Маусымның үшінші жексенбісі медицина қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Әлібек Жақанбаев ауданымыздағы медицина саласы қызметкерлерін мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиында аудан әкімі медицина қызметкерлеріне:

– Құрметті медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Елдегі қалыптасқан пандемия жағдайында бар білімі мен тәжірибесін, ерік-жігерін індетпен күреске, халықтың саулығын қорғауға бағыттаған баршаңызға аудан тұрғындары атынан және өз алғыс айтамын! Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сондықтан кез келген мемлекет ел азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды бірінші кезекке қояды. Бұл ретте Елбасының тапсырмасына және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылды, – деп атап өтті.

Аудан әкімі Шелек аудандық ауруханасының балалар хирург дәрігері Берікбай Иембердиев пен хирург, еңбек ардагері  Андрей Хачикянды «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» төсбелгісімен, Гүлнар Кұраметованы, Жамиля Абеуованы, Миржан Азербаевты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА,

«Еңбекшіқазақ» газетінің Шелек өңіріндегі тілшісі.

Қазақтың кең даласының асты да, үсті де байлыққа толы. Сол қойнауларда жатқан қазба байлықтарды зерттеп, зерделеп, ел игілігіне асыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі әрі бірегейі. Кезінде, Кеңестер Одағы заманында жоғарыға жаутаңдап, өзіміздің жеріміздегі байлықты игеруге рұқсат алудың өзі түйіні қиын мәселе болғанын сол жылдары іс басында жүрген жандар жақсы біледі.

Енді, міне,  Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді түгендей бастағалы өз қолымыз өз аузымызға еркін жетіп, өндіріс саласы алға жылжыған жылдармен бірге өркендеп келеді. Еліміздің жер қойнауы  қазба байлыққа тұнып тұрғанын барлығымыз жақсы білеміз. Бізде Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін кездестіруге болады. Солардың бірі – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы, аса сирек кездесетін және құндылығы жөнінен де басқалардан көш ілгері вольфрам.

Вольфрам және онымен бірге жанама жүретін тағы да басқа сирек әрі бағалы металдар: алтын, күміс, мырыш пен тағы басқа да құрамдастардың аса бай қоры орналасқан Бұғыты таулы аймағындағы кеніш туралы қазір түрлі әңгімелер айтылуда. Бұл кен орнының белгілі болғанына биыл сексен жыл толады. Алғаш тау қойнауында аса сирек кездесетін бағалы металдардың бары жайлы 1941 жылы анықталып, зерттелген. Ол кездегі Кеңестер Одағының жағдайы тарихтан белгілі. Жаңа кен орындарын игеруді айтпағанда, батыста тұтанған соғыс өрті алапатқа айналып, бүкіл ел Отан қорғау ісіне жұмылдырылған еді. Одан кейінгі жылдары соғыстан қираған шаруашылықты қалпына келтіру, тағы басқа да қауырт істер кесірінен Бұғытының байлығы көзден  таса, көңілден тысқары қалған.

Бұғыты вольфрам кен орны – Іле Алатауының шығыс шетіндегі Үлкен Бұғыты тауында орналасқан. 1941 жылы ашылып, барлау жұмыстары 1942-1974 жыл аралығында үздік-создық  жүргізілген. Бұғыты – Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан штокверкелік кен орны. Алғаш кен шоғырлары 1941 жылы Алматы қаласынан солтүстік-шығыстан 205 шақырым, Шелек ауылынан батысқа 75 шақырым аймақта табылған болатын. Осының алдында айтқанымыздай, біраз жылдарға созылған үзілістен соң  1974 жылы 9 желтоқсанда КСРО Түсті металлургия министрілігі мен сол кездегі республикалық Түсті металлургия министрлігі және тағы басқа да одақтық деңгейдегі мүдделі органдардың жауапты тұлғаларынан жасақталған мемлекеттік комиссия осы кен орнына байланысты отырыс өткізіп, нақты қорытынды жариялаған. Сол отырыстың хаттамасында көрсетілгендей, геологиялық барлау нәтижесінде Бұғыты кен орнында сирек кездесетін аса бағалы металдардың бай қоры бары, болашағы зор ірі өндірістік нысан бола алатыны айтылған. Дегенмен, не себеп болғанын қазір ешкім айта алмас. Сол отырыстан кейін кен орнына қатысты мәселе тағы да жылдар бойы қозғаусыз қалып, соңғы жылдары ғана оны ел игілігіне асыру туралы айтыла бастады. Қазақстан КСРО құрамында болған кезде бұл мәселенің тереңдете зерттеле қоймағаны және игерілмегені бір жағынан дұрыс та шығар. Егер сол кезде игерілсе, одан біздің елдің алар үлесі де болмас еді. Барлығы КСРО атты алып империяның ортақ қазанына құйылары сөзсіз болатын. 

Жалпы, Кеңестер Одағы кезінде республика аумағында көптеген кен орындары зерттелген. Сол уақыттағы деректер бойынша еліміздегі вольфрамның жалпы қоры 2 млн. тоннадан асады. Бұғыты кен орны соның ішіндегі ең ірісі екен. Егер қазіргі шақта қолға алынған жоба жүзеге асса, Қазақстан сирек кездесетін аса бағалы металды өндіру бойынша әлемдегі екінші орындағы мемлекетке айналады. Бағалы минерал сырт және ТМД елдеріне экспортталады. Бұл кеніште басты өндірістік минерал шеелиттен (вольфрам рудасы) тыс молибден, висмут, бериллий, алтын, күкірт колчаданы және күмістің бай қоры барлығы анықталған.  

Геологиялық ерекшеліктеріне байланысты Бұғыты кен орны ІІ топқа жатады. Яғни бұл – химиялық құрамы күрделі ірі шоғырлар мен кендеудің біркелкі бөлінбеуі деген сөз. Міне, осындай күрделі де қажетті қазбаны отандық «Жетісу Вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі игеруді қолға алды. Аталмыш серіктестік 2014 жылы құрылып, бағалы металл қазба байлықтарын зерттеумен айналысып келеді. Мұндай ауқымды жобаны іске асыру сарапшылардың бағалауы бойынша инвестициялық жобада көзделгендей шамамен 250 млн. АҚШ долларын талап етеді.

Вольфрам – ашық сұр түсті, баяу балқитын металл. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, тағыда басқа электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады. Енді өзіңіз ойлап қараңыз, жоғарыда аталған элементтерді өзіміз өндіріп, қолданысқа енгізсек, бірнеше сектор дамитыны шүбәсіз.

Жобаға тоқталар болсақ, жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2021-2023 жыл. Жалпы сомасы – шамамен 94,5 млрд.теңге. Қайта өңдеуді қоса алғандағы қуаттылығы – жылына 3,3 млн. тонна кен. Жобаның негізгі мақсаты – өндірілген кеннен металл бұйымдарын дайындау кезінде оның сапасын арттыратын концентрат әзірлеп, оны одан ары ішкі және сыртқы нарыққа сатуға шығару.

Қазіргі уақытта жобаның І кезеңі орындалуда. Дайындық жұмыстарына жергілікті тұрғындар қатарынан 30 адам және шет елден шақырылған 2 маман тартылған. Жұмысшылардың айлық жалақысы – 250 мың теңге. Жоба іске асырылғаннан кейін 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа орналасып, 50 адам зауытқа қажетті мамандық бойынша оқытылады.

Ерекше атап өтетін нәрсе – кен өндіру саласында барлау-геологиялық жұмыстардың сапалы атқарылуының маңызы аса жоғары. Бұл орайда еліміз үлкен жетістіктерімен мақтана алады. Десек те, кадр мен арнайы осы саланың маманы мәселесі қолбайлап тұрғаны жасырын емес. Себебі сирек кездесетін тау-кен және түрлі металлургиялық өнеркәсіптің әлемдік деңгейде қарыштап дамуына жерасты барлау жұмыстарының жан-жақты зерттелуі және кен байлықтарының мөлшері мен құрамының тап баса анықталуының орны ерекше. Кен өнімдерін өндіруде еліміздің әлемде алдыңғы қатарда болуына, әрине, жоғарыда тілге тиек еткен барлау-геологиялық жұмыстарының дәлдігі мен сапалылығы айрықша әсер етеді. 

Кешегі қоғамдық өзгерістер кезінде геологиялық ғылымның да басқа салалар секілді дағдарысқа түсуі орын алғанымен, еліміздің бұл бағыты тоқыраудан тез есін жиғаны мақтанарлық. Жұмыссыздықтан өзге салаға қызмет ауыстырған ғалымдар, талантты ізденушілер қайта өздерінің сүйікті ісіне оралып, ел байлығының қарқынды дамуына өз үлестерін қоса бастады.

Осы жұмыстар арқылы кен құрамын анықтау мен бағалау жолға қойылса, онан әрі қарайғы тиянақты барлау жұмыстары бірнеше сатыда жалғастырылады. Осы атқарылған ізденістер нәтижесінде кеннің технологиялық құрамы зерделеніп, вольфрам қоры мен өзге де табылған пайдалы компоненттері есепке алынады. Яғни кен-барлау жұмыстарының тиянақтылығы – мол байлық пен пайданың көзі, ел өнеркәсібінің өркендеуінің кілті деген сөз. 

 

Батыржан Байжұманов,

Алматы облысы әкімінің орынбасары

23 маусым – ішкі істер министрлігі қызметкерлері мен  ардагерлер еңбектерін ескеріп, қызмет бабын орындау барысында қаза тапқан полицейлер еске алынып, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Полиция – қауіп-қатер ортасында жүретін, қылмыскерден қорғайтын, әлсізге зорлық қылдырмайтын бірден бір билік пен заң өкілі. Тәртіп сақшысы  күн-түн демей, кез келген уақытта азаматтарға қол ұшын созып,  қылмыскерді заң алдында жауап бері үшін еңбек етеді. «Азаматтары тыныш ұйықтай алатын, жұмыспен, тұрғын үймен толық қамтылған қоғам – жақсы үкіметтің белгісі» – деген сөз бар. Түнгі ұйқының тыныш болуы әр азаматқа, қоғамға, құқық қорғаушыға тікелей байланысты.

Бұл салада саналы өмірі өткен, зейнеткер Әлібек Жапеков пікірімен бөлісті. Қазақта «Көргеніңді айтсаң – көз алдыңнан өткізгеніңді айтқаның» деген сөз бар. Полиция полковнигі: «Ішкі істер органдары қызметкерінің іс-әрекеті заңмен өлшенеді. Әр қызметкер бұл саланың айнасы іспеттес. Полиция мамандығына жүрек қалауымен келіп, кәсіби деңгейде, алдыңғы толқынның үздік тәжірибесімен қалыптасқан дәстүрлеріне бой ұсынған тұлға болып қалыптасады. Зайырлы, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекетке ашық, сауатты, моральдық негіздегі мығым полиция қажет. Кәсіби қызметінде немқұрайдылыққа, ұқыпсыздыққа, білімсіздікке бой алдырмауы тиіс. Тәртіп сақшысы жоғары білімді, мәдениетті, әр нәрсеге байыппен қарап, алдын болжай білетін түсінігі мол, саяси сауатты жан-жақты білікті болуы  қажет. Қызмет барысында  біреуден  жаман сөз естуің, не тосын жағдайға душар болуың мүмкін. Сонда сабырлылық таныта алмай, ашуға салса,  өрескел әрекет жасап, заңсыздыққа баруы мүмкін. Бір полиция қызметкерінің орынсыз қылығы бүкіл ішкі істер органына күйе жағады.  Тәртіп сақшысы  берілген тапсырманы  тиянақты орындап, халық сеніміне ие болуы керек. «Мен елім мен азаматтардың қорғаушысы,  әділетсіздікке қарсы тұратын адал маман боламын, борышымды абыроймен орындаймын» деген ой санаға сіңгенде ғана, патриоттық сезімді, абыройлы болу ұстанымы адастырмас темірқазық болады» – деп тоқығанын айтты.

Бүгінде 70 жастағы  Ә.Жапеков Кеген ауданы Қарқара ауылында туған. Абай орта мектебінде және Қарағанды жоғарғы милиция мектебінде, Алматы гидроме-лиоративтік техникумында, Жамбыл гидромелиортивтік  институтында оқыған.

Еңбек жолын  Шелек ауылында халыққа тұрмыстық  қызмет көрсету комбинатында бастаған. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Ішкі істер органында 1980 жылдан Шелек аудандық ІІБ-нің қатардағы инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, 1995 жылдан  аудандық салық полиция басшысы, ауданаралық салық полициясының тергеу бөлімінің басшысы, 1998 жылдан Алматы облыстық ІІД әкімшілік қызмет басқармасында  патрульдік  полиция басқармасының басшысы, 2000 жылдан  Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның штаб басшысы, 2002 жылдан Еңбекшіқазақ аудандық паспорт бөлімі басшысы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан әділет басқармасында басшы, 2006 жылы Шелек ауылында әділет басқармасының бөлімін басқарды. Елордаға барып, әділет министрінің қабылдауында болып, ХҚКО  ғимаратын  жөндеуге қаржы бөлуге, Шелекте халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға ықпал етті.

Бүгінде Әлекең ардагерлер мен жас ұрпақ байланысын жандандыру бағытындағы  жұмыстарға мұрындық болуда. Қызметтес әріптестері мен қайтыс болған  ардагерлерді еске алып,олардың отбасыларымен жылына екі рет кездесу өткізеді.

Әлекең бейбіт өмірде қылмыскерлер қолынан 2 рет денсаулыққа қауіпті жарақат алған. 1986 жылы кезекті еңбек демалысындағы Әлекең Шелектегі Западная көшесімен өтіп бара жатқанда бір үй жанында тәртіп сақшысымен бір адамның алысып жатқанын байқап қалады. Дереу көлігін тоқтатып, жүгіріп келіп, милицияға пышақпен қарсы ұмтылған «Утка» деген лақап атты қылмыскердің пышақ ұстаған қолына жармасады. Ұстай берем дегенде, қылмыскердің пышағы Әлібектің  сол жақ бұғана тұсын жарақаттап үлгереді. Оған қарамастан Әлібек қылмыскердің қолын қайырып, жерге жығып, пышақты тартып алады. Бұл оқиға «На страже» газетінде жарияланған еді.

1987 жылы Шелекте түнгі сағат 12-де түрмеден қашып шығып, іздеуде жүрген, 2 рет сотталған, лақап аты «Тотанды» ұстау сәтінде қылмыскер пышақпен ұрғанда Әлібектің сол жақ қолдың шынтағын жаралап кеткен еді.

1987 жылы қоғамдық меншікті сақтау мәселесінде Ә.Жапекұлы жүргізген «Cүт істері» бойынша облыстың 5 ауданынан 16 адам,  Алматы қаласы сүт заводынан 7 адам  қылмыстық жауапқа тартылған еді. КСРО БХСС қызметі 70 жылдығына орай  Қазақстаннан бұрынғы БХСС қызметкері Ә.Жапеков Мәскеу тарапынан арнайы медальмен марапатталды.

Ә.Жапеков «түркі тілдері ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған» – деген пікірді алға тарта отырып, мемлекеттік тілдің ішкі істер органдарында кеңінен қолдануына көп мән берген. Кеңес үкіметі кезінде 1988 жылы Шелекте мешіт ашуға мұрындық болды.

Әлекең қаржы полициясын басқарған 1995 жылы  Кеген, Нарынқол, Шонжы, Шелек, Есік өңірлері заңды тұлғалардың бюджетке салық толық төлеуле-рін тексеріп, миллиондаған төленбеген қаржыны бюджетке құйғызып, зейнеткерлерге кешік-кен зейнетақыны реттеген. 1996 жылы Шелекте қызмет атқарып, салықты есепте тұрған «Филипп Моррис» компаниясының Алматы қаласы Ленин аудандық кіріс бөліміне 3 жыл қатарымен салық аударып келгенін анықтап, тексеру барысында 1,5 млн теңгені Шелек аудандық кіріс бөліміне қайтартып,  зейнеткерлер  зейнетақысын толығымен  жапқызған еді.

Ә.Жапеков зейнетке шықса да  қоғамдық жұмысқға  белсене араласуда.  Шелек өңірі бойынша «би» болып сайланған. Шелек ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағасы орынбасары, Шелек ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.

2014 жылы тамыз айында Шелек ауылы азаматтарын жұмылдырып, жетім және көмек беретін ешкімі жоқ  54 оқушыны мектепке даярлауға араласып, киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге  ықпал жасады.

2015 наурыз айымен желтоқсан аралығында Алматы-Хоргос тас жолындағы Шелек ауылы бейітінің 253 метр қоршауын кірпішпен қалатты және Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп жанындағы христиан бейітін қоршатуға күш салған.

Әлекең жоңғар қалмақтары жаугершілігі  кезінде ел қорғаған Мықтыбай батыр туралы, Малай батыр әскерін мінетін ат-тұрманмен үнемі қамтамасыз етіп отырған 19 ғасыр басындағы белгілі меценат Бахтияр Жалмәмбетұлы жайлы  шығармашылық ізденумен шұғылдануда.

Ә.Жапеков 2017 жылы ақпан айында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша құрылған жұмыс тобына жер сатуды тоқтатуға, Неке туралы кодекстегі және 20.12.1991 жылғы Азаматтық туралы заңына өзгеріс енгізіп, жердің шетелдіктерге өтіп кетуіне тосқауыл қоюға ұсыныс жасаған.

Ә.Жапеков Ішкі істер министрлігінің 10 медалімен марапатталған. Оның ішінде  екеуі «КСРО ІІМ Үздік қызметкері», «Қазақстан полициясының үздігі». Әлібектің құқық қорғау саласында күн-түн демей белсенді қызмет атқаруына себепші болған өмірлік серігі Күлиза 40 жыл бойы Шелек аудандық ауруханасында бас медбике болған, жоғары   санатты  маман.

Әлібек пен Күлиза Жапековтер ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің  сүйікті ата-әжесі атанған  бақытты жандар.

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер одағының мүшесі

Ерлік пен намысты, қырағылық пен сақтықты, адал қызмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті бойына бірдей сіңірген полиция қызметкерлері – ел тыныштығының сақшысы. Елге адал қызмет етуге ант еткен, сертін орындау жолында өмірін сарп еткен тәртіп сақшыларына деген құрмет ерекше. Ауданымыздың тыныштығын күзету жолында еңбек етіп жүрген полицияның жұмысымен танысқан болатынбыз мереке қарсаңында. Басшылық қызметке жақында тағайындалса да, өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау жолында ұзақ жылдар еңбек етіп жүрген полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жақсылық Алтынбаевпен тілдестік.

– Жақсылық Бейқұтұлы, әңгімемізді аграрлы ауданымыздағы мал ұрлығынан бастасақ.Бұл қылмыспен күрес қалай жүзеге асуда?

– Бүгінгі таңда өңірдегі мал ұрлығының алдын алу бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Нәтижесі де айтарлықтай. Төрт түлікті қолды қылу екі есеге дейін азайды. Осы уақытқа дейін полиция қызметкерлері ірі көлемде мал ұрлаған 5 қылмыстық істі ашты.  5 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталып, аудан аумағында мал ұрлығымен айналысқандары дәлелденді.

«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деген халық даналығы біздің қызметке тікелей айтылғандай. Болған қылмысты ашқаннан гөрі, соны болдырмау үшін жұмыс істеу аса маңызды. Осы орайда, мал ұрлығының алдын алу мақсатында жыл басынан бері «Мал ұрлығы» атты екі шұғыл-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары ет сататын сауда орындары мен мал сою алаңдарын үнемі тексеріп, қадағалап отырады.

Қазіргі таңда төрт түлікті тасымалдау үшін арнайы құжат керек. Осыны ескермеген 67 азамат анықталып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Мал ұрлығынан бөлек, жеке азаматтардың мүлкін тонау, ұрлық жасау әрекеттері де өршіп тұрғаны жасырын емес.

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл барлық деңгейдегі қылмыстарды ашу көрсеткіші едәуір жоғарылаған. Оған себеп, тұрғындар арасында құқықбұзушылық пен қылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстарының кешенді жүргізілуі және қоғамдық орындарға, қылмыс жиі орын алатын жерлерге бейнебақылау камераларының орнатылуы. Қазіргі таңда осындай бейнебақылаудың 8-і аудандық полиция басқармасына тікелей қосылған. Бұл орын алған қылмыстық оқиғаларды жедел түрде ашуға септігін тигізуде.

Полиция басқармасы тарапынан қылмыс жиі тіркелетін криминалдық учаскелер анықталып, ол жерлерде екі ауысымда, күндізгі уақытта учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция ротасы жаяу патрульдейді. Түн мезгілінде 20 автоэкипаж тұрғындар тыныштығын күзетеді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында былтырдан бастап екі жерге стационарлы-модульді полиция постары орнатылды.

– Бізде жол апаты көп тіркеледі. Оның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр ма?

– Оныңыз рас, жол апатының алдын алу мәселесі бүгінде өзекті болып отыр. Заңға құлақ аспайтын жүргізушілердің кесірінен қаншама адам зардап шегіп, қаншама отбасы қара жамылды. Десек те, осындай жол-көлік оқиғаларын күнделікті өмірде көріп жүрсе де, «жүгенсіз жүргізушілер» жол ережесін сақтамайды. Біз олармен күресті жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері ауданымызда «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус» жедел-профилактикалық шаралары өткізілді. Одан бөлек, жол апатына себепші болатын ережелерді өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында апта сайын рейд жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 5 айында патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан көлік жүргізушілеріне 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Осыдан-ақ жүргізушілердің мәдениетін қай деңгейде екенін аңғаруға болады.

Полиция басқармасы жүргізген сараптамаға сәйкес, жол-көлік оқиғалары негізінен жүргізушілердің көлік жылдамдығын шамадан тыс арттыруынан, жаяу жүргіншілерге жол бермеуінен, жол қиылысындағы қозғалыс ережелерін сақтамауынан және жаяу жүргіншілердің жолдың белгіленбеген тұсынан өтуінен орын алады.

– Жаяу жүргіншілердің қатарында мектеп оқушылары да бар емес пе?

– Әрине. Қазір жаз мезгілі басталды. Ата-аналар балалардың жолдан өту ережелерін сақтауын қатаң қадағалауы тиіс. Бұл бағытта да полиция насихат жұмыстарын жүргізуде. Ювеналды полиция және патрульдік полиция бірлесіп, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептердің жанындағы жаяу жүргінші жолағына балалардың макеттері қойылды.

– Ал жасөспірімдермен жұмыс қалай жүргізілуде?

– Өзіңізге белгілі, полиция басқармасында жасөспірімдердің ісімен айналысатын ювеналды полиция бөлімі бар. Инспекторлар өздеріне бекітілген оқу орындарымен жұмыс істеп, ондағы балалардың құқығын қорғайды, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жұмыстары жиі ұйымдастырылады. Шара барысында полиция қызметкерлері түн мезгілінде үлкендерсіз көшеде жүрген, көңіл көтеру орындарына барған жасөспірімдерді анықтап, ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса, ескерту жасалып, аталған жағдай қайталанса айыппұл салады. Сондай-ақ рейд барысында кәмелеттік жасқа толмағандарға алкагольдік ішімдіктер темекі өнімдерін сатқан сауда орындары анықталады.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 52 жасөспірім профилактикалық есепте тұр.

– Полиция басқармасының материалдықтехникалық базасына тоқталып өтсеңіз.

– Заман дамыған сайын, құқықбұзушылардың да айла-әдістері жетіле түседі. Сондықтан олармен күресуде заман талабына сай жасақталған полиция қызметкері жетекші рөл атқарады. Тәртіп сақшылары қызметтік көліктермен, планшетпен және арнайы құрылғылармен жабдықталған. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын оңтайландыру мақсатында учаскелік пунктпен жапсарласа салынған қызметтік үйлер пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар әлі де жүзеге асуда.

– Тұрғындар тыныштығын күзетуде учаскелік полиция инспекторлары жетекші рөл атқарады. Бұдан бөлек, оларға қандай жағдай жасалуда?

– Материалдық жағдайдың жақсаруы жұмыс сапасының артуына, қызметкердің жемқорлық әрекеттерін жасамауға жол ашатыны баршамызға мәлім. Осы орайда, учаскелік полиция инспекторлары назардан тыс қалған жоқ. 2019 жылы олардың жалақысы 25 пайызға артты. Биылғы жылдан бастап көмекшілерінің жалақысы 30 пайызға көтерілді. Келер жылы учаскелік полиция инспекторларының айлығы тағы 30 пайызға өссе, көмекшілерінің жалақысына 7 пайыз қосылады. Одан бөлек, өткен жылдың шілде айынан бастап тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төленеді.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Тілдескен Сардарбек НҰРАДИН

 

С 22 по 24 июня при поддержке Министерства культуры и спорта Республики Казахстан на территории Алматинской области и города Алматы состоится II Республиканский фестиваль искусств «Сәлем, Елорда!».

Координатором проекта выступит «Республиканский центр концертно-гастрольной деятельности» при Государственной концертной организации «Казахконцерт».

Республиканский фестиваль искусств «Сәлем, Елорда!», объединяющий лучших исполнителей со всех регионов страны впервые стартовал в прошлом году в городе Нур-Султан. В этом году проект планируется провести в Алматинской, Акмолинской, Западно-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областях.

Фестиваль проводится в качестве дней культуры и искусства регионов и городов республиканского значения. Его главной целью является широкое продвижение художественных и культурных достижений регионов, а также  популяризация лучших исполнителей. Кроме того, в рамках программы «Руханижаңғыру» будут не только прославлены национальные ценности, но и охвачены такие значимые события как 30-летие Независимости и 175-летие Жамбыла Жабаева.

Трехдневный парад искусств начнется с возложения цветов к памятнику Жамбылу Жабаеву в Жамбылском районе в Алматинской области, после чего состоится очередная встреча руководителей областных филармоний и концертных организаций в Доме культуры в селе Узынагаш.

В рамках проекта планируется проведение специальных мастер-классов и семинар-тренингов для руководителей и специалистов учреждений культуры регионов, а также встречи на различные темы. 24 июня в 11.00 в конференц-зале Национальной библиотеки РК состоится большое собрание с участием руководителей отделов культуры, архивов и документации всех регионов, директоров центров развития народного творчества, филармоний и концертных организаций.

Фестиваль состоится 24 июня в 17:00 в Большом концертном зале Казахской государственной филармонии им.Жамбыла. В нем примут участие звёзды казахстанской эстрады, творческие коллективы и артисты области.

 

По всем вопросам обращаться:

+7 747 610 7523 ЕржанАлданазаров;

+7 701 627 4237 ГульназАсан.

22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалі өтеді.

Жобаны «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы» жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» үйлестіруде.

Еліміздің барлық өңірінің үздік орындаушыларын жұмылдыратын «Сәлем, Елорда!» республикалық өнер фестивалібылтыр Нұр-Сұлтан қаласында бастау алып, биыл Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланған.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өнері мен мәдениеті күндері үлгісіндегі  ұйымдастырылған бұл фестивальдің мақсаты - өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу.Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел Тәуелсіздігінің 30 және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы секілді биыл республикалық маңызы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамту.

Үш күнге созылатын фестивальдің іс-шаралары Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталып, Ұзынағаш елді-мекені мәдениет үйінде өңірлік филармониялар мен концерт ұйымдары басшыларының кезекті көшпелі отырысымен жалғасады.

Фестиваль аясында өңірлердің мәдениет мекемелерінің мамандары үшін арнайы шеберлік сағаттары мен семинар-тренингтер, баспасөз-конференциясын, түрлі тақырыптарда кездесулер өткізу жоспарланған.

Фестиваль жоспарына сәйкес, 24 маусымда Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшыларының, өңірлік Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының, филармониялар мен концерт ұйымдар директорларының қатысуымен Мәдениет және спорт министрлігінің мәжілісі өтеді.

Фестиваль 24 маусым сағат 17:00-де Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ғимаратында аталған мекеменің концерт ұжымдары мен өңірлік әртістердің, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалінің концертімен қорытындыланады. Атап айтқанда, Абай атындағы мемлекеттік театрда, Ғ. Мүсірепов ат. балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік театрында, М.Әуезов ат. Қазақ Ұлттық драма театрында, ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Шеберлік сағаттарын танымал режиссерлер, өнер қайраткерлері, практик мамандар өткізеді.

Фестивальдің іс-шаралар жоспары қоса ұсынылады.

Барлық сұрақ бойынша «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығының» (+77172) 705-286, 705-288, 87476107523, 87055495077, байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет

орталығының баспасөз қызметі

Теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан Жетісудың лағыл маржаны, бар қазақтың мақтанышы. Қырлы ландшфаттары мен өзен-көлдері, көзтартарлық тау шатқалдары, Солтүстік Тянь-Шань тауларының алқасы болған Көлсай көлінің көрікін кіргізіп тұр.  Аспанмен таласқан таулардың ортасында орын тепкен әсем көл «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғауында. 

   Аталған аймақтағы өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі келуші жұрттың таным-түйсігінің өріс алуына ықпал етпек.  Ұлттық парк аумағында тірі жанның қолы тимеген табиғаттың құрамдас бөлігі кездеседі. Бұл адамзат баласына тәңірдің тарту еткен сыйы дерсіз. 

   Жан рахаты саналған мекенде шетен, барбарис, ит мұрын, таңқурай, жалбыз, қылқан жапырақ өседі. Құзар шыңы көкке жетіп тұрған таулы өлкеде үнемі нұр жауып, жоғарыда аталған өсімдіктердің жайнап тұруына өз септігін тигізеді десек артық айтқандық емес.  Көлсай көлдеріндегі 230-ға жуық жан-жануар, әсем үнімен естір құлақты елең еткізер орман құстарының 197 түрі ұлттық парктің баға жетпес асылы, һәм жәдігері.  Сондай-ақ, қар барысы мен жәндіктердің 700-ден астам түрін дәл осы өлкеден кездестіруге болады. 

   Аталған Көлсай өзені аумағында Жоғары, Ортаңғы  және Төменгі Көлсай деп аталатын 3 көл бар. Жоғары Көлсай көлі теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 580 метр, көлдің жалпы аумағы 180 мың шаршы метр. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2280 метр биіктікте орналасса, ұзындығы 1180 метрге дейін жетеді. Көл аумағы 343 мың шаршы метрді құрайды. Көлсайға барған кезде бірден көз жауын алатын Төменгі Көлсай теңіз деңгейінен 1800 метр жоғары орналасқан. Көлдің жалпы аумағы 33 мың шаршы метр, тереңдігі 75 метр.

   Бүгінгі таңда, Көлсайдың төңірегінде экотуризм дамып келе жатыр. Сәйкесінше, жанардың қарашығына сыймайтын сұлулықты көрмекке келетін туристер саныда жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.   «Көлсай көлдері» мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі» республикалық ММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Сағыныш Әзімовтың ақпарына сүйенсек, 2019 жылы 87 мың адам көлдің көркемдігін өз көзімен көруге келсе, 2020 жылы пандемия жағдайына қарамастан 83 153 жан жақұт жерге табан тіреген. 

  «Биылғы жылы маусымның жаңадан басталғанына қарамастан Көлсай көлдері 46 мың келушіні қабылдап үлгерді. Өткен жылы 53 шет ел азаматы осы өңірге ат басын бұрса, биыл бұл көрсеткіш 70-ке жетіп отыр. Қазіргі кезде Көлсай көлдеренің өзінде қызықтап келген азаматтарға арнап бағытты екіге бөлгелі отырмыз. Ол атпен және жаяу жүру. Бұны бас жоспарға енгіземіз»,-деп атап өтті Сағыныш Әзімов. 

   Жалпы Ұлттық парк аумағында 7 туристік бағыт бар. Оның екеуі  жоғары сұранысқа ие. Біріншісі, Сарыбұлақ асуындағы Төменгі Көлсай көлі, екіншісі Қайыңды көлі.

  Қазақстанның оңтүстік асатанасынан 280 шақырым жердегі көл, таңдай қағып, бас шайқауға тұрарлық аймақ. Шекара асып көңіл қошын табатын орын іздеудің қажеті жоқ. Жаратылысы тым ерек көлдің өзіне тән маңғаздығы маужыраған жанды жадыратады. 1991 жылы жер сілкінісінен пайда болған көл туристер жиі келетін, баурайы жасыл желекке оранған көркем мекенге айналды. 

   Аталмыш маңда жадыраған жаз мезгілінде адам қарасы үзілмейді. Алыс-жақын шет елдерден бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамдар жетерлік. 

   Соның бірі, Кереку жерінен келген Тұрлыбековтар отбасы. Олар тұмса табиғатты өз көздерімен қызықтау үшін ат арлытып, 1700 шақырымды артқа тастап, бір тәуліктен аса жол жүріп, Алматы облысыдағы жердегі жұмақ, сұлулықтың қайнар көзі саналған Қайыңдыға арнайы келген. 

   «Телеарналардан көрсеткенде өзге мемлекетте орналасқан шығар деп ойлап жүргенбіз. Кейін Алматы облысында екенін білдік. Шынын айту керек, таңданысымды жасыра алмадым естіген сәтте. Осы өлкенің топырағын басу биылғы жылға бұйырыпты. Отбасымызбен демалысты пайдаланып, Павлодар облысынан  келіп қалдық. Ерекше сезімге бөленіп жатырмыз. Рухани кемелденіп, ішкі ойды тазартып, әлде бір жеңілдікті сезінудеміз. Жалпы табиғатпен өзара үндестік табу сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Барша отандастарымыз туған еліміздің сұлу, алтынға пара-пар демалыс орындарын көріп, ішкі туризмнің дамуына үлес қоссақ нұр-үстіне нұр болар еді. Еліміз көркейіп, алты алаштың аспанындағы шоқ жұлдызы іспетті мекендеріміз гүлдене берсін»,-деп боямасыз әсерін жеткізді отағасы Дидар Тұрлыбеков. 

   2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлінің сел тасқынымен шайылып кетуінің әсерінен көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген.

Бұл туристік аймақтың басты мәселесіне айналып отыр. Мамандар алдағы таңда аталған түйіткілдің шешімі табады деп сендіруде. Соған қарамастан, бос уақыттарын табиғат аясында өткізгісі келетіндердің саны артуда. Бұл өз кезегінде отандық туризмнің алға басуына мұрындық болмақ. Өңір өркендесін, ел дамысын. Тәңірі тәлейіне жазған, ұлы даланы қазынасы ұлттық парктің қарауында қайта жандасын деген ниет қана біздегі.

Іле Алатауының бөктері, Текес пен Құтырған өзендерінің түйіскен жері - Алматы облысындағы таңғажайып мекеннің бірі. Ресми атауы - «Сафари Тау Шелек» демалыс аймағы.
Атауы естіген құлақты елең еткізерлік. Жабайы табиғатты жаны сүйетін жандар үшін таптырмас мекен Райымбек ауданында орналасқан. Жеке аудан мәртебесін алған өңірдің келбеті 3 жыл ішінде айтарлықтай өзгерген. Оның ішінде өлкенің ішкі туризмін ерекше атап өткен жөн.
Аудан таулы аймақ болғандықтан туризмді дамытуға қолайлы. Бұл маңда 5 демалыс орны нақты жұмыс жасап жатыр. Олар: «Сафари Тау Шелек» ЖШС, «Қарасай» жайлауы, «Үшқақбақ», «Шоған сай», «Ақкөл». Осылардың қатарында өзгеден дараланып тұрған, туристердің қызығушылығын тудырып отырған орын - «Сафари Тау Шелек».
2018 жылдан бастап жұмысын бастаған демалыс орны енді ғана аяғынан тұрып келе жатыр. Тау шатқалдары қоршаған мекеннің тұмса табиғаты таңқаларлық. Деседе, бұл маңды туристер келетін орынға айналдыру оңайға соқпаған.
Жер телімін рәсімдеу, Сафариға апаратын жолды жөндеу, 12, 8, 6 қанатты қазақ үйлерді орнату тілге жеңіл болғанымен іс жүзінде бір атанға артар жүкке тең еді. Туған топырақтың төсінде маңдай терім қалсын дегендер белсене кірісті, нәтижесінде мәселенің түйінін тарқатты.
Алғашқыда, аса танымалдыққа ие боламыз деген ой азаматтарда болмаған. Әлем желіде тараған ақпараттың арқасында кәсіптің тасы бір сәтте өрге домалай түскен. Демалыс аумағында ақ шаңқан қазақ үйлер тігілген, екі қабатты тұрғын үйде салынған. Барлығы келушілердің көңілін табуға бағытталған.


Сондай-ақ, бұл маңда «Күркілдек» сарқырамасы бар. 10 метр биіктіктен құлап ағатын ағын судың арыны қатты. Тау шатқалында орналасқан жерге көлікпен және атпен жетуге болады. Таңдау келушілердің өз қалауында. «Сафари Тау Шелекте» этноауыл, интераңшылық, атпен және жаяу серуендеу жолға қойылған.
«Осы жер менің аталарымның табаны тиген мекен. Меніңде балалық шағым осында өтті. Этонауыл ашып, туристерді шақырып, неге қонақ күтпеске деген ой келді. Сол арманды жүзеге асырдық. Орта есеппен мұнда аптасына 25-30 көлік келеді. Сонда 100 адамнан асады келушілер саны.Әлі де маңайымызды кеңітіп, жатар орындардың санын көбейту жоспарланған. Алдағы уақытта 6,8 қанатты қазақ үйлер әр апта сайын алып келінеді деп күтіп отырмыз»,-дейді «Сафари Тау Шелек» ЖШС директоры Азат Саматұлы.
Демалыс аймағының басшысының сөзіне сүйенсек, ендігіде 50 бас қодас Қырғызстаннан алып келінбек. Қазіргі кезде олардың күтімі, өсіру тәсілі, жерсіндіруіне қатысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр екен. Демек, алдағы 2 жылда Қырғызстан мен Тибетте мекен ететін жануарды Іле Алатауының бөктерінен көруге мүмкіндік тумақ. Азат Саматұлының айтуынша, қодастардың санын 2000-3000-ға дейін жеткізу көзделген.

«Сафари Тау Шелек» Райымбек ауданының орталығына 80 шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі таңда аталған орынға жеткізер жолдың сапасын жақсарту жұмыстары бойынша жоспарлар қарастырылуда. Жеке кәсіпкерлер мен әкімшіліктің бірлескен қызметінің нәтижесінде көркем өлкеге қатынар жолдың жайы жақсарады»,- дейді Райымбек ауданы әкімдігі ММ кәсіпкерлер бөлімінің басышысы Абылай Бақытжан.

Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары білім алып жатқандар үшін жақсы жаңалық бар. Жаңа оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының санын ұлғайтып, стипендия көлемін арттырып жатыр.
2021-2022 оқу жылында гранттардың саны 5000-ға артады. Жаңа оқу жылынан студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады, енді олар 31 мың теңгеден артық алатын болады. Ал, магистранттар мен докторанттар үшін стипендия көлемі 15%-ға жоғарылайды. Яғни, магистранттар 76 мың теңгеден артық, ал докторанттар 172 мың теңгеден астам шәкіртақы алады.
 

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Алматы облысының туризм басқармасымен және Қазақстандық туризм қауымдастығымен бірлесіп «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қонақ үйлердің иелері үшін алғашқы тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар тренингтердің арқасында үш күн ішінде қазақстандық туроператорлар мен қонақ үйлердің иелері тамақтандыруды ұйымдастыру, қолөнершілік және туризмнің тұрақты дамуы туралы көп мәлімет алды.

«Қазақстан биыл CBT туризмінің бағыты ретінде Lonely Planet ірі халықаралық жолкөрсеткішінің үздік дестинациялары тізіміне енді. Яғни, біздің елімізде, дәлірек айтсақ, Көлсай мен Алматы облысының басқа бөліктерінде әлемдегі ең жақсы қонақ үйлері бар», - дейді Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Қазіргі шындықты ескере отырып, экотуризм бүкіл әлемде туризмнің басым түріне айналды, ол әлемдік ағынның 30%-ын құрайды. Қазақстанда экотуристер үлесінің ұлғаюына ұқсас үрдіс байқалады. Барлық ішкі туристік ағынның шамамен 20% - ы ұлттық парктерге тиесілі.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлының айтуынша, "Көлсай көлдері" ұлттық паркі, атап айтқанда Саты, бұл жергілікті халықтың туристерден экономикалық, әлеуметтік және өзге де нақты пайда ала отырып, туризмді дамытуға қалай тартылуы мүмкін екендігінің айқын мысалы. Біз туризмнің осы түрін танымал етуге ұмтыламыз.

Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын Саты ауылында барлығы 53 қонақ үй жұмыс істеді, ал қазір олардың саны 81-ге жетті. Қонақ үйлер саны да өсуде, егер 2019 жылы мұнда 8 нысан болса, биыл 29 қонақ үй жұмыс істейді.

Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы Kolsay CBT Workshop аясында осы кентте 23 нөмірлі 30-шы қонақ үйдің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар, қайта құру мен кеңейтуден кейін 160 орындық эко-қонақ үй ашылды.

«Алматы облысы елімізде экотуризмді дамыту бойынша, соның ішінде қонақ үйлер саны бойынша көшбасшы болды. Бұл көп жылғы еңбектің, жергілікті халықты үздіксіз оқытудың және өңірдің ойластырылған стратегиясының нәтижесі. Қабылданған қолдау шаралары біздің саланы жаңа сапалы деңгейге шығаруға көмектеседі», - деп атап өтті Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет