Сенбі, 03 Шілде 2021 15:59

«Nur Otan» үміткерлерін бекітті

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. Күн тәртібінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын үміткерлерді бекіту мәселесі қаралды.

Баршаға мәлім, былтыр Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олар­дың өздерін осы іске белсенді түрде тарт­қан жөн. Алдағы саяси реформа­лар­дың барлығы халықты мемлекет бас­қару ісі­не кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек», – дей келе ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың қоғамдық пікір сауалдамаларында артқанын айтып, «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткі­зуге болады деп ойлаймын», – деген еді. Енді, міне, бұл іс көп күттірмей қолға алынып жатыр. Елімізде биыл 800-ге жуық ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталады екен. Мұның ішінде біздің ауданнан 10 округ бар. Олар: Ақши, Балтабай, Бәйтерек, Бәйдібек би, Бартоғай, Қаражотоа, Қазақстан, Масақ, Тескенсу және Ташкенсаз ауылдық округтері.

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына партия атынан үміткерлер ұсынуға байланысты өткен кезектен тыс конференцияны «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Әлібек Жақанбаев жүргізіп, жиналғандарға мән-жайды толық таныстырды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес қаулы қабылдады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан 27 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынылды және үміткерлердің партиялық тізімі бекітіліп, тіркеу үшін Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Сенбі, 03 Шілде 2021 14:39

Күмбірле, қоңыр домбыра!

«...Бабамыздың мұңысың сен, домбыра

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған

Даламыздың үнісің сен, домбыра!»

Күмбірлеген домбыраның үнін қазақтың жүрегінің дүрсіліне теңеген белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің бұл сөздері қандай керемет! Домбыраға теңеуді дәл тауып, табиғатын терең ашып берген. Қазақтың жанында жаңғырып, халықтың тағдырын, кең даланың тарихын толғаған домбыраны ұлықтау – ұлттың парызы. Осы орайда ұлттық домбыра күніне орай ауданымызда үлкен іс-шара өтті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің алдына өнер сүйер қауым ерте жиналды. Қара домбыраны қолға алып, «Жібек жолы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қыз-жігіттері қазақтың ұлттық киімімен көз сүйсіндіріп, керемет күйлерімен құлақтың құрышын қандырды. «Көңілашармен» көңілді толқытса, «Адай» күйімен рухты асқақтатып, еңсені көкке көтерді. Аудан өнерпаздары халыққа шағын концерттік бағдарламасымен тарту жасап, әсерлі әндерін әуелетті.

Жиылған жұртты домбыра күнімен құттықтаған аудан әкімі Әлібек Жақанбаев: «Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Қазақ барда домбыра да жоғалмайды», – деп, киелі аспабымызды ұлықтау мақсатында ауданымыздың жас таланттарының бірі Жан есімді балақайға домбыра тарту етті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай маусым айының басында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік қызметшілер арасында патриоттық әндер байқауын өткізген еді. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау осынау керемет мерекеге дөп келіпті. Өзгелерден оза шапқан мықтылар аудан әкімінің арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақтың домбырасы әркез төремізде тұрып, талай тарихтың шежіресін, ата-бабадан жеткен мол мұрамыз – жыр мен күйді күмбірлетіп, мәдениетімізді  мәңгілік биіктете бермек.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

«Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.

Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған. 

«Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың домбырашылары мен күйшілеріне арналған бейнеролик дайындады.

Алматы облысындағы көзтартар мекендердің бірі-айдынды Алакөл. Бүгінде бұл маңда 264 демалыс орны 23 336 демалушыға қызмет көрсетуде. Ауданда туризм қарыштап қарқын алуда. Оның басты себебі де, өңір басшысы Амандық Баталовтың жіті бақылауына алғандығында.

Облыс әкімінің тапсырмасы аясында Алакөл ауданынынң әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында өткен баспасөз-мәслихатында, аймақтың әлеуетін жақсартуға үлес қосып отырған бірегей саланың аяқ алысы жайында, алқалы жұрттың алдында аудан әкімі Алмас Абдинов айтып берді.

Осыдан екі жыл бұрын Алакөлдің әсемдігін көрмекке келген бұқараның жалпы саны 1,5 млнға жеткен болатын. Өткен жылы ел аумағындағы пандемиялық ахуалға байланысты 798 мың турист айдынды мекенде демалды. Ал үстіміздегі жылы 1 млн. турист келіп, құны 5 млрд. 270 млн.теңгенің сауықтыру қызметі көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Биылғы жылы аталмыш сала да басымдылық беріліп отырған бағыт –экотуризм. Алакөл жерінде де қарқынды жұмыстар жүзеге асуда. Соның бір дәлелі Лепсі ауылдық округінде 25 орынға лайықталған демалыс аймағының қызмет көрсетуі. Негізгі нысанаға ілінген туристік саладан түсер түсімді арттыру үшін Алакөлде «Жоңғар Алатауы «мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» 6 маршрут әзірленіп, туристерді қабылдауға сақадай сай тұр.
Сонымен қатар, аудан әкімі Алмас Абдиновтың айтуынша, биылғы жылы кәсіпкерлер есебінен 1310 орынды 10 нысанды қолданысқа беріп, аудан экономикасына 3,6 млрд.теңгенің инвестициясы тарту көзделген.
Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс аймағын орталықтандырылған ауыз су, кәріз жүйелері мен жол құрылыстары салынуда, жыл аяғына дейін қолданысқа берілмек.

«Тәулігіне 6,5 мың текше метр канализациялық тазарту нысанының құрылысына ағымдағы жылы 3,5 млрд.теңге қарастырылып жұмыстар жоспар бойынша атқарылып, 2022 жылы пайдалануға беріледі. Және де Алакөл көл жағалауының 13,5 шақырымына бекіту жұмыстары жүргізілуде»,-деді аудан әкімі Алмас Абдинов.

Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мекенге келушілер ел аумағының түкпір-түкпірінен, сондай-ақ алыс-жақын шет елдерден де келіп жатады. Қиыр шеттен ат арылтып келемін деуші туристер үшін әуежайдың жұмыс істеп тұрғанын еске саламыз. Дәл осы әуе кемесі тұрақтайтын Үшарал әуежайынның жалпы құны 7,5 млрд.теңгені құрайтын ұшып-қону алаңын және азаматтық навигациялық жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары басталатындығын ерекше атап өткен жөн. Нәтижесінде әуе рейістерінің саны артып, керім сұлулықты көруге келушілер саны да көбейе түспек. Туризмді дамыту – әлемдік бәсекелестік кеңістігіне кірудің үлкен мүмкіндігі екенін естен шығармаған абзал.

Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.

Президент алдағы сайлау науқанының маңызды екенін атап өтті. 

«Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастаманы былтырғы Жолдауында көтергенін еске салды. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде бұл жұмыс жүзеге асырыла бастады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

«Алдағы сайлау біз жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы партиялық бәсекені күшейту мәселесіне назар аударды. Партиядан үміткер ұсыну мемлекеттің институционалдық тұтастығын бекемдей түседі және саяси үдерістің барынша ашық болуына септігін тигізеді.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екеніне баса мән берді.

«Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент өңір басшыларына бірқатар міндет жүктеді.

Атап айтқанда Мемлекет басшысы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың әлі де күрделі екеніне назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстанның жасыл аймақта тұрғанына қарамастан, босаңсуға әлі ерте, коронавирустың үндістандық түрінің біздің елімізде де болуы ықтимал.

Осыған байланысты Президент санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің жиі бұзылып жатқанын және халықты вакциналау қарқынының бәсеңсіп қалғанын айтты.

«Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты. Әлеуметтік нысандардың, бизнес кәсіпорындардың және жалпы елдің экономикасы вакциналаудың сәтті жүргізілуіне тікелей байланысты екенін түсіну керек. Қазір жаппай вакциналау науқаны әкімдер жұмысының ең маңызды міндеттерінің қатарында болуы қажет. Сіздер барынша белсенділік танытып, азаматтарды вакциналау науқанына өздеріңіз жетекшілік етулеріңіз керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды. Президенттің айтуынша, былтыр әртүрлі деңгей-дегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ, 14 облыстық басқарма басшысы мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта қарамағындағы қыз-меткерлерінің жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 20 саяси қызметкерге қатысты шара қолданылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өздеріне жүктелген міндетке сергек қарағаны жөн.

«Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өткен жылыту маусымы барысында болған оқыс оқиғалар, өрт және технологиялық апаттар мәселесіне баса мән берді. Президент төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою жұмыстарын қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды.

«Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», деді Президент.

Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.

Президент жиын соңында өңірлердегі ахуал үшін әкімдердің өздері жауап беретінін еске салып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету олардың тікелей міндеті екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына ауыл әкімдерінің алдағы сайлауына дайындық барысы және өңірлерді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

«Egemen Qazaqstan»

Жұма, 02 Шілде 2021 11:05

Турнир тартысты өтті

Жақында Қорам батыр ауылындағы спорт залда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қорам орта мектебіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз Нұрғожа Керімқұлов атындағы аудандық турнир өтті.

Байрақты бәсекеге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, округ әкімі Тұрсын Еменбаев және ауданда үстел теннисімен шұғылданып жүрген ардагерлер мен жастар қатысты. Ерболат Сарабеков пен Тұрсын Еменбаев сөз сөйлеп, қатысушы-ларға сәттілік тіледі. Сайыстың табысты өтуіне осы жолдардың авторы батасын берді.

Жарысқа шықырылған қонақтар арасында Серік Әлжамағатов, Амангелді Сағатов, Исатай Қиялов, Юнусжан Даутов, Пазылжан Мамиров, Мәлік Шебеков, Дүйсенғали Масирбаев, Бекен Искаков, Ақан Қасқабасов, Мади Утемисов өз пікірлерін ортаға салып, шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырған округ әкімдігінің спорт жөніндегі әдіс-кері Дулат Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Барлық санитралық талаптарды сақтай отырып, залдағы төрт үстелде 16 команда өз бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыста қарсыластарға дес бермеген Түрген ауылдық округінің теннисшілері І орынға ие болды. ІІ орынға Түрген ауылдық округінің екінші командасы жайғасты. ІІІ орын қорамдықтарға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломмен және кубокпен марапатталды.

Спорттық сайыс барысында ерекше ойын үлгісімен көзге түскен Алтынбек Омаров, Ермек Мәсірбаев және Айтолқын Саясат жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.

Шара соңында дүниеден озған ардагер спортшыларға арнап құран оқылып, ас берілді.

Тоқтасын ТҰЯҚОВ,

ауданның құрметті азаматы, ардагер спортшы

Менің мамандығым – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандадым.Осы арман жетегінде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімін бітірдім.

Тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол – өте қызықты мамандық. Өйткені сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді. Ал мен олармен бірге өмір сүремін, табыстарына олар мен бірге  қуанамын. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін білім нәрімен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да  көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым – жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойың тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.

Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең, өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі – балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың.  Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұнығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін. Жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.

Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу – үлкен мәртебе. М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие – адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» деген екен. Сондықтан біз – балаларымыз-дың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл жұмыстан  ешбір жалыққан емеспін.  Өйткені менің бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып, балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.Міне, осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қорытындылай келе,тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтықсыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Мен үшін  күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.

Малина РАҚЫЖАНОВА,

«Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі

Сан мың жылдық тарихтың ізі өшпеген, Сақтар сап алтындай өркениет жаратқан бұл топырақта бүгінгі заманауи жетістіктердің өркендеуі заңдылық іспетті. Қазіргі таңда ауданымыздың орталығы саналатын Есік қаласында елеулі өзгерістер жетерлік. «Халықтан асқан сыншы жоқ». Әрбір істің жай-жапсарын, атқарылу деңгейін, алдағы бағыт-бағдарды бағамдауда да ел лайықты бағасын беріп отырады. Бұл ретте қала  әкімі лауазымына тағайындалғанына  жылға жуық уақыт болған Айдар Бошкуловтың қаладағы шаруа жайын, тұрғындардың тыныс-тіршілігін жете меңгеріп, елдік мүдде жолында көптеген игі істердің жүзеге асып жатқанын көпшілік көріп те, айтып та жүр. Маусым айы –  барша тіршіліктің жайқалып, сан салалы жұмыстың қызған шағы. Осынау мәуелі маусымда қат-қабат еңбектің атқарылу барысы мен алдағы жоспарлар жайында қала  әкімімен сұхбат құрған едік.

– Жақында облыс бойынша үздік әкім атандыңыз. Марапатыңыз құтты болсын! Әңгімемізді осынау тарихы терең құт мекенде қолға алынып жатқан іргелі істерден бастасақ...

 – Есік қаласында ежелден сауда-саттықтың қарқынды дамығаны тарихтан мәлім. Оңтүстіктегі шөл даладан жолға шыққан керуендер Алатаудың жасыл алқабы саналған біздің мекенге жетіп, тынығатын болған. Бүгінде сол керуендер шоғыры  автокөліктерге ауысты. Қазірде республикалық маңызы бар  автожолдар қаламыздан өтеді. Сондықтан ең әуелі қаланың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға басымдық берілмек. Өткен жылы жолдар мен тротуарларды ретке келтіру қарқынды жүзеге асырылып, орталық көшелер жөнделді. Айталық, қаламыздағы Алтын Адам аллеясын үш метрге кеңітіп, ұзындығын 1,8 шақырымға созып, 22 аялдама орнатылды. Жаңа үлгідегі жеті аялдамалық кешен қойылды. Мұның сыртында бірінші бағдаршамнан бастап қаладан шығатын тұстағы аркаға дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін ұзындығы 1,2 шақырым бетонды астау жүйесі орнатылды. Сонымен бірге 1 және 2-шағын аудандарында аула алаңдары салынды. Ал биылда сол әлеуметтік нысандарды жаңғырту мен инфрақұрылымды жақсарту үдерісі жалғасады. Айталық, қазір Алматы көшесі бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, Абдиев көшесіне асфальт төселуде. Аудан орталығында 60 пәтерлі көпқабатты екі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сонымен бірге 3-ықшам ауданның ауласын абаттандыру жұмысына 107 млн 972 мың теңге бөлінді.Жақында  аталған шағын аудан мен Ысқақов көшесін абаттандыру жұмысы басталмақ.Сонымен қоса, қала көшелерін жарықтандыруға да тиісті қаржы қарастырылды.«Номад Мегаполис» мекемесімен жасалған меморандумның негізінде көшелердің жарықтандыру шамдарын толықтай LED-ке ауыстыру жұмыстары  жүргізіліп жатыр.Ағымдағы жылы жарықтандыруға бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Жарықтандырылатын көшелерді көбейту үшін тағы да 50  млн теңге бюджеттік сұраныс берілді.Қаланы газдандыру жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Айталық, жеке сектордағы 3000 үйді қамти отырып, ұзындығы 151,5  шақырым газ құбыры тартылды. 2568 үй газ құбыры желілеріне қосылуға келісім-шарт жасаған. Оның ішінде, 1840 үйдің  көгілдір отынға қолы жетті. Қосымша көппәтерлі үйлерді қалыпты жылытуды қамтамасыз ету үшін блокты-модульді қазандықтарды (БМҚ) салу жобалары әзірленуде. Сондай-ақ өзен арнасы бойы абаттандырылып, қала тұрғындарына жайлы орта жасалмақ. Мұнан өзге ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы жасалып жатқан жобалар да жоқ емес.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  қала көлемінде  қандай игі істер атқарылмақ?

– Тәуелсіздікті ұлықтау тарихымызды зерделеу мен елдік мұратымызды асқақтатудан басталмақ. Ең әуелі, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған бабалардың рухына тағзым етілмек. Анығын айтсақ, Алматы мен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан Керей-Жәнібек ескерткіші қайта жаңарып, айналасы абаттандырылады. Мұны Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарасыңындағы өзіндік мәні бар оқиға деп білемін. Ұлтымыз үшін Тәуелсіздік қандай қымбат болса, мемлекеттік рәміздер де біз үшін сондай қастерлі. Биыл Қазақ елі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осынау мерейлі датаны тойлаумен қоса мемлекеттік рәміздерді төрге оздыру да әрбіріміздің міндетіміз болуы тиіс. Сондықтан қаламыздағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдына биіктігі 33 метр ту тұғыры орынатылмақ. Көк аспанда желбіреген көк Тудың жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялататыны сөзсіз. Қалаға келген туристер де Туды көруге кұштарлық танытады деп ойлаймын. Сонымен қоса, қала орталығы мен көрнекті жерлерге үш үлкен LED экран қойылады. Ол экрандардан елді мекеніміздің тарихынан  сыр шертіп, көркем табиғатын көз алдыңызға жайып салатын ақпараттар беріледі.

– Туристер туралы айтып қалдыңыз. Ішкі туризмді дамыту – қала   экономикасына серпін беретін бағыттардың бірі емес пе?

– Иә, Есік – табиғаты таңғажайып өлке. Тұмса табиғаттың  тамаша тартуын тиімді пайдаланып, қаламызда ішкі туризмді дамыту үшін де бізге кәсіби біліктілік  қажет. Айнадай таза Есік көлі мен тік құламалы Есік шатқалын көрудің өзі  бір ғанибет қой! Біздің  археологиялық, тарихи ескерткіштерге бай мекеніміз еліміздегі ең ірі мегаполистен де алыс емес. Сондықтан туристердің жайлы да қауіпсіз жолмен келіп-кетуі үшін автокөлік жолының инфрақұрылымын жақсартуға қажетті қадамдар жасау керек деп білемін. Бұл бағытта істеліп жатқан жұмыстар да жоқ емес. Қазір Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің қаламызға қарасты аумағында биодәретханалар, жеке гигиеналық пункттер салынуда. Сондай-ақ қоқыс тас-тайтын жәшіктер орнатылып,  бағыт сілтеуші және көрнекті ақпараттық тақталар қойылуда.Жоғарыда айтып өткенімдей, Есік – тек Алтын адамның атамекені ғана емес, ежелігі Жібек жолы бойындағы маңызды бекеттердің бірі болған. Сондықтан қалаға кіреберістегі арка маңына ертедегі Жібек жолының сән-салтанатын бейнелейтін мүсіндер қойсақ деген ойымыз да бар. Бұл – әрине, келер күннің еншісіндегі шаруа. Қысқасы, Есік қаласының болашақта демалыс, туризм және экскурсияның халықаралық орталығына айналуы үшін және осының негізінде қала экономикасын өркендете отырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндіктері мол. Біз қаламыздың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік жобаларды қолдауға, қолға алынып жатқан істер жайлы жұртшылық пікірімен санасуға дайынбыз.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама негізінде жұртшылық үніне құлақ түріп, қоғамдағы қордаланған мәселерді шешеуге қандай қадам жасалып  жатқаны жайлы айта кетсеңіз.

– Мемлекет басшысы бұл Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Бүгінде осы тұжырымдама негізінде өңір  тұрғындарына қала әкімдігі тарапынан сапалы қызмет көрсетіліп келеді. Қазір қала  әкімдігінің әлеуметтік желіде арнайы парақшалары бар. Кез келген қала тұрғыны аталған парақшаларға өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, пікір қалдыра алады. Биыл Есік қаласының тұрғындары судан таршылық көріп жатқанын айтып, жиі шағымдануда. Біз оларға қолымыздан келгенше көмек көрсеттік. Қазір әлеуметтік желі билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды. Біз қала тұрғындары тап болған қандайда бір мәселені оңды шешуге күш саламыз. Жақында қала әкімдігінде «Ашық әкімдік» жұмыс істей бастады. Онда  жұртшылық өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерге жүгіне алады. Мұның бәрін  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға жасалған қадам деп қарауға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының  тағы бір мәні – жұртшылықты мемлекеттің саяси және экономикалық стратегиялық бағытына  қарай жұмылдыру деген сөз. Алайда бұл оңай емес. Әсіресе, пандемия жағдайында көптеген қиындықтарға тап болғанымыз шындық.

– Пандемия салдарынан туындаған дағдарыс енді еңсеріліп келеді. Адамзат баласы тосыннан тап болған індет кезінде тұрақты эконмикалық өсім мен қоғамдық тәртіпті сақтау қаншалықты қиын?

– Өткен жылы пандемия мен карантиндік шараларға байланысты қиындық  болғанына қарамастан, қаламыздың экономикалық көрсеткіштері өсуін қамтамасыз етуге күш салдық. Оның нақты мысалдарын жоғарыда айтып өттім. Әрине, экономикалық өсім маңызды, алайда карантиндік шектеулерді де естен шығармаған жөн. Сондықтан да біз карантиндік режим талаптарын сақтаған кәсіпкерлік нысандарға мүмкіндік бердік. Бірақ олардың жұмыс тәртібін үзбей бақылап отырдық. Сол негізде шектеу режимін сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Арнайы  мониторингтік топтар  рейд жүргізіп, оның нәтижесінде карантиндік режим талаптарын бұзғаны үшін 23 нысанға барлығы 4 млн 813 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл тек карантиндік режим талаптарын сақатау аясындағы шаралар ғана. Десе де, біз шағын және орта бизнесті қолдауға күш салудамыз. Соның  нәтижесінде  жыл басынан бері қаламызда бірнеше кәсіпкерлік нысан бой көтерді. «Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?»,  – дейді ғұлама Абай. Ақын айтқандай көппен бірге қиындықты еңсеріп, елді мекеніміздің жаңа бейнесін жасауға талпынамыз.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Тілдескен Ерзат АСЫЛ

Алматы облысында үнділік «Дельта» штаммын жұқтыру анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.

Жетісу жері эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, облыс жасыл аймақта орналасқан. Деседе, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

«Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда - 11,5%, сауда нысандарында – 15,2%, қоғамдық көлік - 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Облыста Талғар және Қаратал аудандарында "Дельта" жаңа үнді штаммын жұқтырудың 2 жағдайы анықталған. Спикер, аты жаман індетке шалдығушылар екпе алмаған тұрғындар болып отыр дейді. Өз сөзінде, Ерғали Сыдыманов вакцина алудың тиімділігі жоғары екенін атап өтті.
Дәл осы екпеге келер болсақ, аймаққа жалпы саны 408 475 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 332 975 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компонент 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 177 850, Qaz-вак 8000 және 28 000 CoronaVac.
Бірінші компонентпен барлығы – 346 922 адам, ал екіншісімен – 208 094 егілді.
«ДДҰ деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирустық инфекцияның үнді, британдық, оңтүстік Африка және бразилиялық штаммдарына қатысты тиімді екенін атап өткен жөн»,-дейді спикер.
"Аshyq" жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтармен бағдарламаны пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыратын 589 объект қамтылды.
QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша "қызыл" және "сары" статусы бар 110 келуші анықталды, оның ішінде "қызыл" статус 41 келушіде, "сары" статус 69 келушіде болған.
Айта кетейік, үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы бойынша жауапқа тартылады.

В целях предупреждения распространения коронавирусной инфекции COVID-19 (далее – COVID-19) среди населения Республики Казахстан, в соответствии со статьей 39 и пунктом 5 статьи 12 Конституции Республики Казахстан,  подпунктом 7) пункта 1 статьи 38, подпунктом 8) пункта 7 статьи 104  Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года «О здоровье народа и системе здравоохранения», постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2020 года № 612 «Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся обязательные профилактические прививки в рамках гарантированного объема медицинской помощи, правил, сроков их проведения и групп населения, подлежащих профилактическим прививкам» ПОСТАНОВЛЯЮ:

  1. Внести в постановление Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № 67 «О дальнейшем усилении мер по предупреждению заболеваний коронавирусной инфекцией среди населения Республики Казахстан» (далее – ПГГСВ №67) следующиеизменения и дополнения:

1) ПГГСВ №67 дополнить пунктами6-1 и 6-2 следующего содержания:

«6-1.Акимам областей, городов Алматы, Нур-Султан, Шымкент, Центральным государственным органам, правоохранительным и специальным органам, НПП «Атамекен» (по согласованию), национальным компаниям,юридическим лицам независимо от формы собственности обеспечить:

1) ограничениедопуска на работу в очном режиме для работников, неполучивших вакцинацию против COVID-19 (за исключением лиц, имеющих постоянные медицинские противопоказания и переболевших COVID-19 в течение последних 3-х месяцев) следующих организаций/объектов:

объектов по оказанию услуг населению (центры обслуживания населения (ЦОНы), отделения АО «Казпочта», банки второго уровня, объекты финансового рынка, страховые компании, агентства по недвижимости, рекламные агентства, обменные пункты, ломбарды, салоны красоты, парикмахерские, химчистки, прачечные, фитнес, спорткомплексы, спортивно-оздоровительные центры,СПА и массажные салоны/центры/кабинеты, бани, сауны, бассейны, пляжи, типографические услуги, швейные ателье, фотосалоны,обувные мастерские, цветочные магазинысервис по ремонту обуви, одежды, ремонту оргтехники, объекты по оказанию услуг адвоката, нотариуса, бухгалтера и консалтинга, маникюра и педикюра, косметологических услуг, иные объекты);

объектов оптовой и розничной торговли (хранения) продукции и товаров народного потребления, в том числе рынки, торговые дома, торговые сети, торгово-развлекательные центры, магазины, минимаркеты, супермаркеты, гипермаркеты;

объектов культуры и досуга (музеи, музеи-заповедники, библиотеки, концертные организации, филармонии, театры, кинотеатры, концертные залы, клубы, галереи, выставки, цирки и другие культурно-досуговые организации);

объектов в сфере оказания услуг по проживанию населения (гостиницы, отели, хостелы, мотели, общежития, кемпинги и другие);

организаций, осуществляющих пассажирские перевозки, аэропортов, железнодорожных, автомобильных и водных вокзалов, речных и морских портов, автостанций/автопереходов, пунктов обслуживания пассажиров;

организаций образования и воспитания, в том числе образовательных развивающих и  коррекционных центров (для взрослых и детей), учебно-производственных комбинатов и других внешкольных организаций;

объектов санаторно-курортного и оздоровительного назначения (санатории, дома/базы/зоны отдыха,профилактории, детские оздоровительные лагеря (пришкольные, загородные), туристские базы и другие);

объектов общественного питания, в том числе, размещенных в организованных коллективах, а также осуществляющих доставку еды, стрит-фуды;

медико-социальных объектов всех типов (дома престарелых,инвалидов, дома ребенка и другие);

организаций здравоохранения, в том числе лабораторий;

аптечных организаций;

объектов жизнеобеспечения и коммунального хозяйства (организации водоснабжения, теплоснабжения, электроснабжения, по уборке территорий и вывозу отходов, по дезобработке помещений и территорий, аварийно-спасательные службы, КСК и ОСИ, и другие);

организаций, оказывающих услуги экскурсионной деятельности;

объектов досуга, развлекательных игровых объектов (компьютерные клубы, бильярдные залы, боулинги, развлекательныецентры/парки, аттракционы, аквапарки, караоке, лотерейные клубы и иных пункты/точки по реализации лотерейных билетов и другие);

объектовсвязи и телекоммуникаций;

2) обязательное ПЦР-тестирование(1 раз в 7 дней)для невакцинированных работников организаций указанных в подпункте 1) пункта 6-1 настоящего постановления(за исключением лиц, имеющих постоянные медицинские противопоказания и переболевших COVID-19 в течение последних 3-х месяцев).

6-2.Акимам областей, городов Алматы, Нур-Султан, Шымкент, НПП «Атамекен» (по согласованию), национальным компаниям, руководителям организаций, физическим июридическим лицам независимо от формы собственности, осуществляющим деятельность на территории Республики Казахстан, в сферах, установленных пунктом 6-1 настоящего постановления:

1) в срок до 15 июля 2021 года организовать проведение профилактических прививок первым компонентом, а в срок до 15 августа 2021 года – вторым компонентом вакцины от COVID-19 работников (за исключением лиц, имеющих постоянные медицинские противопоказания и переболевших COVID-19 в течение последних 3-х месяцев);

2) усилить информационно-разъяснительную работу среди работников по вопросам профилактики новой коронавирусной инфекции COVID-19, обратив особое внимание на необходимость проведения профилактических прививок;

3) ограничить допуск на работу в очном режиме для работников, неполучивших вакцинацию против COVID-19 (за исключением лиц, имеющих постоянные медицинские противопоказания и переболевших COVID-19 в течение последних 3-х месяцев)».

  1. 2. Контроль за исполнением настоящего постановления оставляю за собой.
  2. 3. Настоящее постановление вступает в силу с­­00 часов 2 июля 2021 года.

 

 

  Е.Киясов,

Главный государственный 

санитарный врач Республики Казахстан

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет