Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 16:57

Саф алтынға бергісіз сарғайған парақтар

Осыдан бес-алты жыл бұрын белгілі ғылыми тақырыпқа арқау болған мәселелерді зерделеу  мақсатында Алматыдағы Ұлттық кітапхананың сирек қорында болғаным есімде. Ондағы көптеген мұрағаттар қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған  төте жазу түрінде (оны бүгін көп оқырман араб жазуы деп  айтып жүр) сақталған. Ахаң құрастырған қазақ әліпбиінде (алфавит) сауат ашқаным үшін  ондағы көп  жәдігерлердің  жаныма жақындығын аңғарамын. Сол себепті Ұлттық кітапхананың сирек қорында сақталған сарғайған беттердің әр әріпінен ұлылар рухының ұшқынын сезінемін. Ондағы «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран» газеттері мен «Айқап» пен  «Абай»  журналдарының әр парағына үңіліп, зер салып оқи бастаймын да осыдан ғасыр бұрынғы қазақ өміріне сапар шеккендей күй кешемін.

Міне, алдымда «Қазақ» газеті жатыр, бірінші нөмірінің бастапқы   жолдарында «Заманына  қарай  амалы» деген  сөз  бар. Мұның  мәнісі  – заманның  жағдайына қарап қарекет жасау дегенді білдірсе керек. Одан  әрі: «Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді. Түбі қандай  белгісіз. Не  боларын  білмейміз. Нұр  болып  жауып, жерімізді  көгертіп, несібемізді  молайтар  ма, болмаса  дауыл  болып  соғып, үйімізді  жығып, үй-ішімізді  шашып  тастар  ма?!  Көзіміз  бұған  жетпейді. Жалаң  аяқ, жалаң  бас, жеңдеріміз  киюсіз, етектеріміз  жиюсыз  ашылып-шашылып  қамсыз  жатқан  халықпыз»,  –   деп, қазақ  қоғамындағы осыдан  ғасыр   бұрын   қалыптасқан, сол бір замана бейнесін жұмбақтап, қазаққа  тән  теңеулермен  суреттеген жолдарға тап болам. Бұл, сірә, Ахаңның өзіне тән  қолтаңбасы болар.  Ал бірде Ахаң «Қазақ» газеттің тағы бір нөмірінде  «Іргеміз  тұтас  ыдырамай, бірыңғай  жатқан  халық  едік, енді  арамызға  бөтендер  келіп  кірісейін  деп  тұр…  Арамызға  түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар  атымыз  жоғалмай, қазақ  ұлты  болып  тұра  аламыз  ба? Осы  төсекте  дөңбекшітіп  ұйқымызды  бөлетін  нәрсе…»  –  деп, өз  ойын  ашық  аңғартады. Ахаң сөзімен айтқанда «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» газеттің қасиеті міндеті де сондай салмақты ойды саралаудан айғақталса керек. Алдымда жатқан саф алтыннан қымбат сарғайған газет беттеріне тағы үңіле  түсемін. «Неліктен? Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы»,   –   деп толғақты ойдан басталатын мына бір  мақаланың түпсіз тереңіне бойлай түскім келеді. Бұл Мұхтар Әуезовтің «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі 12-санында жарияланған «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласы екен. Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде 1917-1932 жазылған шығармаларын  қарастырудың ерекше мәні бар. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған жас М.Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмағаны анық. «Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!»,  – деп  кемел де көрген ой айтумен аяқталған  мақаладан болашақ ұлы жазушының халқы үшін соққан жүрегінің дүрсілі аңғарылатындай. Ғасыр бұрынғы қазақ баспасөзін парақтаған сайын қасиетті есімдерге, қайталанбас қолтаңбаларға кез боласың. Иә, солай сарғайған парақтарда қазақ журналстикасының сара жолы сайрап жатыр. Сол үшін де арына адал, айнымас сертін қаламына ту еткен тұлғалардың тұғырына тағзым ете беремін. Бүгінде көгілдір экран бетін жаулаған жұлдызсымақтар мен әлеуметтік желінің «әлеуләйін» шырқайтындар журанлистердің адал асын қарпып жеуге асығатын тәрізді. Тіпті газет оқудың керегі жоқ деп кесететіндерін қайтесің... Замануи құндылықтар мен техикалық прогресске ешқандай да қарсылығымыз жоқ. Қалай десек те, газет – ел тарихының шежіресі, ұлт руханиятының сарқылмас бұлағы іспетті. Оның өсер ұрпақ қанып ішер тұмадай тұнығы мәңгілік   емес. Сол бір Ахаңдар салған сара жолдың сорабы соны айғақтап тұрғандай.

 

Ерзат АСЫЛ, тілші.

Оқылды 1034 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет