деген талпыныс та артары сөзсіз. Спорт туралы халыққа айтып, оларды қызықтырмай тұрып, «Бізден чемпион шықпайды» деп ренжу орынсыз. Айтпақшы, сөздің реті келгенде айту – парыз, білім мен спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық та спорттың алға жылжуына тұсау болып тұр. Дипломды да, спорт шебері атағын да сатып алған, спорттан хабары жоқ жандар чемпион дайындай алмайды. Солардың кесірінен ел спорты кенжелеп қала бермек. Бұған қоса, бізде спорттық база қалыптаспаған, қажетті құрал-жабдықтар, қарапайым жүгіруге арналған жолдардың жоғы рас. Ауданымызға бір жүзу бассейні-нің керектігі де – өзекті мәселе еді. Осыны айтып, облыс басшыларына ұсыныс жасаған едім. Бұл өтініштің орындалып жатқандығы қуантады.

– Нағыз күші тасып, құлшынысы артып тұрған талай жасты шаң қаптырып, марафондардың жүлдегері болып жүрсіз. 50-ден асқаннан кейін қатысқан марафондарыңыздың қайсысы қиындығымен есте қалды?

– 2003 жылы 9 мамырда Қырғыз Республикасында өткен халықаралық «Жеңіс марафонына» мен 57 жасымда қатыстым. Күн ыстық болды. Ал марафон таудың баурайында өтті. Жүгіретін жолымыз да біркелкі тегіс емес, біресе ылдилап төмен кетеміз, біресе өрге шығамыз. Мұндайда темпті бірқалыпты ұстау маңызды. 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 20 минутта жүгіріп өтіп, чемпион атандым.

– «Чемпион» демекші, кеше ғана Алматы қаласының оныншы мерейтойлық марафонынан сіздің шәкірттеріңіз жүлдемен оралды.

– Иә, Есік қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттық-тырып жүрген шәкіртім 16 жастағы Даниил Евдокимов 10 шақырымға жүгіріп, 13 мың адам қатысқан жарыста 2-орын иеленсе, 60 жастағы шәкіртім Қайырболат Егеубаев 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өтіп, күміс медаль иегері атанды.

– Жолыңызды жалғар жүлдегер шәкірттеріңіз көбейе берсін! Келе жатқан 75 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын!

 

Сұхбаттасқан Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

Жұма, 01 Қазан 2021 09:00

Өнегелі ғұмыр

Ана – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен  мейірімділіктің ұйытқысы. Дүйім дүниенің тұтқасын ұстап, күн нұрындай шуақ шашып, жанарымен жалғанға жылу берген ананың алақанынан аялы ештеңе жоқ шығар. Қарттар күні қарсаңында осындай құдірет иесімен тілдесу үшін Шелек өңіріне арнайы жол тарттық.

Қаражота ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ елді мекенінде тұратын Емелхан Қайыпова ауыл жұртшылығына ғана емес, өңірге танымал батыр ана. Жолдасы Абдуали Жұмақановпен 11 бала тәрбиелеп, қанаттандырған Емелхан апа бүгінде ұл-қыз бен немере-шөберелердің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Емелхан апа отбасының ғана емес, бүтін бір ауылдың ұйытқысы десек, артық айтқандық емес. Бүгінде Сарыбұлақ ауылындағы әйелдер кеңесінің жетекшісі. Бала күнінен өлең жазуды жанына серік еткен батыр ана осы күнге дейін қаламын қолынан тастаған емес. Кезінде Шелек ауданының «Еңбек туы» газетінде штаттан тыс тілші қызметін де атқарған. Шығармашылық пен өнер жолын ұстанып, клуб меңгерушісі болып та еңбек еткен.

Үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған Емелхан апа әңгімені әріден бастады.

– Мен 1951 жылы 31 тамызда Кеген ауданына қарасты Бөлексаз ауылында дүниеге келдім. Орта мектепте оқып жүргенде өнер әлеміне жақын болып, өлең жаза бастадым. Сондай-ақ, домбыра тартуды үйрендім. Бойымдағы қабілетті шыңдау мақсатында мектепті тәмамдаған соң Алматыға келіп, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетіне тапсырдым. Бірақ, оқуға түсе алмай, ауылға қайта ба-рып, мектепте қызмет еттім – деді Емелхан Абдрахимқызы. Айтуынша, әкесі Абдрахим Қайыпов Кеген ауданында қызмет атқарған абыройлы азамат болған. Қызыл үкіметтің қылышынан қан тамып тұрған тұста 1937 жылы Алаш арыстарымен бірге «Халық жауы» атанып, 1950 жылы ақталып келген. Сол жылы отбасын құрып, бір жылдан кейін тұңғыш қызы Емелхан апа өмірге келген. Әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан отба-сымен Шырғанақ, Бөлексаз ауылдарына, кейіннен Қарқара ауылына көшіп, Емелхан апа сол жерде орта мектепті бітірген.

Балаларын тәрбиелеп, білім беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ақ жаулықты ана тәрбиені бәрінен жоғары қояды. Себебі, саналы тәрбие – адамзаттың асыл қазынасы.

– Мектепте жұмыс істеп жүргенде тұрмыс құрып, Тасбұлақ ауылына үлкен отбасына келін атандым. Жолдасым қара шаңырақтың иесі болғандықтан, ата-енеммен бірге тұрып, енемнен көп нәрсені үйрендім. Үлкен апамыз да біздің қолымызда болды. Көпті көрген апамыздың қаталдығы мен талапшылдығының арқасында болса керек, бірінші кезекте ұл-қыздарымның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әлі күнге дейін үнемі ақыл-кеңесімді айтып жүремін. Аллаға шүкір, барлығы өмірден өз жолдарын тауып, 41 немере мен 2 шөбере сүйдім – дейді Емелхан Қайыпова.

Абдуали ата 3 айлық бухгалтерлік курсты, Емелхан апа клуб меңгерушісі курсын бітіріп Ұйғыр ауданының Дардамты ауылына комсомолдық жолдамамен көшіп барған. Клуб меңгерушісі болып барған алғашқы жылы жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, ауыл балаларына үлкен қуа-ныш сыйлаған. Айтуынша, бұған дейін Дардамтыда жаңа жылда мерекелік кештер өткізілмеген. Кейіннен, осы ауылда кітапханашы болған. Еңбек ете жүріп, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. Алайда, белгілі себептермен оқуды тастауға мәжбүр болған. Шығармашылыққа деген ынтасын байқаған мектеп директоры Турсун Ушуров қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылдаған. Өзге өңірдің климаты мен ауа-райына бейімделе алмаған енесінің денсаулығына байланысты қайтадан Тасбұлақ ауылына көшкен. Жұбайының қызметіне байланысты Тасашы ауылында тұрып, балалары сол жерде өмірге келген.

Қайда барса да Емелхан апа өз ойын парақ бетіне түсіріп, қолынан қаламын тастаған емес. 1985 жылы ақындар айтысына да қатысқан. Бұл оқиғаны Емелхан апа күліп еске алды:

– Мені бала күнімнен шығармашылыққа Қарқарада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Ескендір Рақымбайұлы деген ұстазым баулыған. Сол кісі айтысқа қатысасың деп маған қолқа салды. Бірақ, мен суырыпсалма ақын емеспін, қанша бас тартсам да, болмады. Астыма көлік беріп, жаныма қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімді ертіп, Кеген ауылын араладық. Көрген-білгенімді қағаз бетіне түсіріп, өлең жаздым. Осылайша, сол ауылда дене шынықтырудан сабақ беретін Шеризат Мекебековпен айтыстық. Ол да жазба ақын екен.

Балалардың мектепке баруы, көлік қатынасы қиындық туғызып Абдуали Жұмақанов пен Емелхан Абдрахимқызы 1985 жылы Шелек ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылына қоныс аударған. Кеңшардың уәделі үйін күтпей, өздері баспана тұрғызған. Ауылда жүріп, өңірдің тыныс-тіршілігін жазып, «Еңбек туы» газетінде штаттан тыс тілші қызметін атқарған. Осы күнге дейін өмірін өлеңмен өрнектеген Емелхан Қайыпованың «Отбасы – бақыт мекені» атты жыр жинағы жарық көрген. Әртүрлі тақырыптарға қалам тербеген батыр ана коронавирус індеті кезінде де аудан жұртшылығын жігерлендіріп, дем бергені көпшіліктің есінде. Одан бөлек, тәуелсіздік, ел мен жер, отбасы тақырыбындағы өлеңдері мен арнаулары мерзімді басылымдарда жарық көрген.

– Қанша мекемеде қызмет еттім, биік белестерге көтерілдім. Бірақ, менің өмірдегі ең басты жетістігім – жолдасым екеуміз балаларымның өмірден өз жолын табуы үшін саналы тәрбие бердік. Ұлы ғұлама әл-Фараби айтқандай, адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы – дейді Емелхан Қайыпова.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында анонимді сауалнама әдісімен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнамаға Алматы облысынан барлығы 4290 студент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша "Сыбайлас жемқорлық деген не және оның себептері?" деген сұраққа 99,3 пайыз студенттер дұрыс жауап берді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан студенттердің 35,1 пайызы қаржылық бақылау сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді әдісі деп санайтынын атап өткен. Студенттердің 21,3 пайызы білім алып жатқан оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының бар екендігін белгіледі. Жемқорлықтың түрлері көбіне мемлекеттік емтихандар өткізгенде кезде болатындығы туралы 46,2 пайыз студенттер жеткізді. "Сыбайлас жемқорлықтың фактілері туралы хабарлауға дайынсыз ба?" деген сұраққа респонденттердің 30,6 пайызы келіскен, сондай-ақ, студенттердің 25,3 пайызы тек жасырын түрде хабарлауға дайын екендігін білдірді.

Жалпы алғанда, Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс оң үрдістерге ие екендігі көрсетілген, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру және оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі бар. 

 

Қазақстан Республикасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Алматы облысы бойынша департаменті.

 

 

Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 09:41

Жемқорлықты жариялық жеңеді

Қоғамның гүлденуін тежеп, түрленуіне тұсау болатын – жемқорлық, өкінішке қарай, әр салаға тереңнен енген. Мейлі білім, мейлі денсаулық саласы болсын, тіпті соңғы кездері сот жүйесіндегі жемқорлыққа қатысты былықтар да ашылып, онда да «бармақ басты, көз қыстының» бары анықталып жатыр. Әрине, бұл жағдай елдегі коррупцияның тамыры тереңде екенін көрсетеді. Сондықтан коррупциямен күреске бүкіл ел болып жұмылу керек-ақ.

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес төрағасы, Алматы облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов жемқорлықтың қоғам өміріндегі кері әсерлерін жіпке тізгендей айта отырып, «Коррупциямен күресте, оның алдын алуда нақты нәтижеге жетуде әрқайсымыз жауаптымыз. Бұл қоғам алдындағы және ар алдындағы үлкен жауапкершілікті терең сезінгенде ғана қоғамдағы жегі құртқа айналған жемқорлықтан арыла аламыз. Осы орайда мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың орын алуына қарсы жасап жатқан жұмыстарды сараптап отырудың маңызы бөлек», – дей келе сөзді «Асы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ұлан Сағынбековке берді. БПҰ төрағасы ондағы жұмыстың мән-жайын жан-жақты таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын айтып өтті.

Одан кейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Анапия Нұрбатыров бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыс жайын баяндады. Комиссия мүшелері сұрақтарын қойып, ұсыныс, пікірлерін айтты. Кеңес төрағасы: «Ауруын жасырған өледі» демекші, бұл тақырыпты жабулы қазан күйінде қалдырмай, үнемі қозғап, мәселенің шешімін бірге іздеуіміз керек», – деп ойын қорытындылады. Иә, жемқорлықты жасырмай, оның фактілері анықталған жағдайда жария түрде халықты құлағдар ете отырып, заңды белшеден басқандарға тиісті жазасын берген жөн. Жалпы, сыбайлас жемқор-лықтың жиіркенішті іс екенін күнделікті айтып, құлаққа құйып отыру – үлкен күрестегі үлкен қадамдардың бірі.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ.

Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 09:35

Үздіктер марапатталды

Көше бойы мен қоғамдық орындар қызылды-жасылды жарнамамен толып тұр. Өкінішке қарай, сәні мен дизайнына көбірек көңіл бөлініп, мәтіннің мән-мағынасы ескерілмей қалады. Осынау жарнамаларды ілетін кәсіпкерлердің көпшілігі «Қазақстан Республикасының жарнама туралы» заңын белшесінен басып, өрескел қателіктер жіберіп жатады.

Мұндай заңсыздықпен күрес аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ұдайы жүргізілуде. Рейдтер ұйымдастырылып, жарнамаға қойылатын заңды талаптар кәсіпкерлерге үнемі түсіндіріліп, ескерту де жасалып келеді. Өйткені мұндай қателіктер, біріншіден, қазақ тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Шет тілдерінде жазылған жарнамалар қазақ тілін өз елінде өгейсітсе, сауатсыз мәтін мен мазмұндағы қателік пен шалалық бай тілімізді мазаққа айналдырады. Ал екіншіден, жарнама жазылған материалдардың ескіруі мен бүлінуі, дизайнның сәйкеспеуі қала көркіне де кері әсерін тигізеді.

Осы мәселелерді терең ұғынған, әрі жарнаманы заң талабына сай орналастырған кәсіпкерлерді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева арнайы марапаттады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ең сауатты жарнама» атты акция ұйымдастырып, өзге әріптестеріне үлгі болсын деген ниетпен ауданымыздың 10 кәсіпкерін заң талабына сай сауатты жасалған жарнамасы үшін үздік деп таныды.

 Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 09:29

Тәрбие жолындағы игі қадам

Есік қаласында қыздарға арналған діни сауат ашу орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылу салтанатына ҚМДБ-ның тұңғыш төрағасы, «Парасат» орденінің иегері хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ержан қажы Малғажыұлы, аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев және жамағат қатысты.

60-тан астам қыз балаға арналған ғимараттағы дәрісханалар заманауи үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Дәрістен тыс ісмер қыздар үшін тігін машиналары да қарастырылған. Асхана мен спорт залы бар.

Салтанатты іс-шарада Бас мүфти Наурызбай  қажы  Тағанұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы міндеттерінің бірі – халықтың діни сауатын ашу. Бүгінде республика бойынша 900 мешітте діни сауат ашу курсы жұмыс істейді. Бұдан бөлек жастарды имандылық пен патриотизмге тәрбиелейтін 20 қайырымдылық мекемесі бар. Аллаға шүкір, бүгін елімізде тағы бір сауат ашу орталығы ашылды. Асыл дінімізде білім алу ардақталған һам қасиетті парыз саналған. Алла Тағала осы орталықтан білімді азаматтар шығуын нәсіп еткей» – деді. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы сауат ашу орталығына смарт теледидарды сыйға беріп, аудан имамы Сапархан Айдарханұлын алғыс хатпен марапаттады.

Орталықтың ашылуымен арнайы құттықтай  келген аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев аудан әкімінің атынан жылы лебізін білдіріп, бұл игі шараның өңірдегі жарасымдылық пен рухани кемелденуге жол ашатынын айтты.

Жиылған жамағат алдында сөз алған хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы сауапты іске ұйыт-қы болған демеушілерге алғыс білдіріп, батасын берді. «Қыз – болашақ ана, ұлттың анасы. Ол бүкіл ұлтты  тәрбиелейді. Қыздарымыз тәрбиелі болғанда ғана, біз келешегі кемел ел боламыз. Бұл орталықтың ашылуы сол игі іске жасалған қадамдардың бірі» – деп ақсақал ағынан жарылды. Есік қаласының орталық мешіті жанынан ашылған сауат ашу орталығы жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Кең болайық» қайырымдылық қорының демеушілігімен бой көтерген.

Ерзат Асыл.

Алматы облысында жас хореография оқытушысы Әмина Ұрманова кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, ауданда алғашқы би студиясын ашты.

21 жасар Әмина Ұрманова Сарқан ауданындағы Сарқан қаласының тумасы. Гуманитарлық колледжді ұйымдастырушы-педагог мамандығы бойынша бітірген. Колледжде би ұжымының жетекшісі болып жұмыс істеді, сондай-ақ балаларды дамыту орталығында хореографиядан сабақ берді.

«Студент кезімде мен болашақ мамандығым туралы көп ойландым. Мектепте не балабақшада мұғалім немесе басқа жерде жалдамалы маман болып жұмыс істеймін бе деп ойладым. Талдықорған қаласындағы мемлекеттік халық би ансамбліне де шақырту болды. Алайда дара қызмет жасағым келді. Сондықтан жеке кәсіпкерлікті бастауға бел будым», - дейді кәсіпкер.

2019 жылы Әмина «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнестің негіздері бойынша білімалып шықты. Кейін ол «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде грант алды. Бұл қаражатқа жас кәсіпкерби орталығына орын-жайды жалдап, қажетті жабдықтар сатып алды. Ал  би студиясына «Грация» атауын берді.

«Колледжде оқу кезінде би билеуге ниет білдірушілердің саны көп болды. Бірақ қаламызда мұндай студия болған жоқ. Сондықтан сұранысты зерттей отырып, би орталығын ашу керектігіне көзім жетті. Әзірге бұл біздің аудандағы алғашқы және жалғыз орталық. Студияда балалар классикалық билерден бастап, гимнастика негіздеріне, қазіргі заманғы билерге дейін оқыту мен жаттығуларды үйренеді», - дейді жас кәсіпкер.

Студияда Әминаның өзі сабақ береді. Ұлттық билерден бөлек әлем халықтарының билерін, заманауи, эстрадалық және классикалық билер үйретіледі. Сабаққа 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Алғашында 20 жасөспірім келсе, қазір келушілер саны еселенді. Жақында ересектер тобы ашылды.

Оқытудан басқа Әминаның би студиясы түрлі байқауларға қатысады. Осы жылдың жаз айындажас бишілер «Танцуют все!» хорография өнері бойынша республикалық байқаудың бірінші орын лауреаттары атанды.

Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 3,1 мыңнан астам жұмыссыз және жас кәсіпкер оқытылған. Жоба бойынша өткен жылы және биыл оқытылғандарды қоса алғанда 1200-ден астам бизнес-жоба гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алды.

Диас Бейсенбек,
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әр жыл сайын қыркүйек айының екінші сенбісінде Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық ұйымдардың бастамасы бойынша Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні атап өтіледі.

Сол себепті, бүгін біз сіздерге жедел медициналық көмек келіп жеткенге дейін шұғыл түрде адамға қалай көмектесуге болатыны туралы бірнеше кеңес бергіміз келеді.

Біріншіден, еш үрейленбеңіз және сасқалақтамастан науқастың жағдайын, яғни, оның сана-сезімін, тыныс алуын, жүрек соғысын, қан қысымын байсалды бағамдауға тырысыңыз.

Екіншіден, дереу 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз және ешқандай жағдайда науқасқа аммиак қолданбаңыз. Бұл өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін, мысалы, инсульт кезінде.

Үшіншіден, мүмкін болған жағдайда науқастан аталмыш күйге түсіретіндей аурулары бар-жоғын білуге тырысыңыз. Бұл жедел жәрдем мамандарына көмектеседі.

Инсульт пен гипогликемиялық кома екенін қалай білуге болады және мұндай жағдайларда науқасқа қалай көмектесуге болады- инфографикаларымыздан қараңыз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

         КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет