Жұма, 20 Тамыз 2021 14:12

Шаруалармен жүздесіп, жетістіктермен танысты

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының басым бағыттарының бірі. Түгін тартса, майы шығатын ауданымыздың құнарлы топырағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қолайлы. Әсіресе, Алатаудың баурайында орналасқан елді мекендердің әлеуеті зор. Осы орайда, аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Түрген ауылдық округінде болып, шаруалармен кездесті.

Алғашқы болып Әлібек Әскербекұлы «ЖАФ Түрген» ЖШС-не ат басын бұрды. Ауылдың төменгі жағында орналасқан агро фирма заманауи технологиямен жаңғақ өсірумен айналысуда. Сонымен қатар дәнді дақылдар алқабы да бар. Мұндағы «Фундук» және «Грек жаңғағының» көшеттері еуропалық ірі өндірушілерден жеткізілген. Жаңғақ алқабы тамшылатып суарылады. Аудан аумағындағы алғашқы әрі ірі жаңғақ өндірушілермен жүздескен Әлібек Жақанбаев жұмыс барысымен танысып, шаруаларға сәттілік тіледі.

Алма бағын өсіруде өңіріміздің әлеуетін толығымен пайдалануды қолға алған кәсіпкерлер заманауи технологияның көмегіне жүгінген. Сапар барысында аудан әкімі «Apple Word» ЖШС-нің интенсивті алма бағының материалдық-техникалық базасымен танысты. 78 гектарға жуық жерге созылған бақта алманың бірнеше түрі әлемнің озық технологиясымен өсірілуде. Сондай-ақ сыйымдылығы 3 500 тонна болатын жеміс сақтау қоймасына барып, оң бағасын берді.

Ағаш және бау-бақша көшеттерін өсіруде де аудан шаруалары қарқынды жұмыстар атқаруда. Бұған аудан басшысы «Жетісу питомнигіне» жасаған сапары барысында көз жеткізді. Мұнда жылына 500 мың түп таңқурай, 500 мың түп қарақат, 20 мың түп қара қарақат және 2 млн түп құлпынай көшеттері өсіріледі.

Тіршілігін ауыл шаруашылығы саласымен байланыстырып, кәсібінің жемісін көріп отырған шаруалармен жүздесу барысында аудан басшысы аталған салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бірнеше агрокешендегі осындай жетістікті аралап көрген Әлібек Жақанбаев осы қарқынмен жалғасқан жұмыстың нәтижелі боларына сенім білдірді.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1018 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет