Жұма, 20 Тамыз 2021 14:38

Қарты бар елдің қазынасы бар

Осы аптада аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев пен бірінші орынбасары Айбек Бидаев, «Nur Otan» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, бөлім басшылары, бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері онлайн форматта делегаттармен  ой бөлісті.

Жиында кеңестің 2016-2021 жылдардағы жұмыс қорытындысы, тексеру комиссиясының есептері баяндалып, кеңестің төрағасы мен мүшелері сай-ланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев ардагерлердің қоғамдық істерді атқарудағы маңызды рөліне тоқталып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінетінін айтты. Ардагерлеріміз қашанда жоғарғы құрметке лайық. Әлібек Әскербекұлы түрлі өмір өткелдерін басынан кешіріп, өскелең ұрпаққа жөн сілтейтін қарттардың жастарға тәлім-тәрбие беру мен қоғамдық істерді атқарудағы рөлін атады. Ал олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға  арнайы қор құрылып,  түрлі мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді. Өткен бес жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген кеңес төрағасы Тілеулес  Ұзақов-тың  айтуынша, бүгінгі күні ауданда 30 мыңнан астам зейнеткер бар.

Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері, 931 еңбек ерлері, 234 Ауған және Тәжік т.б мемлекеттерде соғысқа қатысқан ардагерлер мен 18 Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардегерлер. Кеңес төрағасының сөзінше, есепті кезең бойынша қарттарға құрмет көрсету мақсатында Есік қаласы мен ауылдық округтерде кәсіпкерлер тарапынан 5 жыл ішінде 49 млн 800 мың теңге көмек көрсетілген. Ардегерлердің ұйымдастыруымен  түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары өткізілген.

– Ардегерлер қауымы ел арасының бірлігі мен тыныштығын бекемдеп, ауызбіршілік пен достыққа ұйытқы болып отырған үлкен күш. Соның арқасында түрлі ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келеміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ата-бабамыздан қалған қағидатты ұстансақ, болашағымыз баянды болады, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов.

Аудан  әкімі конференцияға қатысқан ардагерлердің ұсыныс-тілектеріне жауап берді. Әсіресе, ардегерлер үйін салу мен оларға тиісті деңгейде көмек көрсету мәселесіне орай жауапты басшыларға тапсырма беретінін айтты. Сондай-ақ қарттардың спортпен және шығармашылықпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасалатынын айтты.

Аудандық  ардагерлер кеңесінің кезекті  есеп беру-сайлау конференциясына қала мен ауылдардан 150-ден астам делегат қатысты. Кеңестің жаңа құрамына 3 адам сайланды. Ал, тексеру комиссиясына 3 адам өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына 5 адам баратын болды. Қатысқан делегаттардың мақұлдауымен Тілеулес Ұзақов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

– «Қарты бар елдің қазынасы бар». Біз тек қарттар мерекесі мен Жеңіс күнінде ғана ардагерлерімізді еске алып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Олар алған білімдері мен жастық жалынын, күш-қуатын елдің әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне, рухани кемелденуіне арнады. Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 30 мыңнан астам мың зейнеткер бар. Олардағы мол тәжірибе мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін тірі оқулық дер едім. Сондықтан ардагерлер ұйымдарының қоғамдық жұмыстарын кеңінен насихаттау, оларды жастар мен балаларға өнеге етіп көрсете білу, өмірден алған тағылымдарын жас ұрпақтың бойларына сіңіре білу қажет. Сіздерге зор денсаулық тілеймін, – деді жиналысты қорытындылаған аудан басшысы.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1192 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет