Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 11:02

Халің қалай, баспасөз?

Бала кезден армандап, қарымды қаламгерлерге қарап бой түзеп, қызығы мен шыжығы мол журналистика саласына енді ғана қадам басқан мен үшін газеттің ішкі жұмысына араласу үлкен бақыт еді. Алғаш келген күні «Тәжірибеден «нормально» өтесің ба, «формально» өтесің ба?» деген сол кездегі бас редактор орынбасары Қайнар Жұмағожаның сұрағына ойланбастан бірінші нұсқаны таңдайтынымды айтқаным есімде. Осылайша, «Нормально тәжірибенің» алғашқы іс-сапары Қырбалтабай ауылдық округінен басталды.

Аталған округтің сол кездегі әкімі Серік Қазымұлымен телефонмен тілдесіп, жолға шықтым. Округке қарасты ауылдардың жағдайымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап, шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерін тыңдадым. Елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндайтын бір беттік мақалам бірнеше өңдеуден кейін ғана жарыққа шықты. Қуанышымда шек жоқ. Ақпараттарды оқырманға дұрыс жеткізе білудің қаншалық маңызды әрі қиын процесс екенін сонда ғана түсіндім. Ақпаратты алу, оны зерттеу, жазу, өңдеу, газет бетіне орналастырып, дизайнын жасау – үлкен еңбек. «Мұның барлығын оқырмандарымыз бағлалап жатыр ма?» деген сұрақ туынауы заңдылық. Бағаламаса 10 мың адам, 10 мың отбасы аудан жаршысына жазылмас еді.

Бұрынғының адамдары баспасөздің жай-күйін Кеңес үкіметімен салыстырып айтса, мен осы саланың қазанында қайнаған күннен бастайын. Жеті жыл. Осы уақыт аралығында не өзгерді? Жеті жыл деген көзді ашып-жұмғанша зыр ететін қас-қағым сәт болса да, сол кездегі баспасөздің беделі мен қазіргінің арасы алшақтап бара жатқандай. 10 мыңға жуық. Міне, сол кездегі «Еңбекшіқазақ» газеті осынша таралыммен оқырманға жол тартатын. Бүгінгідей ақпараттық технологияның дамыған уақытында жаман көрсеткіш емес. Қазір ше?

Бүгінгі таңда халық газет оқудан қалып бара жатқандай. Рас, жедел ақпарат беруден әлеуметтік желілер, интернет басылымдармен бәсекеге түсуге қауқары жетпейтіні сөзсіз. Бірақ, білім көкжиегін кеңейтетін танымдық материалдарды, тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін тарихи мақалаларды, смартфонға байланып, онсыз да сөзге шорқақ балаларымыздың білімін арттырып, тіл байлығын дамытатын әдеби шығармаларды жариялауда баспасөздің басым түсетіні айқын. Газет – тәрбие құралы. Бұрынғылардың айтып кеткен осы сөзін естен шығармаған жөн.

Елімізде карантин шаралары енгізілгелі баспасөзге жазылу мүлдем шатқаяқтап қалғаны жасырын емес. Бұл жайында, Қазақстан Журналистер одағы С.Бердіқұлов атындағы сыйлығының лауреаты Бекен Нұрахметов: «...Өкінішке қарай, кедергі де көп. Оның негізгісі – баспасөзге жазылуды талап еткен басшының әрекетін сыбайлас жемқорлықпен немесе қызмет бабын асыра пайдаланумен байланыстырып, артына ит қосып қуатын әдет те біздің халықта пайда болды. Өзінің жекеменшік басылымы емес, халықтың руханияты үшін күш салған адамның басына қара бұлт үйіру дегенді мүлде түсінбеймін. Бұндай кертартпалықпен қалай көгереміз немесе қалай рухани жаңғырамыз? Керісінше, қазақ баспасөзіне жаны ашыған басшыны біз қазақ руханиятының жанашыры, патриоты деп қабылдауымыз керек емес пе? Сондықтан да ұлт намысын қамшылаған патриот азаматтарды қудалауға салу дұрыс па? Әрине, жоқ» – деген еді. Рас, баспасөзге жазылу науқаны кезінде кедергілер көптеп кездеседі. Қазір газетке жазылу науқаны аяқталды. Нәтижесін көріп, Алаш көсемдері қалың ұйқыда жатқан қазақ халқын оятқан баспасөз бүгінгі ұрпақ үшін маңызы болмай қалған ба деген ойға қаласың.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» – деп Қасым Аманжолов жырлағандай, қазақ баспасөзінің, аудан жаршысының бүгінгі жай-күйін біз айтпағанда, кім айтады? «Страна за теми, кто есть» деген орыс актері Олег Табаковтың сөзі бар. Баспасөз бетін ашпайтын, кітап оқымайтын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі Қазақ жерінің иесі, қорғаушылары. Әлеуметтік желіге байланып, виртуалды әлемде өмір сүретін азаматтардың болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Журналист Есей Жеңісұлы бір сөзінде айтқандай, «Ұстазы – Google, тәрбиешісі – YouTube, досы – әлеуметтік желі» болған бүгінгі ұрпақтың қараңғы көгіне шығып, күн болатын қазақ баспасөзінің мәселесі – қоғам мәселесі екенін естен шығармайық, құрметті оқырман.

 

Сардарбек НҰРАДИН,

бас редактор орынбасары

Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 10:10

Ковид жұқтырғандар күрт көбейді

29 мамырда Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 39 пайызға артқанын айтты. Науқастардың 44 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан екен.

Осыған байланысты елдегі бірқатар өңірде карантин шаралары тағы күшейтіліп жатыр. Оның ішінде екі үлкен мегаполиспен қатар Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары да бар. Атырау демекші, бұл облыс – республика бойынша вакцинация қарқыны ең баяу өңір болып отыр. Мұнда бүгінге дейін 2 компонентті толық алғандар саны 50 мың адамға әлі жетпепті. Ал екпе алудан бірінші орында тұрған Алматы қаласының 300 мыңдай тұрғыны вакцинаны толық салдырған. Екінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 30 маусымдағы дерек бойынша 205 356 адам ковидке қарсы екпенің екі компонентін де алған екен. Ал жалпы қазақстандықтардың 2 млн-нан астамы вакцинаны толық салдырған.

Вакциналаудың тиімділігі зерттелгенін, сәуір-маусым аралығында вакцина алғандардың 1,3 млн-нан 3,2 млн-ға дейін өсуіне орай, ауру өсімінің екі есеге азайғанын айтқан А.Цой: «Дельта штамының пайда болуын және аталған штамға қарсы вакциналардың тиімділігін зерделеудің жалғасып жатқанын ескере отырып, вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайға жағымды әсер ететінін айта кеткен дұрыс», – деп вакцинаның коронавирустан қорғанудың бірден-бір жолы екенін тағы ескертіп өтті.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 10:10

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (22.06 – 28.06.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 13 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Есік – 3

Бәйтерек – 2

Тескенсу – 2

Байсейіт – 1

Бәйдібек – 1

Көктөбе – 1

Қорам – 1

Қазақстан – 1

Қойшыбек – 1

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

7 науқас – жұмыссыз

3 науқас – зейнеткер

2 науқас – жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

1 науқас – мектеп оқушысы.

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

Сейсенбі, 29 Маусым 2021 14:19

Шілде айында неше күн демаламыз?

Шілде айында еліміз Елорда күні мен Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Осы мерекелерге орай қазақстандықтар шілде айында 11 күн демалады.

Үкімет қаулысына сәйкес, 6 шілдеде Астана күнін мерекелеуге байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері 4, 5 және 6 шілдеде болады. 3 шілде, яғни сенбі – жұмыс күні, демалыс дүйсенбі – 5 шілдеге ауыстырылады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері тек 4 және 6 шілдеде болады.

Бұдан әрі күнтізбе бойынша Құрбан айт – мұсылман мерекесі, осы мерекенің бірінші күні – 20 шілде демалыс күні болады. 2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді.

 

mezet

 

Кеше аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Швейцария мен Украина мемлекетінің инвесторларымен кездесті.

Кездесу барысында инвесторларлар біздің ауданда жүзеге асырылатын жоспарын таныстырды. Айта кетсек, "KS Genetics Kazakhstan LTD" компаниясы Қырбалтабай ауылдық округінде орналасқан "Жетысу Соя" ЖШС кәсіпорнының 60 пайыз үлескері болуға дайын екенін айтып,  "Жетысу Соя" ЖШС аумағында 2021-2023 жылдар аралығында қуаты 30 тоннаға элеватор мен сақтау қоймасы және 50 тонна жем өндіру зауытын салу жоспары барын айтты.

Сейсенбі, 29 Маусым 2021 11:39

Журналистер марапатталды

Журналистер күніне орай аудан әкімі Әлібек Жақанбаев ауданымыздағы БАҚ қызметкерлері мен блогерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналып, ақпаратты дер кезінде жеткізіп, аудан мен ел көлемінде болып жатқан жаңалықтармен халықты құлағдар етіп, бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында жаңалықтардың жалпақ жұртқа бұрмаланбай жетуіне себепші болып жүрген журналистерге ақжарма тілегін айтып, Алғыс хатпен марапаттады.

БАҚ өкілдерінің қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, елдің береке-бірлігін арттырудағы, халықтың пікірі мен көзқарасын қалыптастырудағы үлкен рөлін атап өткен әкім қолға алынып жатқан жобаларды жұртшылыққа жан-жақты таныстырып, жай-жапсарын түсіндіретін де журналистер екенін айтты. Сонымен қатар БАҚ қызметкерлерін ауданымызда алдағы уақытта жолға қойылар жобалармен таныстырып, азды-көпті жоспарларымен бөлісті.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Сейсенбі, 29 Маусым 2021 11:19

Арман деген – көп белес

«Арман деген – көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар» деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтпақшы, шынымен де көзді ашып-жұмғанша зымырап өткен уақытқа таң қаласың. Уақыт неткен ұшқыр десеңізші... Міне біздің киелі шаңырақ ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітіргенімізге  20  жылдан астам уақыт өтсе де, білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз екен.

Бала кезімде кітап пен газет-журналға құмар едім. «Жақсы кітап – жан азығы» дегендей, сол кездің адамдарында жақсы қасиет бар еді. Бір қызық кітап шықты десе, соны іздеп, кітапханаға барып жаздырып оқитынмын. Тіпті ауыл поштасына түсетін «Балдырған», «Қазақстан әйелдері», «Жалын» «Ақ желкен» журналдарын жинап оқыдық. Атам қойлы ауылдарға газет таратушы еді, сол кісінің үйге әкеліп қойған газет-журналдарын бірінші болып біз қызықтайтынбыз. Оқыла-оқыла мұқабасы сарғайған кітаптар мен журналдарды қолға ұстау ол кезде таңсық емес еді. Оқырманын тартымды шығармаларымен тәнті етіп, бау-рап алатын жазушылар шығармасы нет-кен ғажап десеңізші. Мүмкін осы оқыған кітаптарымыздың әсері болар, журналист болуға деген құлшынысым жылдан жылға арта түскендей. Алғаш аудандық газет бетіне жарық көрген батыр Бауыржан Момышұлына арналған  өлең жолдарын көргендегі жүрегімдегі қуаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Мектепті бітіріп, Алланың қолдауымен қалаған оқу орнының студенті атану қандай сезім еді. Қазіргі таңда осы киелі шаңырақта білім алғанымды мақтаныш сезімімен айта аламын. Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Жүрегімдегі «журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен тұтанып, жүрегімнің түпкірінен орын алған болатын. Алланың қалауымен армандаған арманыма жеткендеймін. Армандаған оқу орнын бітіргеніммен ол салада жалындап, жарқырамасам да еліме елеулі азаматша болуға тырысудамын. Осы салада аз да болса еңбегім сіңіп, мағыналы ғұмыр сүруді тілеймін. Қалаған оқу орнын аяқтап, отбасын құрып өмір ағымымен мамандық бойынша  төрт бес жылдан соң ғана жұмысқа кірістім. Алғаш жұмысымды корректор мамандығымен бастағанмын. Сол кездегі «Дала мен Қала» газетінің редакторы Сапарбай Парманқұловқа алғысым шексіз, одан кейінгі еңбек жолымды  «Айқын» газетінде жалғастырдым. Газеттің  сол кездегі редакторы, қазіргі күні Сенат  депутаты Нұртөре Жүсіптерден алған тәрбие, тәлім үшін зор ықылыспен алғысымды айтамын. Нұрағаңның жүйрік журналистігі бір төбе болса, редакторлығы бір төбе. Себебі қай газеттің тізгінін ұстаса да сол басылымның бағын жандырды. Ол басқарған «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Астана ақшамы», «Айқын» газеттері ақпарат айдынында еркін жүзген, қоғамға ықпал еткен, ұлттың ұстаханасына айналған қарымды басылымдарға айналды. Журналистика – алдыңғы буын ағалар айтқандай, мылтықсыз майдан. Мұндай майдандағы тілшінің сенімді қаруы – қуатты қаламы. Ал енді бір журналистер үшін бір редактордың өзі бір мектеп болды. Ел білетін Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұлов, Жарылқап Бейсенбай. Осы қатарға Нұртөре Жүсіпті де қосар едім. Себебі Нұрағаңның бір өзі – бір мектеп. Нұртөре Жүсіптің мектебінен өту бақытын бұйыртқан сол кісімен қызметтес болуды бұйыртқан  тағдырыма ризамын.

«Айқын» газеті Елордада шығатын болғандықтан ендігі қызметімді Іле аудандық «Іле таңы» газетінде жалғастырдым. «Іле таңы» газетінің редакторы Роза Маратқызы  мені тек қызметке қабылдап қана қоймай, отбасы жағдайымды түсініп, алыс ауылдан келетіндігіме қарап, әпкелік ақыл-кеңесін беріп отырғандығының өзі мен үшін үлкен мақтаныш. Алпыстың асуынан асқан абзал ана, білікті басшы, жайдары жақсы адам Роза Маратқызының өнегелі өмірі көпке үлгі екені даусыз. Осы өнегелі өмірінің аз ғана болса да үлгісін көріп, әріптес болғанымды мақтан етемін.  Бұл ұжыммен аз ғана уақыт жұмыс жасасам да әріптестердің әрқайсысының өз орны, өз ерекшелігі бар.  Әлемді жайлаған коронавирус індетінің өршіп тұрған шағында қашықтықтан жұмыс жасау қиындау болғандықтан өз еркіммен бас тартып, ауылыма келіп,  Ж.Қайыпов атындағы мектепке жұмысқа орналастым. Мектептегі шығармашылық ізденіс пен баламен жұмыстың өзінше артықшылығы бар екені сөзсіз, дегенмен өз мамандығыма деген ыстық ықыласымның шексіздігі болар қазіргі таңда Еңбекшіқазақ аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде Шелек өңіріндегі тілші қызметін қоса алып жүруге келісім бердім. Сөз соңында айтарым менің аз ғана шығармашылық жолымдағы мерейімді асырған барша аға-апаларымды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Нұргүл САБАҚАНОВА,

«Еңбекшіқазақ» газетінің Шелек өңіріндегі тілшісі

1 шілдеде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі елімізге не беретіні туралы Jetisý media ақпараттық алаңында айтылды. Белгілі болғандай, жаңа заңның нормалары өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдардың жұмыс форматын өзгертуге арналған. Негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Кодекс нормалары өтінішті қарау процесін де, алынған жауапқа шағымдану рәсімін де нақты реттейді. Өтініш бойынша қабылданған мемлекеттік органның шешімімен келіспейтін азаматтар сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

"Дауларды мамандандырылған соттар қарайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (2021 жылғы 26 қаңтардағы) 21 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот құрылды, оның ішінде біздің облыста облыс орталығы мен Қаскелең қаласында орналасқан 2 сот құрылады. Істі қарау мерзімдері өзгерді, дауды шешу үшін ақылға қонымды, бірақ 3 айдан аспайтын мерзім бөлінеді. Бұдан басқа, талап қоюды қабылдау және қарау рәсімі оңайлатылды. Сот талап қоюды қайтаруға ғана құқылы. Талап арызды қараусыз қалдыру, талап арызды қабылдаудан бас тарту және іс жүргізуді тоқтату – көзделмеген;", - деп атап өтті Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Дархан Тоқбаев.

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі келесі негізгі ережелер Әкімшілік кодексте бекітілген:
5.1. Әкімшілік істердің ведомстволық бағыныстылығы:
Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар шешілетін болады.
5.2. Соттың белсенді рөлі
Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді.

"Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.",- деп атап өтті спикер.
Жалпы, әкімшілік-аумақтық бөліністі қабылдау құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды қадамға айналатынын, сондай-ақ елдің инвестициялық климатына жағымды әсер ететінін атап өтеміз.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Главному положено всегда быть «у руля», приходить раньше всех, трудиться по семь дней в неделю... Может, поэтому  за 30 лет не  было случая, чтобы даже в кризисные 90-е не вышел очередной номер газеты. Это сейчас, что называется, изданий море. А в те сложные времена  «Еңбекшіқазақ» была единственным СМИ  на весь район.

Еще  не было  ни соцсетей, ни мобильного интернета. Под руководством Главного редактора районка была единственным источником информации о местных событиях и честно выполняла свое предназначение, несмотря на то, что надеяться приходилось только на собственные силы и инициативу. Другие редакции региональной периодической печати десятками закрывались, «уходили»  в небытие,  оставляя дыры в медийном пространстве, а номера «Еңбекшіқазақ» регулярно доставлялись читателям со свежими районными новостями, информацией об официальной политике государства, о решениях местной администрации. То, что районка не только выжила, сохранила лицо и традиции,  но и  уверенно вошла в 21 век, – неоспоримая заслуга  Главного редактора. Его огромный профессиональный опыт и организаторские способности позволяют выдерживать конкуренцию и с электронными СМИ, и «бумажными» коллегами-изданиями.Наверное, «рецепт» выживаемости в том, что наша редакция всегда умела «заглянуть» дальше сиюминутных нужд. Еще в 1992-м  газета  начала кампанию по возрождению исторического значения сакских курганов. В июле-августе 1992 года по инициативе главного редактора районной газеты «Еңбек жалыңы – Пламя труда» (ныне газета  «Еңбекшіқазақ») Хайруллы Касымовича Ахметжанова и участника раскопок захоронения «Алтын Адам»  археолога  Бекена ага Нурмуханбетова в г.Есике была организована выставка, посвященная цивилизации саков.  Сенсацией стала демонстрация модели «Алтын Адам» в натуральную величину (реконструкция Олега Танабаева). Парадоксально, но факт – редко кто из есикчан, тем более молодежи,  когда-либо видел, как выглядел «Золотой Человек», принесший Есику мировую известность… В течение месяца выставку посетили тысячи гостей и жителей района, других областей страны, дальнего и ближнего зарубежья. Но самым значимым и неожиданным событием стал визит Первого Президента РК Нурсултана Назарбаева. Ознакомившись с выставкой, Елбасы поддержал стремление   журналистов и археологов, сумевших во время всеобщей разрухи поднять вопрос о сохранении исторического наследия страны. Слова Первого Президента: «Музею – быть» дали старт созданию ныне действующего музея-заповедника на Есикских курганах, вывели из забвения уникальные памятники древней культуры Жетысу.

Хотя в районе давно уже выходят несколько газет, в соцсетях появились  местные блогеры, а в интернет-изданиях можно найти информацию на любой вкус, без «Еңбекшіқазақ» трудно себе представить региональный медиарынок. Но это уже не та газетка в четверь листа, отпечатанная на ризографе. Кроме ее «бумажной»  версии в цветном исполнении выходит и  сетевое издание под названием  mezet.kz. 

В штате редакции  трудятся молодые, талантливые журналисты и дизайнеры, умеющие креативно мыслить,  заинтересовать читателя,  создавать информационный контент, отвечающий  запросам медийной аудитории. Благодаря  энергичности, творческому потенциалу молодежи наше издание в расцвете сил встречает 30-летие Независимости Казахстана. Стремительно развивающиеся технологии и медийные стратегии заставляют постоянно  учиться новому, предъявляют к информационному продукту требования по самой высокой планке.  Но ничто не заменит «человеческий фактор»  – опыт и знание людей Главного редактора, умеющего оценить по достоинству  рабочие и личностные качества каждого сотрудника.

Хочется верить, что и в будущем старые знакомые на свой вопрос: «А кто сейчас руководит газетой?» сами же и будут отвечать: Ахметжанов Хайролла Касымович, лауреат премии Союза журналистов, Почетный гражданин района, экс-депутат двух созывов областного маслихата, ветеран партии «Nur Otan». Всегда наш Главный редактор.

 

И.ТУРАНИН,

ветеран газеты «Еңбекшіқазақ»

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Іс-шараға "Тенгриньюс" ақпараттық агенттігінің бас директоры Сұңқар Қарабалин, Қазақ теледидарының мэтрі, журналистика ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар , аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды жетістіктері туралы айтты.

- Бүгінде бізде БАҚ саласында өз ісіне берілген мыңнан астам талантты, білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер оқырмандарыңыздың, көрермендердің және тыңдаушылардың мәселелерімен өмір сүресіздер, оларға жедел және сенімді ақпарат алуға көмектесесіздер.Сіздер облыс тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланысты қамтамасыз етесіздер, билікке мәселелерді талдауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға көмектесесіздер. Кейде бұл сіздің тарапыңыздан сынсыз болмайды, бірақ бұл сіздепдің бізге берген көмектеріңіз. Біз әрдайым барлық БАҚ-тармен белсенді қарым-қатынас жасауға тырысамыз және күнделікті жұмыста экрандарда, интернетте, газеттерде, радио мен әлеуметтік желілерде шығатын барлық ақпаратты пайдаланамыз. Сіздер ақпараттық қолдаусыз адамдардың өмірі мен облыстың дамуы үшін маңызды бір оқиғаны қалдырмай, барлық басқа жаңалықтарға белсенді назар аударуды жалғастырудасыздар. Өйткені Жетісу өлкесі әрдайым журналистиканың мықты дәстүрлерімен танымал болған, ал біздің БАҚ-тың қалыптасуы бүкіл өңірдің тарихын бейнелейді, - деді ол.
- Содан кейін облыс әкімі кәсібилігі мен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға белсенді қатысқаны үшін бірқатар журналистерді марапаттады. "Іле таңы" газеті редакторының орынбасары Роза Айдарбекова, "Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов "Еңбек ардагері"төсбелгісіне ие болды.
- ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісіне "Жаркент өңірі" газетінің бас редакторы Бағдат Айтмұқаева, "Жетісу" телеарнасының жаңалықтар шығарылымының редакторы Назгүл Бошанова, Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Ұлбосын Исабекова, "Жетісу" газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын ие болды .
Қазақстан Республикасының құрметті журналисі атағын "Огни Алатау" газетінің меншікті тілшісі Рамазан Елешев алды.
Сондай-ақ, бірқатар журналистер облыс әкімі мен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында "Нұрлы Көксу" газетінің бас редакторы Айгүл Айманбекова, "Огни Алатау" газетінің тілшісі Жәмила Атибаева, Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат, "Jetisý media" КММ маманы Айман Асылбекова бар.
Журналистердің атынан "Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов сөз алды.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, ол өткен кезеңдегі облыстың жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ көрсеткен құрмет пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде "Jetisý media" КММ маманы Айман Асылбекова барлығын мерекемен құттықтап, көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
Салтанатты шараның соңында мерекелік концерт өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы облысында жұмыс істейтін 37 журналист "Халық алғысы" Құрмет медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет