Жұма, 01 Қазан 2021 09:00

Өнегелі ғұмыр

Ана – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен  мейірімділіктің ұйытқысы. Дүйім дүниенің тұтқасын ұстап, күн нұрындай шуақ шашып, жанарымен жалғанға жылу берген ананың алақанынан аялы ештеңе жоқ шығар. Қарттар күні қарсаңында осындай құдірет иесімен тілдесу үшін Шелек өңіріне арнайы жол тарттық.

Қаражота ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ елді мекенінде тұратын Емелхан Қайыпова ауыл жұртшылығына ғана емес, өңірге танымал батыр ана. Жолдасы Абдуали Жұмақановпен 11 бала тәрбиелеп, қанаттандырған Емелхан апа бүгінде ұл-қыз бен немере-шөберелердің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Емелхан апа отбасының ғана емес, бүтін бір ауылдың ұйытқысы десек, артық айтқандық емес. Бүгінде Сарыбұлақ ауылындағы әйелдер кеңесінің жетекшісі. Бала күнінен өлең жазуды жанына серік еткен батыр ана осы күнге дейін қаламын қолынан тастаған емес. Кезінде Шелек ауданының «Еңбек туы» газетінде штаттан тыс тілші қызметін де атқарған. Шығармашылық пен өнер жолын ұстанып, клуб меңгерушісі болып та еңбек еткен.

Үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған Емелхан апа әңгімені әріден бастады.

– Мен 1951 жылы 31 тамызда Кеген ауданына қарасты Бөлексаз ауылында дүниеге келдім. Орта мектепте оқып жүргенде өнер әлеміне жақын болып, өлең жаза бастадым. Сондай-ақ, домбыра тартуды үйрендім. Бойымдағы қабілетті шыңдау мақсатында мектепті тәмамдаған соң Алматыға келіп, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетіне тапсырдым. Бірақ, оқуға түсе алмай, ауылға қайта ба-рып, мектепте қызмет еттім – деді Емелхан Абдрахимқызы. Айтуынша, әкесі Абдрахим Қайыпов Кеген ауданында қызмет атқарған абыройлы азамат болған. Қызыл үкіметтің қылышынан қан тамып тұрған тұста 1937 жылы Алаш арыстарымен бірге «Халық жауы» атанып, 1950 жылы ақталып келген. Сол жылы отбасын құрып, бір жылдан кейін тұңғыш қызы Емелхан апа өмірге келген. Әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан отба-сымен Шырғанақ, Бөлексаз ауылдарына, кейіннен Қарқара ауылына көшіп, Емелхан апа сол жерде орта мектепті бітірген.

Балаларын тәрбиелеп, білім беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ақ жаулықты ана тәрбиені бәрінен жоғары қояды. Себебі, саналы тәрбие – адамзаттың асыл қазынасы.

– Мектепте жұмыс істеп жүргенде тұрмыс құрып, Тасбұлақ ауылына үлкен отбасына келін атандым. Жолдасым қара шаңырақтың иесі болғандықтан, ата-енеммен бірге тұрып, енемнен көп нәрсені үйрендім. Үлкен апамыз да біздің қолымызда болды. Көпті көрген апамыздың қаталдығы мен талапшылдығының арқасында болса керек, бірінші кезекте ұл-қыздарымның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әлі күнге дейін үнемі ақыл-кеңесімді айтып жүремін. Аллаға шүкір, барлығы өмірден өз жолдарын тауып, 41 немере мен 2 шөбере сүйдім – дейді Емелхан Қайыпова.

Абдуали ата 3 айлық бухгалтерлік курсты, Емелхан апа клуб меңгерушісі курсын бітіріп Ұйғыр ауданының Дардамты ауылына комсомолдық жолдамамен көшіп барған. Клуб меңгерушісі болып барған алғашқы жылы жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, ауыл балаларына үлкен қуа-ныш сыйлаған. Айтуынша, бұған дейін Дардамтыда жаңа жылда мерекелік кештер өткізілмеген. Кейіннен, осы ауылда кітапханашы болған. Еңбек ете жүріп, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. Алайда, белгілі себептермен оқуды тастауға мәжбүр болған. Шығармашылыққа деген ынтасын байқаған мектеп директоры Турсун Ушуров қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылдаған. Өзге өңірдің климаты мен ауа-райына бейімделе алмаған енесінің денсаулығына байланысты қайтадан Тасбұлақ ауылына көшкен. Жұбайының қызметіне байланысты Тасашы ауылында тұрып, балалары сол жерде өмірге келген.

Қайда барса да Емелхан апа өз ойын парақ бетіне түсіріп, қолынан қаламын тастаған емес. 1985 жылы ақындар айтысына да қатысқан. Бұл оқиғаны Емелхан апа күліп еске алды:

– Мені бала күнімнен шығармашылыққа Қарқарада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Ескендір Рақымбайұлы деген ұстазым баулыған. Сол кісі айтысқа қатысасың деп маған қолқа салды. Бірақ, мен суырыпсалма ақын емеспін, қанша бас тартсам да, болмады. Астыма көлік беріп, жаныма қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімді ертіп, Кеген ауылын араладық. Көрген-білгенімді қағаз бетіне түсіріп, өлең жаздым. Осылайша, сол ауылда дене шынықтырудан сабақ беретін Шеризат Мекебековпен айтыстық. Ол да жазба ақын екен.

Балалардың мектепке баруы, көлік қатынасы қиындық туғызып Абдуали Жұмақанов пен Емелхан Абдрахимқызы 1985 жылы Шелек ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылына қоныс аударған. Кеңшардың уәделі үйін күтпей, өздері баспана тұрғызған. Ауылда жүріп, өңірдің тыныс-тіршілігін жазып, «Еңбек туы» газетінде штаттан тыс тілші қызметін атқарған. Осы күнге дейін өмірін өлеңмен өрнектеген Емелхан Қайыпованың «Отбасы – бақыт мекені» атты жыр жинағы жарық көрген. Әртүрлі тақырыптарға қалам тербеген батыр ана коронавирус індеті кезінде де аудан жұртшылығын жігерлендіріп, дем бергені көпшіліктің есінде. Одан бөлек, тәуелсіздік, ел мен жер, отбасы тақырыбындағы өлеңдері мен арнаулары мерзімді басылымдарда жарық көрген.

– Қанша мекемеде қызмет еттім, биік белестерге көтерілдім. Бірақ, менің өмірдегі ең басты жетістігім – жолдасым екеуміз балаларымның өмірден өз жолын табуы үшін саналы тәрбие бердік. Ұлы ғұлама әл-Фараби айтқандай, адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы – дейді Емелхан Қайыпова.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5460 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет