Государственная поддержка бизнеса сегодня позволяет говорить о ее мощной стимуляции предпринимательского сектора. Как уже известно, АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» основной оператор и интегратор мер поддержки предпринимательства. Программы Фонда реализуются по 3 основным направлениям, это – увеличение объемов и повышение доступности финансирования для предпринимателей, содействие диверсификации предпринимательского сектора и его индустриально-инновационного развития, повышение профессионализма субъектов МСБ на основе обучения начинающих предпринимателей и топ-менеджмента предприятий МСБ, зарубежных стажировок, сервисной и информационной поддержки.
«За первое полугодие 2021 года в Алматинской области заключено 775 договоров субсидирования на общую сумму кредитования 60,2 млрд. тенге. Наблюдается рост по частичному гарантированию. За первое полугодие 2021 года гарантии получили 757 проектов предпринимателей на общую сумму кредита 20 млрд. тенге»,– поделился директор регионального филиала Фонда «Даму» Абляхат Балтаев.
В эффективности и важности господдержки убедились сами, посетив ряд предприятий которые были поддержаны в рамках государственных программ.
К примеру, ТОО «Pipe-Рlast Company» имеющий огромный опыт производства полиэтиленовых труб, в этом году  обратилась в банк для пополнения оборотных средств. Проект был поддержан Фондом «Даму» по программе Государственной поддержки и развития бизнеса «ДКБ-2025», в результате субсидирования часть ставки вознаграждения снизилась до 6%. На сегодняшний день годовой оборот составляет  10-12 тысяч тонн.

Также и единственное предприятие в Казахстане по производству вентиляционного оборудования и климатической техники ТОО  «АВЗ» получило поддержку в рамках Дорожной карты бизнеса-2025. Основное направление деятельности: научно-производственное. Компания занимается разработкой, изготовлением и реализацией климатической техники и вентиляционного оборудования. Ассортимент продукции охватывает практически весь спектр промышленной вентиляции. В год производится продукция на 2 млрд. тенге.

И ТОО "Aluminium of Kazakhstan " с торговой маркой "hoffmann аluminium" является обладателем субсидии в рамках программы Дорожная карта бизнеса 2025».

«Наша компания обладает полным технологическим циклом. С целью минимизации расходов, мы принимает лом алюминия. В этом году мы планируем выйти на объем – 5 тысяч тонн в год, с выручкой порядка 8 млрд. тенге. Наша продукция востребована как в нашей стране таки за рубежом.  Мы уже подписали договор для экспорта профилей и столбов из алюминия.  Ближнее зарубежье мы уже обеспечиваем»,– поделился первый заместитель генерального директора по экономики и финансам ТОО "Aluminium of Kazakhstan" Данияр Асылбекович.  

 

КГУ «JETISÝ MEDIA» 

Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі.

Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады.
Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.
Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.

Алматы облысында коронавирустің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,0% - дан 0,7% - ға дейін төмендеді.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, соңғы тәулікте коронавирус 279 адамнан анықталды.

«Оның 238-нің симптомы бар, 41-ның симптомы жоқ. КВИ анықталған 279 жағдайдың 40-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, ал студенттер арасында 7 жағдай тіркелді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Облыс өңірлері арасында вирус жұқтыру көрсеткіші:

- Алакөлде - 15, Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді–10, Жамбыл–9, Іле-18, Қарасай-31, Қаратал-7, Кеген-1, Кербұлақ - 16, Көксу-20, Панфилов–17, Сарқан-13, Талғар–19, Ұйғыр–10, Талдықорған–65, Текеліде 13 адам коронавирус жұқтырған.

«Жалпы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырудың зертханалық расталған 45 036 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 32 049-ында симптомдары бар. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ жұқтыру көрсеткіші – 2107,0 құрады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Ардагерлер ұйымы кешегі қиын-қыстау кезеңде өзін-өзі сақтап қалған, заман өзгерсе де өзінің мән-мағынасын, мазмұнын өзгертпеген жалғыз қоғамдық ұйым десек артық айтпаймыз. Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет. Расында да, бүгінгінің ақсақалы қандай? Қазіргінің қариясы, алдыңғы толқын ақсақалдар қандай өнегелі ісімен танылып отыр? Өңірдегі  тыныштықты, ұлтаралық татулықты сақтауда қариялардың қосқан үлесі қандай? Біз осы тақырып төңірегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақовты  әңгімеге тартқан едік.

– Бүгінде ардагерлер кеңесінің тамырына қан жүгіріп келе жатқандығын жұрт  жиі  айтады. Әуелі әңгімемізді абыроймен атқарған істеріңізден бастасақ.

– Ардагерлер кеңесі. Осылай аталатын ұйымдар әр жерде әртүрлі деңгейде, сан алуан сапада іс тындырып жатқандығы  түсінікті. Ең әуелі аудандық ардагерлер ұйымының өз қызметін ойдағыдай  қамтамасыз етуге аудан әкімдігі мен өзге мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдар қолұшын беріп келеді. Сол ықпалдастықтың арқасында жүйелі жұмыстар жүргізілді.Қазір ауданымызда Ұлы Отан соғысының 3  ардагері, 931 еңбек ерлері, Ауған және Тәжік т.б мемлекеттерде соғысқа қатысқан 234  және Чернобыль апатын жоюға қатысқан 18 ардегер бар. Оларға аудандық ардагерлер кеңесінің қарамағындағы 37 бастауыш ұйым қызмет етеді. Біз ең әуелі әрбір ардагердің назардан тыс қалмауын көздеп, әрқайсысы есепке алынған ба, тізімге тіркелген бе, бастауыш ұйымда бар ма деген  мәселеге мән береміз. Ауданымызда ардегерлердің ұйымдастыруымен түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Өткен 5 жылда  ардагерлердің қатысуымен волейбол, футбол, шахмат, бильярд сынды спорт түрлерінен 70-ке жуық жарыс ұйымдастырылды. Сонымен бірге ардагерлердің атсалысуымен жас ұрпақты спорт пен саламатты өмір салтына баулу мақсатында ҚР спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы республикалық турнир де жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Еліміздегі барлық мереке күндерінде жергілікті жердің  ардагерлер кеңесінің төрағалары округтерде ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға белсене атсалысады. Айталық, қарттар күніне орай жыл сайын Есік қаласы мен ауылдық округтерде «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізіледі. 2020 жылыдың өзінде 5000-ға жуық қартқа кәсіпкерлер тарапынан 35 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қоса, өткен 5 жылда қарттарға құрмет көрсету мен көмек қолын созу мақсатында кәсіпкерлер тарапынан 49 млн 800 мың  теңге қаражат жұмсалды. Осы орайда ардагерлерге көптеп көмек көрсетіп келе жатқан Жангелді Осан, Сейітхан Қырқынбаев, «Голд продукт» шарап зауытының басшысы Виталий Вальков, ЖШС «Вира» Бурнашев Рустам Мухамедович сынды кәсіпкерлер мен өзге де ұйымдарға алғыс айтамын. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 100-ге жуық қартқа 7 млн теңгеге қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ардагерлер түрлі тарихи даталармен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да көптеген мәдени шаралардың ұйытқысы болып келеді. Қысқасы, ардегерлер қауымы ел арасының бірлігі мен тыныштығын бекемдеп, ауызбіршілік пен достыққа ұйытқы болып отырған үлкен күш.

– Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аталған конференцияда қандай келелі шешімдер қабылданды?

– Аудан әкімдігінде өткен есеп беру-сайлау конференциямызға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев қатысып, 2016-2021 жылдардағы жұмыс қорытындысы мен тексеру комиссиясының есебін тың-дады. Жиналыста аудан әкімі қарттардың  әлеуметтік жағдайын жақсартуға  арнайы қор құрылып, түрлі мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді. Кеңесіміздің есеп беру-сайлау конференциясында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. 26 округтен  150-ден астам делегат қатысқан конференцияда кеңестің жаңа құрамына 47 адам, ал тексеру комиссиясына 3 адам сайланды. Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына 5 адам баратын болды. Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері онлайн форматта ой бөлісті. Қатысқан делегаттар мені аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп, Асыл Байтулақов пен Әбілбек Айтақыновты кеңес төрағасының орынбасары етіп сайлады. Осылайша аудан ардагерлері маған қайта сенім білдірді. Біз олардың сенімінен шығу үшін қызмет ететін боламыз.

– Ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласатын шығар?

– Әрине, ардагерлеріміз мектептер мен колледждер, жастар орталықтарында ұйымдастырылатын кездесулерге жиі барады. Соғы кездегі пандемияға байланысты кездесулер сиреді.Ардагерлердің  мол тәжірибесі мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Сондықтан ардагерлер ұйымдарының қоғамдық жұмыстары олардың еңбектері мен есімдерін елге насихаттауға басымдық береді. Әрине, елі үшін тер төккен ардагерлерді құрметтеу, жарық дүниеден озғандарына лайықты тағзым ету – бүгінгі күн үшін маңызды деп білемін.

– Ардагерлер кеңесінің алдағы жұмыс жоспары туралы да айта кетсеңіз.

– Аудандық ардагерлер  кеңесі дәстүрлі түрде 1 қазан – халықаралық қарттар күнін кең ауқымда атап өтеді. Біз бұл атаулы датаны бір күнмен ғана шектемей, айлық акция ретінде ұйымдарғымыз келеді. Осы  акцияға еріктілер ұйымдары, ауданымыздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері атсалысады деген ойдамын. Осыған сай ардагерлердің материалдық, мәдени және тұрмыстық жағдайларын көрсететін әлеуметтік карталарының бастауыш ардагерлер ұйымдарында  болуы және мемлекеттік органдар арқылы анықталған қиындықтарды жою бойынша шаралар қабылданды. Жалпы, ардагерлердің барлық өтініштері мұқият қаралып, олардың хаттары мен өтініштері тіркеліп, түсіндірулер мен жауаптар беріледі. Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы  қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін  арнайы қор құрылатынын айтты, бұл да көп істің оң шешімін табуға әсерін тигізеді деген ойдамын. Қысқасы, аудандық ардагерлер кеңесі, ұлттық құндылықты ұлықтау, ұлтаралық татулық пен тұтастықты сақтау, түрлі өзгерістерге бастамашы болуы сынды істерді өнімді түрде жалғастыра бермек.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Тілдескен

Ерзат АСЫЛ

Жұма, 03 Қыркүйек 2021 09:16

Еттің бағасы шарықтап кетті

Еліміздің барлық аймағында ет бағасы қымбаттады. Маңғыстау және Шымкентте – жыл басынан бастап бірден 14% -ға өскен. Қазір сиыр етінің келісі 3 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Аrasha.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Базарда ет орындарының бос тұрғаны таңқалдырады. Сатушылар Шымкент базарларында сауданың болмай тұрғанына бірнеше апта болғанын айтады. Мүмкін бұған бағаның өсімі әсер еткен болуы мүмкін дейді олар. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Energyprom» сарапшыларының мәліметінше, ет бағасы бүкіл республика бойынша көтерілген, бірақ бәрінен бұрын Маңғыстау мен Шымкентте – бірден 14% -ға өскені байқалған. Түркістан облысында бағаның өсуі 12,7% болды.

Оңтүстік мегаполисіндегі ең арзан ет – шошқа еті – келісіне 1800 теңге, ол жыл басынан бері небәрі 100 теңгеге қымбаттаған. Ал қой етінің бағасы әлдеқайда түскен. Егер ол бұрын ең қымбат ет саналса, қазір оның келісі 2400 -ден сатылып жатқанын айтады.

Сатушылардың айтуынша қой еттері толып тұр, бірақ сатып алушылар жоқ. Олар мұны білім күнінің келуімен тұрғындарда балаларынан артылған ақша жоқ екендігімен байланыстырады.

Шаруалардың айтуынша биылғы бағаның өсімі жем-шөптің қымбаттауына тікелей байланысты. Орташа алғанда, олардың құны 60-70 пайызға, ал сабан 500 пайызға дейін қымбаттаған. Осыған байланысты мал басы да көбейтілмеген.

Орташа алғанда, нарықтық бағамен ҚҚС қосылған сүйегі бар ет Шымкентте келісіне 2 350 теңгеден сатылады. Алайда, шымкенттік шенеуніктер тәуелсіз статистика шамалы асыра сілтеп жіберген, ет бағасы жыл басынан бері 14% емес, 11% қымбаттады деп санайды.

«Қаланың үш супермаркеттерінде тауарлар, оның ішінде ет, белгіленген шекті бағадан 10% -ға арзан сатылады. Сонымен қатар, жергілікті екі ет өндірушімен келісімшарт жасалған, олар да етті арзандатылған бағамен сатуда» ,- дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Қайрат Базарбеков.

Алайда бүкіл қала тұрғындары жоғарыда айтылған үш супермаркетке ғана барып жүрмейді. Еттен үміт үзген халық тауық етіне алғысы келеді, алайда оның бағасы да баяу бірақ сенімді түрде өсіп келеді.

Abai.kz

Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021 15:06

Озық технологиялардың маңызы зор

Алатау бөктерінің құнарлы топырағы түрлі ауылшарушылығы өнімдерінің жайқала өсуіне мол мүмкіндік береді. Бүгінде бақтары жеміске, төскейі төрт түлікке толған Көктөбе ауылдық округіндегі 538 шаруа қожалығы өңірдің әлеуметтік әлеуетінің артуына өзіндік үлес қосып келеді. Солардың бірі – «Алимжанов Т.С»  шаруа қожалығы.

Осыдан 20 жыл бұрын іргетасы қаланған қожалықта бүгінде 800 бас «голштин» тұқымды іріқара бар. Сүт өндіруді негізгі бағыт еткен шаруашылық әлемдік озық тәжірибелерді негіз етіп, жаңа технологияларды қолдану аясын үздіксіз кеңейтіп келеді. Бізге өз жұмысының жай-жапсарын таныстырған қожалық төрағасы Тілек Әлімжанов сиыр тұқымын асылдандыру үшін америкалық компаниямен ұзақ жылдық келісімшарт жасап, бү-гінде олармен селбесіп жұмыс істеп жатқанын  айтты.

– Қазір шаруақожалғын өркендету үшін мол өнімділік пен жаңа технологияға басымдық беріп келеміз. Сол себепті жас мамандарды жетілдіруге күш салып отырмыз. Шаруа қожалғы  тарабынан арнайы қаржы бөлініп, мамандардың біліктілігін жетілдірдік.  Қазіргі таңда өзіміздің жем-шөп және техникалық базамыз қалыптасты. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Оларға 140 мың теңге көлемінде еңбекақы береміз. Түрлі жағдай-ларын ескеріп көмектесіп тұрамыз. Қазір Францияның «Danone» компаниясымен жасасқан келісімшарт бойынша күніне 4,6 тонна сиыр сүтін өткіземіз. Біздегі сүттің барлығы Еуропалық стандартқа сай өндіріледі. Бүгінгі деңгейге жету үшін түрлі қиындықтарды еңсердік. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін тек мемлекетке иек арту жеткіліксіз. Кәсіпкер бәскеге қабілетті болуы қажет», – дейді шаруа қожалығының  иесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында дамыған агро өнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерді. Онда ауыл шаруашылығы саласы еліміздің негізгі ресурсы екендігін айтқан болатын. Тілек Әлімжановтың пікірінше, сүт өндіретін фермерлерге барынша қаржылық мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, бір фермердің 70 миллион теңгеге дейін несие алатын  мүмкіндігі бар. Сонымен қоса, сүт өнімдері мен жаңа техника алуға және жанар майға субсидиялар беріледі  екен.

Шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығына тартудың маңызы зор. Бүгінде «Алимжанов Т.С»  шаруа қожалығындағы техникалардың барлығы  дерлік жаңаланған. Шаруашылық иесі жаңа технологиялардың өнімді жұмыс жүргізуге оң әсерін тигізіп жатқанын айтты. Кәсіпкер цифрлы технология ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыратынын тілге тиек етті. Оның сөзінше, шаруа қожалығына байланысты ақпараттар базада сақталған. Осыған сай, түрлі өтініштер электронды түрде қабылданып, онлайн төлемдер жасалады екен.  

Адал еңбегінің арқасында шаруашылығын шалқытып отырған кәсіпкер ауылындағы ағайынға да  көмек қолын созуды назардан тыс қалдырмапты. Қазіргі уақытта Тілек Әлімжанов ауыл жастарының спортпен айналысуына қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға қолұшын беріп келеді.

Шаруа қожалығының иесі өз шаруашылығын дамытуға зор қолдау көрсетілгенімен кейбір қиындықтардың да барын  жасырмады. Ол жем-шөп өсіруге қажетті судың жетіспейтінін айтады:

– Біздегі су  жүретін арықтар көптен бері жаңартылған жоқ. Сол себепті каналдан бөлінген судың діттеген жеріне жеткенше жартысына жуығы жерге сіңіп кетеді. Соның салдарынан көптеген шаруа қожалықтары тіршілік нәрінен таршылық көреді. Аудан әкімдігі осы мәселені тездетіп шешуге күш салса, – дейді Тілек Әлімжанов.

 

Ерзат АСЫЛ

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Премьер-Министр Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді. Аталған жоспар экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыруды және аймақтық саясатты жетілдіруді қамтиды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде вирустың таралу индексі 1-ден асқан жоқ, бүгінгі көрсеткіш – 0,87 болып тұр. Жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімдеріндегі науқастар саны 40 пайызға азайған. Қазіргі уақытта 6,7 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5,5 миллион азамат екпені толық алған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа импортқа тәуелділікті төмендетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының құбылуына жол бермеуге қатысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде, егін жинау науқанының барысы мен еліміздегі экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы айтылды.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Үкімет пен аймақ әкімдерінің үйлесімді әрі тиімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 16:35

Өнер, білім -бәрі де оқуменен табылған

Ломоносов атындағы орта мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай 1 сыныптарға «Кел, балалар оқылық!» атты іс-шара өткізілді.

Ондағы мақсат: білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе отырып, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз елімізідің Әнұранымен салтанатты жиынды бастады. Мектеп директоры Г.Б.Мусина бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдіріп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген биылғы білім күнінде мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге «Әліппе», «Букварь» оқулықтары салтанатты түрде табысталды. Кішкентай бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Салтанатты жиын мектеп оқушылары дайындаған, әсем ән, тәтті күймен аяқталды.

 

 

 

Бүгін «1 қыркүйек – білім күні» мерекесінде ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялады. Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды.

Осы саяси құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы  мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталған, әлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастырған міндеттерді белгілеп бергендігін баршаңыз жақсы білесіздер.

Сол себепті де мен Жолдауда аталған бірнеше маңызды мән-жайларға жеке-жеке тоқтала отырып, осы бағыттар бойынша Сіздерге қысқаша таныстырып, бөлісуді жөн санап отырмын.

Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады.

Сондай-ақ Жолдауда ең төменгі еңбекақы көлемін қайта қарау мәселесіне сөз болды. Бұл, бір жағынан, маңызды макроиндикатор деп есептеймін. Президент ең төменгі еңбекақы көлемі 2018 жылдан бері көтерілмегендігіне тоқтала отырып, әлемдегі коронадағдарыс халықтың табысына айтарлықтай зардабын енгізгендігін атап өтті.  Расында да қазіргі таңда қарапайым қызметкерлердің жалақысы тым төмен. Бұл мәселені аудандық мәслихат депутаттары бірнеше рет көтеріп, тиісті сауалдар жолдаған болатын. Ал Мемлекет басшысының бұл бастамасы осы аталған жағдайды оңынан шешуге бірден бір негіз.

Сонымен қатар мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес азаматтарға тұрғын үй алу қолжетімді болу үшін «Бірыңғай тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылатын болады. Бұл, әсіресе, жас отбасыларға баспаналы болуға септігін тигізеді деп сенемін.

Жолдаудағы әр міндет – еліміздің еңселі болашағына нық бағыт беруде. Сондықтан да «Үдере көшкен уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады» демекші, саяси құжаттың ұтымды идеялары аясына бірігіп, алдымызға қойған тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырамын.

 

Б.Ахметов,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет