Бейсенбі, 10 Маусым 2021 10:26

Ақынға құрмет

Осы аптада аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ауданның құрметті азаматы Шаяхмет Құсайынұлын туған күнімен құттықтап, сый-сияпатын тарту етті.

Ауданымызда өсіп-өніп, өңірдің тұмса табиғатын, саф ауасы мен қасиетті топырағын жырға қосқан Шаяхмет Құсайынұлы бірнеше кітаптың авторы. Өмірін өлеңмен өрнектеп, соны тақырыптарға қалам тербеген ақын-жазушыға құрмет көрсеткен аудан басшысы шығармашылығына табыс тілеп, ризашылығын білдірді. Шаяхмет Құсайынұлының шығармашылығы қоғамға рухани азық беруде, жастарды тәрбиелеуде атқарар рөлі орасан зор екенін атап өтті. Карантиндік шектеулерге байланысты шағын шығармашылық кеш ұйымдастырылып, қазақы дәстүрмен Ш.Құсайынұлының иығына шапан жауып, ат мінгізді.

С.НҰРАДИН

Сәрсенбі күні аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әлібек Жақанбаев тұрғындарды қабылдап, азаматтардың жеке және әлеуметтік мәселелерін тыңдады.

Партия ғимаратында өткен қабылдауға келген Есік қаласының тұрғыны Майра Каракузиева Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханада көз дәрігері болып жұмыс істейді. 2014 жылдан бері үй кезегінде. Аудан басшысының айтуынша, қала тұрғыны бюджеттік ұйым қызметкері санаты бойынша жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімінде 241-ші болып тұр. Қызметтік пәтерді алу үшін өзі жұмыс істейтін ұйымның тұрғын үй комиссиясына жүгінуге болады. Сондай-ақ былтыр медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 112 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Есік қаласы мен Шелек ауылында 15 пәтер сатып алынған.

Аудан орталығының тұрғыны Раушан Төлепова Алматы көшесіндегі аяқсыз қалған тротуар мәселесін көтерді. Былтыр басталған жөндеу жұмыстары соңына дейін жүргізілмей, қала орталығының сәнін кетіріп тұр. Әлібек Әскербекұлы мердігер атанған  «Kaz Damu Leaders» ЖШС жөндеу жұмыстарын келісім-шарт негізінде уақытында аяқтамағандықтан, қала әкімдігі сотқа бергенін айтты. Қазіргі уақытта кешеуілдеген жаяу жүргінші жолының мәселесі сотта қаралуда.

Қабылдау барысында жаңашарлық Медетхан Игіліков те жол мәселесі бойынша сауал қойды аудан әкіміне. Айтуынша, Ават – Жаңашар – Космос – Базаркелді тас жолын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталып кеткен. Алайда, құрылыс Жаңашар ауылына дейін созылып, жолдың көп бөлігі жасалмаған. «Жөндеу жұмыстары жалғасын таба ма?» деген сауалға Әлібек Жақанбаев жоба 2021-2022 жылдарға жоспарланғанын айтты.

– Облыстық  маңызы бар Базаркелді ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда 800 метрге асфальт төсеу, жол жиектері мен белгілерді орнату үшін қаражаттың екінші траншы күтілуде. Айта кетерлігі, жоба 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Мердігер мекеме «ЖҚБ-13» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берген – деді Әлібек Әскербекұлы.

Тұрғын үй салу үшін жер телімінде кезекте тұрған ақшилік Салтанат Мамесеитоваға аудан басшысы Ақши ауылында 90 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілетінін айтты. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтар өз кезегімен жер теліміне қол жеткізетін болады.

Есік қаласының төменгі жағы мен Бөлек ауылы тұрғындарының шешілмей жүрген мәселесі – жаз мезгіліндегі ауызсудың тапшылығы. Жұртшылықтың осы проблемасын көтерген Злиха Мустапаеваға аудан орталығы мен жақын орналасқан елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жақын арада аяқталатыны айтылды. Ол үшін Есік топтық су құбырын жүргізуге бюджеттен 4 млрд 200 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

 

Сардарбек  НҰРАДИН

Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 15:53

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (01.06 – 07.06.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 25 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Шелек – 5

Ащысай – 3

Тауқаратұрық – 3

Бижанов – 2

Бәйтерек – 2

Қайназар – 1

Май – 1

Тескенсу – 1

Бөлек – 1

Түрген – 1

Көктөбе – 1

Масақ – 1

Есік – 1

Бәйдібек би – 1

Жаңашар – 1.

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

12 науқас – жұмыссыз

8 науқас – зейнеткер

3 науқас – түрлі жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

1 науқас – ұйымдаспаған бала

1 науқас – мұғалім.

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 40 жағдайы расталды. Олардың 8-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оқушыларда 4 және студенттердің ішінен 1 жағдай тіркелді. Ал жалпы өткен 14 күнде індетке шалдығушылар саны 946-ға жетті. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Жетісу өлкесінде эпидемиологиялық жағдай жақсарып, жасыл аймақта орналасқанымен, облысқа қарасты кейбір өңірлер әлі де қызыл аймақта тұр. «Балқаш ауданы мен Талдықорған қаласы қызыл аймақта, Кербұлақ, Ескелді, Қаратал және Сарқан аудандары сары аймақта қалған аудандар мен қалалар жасыл аймақта орналасқан», - дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Бүгінгі таңда, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды оңалту мақсатында, тұрғындардың кеселге шалдығуының алдын алу үшін екпе жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Қазіргі кезде облыста 241 683 адам екпенің бірінші бөлігін қабылдаса, 143 741 тұрғын екінші компанентті салдырып үлгерген.
Асхат Сәкенұлының айтуынша, облысқа барлығы 278 720 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 235 220 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак. 2 компоненттен 192 270 доза вакцина келген, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 148 770 және Qaz-вак 4000 дозаны құрап отыр.
Естеріңізге саламыз, 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап "Ashyq" пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіліп, 26 сәуірден облыс бойынша жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні 582 нысан артықшылықпен қызметін жалғастыруда.
Дәл осы "Ashyq" пилоттық жобасының арқасында Талдықорған қаласында 57 сары және 36 қызыл, Панфилов ауданында 1 қызыл, 3 сары, Ескелді ауданында 1 қызыл, 2 сары, Қарасай ауданында 1 қызыл, 1 сары және Еңбекшіқазақ ауданында 1 сары статусты бар вирус тасымалдаушысы анықтады.
Айта кетейік, карантиндік талаптардың сақталуын бақылау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Жыл басынан аталған топтармен 17 818 рейд жүргізіліп,102 273 нысан қамтылып, 1025 карантиндік режимді бұзу анықталды.

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағы өтеді. 2021 жылғы халық санағының басты жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру. Енді Қазақстан тұрғындары туралы деректерді жинау екі жолмен жүргізіледі: онлайн және офлайн форматтарында.
Биыл 1-30 маусым аралығында Ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде аудандарға бөлу жұмыстары жүргізіледі, тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды аралау және тұратын халық санын нақтылау.
Дайындық жұмыстарына облыс бойынша 821 адам жұмылдырылды. Интервьюерлердің өздерімен бірге арнайы куәлігі, халық санағы логотипі белгісімен портфель және планшеттері бар.
Сонымен қатар 2021 жылдың қыркүйек айының 1-інен арнайы мамандырылған sanag.gov.kz. платформасы іске қосылады. Қазан айының 15-іне дейін қазақстандықтар өзі және отбасы мүшелері үшін онлайн форматта сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше осы платформада қатыса алады. Сондай ақ бұл платформаға Egov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы кіруге болады.
2021 жылдың 1-30 қазан аралығында дәстүрлі үй-үйді аралау кезінде онлайн форматта санаққа қатыспағандардан ақпарат жинағын алу үшін сұхбаттасушының ЖСН–ін қолданып, интервьюерлер «Ұлттық санақ» Ақпараттық жүйесі қосылған планшеттері арқылы санақ жүргізеді.
Халық санағы кезінде азаматтар төлемақысыз бірыңғай call-центр 1446 және 8 8000 800 878 нөмірі арқылы сұрақтарын қоя алады.

Эпидемиологическая ситуация по коронавирусной инфекции в Алматинской области оценивается как благополучная, с тенденцией к улучшению. Область находится в зеленой зоне. В разрезе Балхашский район и город Талдыкорган находятся в красной зоне. В желтой зоне – Кербулакский, Ескельдинский, Каратальский и Сарканские районы. Остальные районы и города находятся в зеленой зоне. Об этом стало известно в ходе брифинга на информационной площадке Jetisý media.

"Всего с марта 2020 года зарегистрировано 26 547 лабораторно подтвержденных случаев КВИ, из них с симптомами 16 662 случая КВИ.
За последние 14 дней зарегистрировано 964 случаев коронавирусной инфекции. Темп прироста КВИ по области при сравнении за последние 2 недели уменьшился с 0,3% до 0,2%. Но есть районы, показатели которых превышают темп прироста областного показателя.",- сказал заместитель руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Алматинской области Асхат Чарапиев.

По словам спикера, наибольший темп прироста за последнюю неделю отмечается в Балхашском - 0,6% (15сл.), Ескельдинском - 0,3% (15сл.), Жамбыльском - 0,3% (32сл.), Каратальском - 0,3% (17сл.), Талгарском - 0,4% (79 сл.), Сарканском - 0,6% (13сл.) районах.

Так же, на сегодняшний день идет вакцинация среди населения Алматинской области.
Всего в область поступило 1 компонента 278 720 доз вакцины, из них 39 500 Hayat-vax, 235 220 Гам-Ковид-вак и 4000 Qaz-вак. 2 компонента 192 270, из них 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 148 770 и Qaz-вак 4000.
Первым привито 241 683 человек, вторым 143 741. Среди вакцинированных - государственные служащие – 9761, медицинские работники – 20 410, педагоги – 32 138, СМИ – 109, и лица с хроническими заболеваниями (сахарным диабетом, хронической обструктивной болезнью легких, сердечно-сосудистой системы) – 1357 и население другой сферы деятельности - 143 920.

Сейсенбі, 08 Маусым 2021 14:02

Физико-математическая квест-игра

Во время летней школы в средней школе им. А. Байтұрсынова был проведен "Квест" между 8 "А" и 8"Б" классами.

Квест – это совершенно новая форма обучающих и развлекательных программ, с помощью которой дети полностью погружаются в происходящее, получают заряд положительных эмоций и активно включаются в деятельность, ведь что может быть увлекательнее хорошей игры? Живой квест не только позволяет каждому участнику проявить свои знания, способности, но и способствует развитию коммуникационных взаимодействий между детьми, что стимулирует общение и служит хорошим способом сплотить играющих. Цель игры состоялась в том, чтобы сплотить классы, также., закрепить и повторить пройденный материал и устранить пробелы в знаниях по математике и физике.

М.ЖУМАБЕК, учитель математики; 

К.НАСЫРОВА, учитель физики 

Сейсенбі, 08 Маусым 2021 14:00

«Жазғы мектеп» аясында

А.Байтұрсынов  атындағы орта мектептегі тарих пәні әдістеме бірлестігінің мұғалімдері «Жазғы мектеп» аясында түрлі іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді.

Атап айтсақ,  мектепішілік жоспар негізінде 3 маусым күні ҚР мемлекеттік рәміздер күні меркесіне орай «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында 6-8 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Онда тәуелсіздік нышаны – рәміздер жайлы кең ауқымда ақпарат беріліп, балалар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Google форматта 5-8 сынып оқушыларымен  «Мен мемлекеттік рәміздерді білемін бе?»  тақырыбында онлайн тест өткізілді. Тест қорытындысы оқушылардың еліміздің Туы мен Елтаңбасы және Әнұраны жайлы жан-жақты құлағдар екенін көрсетті.

 

Айгүл НҰРБАЕВА,

әдістеме бірлестігінің жетекшісі 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппарат басшысы болып Мақат Темиргалиевич Мемельбеков тағайындалды.

М.Мемельбеков Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында 1988 ж. 11 ақпанда туған.

2009-2010 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін бітіріп, мемлекеттік және жергілікті басқару; экономика және бизнес мамандықтарын алған.

2011 жылдың маусым айынан Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінің бас маман-салық инспекторы, 2012 жылғы қазан айынан 2013 ж. 15 қарашаға дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылғы 28 маусымнан Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы 20 қарашадан Алматы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі, облыс әкімінің бас инспекторы қызметін, ал 2020 жылғы 14 қыркүйектен 2021 жылғы 7 маусымға дейін Алматы облысы әкімі аппараты сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген. 

Сейсенбі, 08 Маусым 2021 10:21

Летняя школа

Методическое объединение английского языка средней школы имени А.Байтурсынова, в составе руководителя МО Рысбековой К.М и учителей английского языка, Азизовой С.М., Канжигитовой А.М.Абаевой Г.Е., Аманжоловой М.М. в период с 26.05-19.06.2021 в школе организована работа в "Летней школы", где учителя английского языка активно работали по устранению пробелов в знаниях учащихся по английскому языку.

Каждый день проводились уроки в школе. Так же были проведены следующие мероприятия: круглый стол по теме: "Эффективные методы по устранению пробелов в знаниях английского языка у учащихся". Во время уроков в "Летней школе", учителя английского языка использовали методы и приёмы, такие как, ролевые игры и заучивание клеше, что эффективно влияет на развитие устной речи в английском языке.

 

Карина РЫСБЕКОВА,

учитель английского языка

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет