Жұма, 18 Маусым 2021 10:55

Работы много – условий нет

 

Какое самое «густонаселенное» госучреждение района? Это, безусловно, районный центр занятости, расположенный в здании бывшей райбольницы в г.Есике.  Согласно справке самого центра, здесь по штатному расписанию  в двух отделах в настоящее время работают, не считая руководителя, 20 человек,  которые обслуживают посетителей из 25 округов, а также г.Есика. Объем работы немаленький: центр занятости населения оказывает услуги по 3 направлениям госпрограммы продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек».  Только за прошлый год в центр занятости обратились около 5 тысяч человек.

Но  весь штат центра из 20 сотрудников размещен фактически в двух небольших кабинетах. Кроме того, что  самим тесно, им приходится вдобавок обслуживать посетителей. К примеру, одному сотруднику отдела профобучения, субсидирования и трудоустройства за рабочий день приходится принимать и консультировать от 15 до 30 человек, а в целом отдел в день принимает до 150 человек.

Усугубляет положение слабое участие работодателей в государственном портале  Enbek.kz (Биржа труда). На сегодняшний день работодатели района отказываются от регистрации имеющихся вакансий и дальнейшего трудоустройства на «электронной площадке». Это несомненно усложняет работу центра, увеличивает поток посетителей из-за того, что люди не могут самостоятельно  найти информацию о трудоустройстве. 

Отметим, что в том же, сравнительно небольшом двухэтажном здании, кроме центра занятости  расположены также  государственный центр по выплате пенсий и районный отдел социальной защиты. В них тоже, как говорится, не зарастает народная тропа.  В период пандемии отсутствие надлежащих условий труда создает обстановку повышенного риска и для  сотрудников этих госучреждений, и для  приходящих сюда граждан.

И.ВИКТОРОВ

Дәрігерге медициналық білімнен бөлек адам жанын ұға алатын, науқаспен екеуара байланысты жібектің жібіндей майда да нәзік етіп өре де, өрбіте де білетін біліктілік, адами қасиет керек. Сонда науқастың дәрігерге деген сенімі артып, ауруынан да тез айығады. Бұл – Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасының терапевт дәрігері, 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман Гуляра Кулдашқызы Тәжімұратовамен сұхбаттасқаннан кейін ойға түйгенім.

– Медицина – адам өмірімен тікелей қатысты сала. Тиісінше, мұнда жауапкершілік те жоғары. Дәрігерлікті таңдауыңызға не себеп?

– Мен Өзбекстанның Хорезм облысында туып-өстім. Орта мектепті өзбек тілінде тәмамдадым. Бала күнімнен тіл-әдебиет, журналистикаға жақын болдым. Өлең жазатынмын, өзбек әдебиетінен түрлі олимпиадаларға қатысып, тек алдыңғы орындарды алатынмын. Жергілікті газеттерге жазған мақалаларым үнемі жарияланып тұрды. Содан айналамдағылардың барлығы, мектептегі мұғалімдерім де «Болашақта сенен мықты мұғалім шығады» деп, сол саланы таңдайтыныма сенімді еді. Өзім де не журналист, не өзбек тілі мен әдебиетінің маманы боламын деп ойладым. Бірақ есейе келе үлкендердің сөзінен де естіп, газет пен түрлі кітаптардан да Қазақстан жайлы жиі оқитын болдым. Осылайша балалықпен білінбей жүрген бір мәселенің басы көрінді. Ол – «Мен қазақ болсам, Қазақ елінде тұруым керек» деген ой. Осы ой менің болашаққа жасаған жоспарларымды 180 градусқа өзгертіп жіберді. «Мен мұнда өзбек тілінің мықты маманы болғаныммен, ертеңгі күні тарихи отаным – Қазақстанға барғанда немен айналысамын?» деп ойладым. Содан бүкіл әлемге тілі ортақ – медицина мамандығын таңдадым. Әрине, бұл таңдауды жасағанда да мұндағы мол жауапкершілікті сезіне отырып, әрі халыққа әлдеқайда пайдалырақ болатынымды ескеріп, шешім қабылдадым. Сондағы жасаған батыл қадамым үшін әлі күнге қуанамын. Өйткені дәрігер мамандығы – елге қызмет етуіге жәрдем беретін мамандық.

– Дәрігер мамандығын өзбек елінде меңгердіңіз бе?

– Иә, 2001 жылы Ташкент медициналық институтын үздік аяқтадым. 2001-2003 жылдары гематология ісі бойынша ординатураны бітірдім. Ал Қазақстанға 2006 жылы 18 наурызда қоныс аудардым. 2020 жылы эндокринология мамандарын дайындау курсын аяқтадым.

– Алғаш қабылдаған пациенттеріңіз есіңізде ме?

– Арада 20 жыл уақыт өтсе де, алғашқы пациент әлі есімде, гипертония ауруымен ауыратын. Ол – Өзбекстанда, 2001 жылдардағы жағдай. Бір қызығы, елге келгенде де бірінші жұмыс күнімде қан қысымы 180-ге көтеріліп жатқан науқастың үйіне жедел жәрдеммен жіберді. Жасы 80-ге таяп қалған үлкен ақсақал екен. Ол кісінің қысымын түсіріп, емін жасап, жанында 1 жарым сағаттай болыппын. Бір кезде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі үйге кіріп: «Жаяу кетіп қалған жоқ па?» деп ойладым, не болып кетті?», – дейді. Дәрігерден үміт күтіп, шипа іздеп отырған жанды қалай тастап кетесің? Ауруымнан айықтырар деп отырғанда қолына дәрілердің аты жазылған бір жапырақ қағазды ұстатып кете бару – дәрігерлікке жатпайтын іс.

– Дәрігер болу үшін медициналық білімнен бөлек не керек?

– Бір  жылы анамды Өзбекстанда көз дәрігеріне апардым. Әлгі дәрігер: «Гүлнар апа, халіңіз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Қалай жол жүріп келдіңіз?» дегендей сұрақтар қойып, анамды бұрыннан танитын кісідей кеңінен көсіліп әңгімелесіп отыр. Анам дәрігерден шыққанда-ақ көзінің ауыратынын тіпті ұмытып кетті. Демек, науқастың тілін таба білу – оның ауруының жарты емі. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді қазақ бекер айтпаған ғой. Дәрігер екеуара байланысты орната отырып, пациентінің тілін таба білді, оған оң эмоция сыйлап, көңілін көтеріп жіберді. Пациент сол сәтте «Көзім ауырады, ертең көрмей қаламын» деген жаман ойдан арылып шықты. Меніңше, нағыз дәрігер болу үшін осындай керемет қасиет керек. Сырттай бақылап отырған мен бұдан үлкен сабақ алдым. Шыны керек, қазіргі цифрландыру процессімен бірге адамдар – біз де техника сияқтанып барамыз. Алдымызда адамның отырғанын, оның сезімдері барын кейде ескере бермейміз. Қандай шағымы бар, қай жері ауыратынын ғана сұраймыз. Ал келген пациенттің атын атап, хал-жағдайын сұрап, «көңіл бөлсек», анам сияқты қуанып шығар еді ғой. Өкінішке қарай, көп жағдайда науқастар дәрігерді дұшпан көреді. Айғай-шу көтеруге дайын тұрады. Бұл – адамға назардың жетіспеушілігі деп ойлаймын. Осы жерде халық дәрігерлерді де түсінсе екен деймін. Күніне 20-30 адам қабылдаймыз. Олардың әрқайсысына «әкем-ау, көкем-ау» деп отыруға энергиямыз да жетпейді, шыны керек.

– Сөзіңіздің жаны бар, темір емес, сіздер де ет пен сүйектен жаралдыңыздар ғой. Мүмкін, бұл мәселені шешу үшін дәрігерге артылған жүктемені азайту керек шығар? Пациентті емдеп-жазу үшін алдымен дәрігердің өзінің жаны да, тәні де сау болуы маңызды деп ойлаймын.

– Әрине, дұрыс айтасыз. Өзі ауру адам елді емдеп қарық қылмасы анық. Жан ауруы демекші, емханадағы психолог мамандар дәрігерлерге тренингтер өткізіп, науқастармен жұмыс істеуде ескеру керек ережелермен, қандай да бір ақыл-кеңестерімен бөлісіп отырса деген ойым бар. Мұның өзі дәрігерлерге көп көмек болар еді. Бүгінде көпшілік сары уайымға салынып, ауруды өздері қолдан жасап алады. Осы орайда халық психосоматикамен танысса екен деймін.

– Қазіргі уақытта жалпы халықтың денсаулығына дәрігер ретінде қандай баға бересіз?

– Жылдан жылға аурулардың жасарып келе жатқаны – бүгінде үлкен мәселе. Бұл халықтың өз денсаулығына дұрыс қарамайтынын, саламатты өмір салтын ұстанбайтынын көрсетеді. Қазір жас-кәріміз – бәріміз де бос уақытымызды телефонға телмірумен өткіземіз. Жұмыста да компьютерден бас алмаймыз. Бұл – көз ауруы, бас ауруынан бастап жұлын, омыртқа, сүйек ауруларына да себеп. Қимыл-қозғалыстың жоқтығынан қан айналымы да нашарлайды. Өз кезегінде ол да көп аурудың бастауы болады. Бұған қоса ауаның ластануы, тағамдарымыз бен тұтынатын тауарларымыздың сапасыздығы тағы бар. Сондықтан саламатты өмір салтына баса назар аударып, ден қою керек. Күнделікті дене жаттығуларын жасап, ас мәзірін де қадағалаған жөн. Соңғы кезде артық салмақтан зардап шегіп жатқандар көп. Негізі, адам денсаулығына оның ішіп-жегенінен бастап өмір салты, әдет-дағдылары – бәрі де тікелей әсер етеді. Бастысы, осыны ескеру керек.

– Былтырдан бері бүкіл әлемді дүрліктіріп қойған коронавирустан қорғану үшін халыққа айтар ақыл-кеңесіңіз қандай?

– Айтарым, біріншіден, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, дәрумендер ішіп, иммунитетті жақсарту керек. Екіншіден, босқа үрейленбей, коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру керек. Сондай-ақ «медицина» мен «тазалықтың» егіз ұғым екенін естен шығармай, жеке бас гигиенасына мән беру қажет. Пандемия кезінде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстау маңызды. Әрі қаңқу сөзге ермей, уайымға салынбай, саламатты өмір салтына көбірек көңіл бөлген жөн. Сонда ауру да, күйзеліс те сізді айналып өтеді.

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Жұма, 18 Маусым 2021 09:15

Қалдырған ізің мәңгілік

Адамзат баласының сан мың жылдан бергі өркениетті өмірге деген талпынысын  ұстазсыз елестету үмкін емес. Өйткені ол – ілім мен білімнің шам-шырағы. Атақты француз ойшылы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»деген екен. Міне, сондай өсер өркеннің бақытын аялаған ардақтыұстаз,білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы Нұрхан Бектасова болатын. Жақында өзі ұзақ жыл басқарған Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі кабиенттердің біріне Нұрхан Сүттібайқызының есімі беріліп, ұстаз ұлағаты ұлықталды. Бұл айтулы шара ауданынмыздағы іргелі оқу ордасының  құрылғанына 55 жыл толған  тарихи датамен тұспа-тұс келіп отыр.

Кабинеттің ашылу салатанатына марқұмның көнекөз әріптестері мен туыстары және колледж оқытушылары қатысты. Аталған кабиенттің ашылуында Нұрхан Бектасовамен бірге тоқырау жылдарының қиындығын еңсерген әріптестері оның педагогтік, іскерлік және өзгеде сан қырлы адами қасиеттерін тілге тиек етті. Білікті басшымен бірге өткізген  жылдарды сағына еске алды. Фиолсоф Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген екен. Әріптестерінің айтуынша, осы ұлы қасиеттердің барлығы Нұрхан Бектасованың бойынан табылатын. Олардың сөзінше, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерде де қажырлы еңбегінің арқасында коллледждің тәжірибелі оқытушылары мен материалдық базасын сақтап, іргелі оқу орнын нарық заманының талаптарына бағыттаған да осы Нұрхан Сүттібайқызы болатын. Адам баласының ерен жетістікке жетуге деген ерік-жігерінің қалыптасуына оның өскен ортасы мен заманы әсер ететіні шындық. Нұрхан Бектасованың тіке туысы Рая Мұсақызының сөзінше болашақ ұстаз  бала кезінен аумалы-төкпелі заман көрген үлкендерден тәлім алып, өзіндік өмірмектебінен өтіпті. Нұрхан Сүттібайқызы КСРО спорт шебері Станислав Тынысбековпен шаңырақ көтеріп, саналы ғұмыр кешіп, салиқалы ұрпақ қалды. Шараға қатысқан Сәуле Станиславқызы колледж ұжымына алғыс айтып, ағынан жарылды. Шараның қортынды сөзін сөйлеген колледж директоры Алмас Жылқыбаев басқосудың мән-маңы-зына тоқталды. Бұл ретте Алмас Ауесханұлы: «Нұрхан Сүттібайқыз  – саналы ғұмырында парасат биігіне көтерілген тұлға. Ең басысты, Нұрхан Бектасова қай қызметте жүрседе жауапкершілікті терең сезіне білді. Артына қалдырған игілікті істерінің іздері Кеңес тұсында да, еліміз егемендігін  алған жылдардан бергі кезеңдерде де дәл бүгінгідей сайрап жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Оның айтқан ақылы, жол сілтеген жанашырлығы көпшіліктің жанына демеу болғаны сөзсіз. Елі үшін қыруар іс тындырған абзал анамыздың еңбегіне қатысты енді басталған мәңгілік ғұмыры туралы бүгінгі біз ғана емес, келер ұрпақ кесек ойлар айтатыны анық»,  – дейді.

Шара соңы Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.

 Қалдырған ізің мәңгілік,

Жанымда тұрар жаңғырып...

Осынау ән ұлағатты ұстаз Нұрхан Сүттібайқызының рухына бағыштал-ғандай күй кештік.

Ерзат АСЫЛ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында кикбоксингтен әлем кубогінің иегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған бокстан Республикалық үшінші ашық турнир өтті.

Жарыстың құрметті қонақтары ретінде аудандық мәслихат хатшысы Бекет  Ахметов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, «Жомарт жүрек» медалінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, спорт жанашыры Жангелді Осан, Шелек ауылдық округінің әкімі Сакен  Абдыхалықов, «Жекпе-жек» федерациясының президенті Сабыржан  Махметов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов,  «Alash Pride» жекпе-жек клубының президенті Данияр Каскарауов, ауданымыздың Шелек өңірінің спорт саңлақтарын тәрбиелеген жаттықтырушылар жарыстың ашылу салтанатына қатысты.

– Ауданымызда осындай  тартысты жарыстардың жиі өткізілуі көңіл қуантарлық жағдай. Саламатты өмір салтын насихаттауда, қалың бұқараны спортқа жаппай тартуда мұндай турнирлерді ұйымдастырудың маңызы зор. Қазақ спортының өркендеуіне септігін тигізген спорт шеберлерінің жүлдесіне арналған турнирлерді өткізу арқылы жас ұрпаққа ауданымыздың спорт саңлақтарын насихаттаймыз, – деді мәслихат хатшысы Бекет Ахметов.

Байрақты бәсеке Шелек ауылының мәдениет үйінде өтті. Жыл өткен сайын жарыстың даңқы алысқа жетіп жатыр. Сенбі күні аяқталған бұл жарыста  чемпиондарға «Спорт шеберіне үміткер» атағы берілді. Сонымен қатар үздіктер ел құрамасына өтіп, Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Елмұрат Қайыпжанов атындағы республикалық жарыстың мақсаты –  талантты спортшылардың шеберліктерін арттырып,  спорт дүлдүлдерін жарыққа шығару. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің 11 облысынан 174-ке тарта жас боксшы қатысты. Командалық есепте бас жүлдені Алматы облысы, екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Тараз қаласы, төртінші орынды Алматы қаласының командасы,  ШҚО командасы және Нұр-Сұлтан қаласының командасы иеленді. Сонымен қатар 15 спортшы «Спорт шеберіне үміткер» атағын иеленді. Жарыс жеңімпаздары демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

– Жарыстың басты мақсаты  –  болашақтың тұтқасы болар отансүйгіш, жігерлі ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас спортшыларымыз қазақ спортының биікке көтерілуіне елеулі үлес қосқан чемпиондарымыздың жолын жалғайды деп ойлаймын. Сондықтан да ер-азаматтарымыздың намысын оятып, рухын көтеруде бұл жарыстың маңызы зор, – дейді Елмұрат Мұқашұлы.

 

Ілия СҰЛТАН

Екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының ауыл мектептеріндегі 5-6 сыныптың мыңдаған оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде және тұңғыш Birge Oqý онлайн мектебінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің брифингінде белгілі болды. Ұйымдастырушылар ­– ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы.

Баспасөз конференциясында ауыл оқушыларына арналған 2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының нәтижелері жарияланды.

Өңірлер қимасында олимпиада жеңімпаздарының саны бойынша Алматы (201) және Түркістан (184) облыстары көш бастады. Ал ең жоғары балға Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарының оқушылары иелік етті.

Биыл олимпиада алғаш рет онлайн форматта өтті. «Олимпиадаға 5-6 сыныптың 150 мыңға жуық оқушысы тіркелді. I кезеңге 96 мыңнан астам оқушы қатысты. Алғашқы кезеңнің нәтижесімен өңірлер бөлінісінде ең жоғары нәтиже көрсеткен 5000 финалист іріктелді. Олардың орташа балы 400 балдан 343 балды құрағанын атап өту керек. Бұл ауыл оқушыларының дағдыларының жоғары екенін көрсетеді», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Естеріңізге салайық, «Мың бала» олимпиадасы ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және қолдауға бағытталған. Олимпиада екі жыл ішінде ауыл мектептерінің 5-6 сыныптағы 400 мыңнан астам оқушысын қамтыды. Мақсаты – ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының академиялық білімдері мен қабілеттерінің арасындағы алшақтықты азайту.

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

«Елбасы Академиясы» КҚ баспасөз қызметі

 

Алматы облысында 23 жасар кәсіпкер Абзал Әкімбек музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана ашты. Қолөнер шебері жылына 200-ден астам ұлттық аспап шығарады. Өнімді үлкен қызығушылықпен мәдениет майталмандары, музыкалық мектептер мен мекемелер сатып алуда.
Абзал Әкімбек Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылының тұрғыны. Ол жастайынан ұлттық музыкалық аспаптарға, олардың тарихы мен өндірісіне қызығушылық танытып келді. Мектеп қабырғасынан бастап, әсіресе, жазғы демалыс кезінде музыкалық аспаптар жасау шеберханасында тәжірибе жинақтады. Колледжден кейін ол тағы бір жыл шеберханада жұмыс істеді. Уақыт өте келе үйдің ауласында шағын цех ұйымдастырды. Осылайша жеке хоббиі кәсіпке айнала бастады. 2019 жылы Абзал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті. Сол жылы инновациялық идеясы үшін 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен хоббиімді табысты іске асырдым. Көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгіндім. Көп ұзамай «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2,5 млн теңге грант ұтып алдым. Осы қаражатқа станоктар мен құралдарды сатып алдым. Қазіргі таңда шеберханада менімен бірге тағы үш адам жұмыс істейді», - деді жас кәсіпкер.


Шеберханада Абзал Әкімбек аспаптардың 50 түрін дайындайды. Олардың арасында домбыра, прима домбыра, қобызға қызығушылық жоғары. Сондай-ақ жетіген, дауылпаз, сыбызғы, шертер және басқа да ұлттық аспаптар ерекше танымал. Өнімдерді артистер, өнер мектептері және ірі мәдени мекемелер сатып алады. Сонымен қатар сыйлық ретінде де бұйымдар жақсы өтеді.
«Біз жылына 200-ден астам аспап дайындаймыз. Өндіріс ісінде отандық және шетелдік материалдарды пайдаланамыз. Мысалы, жаңғақ ағашын, шырша, үйеңкі, қызыл ағашты, африкалық тропикалық ағаштарды қолданамыз. Сондықтан сапалы бұйым әзірлеу біз үшін өте маңызды шарт. Музыкалық аспаптардың көпшілігін ұлттық нақышты сақтай отырып, ерекше этностильде дайындаймыз», - деді Абзал Әкімбек.
Кәсіпкердің алдағы уақытта отандық және халықаралық көрмелерге қатысып, өнімін танымал етуді мақсат етіп отыр.

Кей салттар – сол ұлттың ұлт болып сақталып қалуындағы алғышарттарының бірі. Қазақтың сан ғасыр бойы қалыптастырған, бұзуға болмайтын дәстүрлерінің бірі – жеті атаға толмай, қыз алысуға тыйым салу. Санның да философиялық ұғым берер тұстары мол. Батыс елдерінде көп жағдайда 13 санын жамандық шақыратын сан ретінде сезінеді. Мүмкін, бұл да олардың ұстанған бір жолы болар. Осы сияқты қазақ ұғымындағы 7 саны қасиетті болып есептеледі.

«Жеті саны – адамзат пен табиғат арасындағы бірізді байланыс, олардың терең тамырлығы, әлем сәулеті (жеті ата, жеті ұрпақ, жеті ғалам, жеті амал)», – деп жазады «Қазақ атаулары мен байламдары» деген кітапта. Бұдан ұғарымыз, жеті санының байланыстық қатынасында терең сыр бар екен. Бұл туралы Жәнібек ханның заманында өмір сүріп, артына кесек мұра қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» деген еңбегінде ханға: «…Қандық уылма, мерездік, миқұлалық, алалық, шала жарым сырқаттар болады. Одан сақтану үшін жеті атадан асқандар қыз алысып, құдаласпағы шарт. Отыз, қырық ата араласса ұрпақ сапалы болмақ» деп кеңес береді. Осы кеңесті естіген Жәнібек хан: «Егер кімде кім жеті атаға толмай тұрып қыз алысса, өлім жазасына кесіледі», – деген жарлық шығарады. Осы жарлық кейін келе қазақтың салтына айналып кетті.Тіпті, жеті атаға толмай құдандалы болу ру сүйегіне таңба басқанмен бірдей болып саналатын дәрежеге жетті. Бұдан сырт, қазақтың ежелгі неке салтында «бір анадан сүт емген екі рудың баласы некеленуге болмайды» деп шек қойған деген деректер де бар. Осыған байланысты екі рудың балаларының некеленіп қалуынан сақтану үшін жақын рулар аралық сақтап қоныстанған әрі ұрпақ сапалы болсын деп жеті өзеннің немесе жеті белдің ар жағынан, ауылы алыс, қонысы шалғай рулардан қыз алысатын болған. Осы туралы бір аңызда тезек теріп жүрген әйел үйде қалған баласын емізетін уағы болғанда, алыстап кеткен жерінен үйіне жеткенше омырауынан сүт ағып кетеді де, шарасыз өзенге омырауын сауған екен. Содан ауыл адамдары әлгі өзеннен су алмай, жеті өзен аттап барып су алатын болыпты. Осы туралы қазақ халқында «жеті аунаған су таза» деген мақал да бар. Міне, бұлардан қазақ халқының үйленіп, отау құруға деген үлкен жауапкершілігін көруге болады (Мүмкін, Адам ата мен Хауа ананың Абылға Қабылмен бірге туған қызды, Қабылға Абылмен бірге туған қызды үйлендіруі де осы заңдылықтан болар).

Француз географы Элизе Реклю: «Бүкіл еуропалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Әмударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әсерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын егзогамистерге жатады», – деп жазса, 1736 жылы кіші жүз Әбілқайырдың ұлысында болған ағылшын суретшісі Кэстль Джон: «Мұнда жүргеніме сандаған айдың жүзі болды. Қырғыздардың (қазақтардың) түр-тұлғасы мен денсаулығы өте күшті. Бұған қоса айтарым, осы сапарымда бұлардың арасынан бірде-бір мүгедек пен ауру адамдарды ұшырата алмадым. Мұның басты себебі, қырғыздардың (қазақтардың) жылқымен етене байланысында жатқан тәрізді», – деген.

Элизе Реклю қазақтардың жақынынан қыз алыспайтынын ашық жазса, Кэстль Джон аурудың тым аздығын жылқымен етене жақын болғанынан деп күмәндана шешім жасайды. Жылқының да пайдасын жоққа шығаруға болмайды, десе де бұндағы денсаулықтың күшті болуы – тағы сол қан тазалығында жатқаны белгілі жайт.

Қазақтың ғұлама ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» дастанында да жеті атаға толмай үйленбекші болған қос ғашық Қалқаман мен Мамырға берілген ауыр жаза сөз болады. Ауыр жазаны атқарушы – Мәмбетай байдың қолбасшысы, батыр Көкенай. Әрине, адамдық мейірімділікпен қарасақ, Көкенайдың үкімі шектен шыққан қатыгездік екені ақиқат. Бірақ жоғарыдағы жағдайларды ескерсек, Көкенай батыр ұлт, тіпті, адамзат үшін үлкен ерлік жасап отыр. Егер Қалқаман мен Мамырды үйлендірсе, одан кейінгі жастардың да солай жалғаса беруін тосу мүмкіндігі аз болар еді. Адамның емес, малдың да тазалығына ерекше мән беретін қазақ ұрпақтарының сау денелі болуын басты көзде ұстағаны белгілі жайт. Дастандағы уақиға желісіне сүйенсек, Қалқаман мен Мамырдың үш-төрт ата ғана аралаған жақын жандар екенін көреміз. Дастанда бұл туыстық:

Әнет бабаң – Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла, ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

Кішік деген – бабаңның өз атасы,

Мәмбетей ол – Кішіктің бір ағасы.

Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі бір,

Қатаған Тұрсын ханның ханшасы.

Біздің жетінші атамыз Әйтек деген,

Бабаңның бір туысқан інісі екен.

Әйтектің бәйбішеден жалғызы – Олжай,

Тоқалынан Байбөрі Қалқаманмен, – деп жазылады.

Жырдағы із бойынша жақындықты қусақ, Кішік Арғынның сол кездегі елге ұйтқы боп отырған Әнет бабаңның әкесінің әкесі болуы мүмкін. Жырдағы «Кішік деген – бабаңның өз атасы» делінеді.

Қазақтың жеті атасының топтастырылуы былай: бала – әке – ата  – үлкен ата – баба – түп ата – тек ата. Ал Мәмбетей бай Кішіктің ағасы. Сонда Әнет бабаң Мәмбетейдің де немере баласы сияқты болып келеді.  Ал Қалқаманның әкесі Әйтек – Әнет бабаның інісі. Демек, Әйтек те Мәмбетейге немере бала сияқты жақын болды деген сөз.

Жырдағы желі бойынша осылай жіктеп, Қалқаман мен Мамырдың жасын емес, қазақи жолын қусақ, Мамыр Қалқаманның үлкен анасы болып келеді. Өйткені, Мамырдың жолы Әнет бабаңның әкесімен тең тұр. Ал қазақи ұғымда анасын баласы алу деген – өліммен барабар ұғым. Қалай екенін кім білсін, қазақ ауыз әдебиетінде көп кездесетін жайт байлардың яки патшалардың ұлы жоқ боп суреттеледі. Дастандағы Мәмбетей байдың да ұлы жоқ, тек кіндігінен жалғыз қыз Мамыр ғана. Сондықтан да Мамырды ескі салт бойынша бесік құда дегізіп ешкіммен атастырмаған. Ұлша киіндіріп өсірген. Бұл уақытша болса да әкенің өз көңлін жүдетпеу үшін істеген ісінің бірі болып саналмақ.

Дастанда бұл тұс былай беріледі:

Сол байдың он бес жасар қызы – Мамыр

Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора.

Онан басқа бала жоқ әлгі байда,

Оны қыз деп еш адам айту қайда.

Байдың көңлі жабырқап қалама деп,

Жұрт жүрді құда болам дей аламай да, – деп суреттеледі.

Әкесінің көңіл қалауы бойынша қолына құрық алып жылқы бағып жүрген Мамырға жылқышы Қалқаман өз ынтықтығын білдіреді. Қалқаман талабына табанда жауап бермегенімен, ендігі жерде Мамыр ұлша жүруін қойып, қыздарша киінеді. Бұл аралықта Мамырға да басқа біреу құдалық түсіп үлгереді. Өзіне басқа біреудің құдалық түскенін сезген Мамыр Қалқаманға болған жайды айтып, екеуі уәделі жерде кездеседі. Жүректің қалауымен жақындықты ұмыт қалдырған Қалқаман Мамырды алып қашпақшы болады. Осы кезде Мамыр Қалқаманға:

Қыз алған жоқ жақыннан тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.

Өзімді аяп тұрғам жоқ, сені аяймын,

Сен сау болсаң, болар ем мен-ақ нәзір, – деп, дәл екеуіне дейін Арғынның ішіндегі кіші ру тобықтының қыз алыспағанын тілге тиек етеді. Бірақ соны біле тұра Қалқаманға еріп қашуы – тіпті, әбестік, ұятты іс. Бұның соңы өзінің өлімімен, Қалқаманның елден кетуімен ақырласады.

Осы оқиғадан кейін Әнет бабаға барған Олжайға, Әнет баба өзінің жаман түс көргенін айтады. Осы тұста Көкенай батырдың мінезінің бір образы «бітімсіз іс кез боп қалар ма екен, Көкенайдың мінезі қатаң еді» деп ашыла түседі. Қашанда батырдың мінезі осылай қатаң болары ақиқат. Халықтың қорғаушысы өз намысына һәм ұлт мүддесіне байланысты Мамырды төркіндеп келген кезінде садақпен атып өлтіреді. Ал осыдан соң Әнетке де кісі салып, тентегіңді өлтір, болмаса елдеспеймін деп кесім айтады. Дастандағы:

Көкенай жиды барып Мәмбетейді,

«Өлтірдім тентегімді өзім» дейді.

Бабаңа кісі салды дамыл бермей,

«Ол неге Қалқаманды өлтірмейді?».

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,

Қорлыққа тартып алған шыдамаймын.

Егер де Қалқаманды тірі қойса,

Ел болып Кішікпен бас құрамаймын

Оллаһи, біз кетеміз, қазір ауып,

Менен басқа туысқан алсын тауып», – деп Көкенайдың қатал үкімін айтады. Бұл жердегі Көкенайдың қылығы – шектен шыққан қанішерлік емес, қайта аса жауапкерлік, батырлық іс. Дастанның соңы трагедиялы аяқталады.

1982 жылы әдебиет саласындағы  Нобель сыйлығының иегері Габриэль  Гарсия Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романында осы жайт сөз болады. Онда «…нәрестені аударып, етпетінен салған сәтте ғана олар баланың бойында басқа адамдарда жоқ белгі барын байқап қалды, екеуі де бір мезгілде көрмекке еңкейді. Бұл – торай құймышақ еді. Аурелиано да, Амаранта-Урсула да мұны қаперлеріне алған жоқ. Олар буэндиалар әулетінде болған хикаядан да бейхабар. Урсуланың жеті дүниеде жақын жұрағатпен қан араластырмаңдар деп зарлаған өсиеті де естерінде жоқ…» – деп жақын туыс жұбайлардан торай құймышақ бала туғанын айтады. Бұл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының зерттеуінің ақиқат екенін дәлелдесе, Мамырды атқан Көкенайдың қылығын ерлік деп бағалауға болатынын ашып көрсетіп береді. Дастанда да автор Көкенайды жаман көрсететіндей бір ауыз сөз қоспауындағы сыр да осыда жатқан болар. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» деген кітабында  түсік тастаудың себебі де қандастық араласпалылық туындатқан шала жарымдылық туылысы қозғындауынан болатыны әрі туған балада қанды уылмадан өлетіні жазылған. Содан да болар, сахара философы қазақ «жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деп, бала ес біліп келе жатқанда-ақ жеті атасын жаттатқызған. Бұл руға бөлінушілік емес, ұлтты таза сақтаудың бірден-бір жолы. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда, Көкенайдың жебесі ұлт үшін атылған жебе екенін білесің, әрі ерлігі әркімнің есінде жүруі шарт деп түйсінесің.

Қуанәлі АЛМАСБЕКҰЛЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің

қор сақтаушысы

В музее-заповеднике «Есик» открылась выставка «Всадническая культура  – наследие степной цивилизации». Выставка посвящена возникновению коневодства на поселениях Ботайской культуры, развитию всаднической культуры в эпоху бронзы, в раннем железном веке и тюркский период. Период традиции коневодства в среде казахского народа особо выделен отдельным разделом выставки. В предлагаемой публикации речь пойдет об истории, эволюции техники изготовления и использования седел.

Всадническаяч культура в историческом аспекте формировалась на большом географическом пространстве. Важнейшей ее составляющей  является седло. Этот предмет конской амуниции изначально был предназначен не только для комфортной езды всадника, но и использовался в качестве приспособления, способного максимально защитить спину (позвоночник) животного. Эволюция седла развивается от обычной подстилки к мягкому, а затем к жесткому видам седел, которые позже дополняются стременами. Впервые подобие седла упоминается около IX в. до н.э., всадники той эпохи накрывали лошадей попонами. Легкие и прочные попоны  предохраняли всадника от скольжения по спине лошади и делали посадку крепче и уверенней. Со временем попоны уменьшались, к ним добавились передняя подпруга, нагрудный и подхвостный ремни. Чуть позже к попонам привязывали подобие подушки. Она помогала удерживаться верхом, управлять движением, защищала спину скакунов от потёртостей. Древние племена Евразии, скифы и саки, использовали мягкие седла, которые состояли из двух кожаных подушек, сшитых из кожи и набитых травой или волосом животных. Их образцы найдены в Туэктинском, Ак-Алахинских, Пазырыкских, Башадарских, и Берельских курганах в Монголии, Алтае и Казахстане. На пазырыкском ворсовом ковре из кургана 5, относящегося к VI-V в.в. до н.э., изображен всадник на лошади где имеется седло с нагрудным и подхвостными ремнями.

Появление во второй половине IV в. до н. э. конструкции жесткого седла связано, по утверждениям ученых, также связано со скифской цивилизацией. Важным фактором в эволюции и совершенствовании седел играли, конечно же, военные действия. К традиционному седлу добавилась передняя лука, изготавливавшаяся в виде спинки. С VII-VIII в.в.седла стали украшать костяными накладками, а также использовали золото, серебро и драгоценные камни. Примерно в это же время эволюция сёдел шла двумя параллельными путям: азиатским и европейским.

Азиатские сёдла были без спинки и передней луки, с короткими стременами. Рассчитаны они были на быстрые атаки и дальний бой. Всадника было легко выбить из седла, зато он мог привставать на стременах и рубить саблей во всех направлениях.

Европейские сёдла подходили для ближнего боя, их высокая передняя лука и спинка дополнительно прикрывали всадника от поражений и обеспечивали плотную посадку.

В средние века появляются дамские сёдла для верховых прогулок. Первые дамские седла назывались боковыми. Но такие седла были не безопасны. С течением времени конструкция женского седла изменялась. Плечи наездницы располагались теперь параллельно плечам лошади, что делало езду более безопасной и управляемой. Вскоре была добавлена и верхняя лука для упора правой ноги.

Конское снаряжение у казахского народа является продолжением развития конского убранства древнетюркских племен. Женские казахские седла обычно состоит из нескольких частей. При их изготовлении используют тяжелые породы деревьев, такие как береза. Кроме того, у женских седел лука как правило высокая и богато орнаментированная. Мужские казахские седла изготавливаются из цельной части деревьев. Лука таких седел, в зависимости от региона, бывает разная:  в регионе Жетысу она  невысокая и в редких случаях бедно орнаментирована. Изготавливали мужские седла из тополя-туранги. Казахские детские седла-ашамай, используются для обучения детей 4-5 лет верховой езде. Для этого обычно выбирают спокойного жеребёнка, усаживают на него малыша и дают в руки камчу, объясняя, что теперь он стал джигитом. Считалось, что такой обряд дает ребенку чувство ответственности. Казахские детские седла составные и просты в изготовлении, они являются прототипом твердых деревянных седел, возникших в тюркскую эпоху.

Таким образом, история седла берет начало с древних времен и до сих пор является одним из важнейших элементов конской амуниции. В ходе эволюции появились разные виды седел: мужские, женские, детские, спортивные, этнические и т.д.  С изобретением сёдел начался расцвет конницы,  а значит важный этап новых открытий и завоеваний в истории человечества.

 

А.СУЛТАНИЯРОВА,

научный сотрудник историко-культурного

заповедника-музея «Есик», доктор PhD

ПОЛОЖЕНИЕ об открытом международном конкурсе работников печатных, электронных и аудиовизуальных средств массовой информации «Независимость Казахстана и Елбасы»

 

  1. Основные Положения
  2. Государственное учреждение «Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы» и Фонд Нурсултана Назарбаева проводят открытый международный конкурс «Независимость Казахстана и Елбасы» (далее – Конкурс) среди работников печатных, электронных и аудиовизуальных средств массовой информации (далее – СМИ) согласно номинациям Конкурса.
  3. Номинации Конкурса ежегодно утверждаются совместным приказом государственного учреждения «Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы» и Фонда Нурсултана Назарбаева.
  4. Цели Конкурса:
  • популяризация достижений Казахстана за тридцать лет Независимости, продвижение «модели Назарбаева», идей и инициатив Елбасы как основы казахстанской государственности;
  • информационно-имиджевое продвижение достижений страны за годы независимости в международном пространстве;
  • создание моральных и материальных стимулов для творческой самореализации и профессионального роста работников печатных и электронных СМИ;
  • выявление новых перспективных имен в казахстанском и международном журналистских сообществах;
  • введение в медийный оборот материалов архивных, библиотечных и экспозиционных фондов Библиотеки Елбасы.
  1. Конкурс проводится по следующим номинациям:

1) «Лучший телевизионный материал» (телеочерк, новостной видеосюжет, аналитический обзор, специальный репортаж, интервью, комментарий, документальный фильм);

2) «Лучший радиоматериал» (радиопрограмма, радиообозрение, радиоочерк, радиопостановка, аналитический обзор, интервью);

3) «Лучшая статья в газетах и журналах» (статья, очерк, эссе, аналитический обзор, репортаж, интервью);

4) «Лучшая публикация в интернет-СМИ» (информационное сообщение, очерк, аналитический обзор, интервью, репортаж, обозрение, эссе);

5) «Лучшая публикация в зарубежных СМИ» (материалы, опубликованные в зарубежных СМИ об инициативах Казахстана и Первого Президента Республики Казахстан).

  1. Вся информация о Конкурсе размещается на сайтах организаторов Конкурса www.presidentlibrary.kz и www.fnn.kz.
  2. С целью информационной и технической поддержки конкурсантов на сайте Библиотеки www.presidentlibrary.kz и портале YouTUBE (канал: Библиотека Первого Президента) размещены видеоматериалы о деятельности Библиотеки Елбасы.

 

  1. Размеры вознаграждения по номинациям

 

  1. Призовой фонд Конкурса составляет 11 000 000 тенге, который в разрезе номинаций распределяется следующим образом:

«Лучший телевизионный материал»:

1 место – 1 000 000 тенге

2 место – 700 000 тенге

3 место – 500 000 тенге.

«Лучший радиоматериал»:

1 место – 1 000 000 тенге

2 место – 700 000 тенге

3 место – 500 000 тенге.

«Лучшая статья в газетах и журналах»:

1 место – 1 000 000 тенге

2 место – 700 000 тенге

3 место – 500 000 тенге.

«Лучшая публикация в интернет-СМИ»:

1 место – 1 000 000 тенге

2 место – 700 000 тенге

3 место – 500 000 тенге.

«Лучшая публикация в зарубежных СМИ»:

1 место – 1 000 000 тенге

2 место – 700 000 тенге

3 место – 500 000 тенге.

  1. Конкурсантам, занявшим призовые места, вручаются специальные нагрудные знаки, удостоверения, дипломы и денежные премии.

 

  1. Сроки проведения и условия конкурса
  2. К участию в Конкурсе принимаются оригинальные материалы, официально обнародованные (впервые опубликованные, выпущенные в эфир, размещенные в интернете) в период с 10 октября 2020 года по 10 октября 2021 года (включительно).
  3. Заявки на участие в Конкурсе принимаются в явочном порядке, почтовым отправлением в срок с 1 июня по 20 октября (включительно) 2021 года по адресу: Z05S5X1, Республика Казахстан, г. Нур-Султан, ул. А.Бокейхана, 1А, каб.343, с пометкой «На конкурс «Независимость Казахстана и Елбасы», а также на электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., контактные телефоны: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).
  4. Основанием для участия в Конкурсе являются следующие документы:

1) заявка-анкета согласно прилагаемой форме;

2) конкурсная работа;

3) копия удостоверения личности или паспорта;

4) справка с места работы, заверенная руководителем СМИ;

5) эфирная справка об опубликовании (демонстрации) материала в СМИ.

  1. В Конкурсе могут участвовать индивидуальные и коллективные авторы. Индивидуальный или коллективный автор имеет право участвовать только в одной номинации. В числе работ допускается наличие циклов материалов, объединенных одним наименованием.
  2. Подписывая заявку, автор (коллектив авторов) автоматически дает согласие организаторам Конкурса на размещение конкурсной работы в СМИ по своему усмотрению.
  3. Форма предоставления конкурсных работ:
  • продукция телевидения – видеоматериал на диске с указанием ссылок в интернете;
  • продукция радиовещания – аудиоматериал на диске и документ, подтверждающий факт трансляции;
  • продукция периодической печати – сканированный электронный экземпляр статьи на диске с указанием ссылок в интернете;
  • продукция в интернет-СМИ – электронный экземпляр публикации в формате «Word» на диске с указанием ссылок в интернете.
  1. Конкурсные работы по объему не ограничиваются.
  2. Критерии оценки конкурсных работ (по 10-балльной шкале):
  • соответствие содержания конкурсной работы теме и целям конкурса;
  • творческая новизна и оригинальность идеи;
  • глубина содержания работы;
  • уровень технического исполнения (в т.ч. уровень использования инфографики, 3D-графики и др.);
  • общее эстетическое и эмоциональное восприятие.
  1. Конкурсные работы принимаются на всех языках мира.
  2. Ответственность за достоверность содержания и авторство конкурсной работы несет автор (коллектив авторов).
  3. Работы рекламного характера к участию в Конкурсе не допускаются.
  4. В случае необходимости организаторы Конкурса вправе затребовать от конкурсанта дополнительные сведения, подтверждающие аутентичность материала, сроки его выхода и авторство.
  5. Организаторы Конкурса оставляют за собой право не присваивать призы по отдельным номинациям и местам, а также перераспределять призовой фонд между номинациями.
  6. Присланные на Конкурс работы не рецензируются и не возвращаются.

 

  1. Подведение итогов конкурса

 

  1. Итоги Конкурса подводит Конкурсная комиссия.
  2. Конкурсные заявки принимаются с 1 июня до 20 октября (включительно) 2021 года.
  3. Отбор конкурсных работ и подведение итогов Конкурса проводятся до 25 ноября 2021 года.
  4. Торжественная церемония награждения победителей Конкурса состоится в период с 1 по 13 декабря 2021 года.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы ашық халықаралық конкурстың ЕРЕЖЕСІ

  1. Негізгі ережелер
  2. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі жәнеНұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа, электрондықжәне аудиовизуалдықбұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ)қызметкерлерініңарасында номинацияларына сәйкесашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс)өткізеді.
  3. Конкурсноминациясы«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

3.Конкурстың мақсаты:

1) қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде «Назарбаев моделін»,Елбасыныңидеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;

2) халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінақпараттық-имидждікілгерілету;

3) баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдандамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;

4) халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;

5) Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.

4.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1)«Үздік телевизиялық материал»(телеочерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);

2)«Үздік радиоматериал»(радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);

3)«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»(мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);

4)«Ғаламтордағы үздік жарияланым»(ақпараттық хабарлама,очерк, талдамалық шолу, сұхбат, репортаж, шолу, эссе);

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдар).

5.Конкурстың өткізілуіне қатыстыбарлық ақпарат ұйымдастырушылардың сайттарында (www.presidentlibrary.kz,www.fnn.kz)жарияланады.

6.Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың сайтында (www.presidentlibrary.kz) және YouTUBE порталында (арна атауы – ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасыкітапханасыныңқызметі туралыбейнематериалдар орналастырылады.

 

  1. Номинациялардың сыйақы көлемі

7.Конкурстың сыйақы қоры 11 000 000теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:

«Үздік телевизиялық материал»:

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –700 000 теңге;

3 орын –500 000 теңге.

«Үздік радиоматериал»:

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –700 000 теңге;

3 орын –500 000 теңге.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»:

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –700 000 теңге;

3 орын –500 000 теңге.

«Ғаламтордағы үздік жарияланым»:

1 орын –1000 000 теңге;

2 орын –700 000 теңге;

3 орын –500 000 теңге.

«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»:

1 орын –1000 000 теңге;

2 орын –700 000 теңге;

3 орын –500 000 теңге.

  1. Жүлделі орындарды иеленгенконкурсанттарға арнайы төсбелгі, куәлік,дипломмен ақшалай сыйақыберіледі.

 

  1. Конкурстың мерзімі мен шарттары

9.Конкурсқа2020 жылғы10қазан мен 2021 жылғы 10 қазан(қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

10.Конкурсқа қатысу өтінімдері2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында пошта арқылы мынамекенжайға: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»конкурсына» деген белгімен немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.

11.Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:

1) үлгігесәйкес толтырылған өтінім-сауалнама;

2) конкурстық жұмыс;

3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) БАҚ басшысы растағанжұмыс орнынан анықтама;

5) аталған БАҚ-та материалдың жарияланғанын растайтын эфирлік анықтама.

12.Конкурсқажеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.

13.Автор (немесе авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларынаұсынған жұмыстың БАҚ-қа орналастырылуына автоматты түрде келісім береді.

14.Конкурстық жұмыстардыұсынутәртібі:

1) телевизиялық өнім –бейнесюжет пен оның ғаламтордағы сілтемесі, жарияланғанын растайтын анықтама;

2) радиохабарөнімі –аудиожазба меноның жарияланғанын растайтын анықтама;

3) мерзімді баспасөз өнімі – газеттегі мақаланың сканерленген нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесікөрсетілген құжат;

4) БАҚ ғаламторындағы өнім – материалдың «Word» форматындағы нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесікөрсетілген құжат.

15.Конкурстық жұмыстар көлеміжағынан шектелмейді.

16.Конкурстықжұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):

1) конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;

2) шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;

3) жұмыс мазмұнының тереңдігі;

4) орындаудыңтехникалық деңгейі (оның ішіндеинфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);

5) жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдауы.

17.Конкурстық жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.

18.Автор (немесе авторлар ұжымы) Конкурстықжұмыстыңмазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.

19.Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа іріктелінбейді.

20.Конкурсұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін,авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.

21.Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлық бермеуге,сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.

22.Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

 

  1. Конкурс қорытындылары

23.КонкурсқорытындысынКонкурстықкомиссияшығарады.

24.Конкурс өтінімдері2021 жылғы1 маусым мен 20 қазанға(қоса алғанда) дейін қабылданады.

25.Конкурстық жұмыстар2021 жылғы 25 қарашаға дейін іріктеледі.

26.Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет