Сейсенбі, 14 Қыркүйек 2021 14:47

Тағдырлы ақын жырлады

Гүлжан Бұрынбаеваның есімі Еңбекшіқазақ ауданының Есік-Шелек өңірлеріне таныс ақын еді. Тағдырдың «тайғақ» жолында зардап шексе де Гүлжан шығармашылығы өміршеңдікпен, адамгершілікті, анаға, туған жерге сүйіспеншілікті жырлаумен ерекшеленеді.

Ақынның «Өнер» баспасында 2014 жылы шыққан өлеңдер жинағына өзі жазған алғы сөзіндегі терең мағыналы сөздерінен ақ қиындықпен күрес жолындағы қайсарлығын, адалдығын көреміз:

«Бұл өмірдегі менің тағдырым – адам тағдыры. Қаншама қиыншылықты бастан кешсем де өзім өмір сүрген ортамды, қуаныш-қайғымды, мұңымды, мені жарық дүниеге әкелген анамды барлығын суреттеп, өлеңдеріме қостым. Жүрегім бірде қуанса, бірде жылады, алға ұмтылып биік белестерге жеткісі келді. Сол үшін тырбанып, қаламымды тоқтатпай жүріп келемін. Жаратқан Иеміз қанша өмір береді, қанша жүреміз – ол да бір тағдырдың ісі. Көп нәрсе істеп, бәріне де үлгеріп қалғың келеді. Бірақ кейде істеген ісің мардымсыз болып, көңілің толмайды. Маған Алла Тағала денсаулық бермесе де, талантты жүрек, қажымас қайрат беріп, осы қалам арқылы өмірге құштар еткеніне дән ризамын. Мен әрдайым алға ұмтылып, жақсылықтан үмітімді үзбей, бүгіннен ертеңім жақсы болар деп армандаумен өмір сүріп келемін».

Өкінішке қарай өмірден өткеніне де біршама уақыт өте шықты. Гүлжан Бұрынбаева ақынның «Жырлайды жүрек» атты кітабынан кейін жарық көрген «Тағдыр» жыр жинағынан бірнеше өлеңі мен әңгімелерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Іңкәр дүние

Таңмен бірге оянып бар тірлігім,

Шуақ төкші мерейлі о нұрлы күн.

Кәусарыңнан мен бүгін қуат алам,

Ғашық еткен өзіңнің іңкәрлігің.

Жырлап тұрсың дүние жүрегіңмен,

Шаттық арай көремін реңіңнен.

Шұғылалы ақ күннің сәулесіне,

Шомылып ап ғашық боп жүрейін мен.

Тіршіліктің тауқыметін қайтем елеп,

Көксеген бақытымды көргім келет,

Бір серпіліп кетейінші қайран өмір,

Неге ғана қайғы-мұң маған төнет.

Сынға түсіп күніне таласатын,

Ағарады осылай қара шашым.

Сілкіп-сілкіп қанатымды қомдайында,

Мінейінші ерттетіп арман атын.

 

Жастық шақ

О, жастық шақ, сен бүгін қайда қалдың,

Гүл терген көк белесте, сайда қалдың.

Сағыныш жайлап менің жүрегімді,

Сырласып кейде осылай ойланамын.

Көктемін жастық шағым, мөлдір аспан,

Тербеліп көңілімде құстай ұшқан.

Жеткізбейтін желкенді қайықтайсың,

Жаралған жастық шағым сағыныштан.

Жаз өтті, күз де өтті арман қуып,

Көңілім ойланады сабыр қылып.

Жастық шақ көк балауса, жас құрағым.

Жарқырап келе жатыр күнім шығып.

О, жастық шақ, сен бүгін алыстадың,

Есімде ақ боз атпен жарысқаным.

Қашықтап барасың-ау күннен-күнге,

Ғашық боп қиялымда табысамын.

О, жастық шақ, жеткізбейтін енді маған,

Армандап ойлауменен пана табам.

Жырларым шашу болып шашылады,

Әлі де асулардан асып алам.

 

Ана рухымен сырласу

Әлі есімде ыстық ұя, тоқал там,

Ошақ отын сөндірмеген жан анам.

Жесірліктің тауқыметін көтеріп,

Елестейді көз алдыма нар тұлғаң.

Әкені де жоқтатпадың сен бізге,

Құлаш ұрып қанаттанып өмірге.

Адалдықтың туын ұстап көтеріп,

Тамшыдай боп қосылдың бір теңізге.

Өтті жылдар, кетті ұзарып жолдағы,

Еске түсер бал қызығы тамдағы.

Арман етіп ұл сұрапсың құдайдан,

Сұрағаның жан анашым болмады.

Төрт қызыңды құтты орнына қондырып,

Сен сапарға тартып кеттің мәңгілік.

Жалғыз қалдым шаңырақта аңырап,

Атар емес маған сірә таң күліп.

Өзің жоқта тіл қата алмай ешкімге,

Ойға батам ертелі-кеш мен күнде.

Мұңға батып күле алмадым жарқылдап,

Тұтанады жалын атқан от кеуде.

Жалғыздықта бір құдайға жарасқан,

Маған куә жұлдыз жауған көк аспан.

Қайсар мінез найзағайдың отындай,

Тілгілейді санамды бір алдаспан.

Кешір ана, жасық емес бұл қызың,

Үміт кеуде, көкке өрлеген жұлдызың.

Қайда жүрсем басымды ием өзіңе,

Шар болаттай сірә менің төзімім.

Кешір ана, мен теңімді таппадым,

Жырмен өріп сырларымды ақтардым.

Жалқы емеспін жанымда

жырым барда,

Жасап келем бір сүрлеудің соқпағын.

Берілмеймін қамығып мұң мен зарға

Шөлдедім мейірім мен алақанға.

Сенің рухың анашым жебеп жүр-ау,

Періштелер көтеріп көк аспанға.

Қызарып батқан күндерден

сені сұрадым,

Жазылар ма екен жүрегімдегі

сірә мұң?

Тәңірдің сонау көгінде ұшып жүрсің бе?

Анашым, енді қайда екен

мекен тұрағың?

Өзіңнен анам өмірдің ұқтым зор мәнін,

Гүлзар бақ мүлгіп, іздейді

жүрек қорғанын.

Көктемде келген құстардан

сені сұрадым,

Бәйтерек бағым, қайдасың

қара орманым.

Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 11:44

Дәмді нан

Ерлі-зайыптылар бір шаңырақ астында отыз жыл бірге тұрыпты. Әйелі күнде таңертең ерте тұрып, дәмді нан пісіреді екен. Нанды ортасынан қақ бөліп, жоғарғы бөлігіне май жағып, күйеуіне ұсынады екен.

Үйленгендеріне отыз жыл толған күні де әйелі күндегідей ерте тұрып, дәмді нанын пісіреді. Таңғы шайда нанды ортасынан екіге бөліп, екі бөлігінің де бетіне май жағып, әдеттегісінше нанның жоғарғы бөлігін күйеуіне ұсынғалы жатып, ойланып қалады. «Нанның үстіңгі бөлігін жеуді отыз жыл армандадым. Үлгілі әйел болып, күйеуіме еш қарсы келмедім, балаларыма жақсы тәрбие беріп өсірдім. Қыз кезімнен сүйсініп жейтін нанның үстіңгі бөлігін бүгін өзімнің жеуіме болатын шығар», – деп ойлайды. Осылайша нанның астыңғы бөлігін, яғни табан жағын күйеуіне ұсынады.

Нанды қолына алған күйеуі қуанып:

– Бүгін сен маған үлкен сый жасадың. Мен кішкентайымнан нанның табаға күйіңкіреп, сарғая піскен таба-нын жақсы көруші едім. Бірақ нанның бұл дәмді тұсын жеуге менен гөрі сен лайықсың деп ойлайтынмын, – депті.

Сыйластық – отбасы тірегі. Бірін-бірі сыйлаған жандар әркез бақытты.

Аударған Қ.МҰРАТҚЫЗЫ.

Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 11:41

Ұлттық мұраны жалғаған өнегелі жанұя

Қазақ халқында «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Рас, әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Дананың да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын ол – отбасы. Сондықтан қазақ қоғамында отбасы құндылығына ерекше назар аударылған. Бүгінде бұл игі іс өз жалғасын тауып, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленді. Осы орайда, ауданымызда атадан қалған мұраны жалғап келе жатқан, жалпыұлттық «Мерейлі отбасы» байқауында облыс бойынша бірінші орын алған  Нұра ауылындағы Исабековтер отбасы жайлы сөз қозғамақпыз.

Исабековтер отбасының отағасы Исабеков Мұхамед Баетбайұлы өз сөзінде құсбегіліктің қыр-сырымен қанықтыратын «Жеті қазына» мұражайы және саятшы клубының  жұмысы  жайлы тарқата айтып берді.

«Жетіқазына» саятшы  клубы 1995 жылы құрылып, 2003 жылы мұражайы ашылған. Бүгінде клубқа 11 құсбегі мүше. Сондай-ақ түрлі жарыстарға қатысатын 11 қыран бүркіт және бар. Осы клубтың жетекшісі, ең жас құсбегі Қуаныш Исабеков құсбегілік өнер кез келген адамға берілмейтін ерекше өнер дейді. Бабамыз Шора деген кісі исі қазаққа аты таныс құсбегі болған екен. Халық ауызында: «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады», деген сөз қалған. Әкеміз Исабеков Дайыртай Ұлы Отан соғысының ардагері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тобында болған. Өзі «Жетісудың көк қасқасы» деген бүркітін өмірінің соңына дейін баптап, аңшылықпен шұғылданды. Әке жолын біз жалғастырудамыз. Қазір «Жеті қазына» саятшылық мектебіміз бар. Осы мектебіміздің жетістігінің бірі  – 2007 жылы Англияның Лондон қаласына 33 елдің алдында Қазақстанның намысын қорғап, ел алғысына бөленіп, іздің саятшылық жетістіктеріміз жайлы «Taims» газетінің алғашқы беттерінде жарық көрді. Фестивальде бала алақанын шапалақтап тұрғанда мен бүркітке қанатын қаққызып едім, тамсана таңдай қақты. Қуаныш деген балам Францияда өткен байқауда атқа мініп, саятшылықты дәріптеп қайтты. Альберт, Маделен Фишлер деген екі шетел азаматы келіп, бүркітке, саятшылыққа деген қызығушылықтарын білдіріп қайтты», – деп аяқтады өз сөзін. 

Жалпы, құсбегілікті меңгеру оңай дүние емес. Бұл күрделі де, қиын кәсіп. Бұны қызыққан, шыдаған адам ғана бағады. Қолдан томаға тартқанда ұшқан қыранды көріп, бұрынғы қиыншылықтардың бәрі бір сәтке ұмытылады, жан рахатын табасың. Қыранның қасиеттілігі соншалық, сипап отырғанның өзінде адамға жақсы әсер береді. Қазақ халқының қыранды ежелден қадірлеп-қастерлеуінің де өзіндік орны бар.

Халқымызда «Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы» деген дана сөз бар. Ізгілікті, өнегелі, мерейлі отбасылар қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаны бір шаңырақта өсіріп, ер жеткізіп отырған ата-ананың еңбегі ерен. Олар бір-біріне бауырмал болып келеді. Кең-байтақ жерімізге ие болатын ұлағатты ұрпақ өсіру – бәрімізге міндет.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА

Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 09:20

Тіл байлығы – ел байлығы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет». Елбасының Жолдауындағы сөздерін барша ұлт өкілдері құптайды. Әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілі. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Қазір Елбасы үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Қазақ тілі күрделі әрі әдемі тілдердің қатарына жатады. Тіл байлығы – ел байлығы. Сондықтан барша қазақстандықтарды мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырамын.

Біздің мәдениет үйіміздің қызметкерлері де тілді құрметтеуді өз отбасынан бастап зор үлес қосып келеді. Әлемге «қазақ» деген елдің барын, оның бай, әрі әдемі әуезді тілінің барын ән арқылы мойындатқан Димашымыз болды. Әлі де осындай өнерпаздардың осы бір жерден, ауылдан шығуы мүмкін ғой. Сондықтан да біздің мәдениет үйімізде ашылған шығармашылық, спорттық үйірмелерге қатысып жүрген жасөспірімдердің болашағынан зор үміт күтеміз. Өйткені олар мұнда қазақтың салты мен дәстүрінен, тереңнен бастау алар шежіресінен сыр шертер асыл өнерді, дәстүрлі ән-жырларды, күйлерді ең мықты, білімді де, білікті ұстаздардан үйреніп, сабақ алып жүр.

 

Диана Жакаева,     

Қаракемер ауылдық

мәдениет үйінің әдіскері

НЕ ТАК ДАВНО МЫ ПИСАЛИ О БОЛЬШОМ УСПЕХЕ ЗАМЕЧАТЕЛЬНОГО КАЗАХСКОГО ХУДОЖНИКА, НАШЕГО ЗЕМЛЯКА ИЗ ЕСИКА, СКУЛЬПТОРА, ЖИВОПИСЦА И ДИЗАЙНЕРА КУРМАНГАЗЫ КАДИРОВА. В ИЮНЕ 2021 ГОДА НА МЕЖДУНАРОДНОЙ ВЫСТАВКЕ СОВРЕМЕННОГО ИСКУСТВА В САНКТ-ПЕТЕРБУРГЕ В НОМИНАЦИЯХ  «САДОВАЯ СКУЛЬПТУРА» И «СКУЛЬПТУРА МАЛЫХ ФОРМ» ВСЕ ТРИ ПРИЗОВЫХ МЕСТА ЖЮРИ МЕЖДУНАРОДНОЙ АКАДЕМИИ КУЛЬТУРЫ  ПРИСУДИЛО КУРМАНГАЗЫ КАЙРУЛАУЛЫ. В ДАЛЕКИХ ВОСЬМИДЕСЯТЫХ БУДУЩИЙ МЭТР КАЗАХСКОГО ИСКУССТВА УСПЕШНО ОКОНЧИЛ ЛЕНИНГРАДСКУЮ ШКОЛУ АРХИТЕКТУРЫ И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА. А ТЕПЕРЬ ЕГО ТВОРЧЕСТВО СТАЛО ЭТАЛОНОМ ДЛЯ БЫВШИХ УЧИТЕЛЕЙ, КОЛЛЕГ ПО ТВОРЧЕСКОМУ ЦЕХУ ИЗ ДЕСЯТКОВ СТРАН МИРА.

И вот очередная «культурная сенсация». В августе текущего года скульптуры Курманказы Кайрулаулы получили международное признание в Москве, где в престижной галерее «Eurasium» проходил онлайн-фестиваль «Абстракция в скульптуре», организованный World Fund of Arts (Всемирный  фонд искусства). Среди работ пяти тысяч участников онлайн-фестиваля из 50 стран мира  произведения Курмангазы Кадирова были признаны лучшими. Его скульптура «Құда мың жылдық» («Сват на тысячу лет») удостоена диплома первой степени, диплом второй степени получила еще одна работа мастера –  скульптура «Қыран».

Напомним: Курманказы Кадиров – член союза художников РК и председатель союза дизайне-ров Алматинской области, чьи произведения живописи, графики и скульптуры давно получили международную известность. Он также с отличием закончил факультет академической графики и изобразительного искусства Казахского Национального университета имени Абая и внес в  мировое изобразительное искусство неповторимый казахский национальный колорит. Курманказы Кадиров является основателем нового течения  в живописи и скульптуре Казахстана. Его творчество запечатлело философию современного отечественного искусства, синтезируя древнюю казахскую историю и символику с культурными трендами «цифровой» эры. В произведениях Курманказы Кайрулаулы  ярко запечатлено духовное богатство казахского народа, его мировоззрение и историко-культурное наследие. Об этом свидетельствуют сами названия живописных и скульптурных работ: «Құда мың жылдық», «Қыран», «Нар», «Шежіре», «Құрақ көрпе», «Жұмаққа жол», «Әулие шоқы», «Ақ бата» и  другие.  

Фундаментальное преобразование общества в процессе  интенсивной глобализации меняет восприятие культурных ценностей, унифицирует содержание духовной жизни социума, «стирает» его национальную индивидуальность, историческую память. Тем большее значение для художника приобретает  привлечение интереса общества  к сохранению традиционной культуры, осмысление ее содержания и значения на уровне современности. Сохранить художественные образы казахской национальной традиции, утвердить их непреходящую ценность – серьезная задача, которую взял на себя Курманказы Кадиров. И успешно ее выполняет.

И.ВИКТОРОВ.

На фото (слева направо):  победитель международного фестиваля "Абстракция в скульптуре" Курманказы Кадиров;

его скульптуры «Қыран», «Құда мың жылдық», «Нар» удостоены высших международных отличий.

 

Ауданымызға көгілдір отын келгелі қуанышымыз еселеніп, тұрғындардың тұрмысы жеңілдей түсті. Есік қаласы мен бірнеше ауылдық округте газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Десек те, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары осы күнге дейін табиғи газға қолы жетпей әлек болған. Биыл бұл мәселе оң шешімін тауып, көппәтерлі үйлерге БМҚ (блокты-модульді қазандықтар) салу үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Өткен аптада аудан орталығындағы 1-шағын ауданда алғашқы БМҚ-тың іргетасы құйылып, құрылыс жұмыстары басталды.

Құрылыспен арнайы танысқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов, аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев мердігер «Construction Big House» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне нысан құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұл қазандық аталған мөлтек аудандағы №1, 2, 3, 4 тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етпек.

– Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу 2018 жылдан бері қолға алынған. Бұл жұмыстар жаспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Биыл мемлекеттік-жеке меншік серіктестік арқылы облыста 40 БМҚ-ты 6 ауданда орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпқабатты 110 үйді жылу жүйесімен қаматамасыз етеді. Жалпы, екі жыл ішінде облысымызда көпқабатты 323 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Еңбекшіқазақ ауданында 21 БМҚ салу жоспарлануда, – дейді Бағлан Тәнекенов.

Айта кетейік, аудан аумағында 21 БМҚ-тың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен 19 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда 3 жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтіп, қалғаны кесте бойынша жүзеге асады. Есік қаласында 17 БМҚ салынып, оған көпқабатты 72 тұрғын үй қосылады, яғни 16 960 тұрғын орталықтандырылған жылу жүйесімен қаматамасыз етіледі. Шелек ауылында жоспарланып отырған 4 БМҚ 7 тұрғын үйдегі 6 108 тұрғынға «жылу сыйлайды».

Жоспарға сәйкес, жылыту маусымына дейін 21 БМҚ құрылысының 70 пайызы аяқталып, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары көгілдір отынның қызығын көрмек.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Бейсенбі, 09 Қыркүйек 2021 11:06

Кемел келешек кепілі

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын жариялады. Маңызды құжатта Президент елімізді дамытуға бастайтын негізгі бағыттарды айқындап, қазақстандық қоғамды жаңғыртуды жалғастыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді көрсетті. Осы аптада аудан әкімі Әлібек Жақанбаев аудан активімен Жолдауды талқылап, негізгі бағыттар бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімдігінде өткен жиынға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынба-сарлары, басқарма, бөлім басшылары, этно-мәдени бірлестік төрағалары келді, округ әкімдері онлайн қатысты.

Алғашқы болып сөз кезегін алған Әлібек Әскербекұлы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму жайлы сөз қозғап, орынбасарлары  А.Досымбаевқа, Д.Нұрғисановқа және кәсіпкерлік бөліміне ауданға инвестициялар тарту жоспарын жасауды тапсырды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бүгінгі күнде аудан бойынша 14 жоба 4 млрд 556 млн теңгеге  және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 53 жоба 262 млн теңгеге қаржыландырылған. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасу керектігін тапсырды аудан басшысы.

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық салаларын, азаматтарды тұрғын үймен қамтуды жандандыру керектігін айтты:

– Шағын және орта бизнеске «Ashyq» жүйесі 906 объект енгізіліп, жұмыстар жалғасуда. Бұның өзі кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.

Ауылдарда шағын және орта бизнесті грант жүйесімен қаржыландыруды  99 адам алып 57,7 млн теңге бөлінді және жылдың аяғына дейін 140 адамға жоспарланып, 81,7 млн теңгеге жүргізуді жалғастыра береміз.

Болашағы зор елді мекендердің дамуына басты назар аударамыз. Инфрақұрылымдық жоба-ларының іске асырылуын тұрғындар жағынан бақылауды он есе ұлғайту қажет. Ал әкімдердің міндеті – инфрақұрлымдық жобаларды қабылдау.

Аудан әкімінің орынбасары А.Ваисов, құрылыс бөлімі Есік қаласы мен  ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылыс  жұмыстарын уақытылы аяқтауын тапсырамын. Қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде 3334 адам тұр.

Азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуінен бағаның шарықтап кетуі байқалуда. Сонымен бірге өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасау қажет.

Ауа-райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті.Сондықтан, осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Б.Би-меновке және ауыл шаруашылық бөліміне өнімді ысырапсыз жинап алуды және күзгі жиын-терін науқанын уақытылы аяқтауды тапсырамын. Мал қыстатуға дайындықты және мал азығын дайындауды қамта-масыз ету керек. Субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыруымен шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек. Ауданда жем-шөпті және көкөністерді сақтау үшін сервистік – дайындау орталығын құруды қолға алып, жалғастыру керек. Бүгінгі таңда Ақши ауылдық окру-гінде бұл мақсатқа 10 га жер телімі бөлінген.

Тағы бір маңызды мәселе – алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деген болжам бар. Жалпы ауданда 85 617 гектар егістік жер болса, оның 4061 гектарында тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады. Осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізіп, тамшылатып суару жүйесін ұлғайтуды қамтамасыз етуін тапсырамын. Елімізде суды үнемдеу технологияларына кө-шу үдерісі жүріп жатыр. Ауыл шаруашылық бағыттағы ауданымыз да осы жүйені ұтымды пайдалану қажет – деді Әлібек Жақанбаев.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар шаш-етектен. Өз сөзінде аудан әкімі соның бір парасына тоқталып өтті. Айтуынша, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болған. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Сондықтан, медицина саласына бағытталған қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Осыған жауапты аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаевқа, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухана мен Шелек аудандық аурухана басшыларына коронавирустік инфекциямен күресті босаңсытпай жалғастыру керектігі айтылды. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауданаралық көпсалалы ауруханасына 1 магнитті-резонанстық бей-нелеу (МРТ) және Шелек ауылдық ауруханасына 1 компьютерлік томография (КТ) сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан басшысы жоғары жалақыға қарамастан білікті дәрігелердің жетіспеушілігі байқалатынын айтты. Сондықтан бас дәрігерлер білікті мамандармен үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Денсаулық кепілі – спорт екенін алға тартқан Әлібек Жақанбаев бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен келешектегі жоспарларды тізіп өтті. Сөзіне сүйенсек, аудан тұр-ғындарына спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалуда. Биылғы жылы 19 стрит варкаут, 15 шағын футбол алаңдары, Есік қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілмек, инвесторлардың тарапынан жүзу бассейнінің құрылысы жүргізілуде және Шелек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Сапалы білім беру және өңірлік саясатты жетілдіру бойынша да жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

– Биылғы қаңтар айынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұдан бөлек, аудан аумағында білім беру саласын дамытуға бағытталған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы айтарлықтай өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаев, білім бөлімі ұстаздардың кәсіби біліктілігін көтеріп, моральдық-материалдық ынталандыру жағынан қолдауды жалғастыруы тиіс.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мектептерде оқушыларға орын жетпеу фактілері байқалуда. Сондықтан,  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың аяғына дейін елімізде 1000 мектеп салынатынын айтты. Бұл мәселе біздің ауданда да бар. Осыны ескеріп алдағы жылдарда ауданымызда мектеп құрылысын жандандыруымыз керек. Қазірдің өзінде Есік қаласында 1500 орындық және Ташкенсаз, Қайыпов, Төле би ауылдарында мектеп ғимараттары салынуда.

Бүгінгі таңда жаңа оқу жылын дәстүрлі түрде, яғни оффлайн режимінде бастадық. Осыған байланысты балалар мен ұстаздар денсаулығын қауіпсіздендіру үшін қажетті санитарлық-дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етіп, ұстаздарды 100% вакциналаудан өткізуді тапсырамын.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешуді үрдіске айналдырамыз. Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мемелбеков Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарды оңтайландыруды жүйелі жүргізу керек. Мемлекеттік басқару аппараты ашық форматта жұмыс істеп, тұрғындар талабын толықтай ескеріп отыру керек. Бұл жұмыста әлеуметтік сұраулар мен басқарушы органдардың жұмысын бағалау көп көмек көрсететіні анық – деді Ә.Жақанбаев.

Бұдан бөлек өз баяндамасында азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды. Ол үшін жыл соңына дейін Есік қаласының аумағына 150 бейнебақылау камерасы орнатылады. Келер жылы бұл жұмыстар Шелек ауылында жүзеге аспақ.

Этносаралық, конфессияаралық қатынастарды дамыта отырып, бірлік негізінде мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің дамуына жағдай жасалады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту ерекше назарда болмақ.

Шара барысында Шелек ауылындағы аудандық аурухана меңгерушісі Гүлнар Құраметова, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Болатжан Нұрбеков, бокстан ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, «Болашақ» бағдарламасының степендиянты Тілек Манап, Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы Клара Есімова Жолдау бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, Жолдауда көрсетілген басым бағыттар – еліміздің кемел келешегінің кепілі екенін айтты.

 

С.НҰРАДИН

Сейсенбі, 07 Қыркүйек 2021 16:04

Сақ болыңыздар!

Құрметті  аудан тұрғындары мен қонақтары!

Еңбекшіқазақ аудандық ТЖБ,  "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" ҚР ауыл шаруашылығы министірінің 2015ж 27 ақпандағы 18-03/157 бұйрығына сәйкес 2021 жылы 4 қыркүйектен күзгі аң аулауды ашуды жоспарлағандығын мәлімдейді. Осының негізінде, аудан аумағында аң және балық аулау барысында су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Суда жүзу құлардарымен жүзу барсында, судан өту барысында қауіпсіздікті сақтаңыздар. "Сақтансаң, сақтаймын" демекші, сақтық шараларына ерекше мән беруге шақырамыз! Алкогольдік және есірткелік масайту заттарын пайдаланып, уланудан және  масайған күйде қайғылы оқиғаларға душар болудан сақтаныңыздар!  Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101, 102, 112 телефондарына хабар беру қажет!

 

Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ

Сейсенбі, 07 Қыркүйек 2021 15:01

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (31.08 – 06.09.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 167 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Есік – 20

Шелек – 19

Масақ – 13

Қызылжар – 11

Бәйтерек – 10

Бәйдібек би – 8

Өрікті – 5

Ават – 5

Балтабай – 5

Түрген – 5

Қаракемер – 5

Қорам – 4

Байсейіт – 4

Төле би – 4

Саймасай – 4

Көктөбе – 3

Азат – 3

Қаражота – 3

Лавар – 3

Бөлек – 2

Қайыпов – 2

Рахат – 2

Ащыбұлақ – 2

Ташкенсаз – 2

Космос – 2

Жаңашар – 2

Ақши – 2

Қызылшарық – 2

Қаратұрық – 1

Таусүгір – 1

Нұра – 1

Қойшыбек – 1

Ащысай – 1

Қайнар – 1

Алға – 1

Қайназар – 1

Қазақстан – 1

Малыбай – 1

Қарасай – 1

Май – 1

Талдыбұлақ – 1

Амангелді – 1

Әймен – 1.

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

55 науқас – жұмыссыз

46 науқас – зейнеткер

24 науқас – ұйымдаспаған бала

19 науқас – жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

4 науқас – медицина қызметкері.

17 науқас – мектеп оқушысы

2 науқас – мұғалім

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

 

 

Жалпы, діни экстремизмнің негізгі тамыры – бұл сауатсыздық. Діни сауатсыздық дінді түсінбеуге, ал дінді дұрыс түсінбеу адасушылық пен қате-кемшіліктерге алып келетіні айдан анық. Осы орайда, дiни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл дiни сауаттылықты арттыру екендiгi даусыз. Дiни сауатты болу үшiн белгiлi бiр дiни оқу орнын бiтiру шарт емес. Ол ұлттық тарихты білу, дәстүрімізді зерттеу және әлемдiк деңгейдегi үрдiстерден хабардар болудан тұрады. Яғни өз Отанын сүю мен дәстүрiн ұстану, тарихын қастерлеу – дiни сауаттылықтың бiр қыры. Өйткенi қазақ тарихына үңiлген кез келген адам қазақ халқында өзге елдi жаулау, өзге ұлт пен дiндi кемсiту секiлдi көрiнiстердiң орын алмағандығын көре алар едi.

Қазіргі замандағы адамдардың ең әлсіз тұсы – білімсіздік пен ғылым үйренуге деген құлшыныстың жоқтығы. Дін дегеніміз осы екен деп көсемдерінің сөзіне иланған жастардың ақ-қарасын ажыратып жатпастан, соқыр сеніммен адасуларының бір ұшы осы білімсіздікте жатыр. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөзді қазақ халқы қарғыстың ең ауыры деп те жатады. Сол бір сауатсыздықтың арқасында қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы да, өздерінің түйсігі қатаймаған жасөспірімдерді жат ағымның жолына оңай бұрмалап алуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»,– дейді. Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушыларының әлі қалыптасып үлгермеген санасына тез ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар екендігі айқын. Әсіресе жастар ғаламторға қатты сенім артып, барлық мәліметтерді ғаламтордан таба алатынына күмән келтірмейді, олардың үлкен қатерлерге апарып соқтыратын зияндылығын ескерусіз қалдырып жатады. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88% пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені белгілі. Әлбетте ғаламторды қолданбаңыздар деуден аулақпыз, алайда ғаламтордан ақ пен қараны ажырата алатындай білім ізденгеніміз дұрыс деп ойлаймын.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, қазіргі таңда діни білім алу үшін шет ел асып оқудың да қажеті жоқ. Сапалы діни білім алуда Қазақстанның да мүмкіндігі жоғары екенін білуіміз керек. Бүгінде   Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей ықпал етуімен Алматыда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Сонымен қатар, діни білім беретін исламдық бағыттағы 6 медресе, 3 медресе-колледж деңгейіндегі арнайы орта білім беру орындары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттері «дінтану», «исламтану», «теология» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда.

Қорыта келгенде, «білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы» демекші, әр  біріміз сауатты болу үшін білім алуға міндеттіміз. Зайырлы біліммен қатар діни білім алу да маңызды. Әр адам жан-жақты болуға талпынса, көштен қалмасы анық. Қазіргі бой салыстыратын емес ой салыстыратын заманда, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін білімді де, сауатты болуға ұмтылайық!

Айбар ЕРАСЫЛ,

«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті

ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім бастығы

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет