Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021 15:06

Озық технологиялардың маңызы зор

Алатау бөктерінің құнарлы топырағы түрлі ауылшарушылығы өнімдерінің жайқала өсуіне мол мүмкіндік береді. Бүгінде бақтары жеміске, төскейі төрт түлікке толған Көктөбе ауылдық округіндегі 538 шаруа қожалығы өңірдің әлеуметтік әлеуетінің артуына өзіндік үлес қосып келеді. Солардың бірі – «Алимжанов Т.С»  шаруа қожалығы.

Осыдан 20 жыл бұрын іргетасы қаланған қожалықта бүгінде 800 бас «голштин» тұқымды іріқара бар. Сүт өндіруді негізгі бағыт еткен шаруашылық әлемдік озық тәжірибелерді негіз етіп, жаңа технологияларды қолдану аясын үздіксіз кеңейтіп келеді. Бізге өз жұмысының жай-жапсарын таныстырған қожалық төрағасы Тілек Әлімжанов сиыр тұқымын асылдандыру үшін америкалық компаниямен ұзақ жылдық келісімшарт жасап, бү-гінде олармен селбесіп жұмыс істеп жатқанын  айтты.

– Қазір шаруақожалғын өркендету үшін мол өнімділік пен жаңа технологияға басымдық беріп келеміз. Сол себепті жас мамандарды жетілдіруге күш салып отырмыз. Шаруа қожалғы  тарабынан арнайы қаржы бөлініп, мамандардың біліктілігін жетілдірдік.  Қазіргі таңда өзіміздің жем-шөп және техникалық базамыз қалыптасты. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Оларға 140 мың теңге көлемінде еңбекақы береміз. Түрлі жағдай-ларын ескеріп көмектесіп тұрамыз. Қазір Францияның «Danone» компаниясымен жасасқан келісімшарт бойынша күніне 4,6 тонна сиыр сүтін өткіземіз. Біздегі сүттің барлығы Еуропалық стандартқа сай өндіріледі. Бүгінгі деңгейге жету үшін түрлі қиындықтарды еңсердік. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін тек мемлекетке иек арту жеткіліксіз. Кәсіпкер бәскеге қабілетті болуы қажет», – дейді шаруа қожалығының  иесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында дамыған агро өнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерді. Онда ауыл шаруашылығы саласы еліміздің негізгі ресурсы екендігін айтқан болатын. Тілек Әлімжановтың пікірінше, сүт өндіретін фермерлерге барынша қаржылық мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, бір фермердің 70 миллион теңгеге дейін несие алатын  мүмкіндігі бар. Сонымен қоса, сүт өнімдері мен жаңа техника алуға және жанар майға субсидиялар беріледі  екен.

Шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығына тартудың маңызы зор. Бүгінде «Алимжанов Т.С»  шаруа қожалығындағы техникалардың барлығы  дерлік жаңаланған. Шаруашылық иесі жаңа технологиялардың өнімді жұмыс жүргізуге оң әсерін тигізіп жатқанын айтты. Кәсіпкер цифрлы технология ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыратынын тілге тиек етті. Оның сөзінше, шаруа қожалығына байланысты ақпараттар базада сақталған. Осыған сай, түрлі өтініштер электронды түрде қабылданып, онлайн төлемдер жасалады екен.  

Адал еңбегінің арқасында шаруашылығын шалқытып отырған кәсіпкер ауылындағы ағайынға да  көмек қолын созуды назардан тыс қалдырмапты. Қазіргі уақытта Тілек Әлімжанов ауыл жастарының спортпен айналысуына қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға қолұшын беріп келеді.

Шаруа қожалығының иесі өз шаруашылығын дамытуға зор қолдау көрсетілгенімен кейбір қиындықтардың да барын  жасырмады. Ол жем-шөп өсіруге қажетті судың жетіспейтінін айтады:

– Біздегі су  жүретін арықтар көптен бері жаңартылған жоқ. Сол себепті каналдан бөлінген судың діттеген жеріне жеткенше жартысына жуығы жерге сіңіп кетеді. Соның салдарынан көптеген шаруа қожалықтары тіршілік нәрінен таршылық көреді. Аудан әкімдігі осы мәселені тездетіп шешуге күш салса, – дейді Тілек Әлімжанов.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1842 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бақыт Сұлтанов есеп береді Программа «Еңбек» в действии »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет