Жұма, 01 Қазан 2021 15:31

Білім теңізіндегі алып кеме

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ халқы ежелден ұлағат иелеріне бас иген. Қазіргі таңда да мұғалімдердің қоғамдағы орны ерек, оларға деген құрмет бөлек. Ұстаздар қауымының төл мерекесі қарсаңында Тескенсу ауылының тұрғыны, өзінің саналы ғұмырын шәкірттерге білім нәрін себуге арнаған Асқар Сейсенқұловтың шаңырағына барып, ардагер-ұстазбен тілдестік.

– 1957 жылы 1 наурызда осы Тескенсу ауылында дүние есігін аштым. Отбасы жағдайына байланысты 1 сыныптың табалдырығын 8 жасымда аттадым. Бала күнімде бір кісінің үйінде сырнай аспабының үнін естіп, қатты қызықтым. 6 сынып оқып жүргенімде сырнайда ойнай бастадым. Кейіннен, туысымыз біздің үйде тұрып, мектепте музыка пәнінен сабақ берді. Ол кісі талабымды шыңдауға көмектесті. Музыкаға деген қабілетімді байқаған әкем сырнай аспабын сатып алып берді – деп, музыка саласына қалай келгенін баяндап берді.

Ұлағат иесі мектепте оқып жүргенде-ақ, қолдан электр гитараларын жасап, ансамбль құрған. «Арай» ансамблі Шелек ауданы бойынша үлкен беделге ие болған.

Асқар Сәрсембайұлы мектепті бітірген соң, Алматыдағы консерваторияға құжат өткізеді. Алайда, ол кезде консерватория училищеден кейін ғана қабылдайды. Эстрада және цирк студиясына барған Асқар Сейсенқұловқа оқуға қабылданатындар үшін өткізілетін дайындықтың аяқталып, қабылдау басталып жатқандығын жеткізеді. Еңсесі түсіп, қайтуға бет алған оны дайындықсыз емтиханға кіргізіп жібереді. Өзінің тәңір берген музыкалық дарынының арқасында Бибігүл Төлегенова, Асқар Тоқпанов, Маңғытай Мыңжасаров, Ескендір Хасанғалиев сынды өнер майталмандары қабылдаған сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түседі.

1979 жылы оқуын аяқтап, Тескенсу ауылындағы мектепке музыка пәнінің оқытушысы болып жұмыс-қа орналасқан.

– Ол кездері педагогикалық білімің болмаса да мектепте жұмыс істеп, балаларға білім беруге рұқсат етілетін. Өзімнің алдымдағы тәжірибелі ұстаздардан сабақ жоспарын жасау және балалармен жұмыс істеуді үйрене жүріп, сабақ өтуге бейімделіп кеттім. Домбыра оркестрін құрып, оқушыларымды түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстырдым – дейді ардагер-ұстаз.

Құлақтан кіріп, бойды алған музыканы жанымен сүйетін Асқар Сейсенқұлов үлкен ұлының есімін атақты күйші Құрманғазының құрметіне қойған. Шығармашылық адамы болған соң қолға қалам алып, ойын өлеңмен өрнектеп жеткізетін ұлағат иесі қазақтың жыр-дастандарын сүйіп оқып, ортаншы ұлына жыл алыбы Жамбылдың пірі Сүйінбай есімін берген. Бұдан бөлек, Бақыт, Меруерт есімді қыздары мен Әсет есімді ұлы бар.

Асқар Сәрсембайұлының айтуынша, заман өзгерген сайын адам да соған қарай бейімделуі тиіс, әсіресе, ұстаздар қауымы. Әлемде ақпараттық технология дамып, елімізге компьютерлер келе бастағанда қамал алатын жастан асқан Асқар Сәрсембайұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің көр-кемсурет факультетіне оқуға түскен. Ел ағасы болған тұста қолына дипломын алып, компьютерді то-лықтай меңгерген. Осыдан кейін өзі еңбек етіп жүрген мектепте оқушыларға бейнелеу өнері мен сызу сабағынан білім берген.

Саналы ғұмырының 42 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Асқар Сейсенқұлов 2020 жылы құрметті зейнет дамылысына шығып, бүгінде округтегі жергілікті қауымдастыққа төрағалық етуде.  Америкалық жазушы Э.Хаббард: «Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс» – деген. Бұл ретте ұлағат иесі шәкірттерімен ғылыми жоба дайындап, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласындағы бірнеше техниканы құрастырған. Бүгінде бұл еңбектері ауыл тұрғындарының кәдесіне жарап тұр.

Сөз соңында Асқар Сейсенқұлов қазіргі мектеп бағдарламасынан бейнелеу өнері мен сызу сабағы-ның алынып тасталғанына қатты қынжылатынын айтты:

– Бүгінде мектепте бейнелеу өнері сабағын көркем еңбекпен біріктіріп жіберді. Бұл жерде балалар бейнелеу өнеріне терең үңілмейді, жалпы-лама көркем еңбек сабағы өтіледі. Одан қалса, негізгі пәндердің қатарынан сызу сабағын алып тастап, таңдау пәні ретінде оқу-өндірістік комбинатында өтіледі. Бұл екі пән мектеп оқушылары үшін аса қажет – дейді Асқар Сейсенқұлов.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 740 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет