Сәрсенбі, 25 Тамыз 2021 16:51

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (17.08 – 24.08.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 242 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Есік – 50

Шелек – 28

Қорам – 17

Байсейіт – 17

Бижанов – 12

Саймасай – 12

Бәйдібек би – 8

Бәйтерек – 8

Масақ – 8

Нұра – 7

Ақши – 7

Көктөбе – 6

Балатабай – 6

Ащысай – 5

Өрікті – 5

Жаңашар – 4

Қазақстан – 4

Ақтоғай – 4

Малыбай – 3

Ават – 3

Амангелді – 3

Қайназар – 3

Түрген – 3

Май – 2

Тескенсу – 2

Бірлік – 2

Әймен – 1

Асы-Саға –1

Қызылшарық – 1

Таутүрген – 1

Еңбек – 1

Қырбалтабай –1

Қаракемер – 1

Ташкенсаз – 1

Еңбек – 1

Төле би – 1

Күш – 1

Сарыбұлақ – 1

Азат – 1 

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

71 науқас – жұмыссыз

62 науқас – жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

46 науқас – зейнеткер

22 науқас – мектеп оқушысы

15 науқас – ұйымдаспаған бала

12 науқас – мұғалім

6 науқас – балабақша қызметкері

3 науқас – медицина қызметкері

3 науқас – студент

2 науқас – мемлекеттік қызметкер.

 

COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралғалы былтырғы наурыздан бері ауданда 3829 тұрғыннан індет ПТР тест арқылы анықталған. Бүгінге дейін олардың 3477-сі аурудан айықты.

Ал коронавирусқа қарсы екпе салу ауданда биыл 2 сәуірде басталды. Қазіргі уақытта ауданның 70 749 тұрғыны вакцинаны толық алған, яғни екі компонентін де салдырған.

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

Сәрсенбі, 25 Тамыз 2021 16:42

Дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа жолдауында елімізде құқық жүйесінде полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді бөле отырып, үш буынды модельді енгізуді тапсырды. Осыған орай бүгін Атамекен кәсіпкерлік палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалында дөңгелек үстел өтті.

Оған аудандық прокурордың орынбасары Р.Көпбаев, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Амиркулов, аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы Л.Горовлев, Еңбекшіқазақ ауданы кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры Б.Дуйсебекова, адвокат Г.Сафарова, прокурор көмекшісі А.Кәрібек және бас маман Е.Амин қатысты.



2020 жылдың 31 желтоқсанан бастап заңнамалық түзетулер күшіне енген күні барлық қылмыстық қудалау және прокуратура органдары қылмыстық іс бойынша негізгі шешімдерді электрондық нұсқада бекітуге көшті.
Енді қылмыстық процеске полиция, прокуратура және сот сынды үш буын жауап береді.

Полиция қылмыстар мен оларға қатысы бар адамдарды анықтап, айғақтар жинауы керек. Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беруге , азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кесуге, адал азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол бермеуге, сотта айыптауды қолдауға міндетті.

Сот органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және іс бойынша түпкілікті үкім шығарады.

Осылайша, келесідей негізгі іс жүргізу шешімдерін прокурормен келісуі қажет: күдіктіні тану, оның әрекетін саралау, қылмыстық құқық бұзыушылықты саралау, сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін үзу, тоқтату, айыптау актісі. Әйтпесе, олар заңсыз болып саналады. Негізгі процесуалдық шешімдерді бекіту жәбірлерушілердің емес, күдіктінің де конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Бұл – тек бірінші кезең.

Жалпы, өткен кезеңде үш буынды үлгі аясында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасында 1627 шешім келісілді. 451 шешімді келісуден бас тартылған болатын.

Негізгі шешімдерді электронды үйлестірудің артықшылықтарын асыра бағалау қиын. Прокурордың сотқа дейінгі тергеу органымен жедел өзара  іс-қимылы артық бюрократиялық кідірістерді болдырмайды,  тергеушілердің уақыты да үнемеледі, іспен бірге прокурорға бару қажеттілігі туындамайды. Сонымен қатар бұл тергеу органдарының басшылығы және қадағалау прокурорына қылмыстық істерді тергеу барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді, іс бойынша бұрмалауға жол бермейді.

Б.Дуйсебекова,

Еңбекшіқазақ ауданы кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры 

 

Сейсенбі, 24 Тамыз 2021 14:45

Кумирің кім, балақай?

Әр заманның өз батырлары, өнеге тұтар тұлғалары болады. Кеңестік дәуірде суретшілер, жазушылар, ғалымдар мен еңбек адамдарының жұлдызы жоғары болған деседі. Бүгін ше? «Теледидар қандай болса, қоғам сондай» дейтін қағида бар. Телебағдарламалардың бәрі дерлік сахна саңлақтарының өнері мен өмірін, тіпті, күнделікті тұрмыс-тіршілігін насихаттауға арналып келеді. Өнер адамдарының киген киімі, ішкен асы – тележурналистердің көрген-баққаны. Қазір әлеуметтік желінің салтанат құрған заманы. Онда да сол жұлдыздар ойқастап жүр.  Алайда, қоғамдағы елеулі оқиғалар кезінде елді аузына қаратып қойып, есті сөз айтуға сол «жұлдыздардың» өресі жетіп жүр ме? Ал көгілдір экранды ойын-сауық пен ән-күй, шоу, жеңіл әңгімелер жаулағаны балалар тәрбиесіне қалай әсер етеді? Бұл тақырыпта біздің қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде оқтын-оқтын ой-пікірлер айтылып тұрады. Әйтсе де, бізді бүгін «Ендігі тұлғалар кімдер, балалар кімдерді идеал тұтып, кімдерге қарап бой түзеп жүр?» деген сауалдар толғандырады.

Әлем қызыққа толы. Тіпті кейбір құбылыстарға таңдай қақпай тұра алмайсың. Кемеңгер боп жаратылған жасөспірімдерді көргенде, олар жайында естігенде кімнің болсын қызығушылық танытары анық. Жақында 13 жасар жапон қызы Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен топ жарды. Ол жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен ең жас спортшылардың тізімінде екінші орынға жайғасты. Рекорд 1936 жылы Берлин Олимпиадасында суға секіруден чемпион атанған америкалық Марджори Гестрингке тиесілі еді. Енді, міне, ғасырға жуық уақыттан соң 13 жасар Момидзи Нисия күншығыс еліндегі сан мыңдаған балалардың жүрегіне жаңа арман алауын жақты. Әлемдік өркениетті өрге сүйреп келе жатқан  күншығыс елінде балалардың идеал тұтатын тұлғаларының көп екені даусыз. Алайда 13 жасында әлем шыңын бағындырған Момидзи Нисия жапон балдырғандары үшін жаңа дәуірдің қаһарманына айналғаны сөзсіз. Кеңес Одағы кезінде Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» атты кітабын оқып, «Батыр бала Болатбек» деп әндеткендер бойына қайсарлық, жігерлілік, өжеттік сияқты қасиеттерді дарыта біліпті. Қарағайдың қарсы біткен бұтағындай болмысы бөлек Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» шығармасы да талай қазақ ұландарының жүрегіне алау жаққан іспетті.

Кейде сүйкімді балақайлардан «Кумирің кім?» деп  сұрайтыным бар. Сол сәтте  олардың бір парасы үнсіз қалса, кейбіреулері әншілер мен әзілкештерді идеал санайтынтарын жеткізеді. Сонда қалай? Өнеге тұтатын өзге тұлға қалмаған ба деген ойға қаласың. Көзі қарақты қауымның да бір парасы бүгінгі балалар мен жөсөспірімдер  тек әншілерге ғана еліктейді, солардай болуға ұмтылады дегенді жиі айтады. Өйткені, қазір өте жиі насихатталатын тек әншілер қауымы. Бүгінгі балалар аға буын сияқты «ұшқыш боламын», «ғарышкер боламын», «дәрігер боламын» деп сан түрлі мамандықты айтып, армандай алмайтындай болып көрінеді. Кім білсін, «Әр заманның өз сұрқылтайы болады» деген ғой. Мемлекет ұлт болашағы үшін идеал мен кумирді өзі жасап, оны ұрпаққа ұсынуы керек. Саналы және салиқалы қоғамның бәрінде сондай. Бізде, бірақ, ол жоқ, экран мен эфирдің бәрі ойын-сауықпен толтырылған.

Ендеше, балалардың кім көз алдында көбірек көлбеңдесе, соларға еліктейтіні түсінікті. Көгілдір экран арқылы қандай азаматтар жиі насихатталса, бүгінгі ұрпақ соларға қарап бой түзейді. Бұл орайда, интеллектуалдық өресі, өмірден түйгені мен сіңірген еңбегі айтарлықтай болмаса да, жастардың әншілерге еліктейтіні жаппай белең алып барады. Бұған телебағдарламалар арқылы сахна «жұлдыздарының» өздері тұтынатын зәулім үйі, қымбат көлігі, бағалы киімдері мен сәндік бұйымдары туралы жиі әңгімелеуге, шет елдердерде қыдырып, қалай демалғанын, қандай көңілді кештерде болып, қалай жасанып жүргенін – жалпы тұрмысы елден жақсырақ екенін жария қылып көрсетуге қымсынбайтыны да себеп.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, балалар көргеніне еліктейді. Ал ықпалы артып отырған көпшілік ақпарат құралдары бүгінде бұқара елдің мәдениетін, талғамын өсіріп, танымын кеңейту міндетін ұмыт қалдырған сыңайлы. Қазіргі телеарналардың, бір сөзбен айтсақ, жас буынды «тәтті күлшемен» қызықтырып, құрдымға жетелеп бара жатқаны жасырын емес. Бізде халықаралық білім олимпиадасында топ жарған, өзге де өнер байқауларында дара шыққан дарынды балалар бар. Бірақ олардың тиісті деңгейде насихатталмай жатқаны қынжылтады.

 

Е.АСЫЛ.

2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына  30 жыл толады.

Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.

Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.

 

29 августа 2021 года исполняется ровно 30 лет со дня закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона – события, сыгравшего важную роль в истории развития всего мирового сообщества и глобального антиядерного движения.

На Семипалатинском ядерном полигонебыло произведено не менее 456 ядерных испытаний, от которых пострадало более полутора миллионов человек.29 августа 1991 года Президент Казахской ССР Н.А. Назарбаев подписал Указ «О закрытии Семипалатинского испытательного ядерного полигона».

Казахстан заслужил признание в мире за беспрецедентный акт закрытия ядерного полигона. Миротворческий пример Казахстана вдохновил 2 декабря 2009 года Генеральную Ассамблею ООН на провозглашение 29 августа Международным днем действий против ядерных испытаний.

К памятной дате Библиотека Елбасы подготовила видеоролик, посвященный гуманистической миссии Казахстана – освобождению планеты от оружия массового уничтожения и построению мира, свободного от ядерного оружия.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында көпшілікке күздегі эпидахуалдың үш түрлі ықтимал болжамын жеткізді.

«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдайға жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді»,  – деді министр.

Сондай-ақ Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деген Премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Сейсенбі, 24 Тамыз 2021 09:10

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдыңда

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Иә, өмірін өлеңмен өрнектеп, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақиық ақын Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының Хантәңірі. Оның өлеңдері мен поэмалары, аудармалары қазақ әдебиетінің, поэзиясының биік шыңы десек, артық айтқандық емес. Биыл поэзия мұзбалағының туғанына 90 жыл толды. «Ақынның аты өлсе де, хаты өлмейді» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек, Мұқағали Мақатаевтың мұра етіп қалдырған өлең-жырлары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасы.

Өлеңмен өрнектелген өмір

М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол)ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-ында тойланады. Десек те, М.Мақатаев 8 наурызда туғандығы жайлы анасының айтқаны бар: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт өткеннен кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз». Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Ақиық ақынның туған күні туралы түрлі нұсқалар болса да, өмірі мен шығармашылығы – күмәнсіз ақиқат.

Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты – Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруа, колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, бір қарындасы және үш інісі болған. Қарындасы мен өзінен кейінгі інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері –Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің тұңғыш баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Бұл туралы өзінің «Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?» атты өлеңінде жазған.

...Сенің қандай аңсаймын

«тамашаңды?»

Соғыс келді: жүрекке жара салды,

Шапан еттім төсенген алақанды,

Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.

Сағынам ба суық пен талқаныңды?!

Суығыңды, сұрқия қаңтарыңды.

Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,

Бізге беріп талқанын қаңтарылды...

Осылайша, соғыс жылдарындағы әжесінің жанында өткен қиын-қыстау күндерді суреттеген Мұқағалидың майдан даласына аттанған әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза болған.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып, Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Шығармашылыққа бет бұрып, «Социалистік Қазақстан» газеті (қазіргі «Егемен Қазақстан»),  «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналда-рының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.

Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтары жарық көреді.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман-аңсары, табиғат бейнесі, мөлдір махаббат, сарғайған сағыныш. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде өлеңге қосып отырған. Ақынның шығармашылығы қарапайым оқырмандарын ғана емес, өзінің әріптестерін де тәнті еткені баршаға мәлім. Ақиық ақын туралы Қазақстанның халық жазушысы, ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мұқағали Мақатаев – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» – деген.

 

О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?

Әртүрлі тақырыпта қалам тербеген ақынның шығармалары әр қазақтың жүрегіне жол тауып, жанын тебірентеді. Әсіресе, махаббат тақырыбындағы өлеңдер бүгінгі күнде ғашықтар әлдиіне айналды.

– Құс боп ұшып жоғалсам,

не етер едің?

– Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

– Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

– Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

– Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

– Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

– Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

– Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Мұқағалидің осы «Махаббат диалогын» жатқа білмейтін қазақ кемде-кем. Ақын қос ғашықтың арасындағы мөлдір сезімді, шексіз сүйіспеншілік пен адалдықты бір шумаққа сыйғызып қойғандай.

Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын.

Сол аман ба?!

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын. Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам...

Ақынның осы тектес кіршіксіз махаббат пен сағынышқа толы жырлары поэзия саңлағының құдіретті сезімге деген адалдығын көрсетеді. Адамзаттың махаббат сезімінің алдында шарасыз екендігін дәлелдей отырып, шығармалары тұнық та мөлдір сезімнің тұңғиығына жетелейді.

Ақынның қос ғашықтар арасындағы ғана емес, туған жерге, анасы мен перзенттеріне деген махаббаты өлең болып өріліп, оқыған адамның жүрегін елжіретеді.

Қалақтай едің,

Қабіріңде қалақ тұр.

Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.

Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,

Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.

Қызым менің,

Гүлім менің,

Аяулым!

Жатыр молаң жотасындай қоянның.

Құлпытастың құны маған бес тиын,

Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!

Бұл өлең жолдары ақынның өмірден ерте озған қызына деген сығыныш пен қайғыны жеткізеді. М.Мақатаевтың өмір жолы оңай болған жоқ. Тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен Майгүл есімді қызы да көлік апатынан қаза табады. Өзінің перзенттеріне деген сағынышын өлеңмен жеткізген ақынның бұл шығармалары қазақ әдебиетінің классикалық туындыларының қатарында.

Қазақта анасын жырламаған ақын кемде-кем шығар. Мұқағали Мақатаевтың ана тақырыбында жазылған өлеңдерінде анаға деген шексіз махаббат айқын сезіліп тұрады. Ол өлеңдерінде перзенті үшін шарқ ұрып, аласұрған ана жүрегін бейнелейді. Мұны «Шеше, сен бақыттысың», «Анашым» өлеңдерінен көре аламыз.

Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам...

 

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін

Мұқағали Мақатаев шығармаларының тағы бір ерекшелігі – туып-өскен өлкесінің табиғатын, қазақ жерінің сұлулығын өлең арқылы бейнелеп, суреттеуі. Қазақ даласының тұмса табиғаты, тасыған өзені, көк майса жайлауы, төбесі көк тіреген таулары ақынның қиялына қанат бітіріп, шабытын шыңдай түскендей. М.Мақатаев – адаммен бірге табиғаттан да келісім мен жарасым іздеген ақын. Оның лирикасындағы табиғат жай сурет, көрініс қана емес, жанды, сезімтал. Ақын өзінің туындылары арқылы табиғатпен сырласады, Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мылтықтың оғына іліккен аққу мен киікті тебірене толғайды. Әсіресе, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында адам мен табиғат арасындағы үлкен философиялық байланысты ерекше суреттейді. Сондай-ақ ананың балаға деген ерекше махаббатын, қара өлеңмен табиғаттың сұлулығын бейнелейді.

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған...

Осылай басталатын поэма жалғыз баласы ауыр сырқаттанып қалған бір жанұяның жайын суреттейді. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айығатынын айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып, оқ аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақылын айтады. Қалай болса да, ана аққуды үйге әкеледі, алайда үйге қайтып оралғанда баласының қайтыс болғанын түсінеді.

М.Мақатаевтың табиғат лирикасында ешқандай үлгілерге ұқсамайтын, ұлттық бояуы айрықша қанық, қазақ тілінің бейнелеу қуатының кереметін көрсеткен суреттер жатады. Желмаяға мініп, жұмыр жердің жүзінен жайлы қоныс, Жерұйық іздеген Асан Қайғының табиғатты суреттеуі Мұқағали Мақатаевтың жырларында көрініс табады. Ақынның табиғат жайлы қай өлеңін оқысаңыз да, туған жерінің көркем де, сұлу табиғаты менмұндалайды. «Түнгі табиғат» өлеңінде Шибұттың тамаша түнін көз алдыңа әкелгендей.

...Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,

Тау қалғып сақтағандай құпия-сыр.

Шибұттың өзенімен үнін қосып,

Келеді жүрегіме бір тәтті жыр.

Тып-тыныш бар табиғат демін алып,

Тәтті бір ұйқыға енді төсек салып.

Өзені қос Шибұттың баяу ғана,

Жалығып үн шығарады талып-талып.

Толассыз соққан самал салқын леппен,

Өзеурей өліп-өшіп сүйді беттен.

Тамаша түннің тыныш табиғаты,

Еріксіз жүруіңе әуес еткен...

Ақын халықтың көңіл күйін, сүйініші мен күйінішін табиғаттың ішкі иірімдеріне сіңіре отырып, оны өзінің ішкі толқынысымен ұштастыра жырлайды.«Апырай, туған жер-ай», «Дөңгелек жер», «Рақмет, дала», «Қазақ жері», «Жетісу», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды», «Сарыжайлау», «Туған елге» өлеңдері – осындай ұшқыр қиял мен терең толғаныстан шыққан теңдессіз туындылар.

Рас, ақын шығармашылығы – бойына терең филисофиялық мағынаны, ұлттық дәстүрді, сыршыл сезімді, риясыз махаббатты сіңірген құнды мұра. Мұқағали – өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың шоқ жұлдызы. Ақ ұлпа жерді жапқанда, бозарып атқан ақ таңда, 9 ақпанда дүние есігін ашып, өзінің саналы ғұмырында қазақтың үш бақытын түгендеген, қара өлеңге қуат бітіріп, «өзім жоғалсам да, артымда қалсын жерім, қалсын елім» деп толғанған поэзия ғарышкерінің шығармашылығы – бүгінгі ұрпақтың баға жетпес байлығы.

 

Дайындаған

Сардарбек НҰРАДИН.

Осы аптада аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев пен бірінші орынбасары Айбек Бидаев, «Nur Otan» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, бөлім басшылары, бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері онлайн форматта делегаттармен  ой бөлісті.

Жиында кеңестің 2016-2021 жылдардағы жұмыс қорытындысы, тексеру комиссиясының есептері баяндалып, кеңестің төрағасы мен мүшелері сай-ланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев ардагерлердің қоғамдық істерді атқарудағы маңызды рөліне тоқталып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінетінін айтты. Ардагерлеріміз қашанда жоғарғы құрметке лайық. Әлібек Әскербекұлы түрлі өмір өткелдерін басынан кешіріп, өскелең ұрпаққа жөн сілтейтін қарттардың жастарға тәлім-тәрбие беру мен қоғамдық істерді атқарудағы рөлін атады. Ал олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға  арнайы қор құрылып,  түрлі мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді. Өткен бес жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген кеңес төрағасы Тілеулес  Ұзақов-тың  айтуынша, бүгінгі күні ауданда 30 мыңнан астам зейнеткер бар.

Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері, 931 еңбек ерлері, 234 Ауған және Тәжік т.б мемлекеттерде соғысқа қатысқан ардагерлер мен 18 Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардегерлер. Кеңес төрағасының сөзінше, есепті кезең бойынша қарттарға құрмет көрсету мақсатында Есік қаласы мен ауылдық округтерде кәсіпкерлер тарапынан 5 жыл ішінде 49 млн 800 мың теңге көмек көрсетілген. Ардегерлердің ұйымдастыруымен  түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары өткізілген.

– Ардегерлер қауымы ел арасының бірлігі мен тыныштығын бекемдеп, ауызбіршілік пен достыққа ұйытқы болып отырған үлкен күш. Соның арқасында түрлі ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келеміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ата-бабамыздан қалған қағидатты ұстансақ, болашағымыз баянды болады, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов.

Аудан  әкімі конференцияға қатысқан ардагерлердің ұсыныс-тілектеріне жауап берді. Әсіресе, ардегерлер үйін салу мен оларға тиісті деңгейде көмек көрсету мәселесіне орай жауапты басшыларға тапсырма беретінін айтты. Сондай-ақ қарттардың спортпен және шығармашылықпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасалатынын айтты.

Аудандық  ардагерлер кеңесінің кезекті  есеп беру-сайлау конференциясына қала мен ауылдардан 150-ден астам делегат қатысты. Кеңестің жаңа құрамына 3 адам сайланды. Ал, тексеру комиссиясына 3 адам өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына 5 адам баратын болды. Қатысқан делегаттардың мақұлдауымен Тілеулес Ұзақов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

– «Қарты бар елдің қазынасы бар». Біз тек қарттар мерекесі мен Жеңіс күнінде ғана ардагерлерімізді еске алып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Олар алған білімдері мен жастық жалынын, күш-қуатын елдің әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне, рухани кемелденуіне арнады. Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 30 мыңнан астам мың зейнеткер бар. Олардағы мол тәжірибе мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін тірі оқулық дер едім. Сондықтан ардагерлер ұйымдарының қоғамдық жұмыстарын кеңінен насихаттау, оларды жастар мен балаларға өнеге етіп көрсете білу, өмірден алған тағылымдарын жас ұрпақтың бойларына сіңіре білу қажет. Сіздерге зор денсаулық тілеймін, – деді жиналысты қорытындылаған аудан басшысы.

Ерзат АСЫЛ.

Жұма, 20 Тамыз 2021 14:25

Жара уборке не помеха

Засуха в ряде регионов Казахстана нанесла большой ущерб урожаю. В брифинге СМИ и.о. министра сельского хозяйства РК Ербол Карашукеев назвал прогноз падения урожайности зерновых до 20 процентов (Kapital.kz).

Аномально высокая температура весь июль и начало августа была и в Алматинской области. Тем не менее в Енбекшиказахском районе показатели урожайности зерновых, овощей, сена и сенажа соответствуют прогнозу. Данные по уборке основных культур на середину августа привел руководитель районного отдела сельского хозяйства Ермек ЖАКЕЕВ:

– На стадии завершения жатва зерновых колосовых, из 12244 га убрано в закрома  зерно с более чем 10 тыс. га или 21 870 тонн.  Идет сбор овощей, убрано 1840 га раннего картофеля. Из запланированных на зиму 215 тысяч тонн сена заготовлено уже 196 тысяч тонн, сенажа заготовлено 54,6 тыс. тонн из плановых 60 тысяч тонн, соломы – 30 тысяч тонн из  59 тысяч тонн, идет заготовка силоса. К началу зимовки имеющийся  в хозяйствах и на подворьях скот будет обеспечен кормами полностью.

Кроме того, фермеры сельских округов района по собственной инициативе оказали весомую помощь пострадавшим от засухи животноводам Мангыс-тауской области. Для них  собран и отправлен 21 вагон прессованного сена или 17500 тонн, а также 45 тонн комбикорма.  

Ведущее значение  в сохранении и получении урожая 2021 года имеют  водохозяйственные предприятия. Енбек-шиказахский район обслуживают четыре таких предприятия. Основной поставщик воды –   РГП «БАК имени Д.Конаева» из Бартогайского водохранилища  подает поливную воду на площади 70,6 тысяч га орошаемых сельхозугодий района. ТОО «Гидросервис» водой из р. Есик обеспечивает поливом 5 тыс. га в Коктобинском, Болекском, Рахатском округах и приусадебные участки прилегающих дачных массивов. ТОО «Караш» (источник – р.Тургень)  обслу-живает 4,5 тыс. га в Коктобинском, Тургенском, Каракемерском, Байдибек-бийском и Акшийском округах.  ТОО «Талгарирригация» из р.Талгар подает воду для 5,5 тыс. га сельхоз-угодий  Байтерекского, Аватского, Жана-шарского округов и  дачных массивов в Байтерекском округе. 

В данное время БАК подает на поля 89,5 кубометров  поливной воды в секунду, ТОО «Гидросервис»   – 6 куб/сек., ТОО «Караш»  – 5 куб/сек., ТОО «Талгарирригация» – 4 куб/сек. Этого объема достаточно, чтобы обеспечить потребности  хозяйств и  приусадебных участков в поливе.

 

 

И.ВИКТОРОВ.

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының басым бағыттарының бірі. Түгін тартса, майы шығатын ауданымыздың құнарлы топырағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қолайлы. Әсіресе, Алатаудың баурайында орналасқан елді мекендердің әлеуеті зор. Осы орайда, аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Түрген ауылдық округінде болып, шаруалармен кездесті.

Алғашқы болып Әлібек Әскербекұлы «ЖАФ Түрген» ЖШС-не ат басын бұрды. Ауылдың төменгі жағында орналасқан агро фирма заманауи технологиямен жаңғақ өсірумен айналысуда. Сонымен қатар дәнді дақылдар алқабы да бар. Мұндағы «Фундук» және «Грек жаңғағының» көшеттері еуропалық ірі өндірушілерден жеткізілген. Жаңғақ алқабы тамшылатып суарылады. Аудан аумағындағы алғашқы әрі ірі жаңғақ өндірушілермен жүздескен Әлібек Жақанбаев жұмыс барысымен танысып, шаруаларға сәттілік тіледі.

Алма бағын өсіруде өңіріміздің әлеуетін толығымен пайдалануды қолға алған кәсіпкерлер заманауи технологияның көмегіне жүгінген. Сапар барысында аудан әкімі «Apple Word» ЖШС-нің интенсивті алма бағының материалдық-техникалық базасымен танысты. 78 гектарға жуық жерге созылған бақта алманың бірнеше түрі әлемнің озық технологиясымен өсірілуде. Сондай-ақ сыйымдылығы 3 500 тонна болатын жеміс сақтау қоймасына барып, оң бағасын берді.

Ағаш және бау-бақша көшеттерін өсіруде де аудан шаруалары қарқынды жұмыстар атқаруда. Бұған аудан басшысы «Жетісу питомнигіне» жасаған сапары барысында көз жеткізді. Мұнда жылына 500 мың түп таңқурай, 500 мың түп қарақат, 20 мың түп қара қарақат және 2 млн түп құлпынай көшеттері өсіріледі.

Тіршілігін ауыл шаруашылығы саласымен байланыстырып, кәсібінің жемісін көріп отырған шаруалармен жүздесу барысында аудан басшысы аталған салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бірнеше агрокешендегі осындай жетістікті аралап көрген Әлібек Жақанбаев осы қарқынмен жалғасқан жұмыстың нәтижелі боларына сенім білдірді.

 

С.НҰРАДИН.

Спорт – денсаулықтың ғана емес, әлемдік татулық пен бейбітшіліктің кепілі. Спорт адамға физикалық, рухани күш сыйлай алатын да әлеуетке ие. Бүгінде спорт ердің де, елдің де атын шығаратын үлкен майданға айналды. Сол майданда өнерін көрсетіп, олимпиаданың шыңын бағындыруды кез келген спортшының армандайтыны хақ. Десе де, ол деңгейге жету үшін төзім мен қайрат, талап пен жігер керек-ақ. Жақында Токиодағы олимпиада ойындары көкейімізге көп күдік ұялатты.  Сарапшылар еліміздің үкілеген үміттері әлемдік  додаларда топ жару үшін бұқаралық спорт пен жасөспірімдер спортын  мықтап қолға алу керек дейді. Әрине, ол үшін өңірлік спорттың өркендеуін назардан тыс қалдырмаған жөн. Осы орайда,  ҚР спорт ардагері, тәуелсіздік жылдарында ауданымыздың спорт саласын басқарған   Аманбек Саматовпен спорт саласындағы өзекті мәселелер туралы әңгіме өрбіткен едік.

– Дүбірді естісе тұяғы қызатын тарландай, әлденеге елеңдеп  отырған сияқтысыз. Токиодағы дүбірлі доданы тамашаладыңыз ба?

– Әрине, бала кезден спортпен айналысқан соң,ондай әлемдік аламанға елеңдемеу мүмкін емес қой. Әсіресе, күрес түрлеріне аса зер салдым. Өкініштісі, талай байрақты бәсекеде жүлделі жүрген балуандарымыз Токио төрінде бір белдесуден аса алмай жатты. Тіпті, жеңіп тұрып, соңғы секундтарда қолындағы жүлдені бере салғандар да болды. Оларға не жетпей жатқанын нақты айта алмаймын. Бір қарағанда спортшыларымыздың қатты шаршағаны байқалады. Тактикалық тұрғыда кейбір қателіктерге жол бергендері де бар. Бір байқағаным, бізде спорттың дамуы тежеліп қалған сияқты. Сонау бір тәуелсіздіктің қиын-қыстау кездерінде де әлем тамсана қараған спорт саңлақтары бізден шықты емес пе? Енді ел  спортының тамырына қан жүгіртетін жаңа стратегия қажет. Ол үшін өңірілік спорттың өркендеуіне мән берген жөн. Меніңше, спорт саласын жұрт мойындаған, өзіндік жетістікке жеткен, беделді тұлға басқару қажет. Мысалы, еліміздің спорт саласын Дәулет Тұрлыханов тізгіндеген тұста айтарлықтай жетістігіміз болды. Өйткені ол талантты жастарды көре білетін. Қазір көптеген спорт Федерацияларын қалталы азаматтардың қолына беріп қойдық. Әрине, қаржылық тұрғы-дан бұл тиімді болуы мүмкін. Дегенмен, спорт саласын кәсіби мамандардың қолға алғаны дұрыс.

– Сіз тәуелсіздік жылдары өңір спортын басқардыңыз. Сол кезде аудан спортын дамыту үшін қандай қиындықтарды еңсердіңіздер?

– 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, аудандық спорт комитетінің  және Спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым. Өңірілік спортты дамыту үшін оның материалдық  базалары жасақталуы қажет. Сол жылдары мүмкіндіктің барынша ауданның спорттық  базаны нығайтуға күш салдым. Қазіргі аудан орталығындағы спорт сарайының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, алаң салына бастаған болатын. Кейін қаржылық қиындықтарға байланысты жұмыс тоқтап қалды. Сондай қиындықтарға қарамастан спортшыларымызды облыстық және республикалық жарыстарға қатыстыруға тырыстық. Көптеген облыстық спорт додаларында үздіктер қатарынан көрініп келдік. Сонымен қоса, тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін дамытуға  ден қойдық. Әр ауылдан атбегілердің басын қосып, бәйге аттарын баптауға күш салдық. Бекет Құмарбеков, ағайынды Исаевтар баптаған жүйріктер талай мәрте облыстық, республикалық жарыстарда топ жарды. Ауданымыздың көкпар-шылар командасы да талай мәрте өздерінің үздік екенін дәлелдеген кездер болды. Ол кез ұлтымыздың жоғалып бара жатқан құндылықтарымен қайта қауышқан шағы еді. Сондықтан өңірімізде саятшылық өнердің қайта түлеуіне де шама-шарқымызша еңбек еттік. Құс салып аң аулау – қазақтың ертеден келе жатқан ел ішіндегі ерекше дәстүрінің бірі. Қазақтарға аңшылық негізгі кәсіп болмаса да, ертеден шаруашылығына демеу болған. Аңшылық тарихы көне заманнан бастау алады. Археологтар бірнеше рет қазба жұмыстары кезінде жылқы мен аңға түсетін құстардың қаңқасын тапқан. Бұл біздің саятшылық өнеріміздің тым арыда жатқанын айғақтайды. Қазір Шелек өңіріндегі Нұра ауылында елге есімі белгілі болған құсбегілер бар. Алда ұлтымыздың саятшылық өнері  тіптен кеңінен қанат жаяды деген ойдамын. Әрине, спорт саласы мол қажыр-қайрат пен ұйымдастыруды талап етеді.Біздің ауданның спорттық жетістіктеріне марқайып, кенжелеп қалған кей спорт түрлеріне аздап қынжылатын жайымыз бар. Былтырғы пандемиядан бері  көптеген спорт жарыстары өтпей қалды. Бұл белгілі деңгейде спортқа кері әсерін тигізеді деп ойлаймын.

– Ардагер ретінде ауданымызда қандай спорт түрлері кенже қалып барады деп ойлайсыз?

– Менің байқауымша, ауданы-мызда гандбол, жүзу, қысқы спорт ойындардың дамуы тежеліп қалған сияқты. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені ауданымызда қысқы спорт түрлеріне және жүзу спортына арналған ғимараттар мен алаңдар жоқ. Арнайы орындармен, жабдықтармен қамтылмаған. Бар болғанның өзінде қолжетімсіз.  Қай саланы дамыту үшін ең бастысы мықты база керек. Содан кейін нәтиже сұрауға болады. Сондықтан қала, ауылдық округ әкімдеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні зор спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды, әкімдіктердегі спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың жұмысын қатаң бақылауды, есік қаласы мен Шелек ауылындағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша іс-шараларды қолға алуы керек деп білемін.

Қайбір ауылға барсаңыз да желаяқтар табылады. Сондай-ақ екі доңғалақты көлікке көсілте мініп, көшенің шаңын шығаратын балалардың ішінен небір жүйріктер, велоспортшылар шықпасына кім кепіл? Тегімізде мықтылық бар, бірақ жас буынды жеңіл атлетикаға баулитын мамандар ауылға жетпейді. Палуандар сайысына арналған боз кілем төселген бөлме түгілі көп жерлерде баскетбол, волейбол, футбол ойнайтын алаңдар да жасақталмаған. Мәдени орталықтарда, ауылдағы клубта да спортзалдар бар, алайда олардың бәрі бірдей жұмыс істемейді. Өйткені спорт-залдарындағы жуынатын және шешінетін бөлмелер толық жабдықталмаған. Сондай-ақ ауыл мектептерінде ядро мен диск, найза (спорттық снаряд), футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын доптар, биіктікке секіру мен сырықпен секіруге арналған жабдықтар барлық уақытта бола бермейді. Шешімін күткен сондай мәселер көп. Қысқы спортты қолға алу үшін жүйелі жұмыстар жасалуы тиіс. Ең әуелі әр ауылдық округтен шағын болса да, мұз айдындарын салған жөн. Бұл өте ауқымды мәселе. Қысқасы, спортты дамыту және шеберлікті шыңдау үшін жиі жарыстар өткізілуі тиіс.

– Жыл сайын ауданымызда сіздің атыңыздағы грек-рим күресінен  жасөспірімдер  арасындағы  дәстүрлі  ашық республикалық турнир  өтіп келеді. Аталған спорттық дода өңіріміздегі грек-рим күресінің кеңінен қанат жаюына қаншалықты серпін береді деп ойлайсыз?

– Бірнеше жылдан бері бұл турнирді өткізу дәстүрге  айналып келеді. Өткен жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс өткен жоқ. Ал турнир  2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында қайта өткізіліп, оған еліміздің  әр өңірінен 450-ден  астам балуан қатысып, 15 салмақ дәрежесінде боз кілемде бақтарын сынады. Турнирімізге олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратов сынды спорт саңлақтары құрметті қонақ ретінде қатысты. Жарыс қатысушылары екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Соңғы ақтық кездесулер қызықты да тартысты өтті. Финалистер бар күшін салып бәсекелесті. Олар керемет әдістер мен жекпе-жек көрсетіп, грек-рим күресінің жанкүйерлерін сүйсіндірді. Әсіресе,олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко балуандардың өнерін жоғары бағалады. Жарыста топ жарған кей жасөспірмдер Юрий Мельниченконың қолынан жүлде алғандарына қуанды. Күрес жолын енді бастаған балаларға бұл, сөз жоқ, шабыт береді деп ойлаймын. Амандық болса, бұл турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Тілдескен Ерзат АСЫЛ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет