Жұма, 01 Қазан 2021 15:05

Әсем ШОРМАНОВА, Көктөбе орта мектебінің мұғалімі: "Ұстаз жас шәкірттің жан әлеміне терең үңілу қажет"

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың:«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы», – дейтін дана толғамы бар. Демек мектеп пен ұстаз – ажырамас ұғым. Мектептің жаны болған талай талантты шәкірттерді тұғырынан түлетіп, олардың алдағы арайлы өміріне жол ашқан аяулы ұстаздардың бірі Әсем Шорманова. Мұғалімдер күніне орай білім беру саласында  30  жылдан бері  еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогпен  жүздесіп, әңгімелескен едік.

– Ұстаздық деген ұлы жолдағы  алғашқы сапарыңыз тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келіпті. Ол кездің өзіндік қиындықтары болған шығар.

– 1986 жылы Алматыдағы  қыздар  педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына  оқуға түстім. Ол қазақ жастарының еңсесі түскен елінің ертеңі үшін батыл күресе  бастаған айтулы жылдар еді ғой. Сол себепті ол кездегі студенттер түрлі әлеуметтік  оқиғаларға белсене қатысатын. Біздің жүрегімізде қазақ елі азат болса  деген асқақ арман болды. 1991 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, Есік қаласына жолдама алдым. Бұл тәңір бізге тәуелсіздікті нәсіп еткен жылдар еді. Егемендіктің сыйы ретінде Есікте қазақ мектебі бой көтеріпті, осылайша қазіргі Р.Тоқатаев атындағы мектепке жас маман болып орналастым. Ол кезде жалындап тұрған жас едік. Сондықтан сабақтан тыс уақытта да мектептің өзге де жұмыстарына белсене кірісіп кететінбіз. Қысқасы, жастықтың жалыны мен егемендіктің қадірі бізге кез-келген қиындықты еңсеретін күш берді.

– Жас ұрпақтың зердесін оятып, олардың жүрегіне жол тарту үшін ұстаз бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

– Бізде көбінде тәртібі нашар не үлгерімі төмен оқушылар назардан тыс қала береді. Ал мен ондай балаларды үнемі сабақтан тыс шығармашылық үйірмелерге тартамын. Олар шығармашылық ортаға тез бейімделіп, өздерінің көкірек көзіндегі үміт отын жаға біледі, өздеріне деген сенім қалыптастырады. Бірде бір оқушыммен ғылыми жоба дайындап, обылыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алдым. Оқушымның әкесінен олимпиадаға апару үшін рұқсат сұрағанымда: «Сол ғылыми жобаңның не керегі бар. Сенің әдебиетіңе түкіргенім бар», – деп төбемнен жай түсіргені есімде. Әкесінің қарсылығына қармастан ол оқушыны додаға қатыстырдым, ал шәкіртім сол сынақтан сүрінбей өтіп, жүлделі болды. Баланың әкесінің тағдырын қайталамағанына қуандым. Бізде баласының бағын байлайтын ата-аналар да жоқ емес. Мен көбіне көлемді әдеби шығармаларды сахналық қойылым ретінде оқушылардың санасына сіңіруге тырысамын. Эпостық жырлардағы бабаларымыздың дүние танымын жас ұрпаққа ұғындыруға барымды саламын. Олар әдеби шығамармалардың өзге қырларына  бойлаған сайын жанар оты жайнап сала  береді. Жалпы, ұстаз шәкірттің жан әлеміне терең үңілуі қажет.

– Бүгінде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабыл-данды. Енді мұғалімдердің  құқықтары заң аясында қорғалады деген сөз. Сіз қоғам ұстаздардың қадір-қасиетін жете  түсініп келеді деп ойлайсыз ба?

– Әрине, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бірақ солай айтылғанмен ондағы құқықтық нормативтер шын мәнінде орындалып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Өйткені, ұстаздар қоғамдық жұмыстарға жегілу мен қағазбастылықтан әлі арыла алмай келеді. Оның үстіне балаларына көңіл бөлмейтін ата-аналар да кездеседі. Тіпті оқушылар қандай бір қидындыққа  тап болса, оны да ұстаздардан көретін жандар аз емес. Мұның  барлығы ұстаздардың беделіне әсер ететіні сөзсіз.

– Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің иесі. Сізді ұстаз ретінде оқушылардың қандай мәселелері толғандарады?

– Бір аңғарғаным, қазіргі балалар бүгін оқығанын ертең ұмытып қалады. Балалардың оқуына бей-жай қарайтын ата-аналар тағы бар. Сондай-ақ, балалардың өз ана тілін жетік білмейтіні қынжылтады. Өйткені, балалардың басым көпшілігі кітап оқымайды. Ал оны ата-ана қадағаламайды. Кітап оқымаған ұрпақтың көркемдік көкжиегі кеңіп, өзіндік дүние танымы қалыптаспайды. Оның үстіне біздің сан ғасырдан бері жинақтаған құндылықтармыз да сол кітаптарда жатыр емес пе?

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.

– Оқу ордаларының жан жүрегі болған ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Олардың ел ертеңі үшін еткен еңбектері жана берсін деген ізгі тілек айтқым келеді.

 

Тілдескен Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1030 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет