Алматы облысында коронавирус індетін жұқтырғандар санының азаюына байланысты медициналық мекемелерде инфекциялық стационарлардағы төсек саны 50 пайызға қысқарды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы Ниязбековтың айтуынша, вакцина салдырушылар қатарының артуы індетттің алдын алуға септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар басқарма басшысы тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарып отырғанын жеткізді.
- Облыстағы инфекциялық стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты төсек саны 4795-тен 2460-қа дейін, реанимациялық төсек саны 410-нан 256-ға дейін қысқартылды. Бүгінгі күннен бастап Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана штаттық режимдегі жұмысына қайта кірісті. Осы уақытқа дейін облыстық аурухана тек коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды ғана қабылдайтын инфекциялық аурухана ретінде жұмыс істеп келген болатын. 7 маусымнан бастап ауруханадағы неврология, урология, хирургия, нейрохирургия, терапия, офтальмология, гематология, эндокринология, нейрохирургия, травматология сияқты бөлімшелер науқастарды қабылдауға толықтай дайын, - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.
7 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 26 448 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 16 582. Соңғы тәулікте КВИ 54 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 28 симптомдық және 26 симптомсыз жағдай. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан (24.05-30.05) 0,2% - ға дейін (31.05-06.06) азайды.
КВИ анықталған 54 жағдайдың 13-і - 14 жасқа дейінгі балалар.
7 маусымдағы мәлімет бойынша 25 324 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 21 пациент шығарылды, 9 адам үй оқшаулауынан шықты.

Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқарады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Жақында аудан әкімі  Әлібек Жақанбаев өңіріміздегі балық шаруашылығын негіз еткен бірнеше кәсіпкерлік нысандарына барды.

Аудан әкім Әлібек Жақанбаев, орынбасары Бауыржан Бименов Көлді ауылындағы «Халық Балық» ЖШС-не барып, ондағы балық шаруашылығының тыныс-тіршілігмен танысты. «Халық Балық» ЖШС-і 1962 жылы құрылған Қазақстандағы ең ірі балық өсіру нысандарының бірі. Кеңес кезінде аталған шаруашылықта жылына 1500 тонна балық ауланған. Соңғы жылдары басшылары жиі ауысуына байланысты шараушылығы тұралап қалған балық өсіру кешені өткен жылдың қараша айында кәсіпкер Бекежан Дәуренқұловтың меншігіне өтіпті. Ал қазір шаруашылығы шатқаяқтаған кешеннің тамырына қайта қан жүгіртуге қарекет жасалып жатыр. Бүгінде 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған «Халық Балық» ЖШС-де сазан, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, құбылмалы бахтах, бекіре  (сібір бекіресі, орыс бекіресі, сүйрік, бестер, ролик) сынды балық түрлері өсірілуде. Аталған шаруашылық алда  тауарлы балықты 1000 тоннаға, құбылмалы бахтахты (форель)  100 тоннаға, ал бекірені 100 тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қоса балық кешенінде қазір 3 млн 25-30 грамдық жазғы шабақтар өсірілуде.        

Шаруашылық иелерінің айтуынша, алда мұнда студенттер мен жас мамандар балық өндірісі саласындағы тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін база құрылып, балық аулаушыларға арналған инфрақұрылымы бар үлкен туристік кешен бой көтермек. Балық өсіру нысанындағы қолға алынып жатқан игі жобаларды көзбен көрген Әлібек Әскербекұлы «Халық Балық» ЖШС-нің жоғары өндірістік деңгейдегі толық циклі бар балық өсіру шаруашылығын дамыту мақсатындағы тың бастамаларына сәттілік тіледі.

Жұмыс сапарының кезекті күн тәртібінде аудан әкімі «Алма-Атинские яблоки» ЖШС-не қарасты алма бағына ат басын бұрды. Аталған компания Әймен ауылындағы 130 гектар аумаққа алма ағашын отырғызыпты. Бүгінде тамшылатып суару технологиясы енгізілген алма баққа Голден Делишес, Гала, Фуджи, Айдаред, Джонатан сынды сегіз сорттағы алма ағаштары егіліп, оны баптауға білікті мамандар жұмылдырылыпты. Жұмыс сапарында Әлібек Әскербекұлы «Алтын Есік» серіктестігінің түйеқұс фермасына да аялдады. Кезінде 320 млн теңге инвестиция салынған фермада 40 түйеқұс бар болса, бүгінде оның саны 50-ден асыпты. Шаруашылықта 70-ке жуық адам жұмыс істейді. Ферма басшысының сөзіне сүйенсек, елімізде сирек кездесетін құстарды көру үшін елімізден, сондай-ақ, алыс-жақын шетелден қонақтар жиі келеді. Түйеқұстарды тамашалап қана қоймай, әсем табиғатымызға тамсанып, демалып кетеді екен.

Ауданымыздағы тағы бір балық өсіретін маңызды кешен - Есік көліне көтерілетін тұста орналасқан «Гидросервис» ЖШС-нің жанынан ашылған «Алтын Есік» форель шаруашылығы. Бүгінде аталған кешенде  заманауи технологиямен патша балықтары өсірілуде. Онда айына 20 тоннаға жуық өнім өндіріліп, Қазақстанның барлық аумақтарымен қоса шетелдерге де экспортталады. Кәсіпкер Бекежан Дәуренқұловқа тиесілі шаруашылық нысандарының жағдайына қаныққан аудан әкімі өңірдің экономикалық әлеуеттін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті. Сонымен қоса кәсіпкерді әлеуметтік салалардың серпілуіне дем беруге шақырды. Әлібек  Әскербекұлы өңірімізде кәсіпкерлікті дамытуға бар мүмкіндіктер жасалғанын, қашан да кәсіпкерлерді әкімдік тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

 

Ерзат АСЫЛ

 

Рыцарлық немесе бекзадалық, жалпы, мәрттік мінез-құлық көрсету ұлы дала төсінде ежелден-ақ қалыптасқан. Дегенмен, осы тұрғыдан алғанда ел басына күн туып, ерлері етігімен су кешкен тұста осындай сирек кездесетін қасиеттердің құны тіптен арта түспек. Қазақ тарихынының қаралы тұсы болып есептелетін «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдарында ерекше ерлігімен көзге түскен, ел арасында аты аңызға айналған Әжібай батыр Найманбайұлы туралы сөз болмақ.

XVIII ғасырдағы әлем тарихы халықтары дамудың түрлі сатысында өмір сүріп жатты. Еуропада Францияның ықпалы күшті болса, Ұлы дала елінің батысында бір жағынан орыс патшалығы жайылымдық жерлерді тарылта түссе, екінші жағынан шығысындағы Цин империясының тарапынан қысым көрсетіле бастаған еді. Қазақ хандығын Цин  империясы «Іленің батысындағы – ұлы ел» деп сипаттаған. Циндіктер қазақ хандығын ірі ел деп есептеп, оны үш санатқа таратып қараған. Олар қазақтарды географиялық және әкімшілік жүйесі бойынша «оң қанат қазақтары  (Ұлы жүз)», «сол қанат қазақтары (Орта жүз)» және  «Батыс бөліктегі қазақтар» (Кіші жүз) деп бөлген. (Нәбижан Мұхамедқанұлы Ізденіс: Тарих және замана Алматы 2014, 8-б.).

Сонымен қатар көршілес Қытайдың өктемдігімен қоса қазақтарға тікелей қысымшылық көрсеткен жоңғарлардың ықпалы ерекше болды. Дегенмен, жоңғарлар Цин империясына тәуелді болғандықтан екеуі бірдей Ұлы даланың байырғы ұрпақтарына бірлесе қауіп төндірді.

Ал қазақ тарихшысы К.Ш. Хафизованың 1972 жылы тұңғыш жарық көрген «ХVIII ғасырдың орта шеніндегі Орта Азияның кейбір халықаралық мәселелері» атты мақаласы осы мәселеге алғаш назар аударуымен ерекшеленді (К.Ш.Хафизова Некоторые вопросы международных отношений в Центральной Азии в середине XVIII века – Общество и государство в Китае. Тезисы и доклады третьей научной конференции. Москва, 1972.).

Осы кезеңге тарихшы В.А. Моисеев «Жоңғар хандығы және қазақтар XVII-XVIII ғасырларда» атты зерттеу еңбегін арнап Ұлы даладағы болған тарихи оқиғаның аса күрделі саяси қарым-қатынас болғанына ерекше көңіл бөліп, мүмкіндігінше жан-жақты зерттеуге тырысқан (Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII - XVIII вв. Алматы, 1991.).

Сонымен қатар осы мәселені зерттеген В.С.Кузнецов, Б.П.Гуревич, Н.А. Алдабек еңбектерінде XVIII ғасырдың ерекшеліктерін байқауға болады (Кузнецов В.С. Казахско-китайские торговые отношения в конце XVIII веке (по китайским источникам). Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана. Алма-Ата, 1962; Б.П.Гуревич Международные отношения в Центральной Азии в XVII первой половине ХIХ вв.; Н.А. Алдабек Россия и Китай: Торгово- экономические связи в Центрально-Азиатском регионе в XVII-ХIХ вв. Алматы, 2003. ).

Ұлы даладағы көптеген халықтармен бірге қазақ ұлты да осы кезеңде өзінің бытыраңқылық жағдайын басынан кешіріп жатты. Осы тұрғыдан алғанда XVIII ғасырдағы қиын жағдай қазақ ұлтының басын біріктіріп, ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы прогрессивті күреске әкелді. Бүтіндей бір халықты бірегейлікке әкелудің алғышарттары мен негізгі себептері объективті өмірден туындады. Оларды атап айтар болсақ, жан-жақтан анталаған жаудың тарапынан тынбай жүргізілген тұтқиылдан жасалған шабуыл соғыстар, барымталар нәтижесіндегі аштық, басқын-шылық қорлықтар мен азаптаулар болды. Бұл кезең қазақ ұлтының арасынан шыққан, әсіресе, тұлға дәрежесіне көтерілген азаматтар үшін сыналатын сындарлы мезгіл болды. 

Географиялық жағынан алғанда Ұлы даланың Жетісу деп аталатын жері күн шығысында Синьцзянмен шектесіп  Цин империясының  кіреберіс қақпасы іспеттес еді. Қытайшадан аударса, жаратқанның аймағы болып шығады екен. Бұл аймақ сол кездері Жоңғар хандығымен кескілескен ұрыс даласына айналды. Жетісудің жерұйығы Таушелек пен Жалаңашта, Ағанас пен Арысхан сияқты жоңғарлар емін-еркін тұрмыс кешсе, Алматыдан аса қашық емес жердегі қаланың күншығысындағы Түргенде Қорын өз билігін жүргізген еді.

1697 жылы Жоңғар билігінің басына Сенге ханның ұлы Цеван Рабдан келеді. Ол ағасы Галдан өлгеннен кейін таққа отырады. Ол Цин империясымен ашық қақтығыстан бас тартып, Жоңғар хандығын нығайтуға күш салды.Тянь-Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай өңірін және Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап алды (И.Я.Златкин, История Джунгарского ханства (1635-1758), Москва, 1964.). Осы тұста қазақтар қоныстанған кең далаға жорықтар жиілей түседі. Осы жорықтар сайын даладағы қазақтарды ширата түседі.

Алғаш рет қазақтарды біктіруге шақырған 1710 жылы Қарақұмда жоңғарларға қарсы біртұтас әскер құру туралы Құрылтай өтеді. 1718 жылы Аягөз шайқасы өтеді, қазақтар бірсыпыра жеңіске жетеді. Ал 1722 жылғы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Қытай мен Жоңғар арасындағы қатынас өзгерді. Міне, осы уақыттан бастап жоңғарлар барлық әскери күшін Ұлы далаға қарай бағыттайды. Келесі жылы олар сайын даланың қапасында тұрған қазақ жеріне баса көктеп кіреді.

Осындай ел басына күн туған қиын-қыстау жағдайлар  ұлттың біртуар жеке тұлғаларын тарих сахнасына шығарып, кейде біртұтас халықты ширықтырып жаңа бір сапаға көтерері анық. Осы өңірде аттары халық санасында сақталған Хангелді, Райымбек, Малай, Қасқары, Қарасай, Наурызбай, Өтеген, Жанай, Елтінді, Сатай, Аралбай, Есімбек, Шағаман, Қараш батырлар болды. Жетісу жерін негізінен мекендеп жатқан Албан  тайпасының бір руының  ұранына айналған Әжібай батырдың да тарих сахнасына шыққан кезеңі осы мезгілге тап болды.

Әжібай Найманбайұлы 1699-1778 жылдар аралығында өмір сүрген. Туған жері қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы, Таутүрген ауылының маңы. Өмір сүрген кезеңіне көз жүгіртсек, тарихи деректер мен аңыз әңгіме, әфсаналар оның  Өтеген батырмен жастары шамалас, сыйлас, сырлас, қимас дос, достықтың арты сүйек үзілмес құдалыққа ұласқанын байқау қиын емес. Кейбір деректерде Әжібай Найманбайұлы мен Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) үзеңгілес жүріп соғысқа араласқан. Сондықтан да оның өмірдерегін Өтеген батырмен байланыстырап қараудың қисыны бар. Дегенмен, белгілі тарихшы Кеңес Нұрпейісұлы «Ер Әжібай» кітабының алғысөзінде Әбзейіт Мәлікеұлының жыр-дастанына талдау жасай келе, Әжібай батырдың туған және өмірден озған мезгілі туралы ақиқаты тексерілмеген деректерге сүйенбеуді меңзеп,  «жыр авторы айтқандай Әжібай 1703 жылы қайтыс болғанда Өтеген батыр бар жоғы бес-ақ жастағы бала еді» - деген тұжырым жасайды (Әбзейіт Мәлікеұлы «Ер Әжібай», Алматы, 1997, 24 б.). Яғни, автор тарихи жаңсақтыққа жол бермеу үшін қарапайым логиканы да естен шығармауды ұсынады.

Өтеген 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. Ол 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделі байсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген де аңыз бар. Жамбыл Жабаев: «Қасқара біткен маңдайдан, жан еді қос мүйізді» – деп батырлықтың белгісі ретінде таныған.

Әжібай Найманбайұлы майдан даласында үлкен ерліктер көрсетіп, жекпе-жектерде табысқа жетіп қазақтардың мәртебесін бірнеше рет асырған мәрт тұлға ретінде халықтың жадында қалды. Оның ерекше ерлігі ауыздан ауызға тарап әңгімелерге арқау болып,  әпсаналармен қатар өзіне арнап жыр-дастандар жазылған.

Ол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» жапа шеккен қазақтарды туған елге қайтаруға үлкен еңбек сіңірген. Кейінгі бейбіт өмірде де ел арасында аса беделді болған. Ел арасында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, Әжібай Найманбайұлы Алматы маңы Атамқұлдың ойында (Моловодное) Таутүрген аймағында тоған қаздырып, су шығарып, егіндік ектірген (Қазақ хандығы энциклопедия Тараз, 2015, 51б.).  Таутүргеннен бастап Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылдарына дейін өзі бас-көз болып жүріп (канал) тоған қаздырып, егін егіп, бау-бақша салып, мал өсіруге қолайлы жағдайлар жасаған.

Кейіннен 1821 жылы қоқандықтарға қарсы көтерілісті басқарған Тентек төре атанған Рүстем төре осы Түрген өзенінің бойына келіп бекініс салып, қоқан зекетшілерін қырып, Қарқара жаққа көшіп кеткен (Қазақ хандығы Казахско-русские отношения в  XVII – XVIII веках. Сборник  документы и материалов,  Алма-Ата 1964;  Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений, Т.4., Алма-Ата 1985; Құрбанғали Халид, Тауарих хамса, Алматы,1992.). Тарихи деректер дәлелдеп отырғандай, Әжібай Найманбайұлы негізін қалаған елді мекен аймақта едәуір көзге түсіп, белгілі бола бастаған еді.

Әжібай Найманбайұлының осы кезеңдегі қазақ даласындағы батырлардан айшықтап көрсететін белгілеріне тоқтала кеткенді жөн көреміз.

Біріншіден, достыққа адал болған Өтеген батыр екеуі сол кездегі достықтың символына айналған. Олар өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Екі батырдың  тұлғасы еліміздің батысында 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ара қатынасы сияқты болған. Бір ғасыр бұрын Әжібай Найманбайұлы мен Өтеген Өтеғұлұлы арасындағы қатынас кейіннен Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы арасында да қайталанды десе болады.

Ол өзінің досы Өтеген батырсыз жорыққа шығып, жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда,жоңғарлардың өзі ерлігі мен оның мінезіне тәнті болып, досына да жауына да адал адам екенін түсінген.Батырлығын, мәрттігін бағалап жауының өзі оны тұтқыннан босатқан.

Екіншіден, жауына қанша қатал болса да адамгершілік танытып, өркениет-тіліктің үлгісін көрсеткен. Ол жоңғар батырымен жекпе-жекте  жеңіске жетіп үлкен ерлік көрсетіп қана қоймай, сол жерде мәрттік танытып жеңген  жауына  құрмет көрсетіп, оның денесін жер қойнына тапсырып ас берген. Яғни бекзадалық, рыцарлық мінез танытқан. «Батырға қонақ асы деп бір ат сойып, өзі жерлеп, басына белгі қойған» (Әбзейіт Мәлікеұлы «Ер Әжібай» Алматы 1997, 24 б.).

Ал ендеше, бекзадалық немесе рыцарлық дегеніміз не? Соған қысқаша тоқталайық. Түрлі мәдениетте рыцарлықтың өзіндік ерекшеліктері болды. Рыцарь бастапқыда салт атты шабандоздықты білдірді. Еуропадағы ортағасырлық дворяндық құрметті атақ та болған. Ол жауынгердің моральдық және эстетикалық идеалын дамытты. Крест жорықтарында пайда болған рухани-рыцарлықтың  әсерінен ол тұқым қуалайтын ақсүйектерге айналды. Кейіннен мемлекеттік биліктің күшеюі, жаяу әскердің аттылардан асып түсуі, атыс қаруын ойлап табу және тұрақты әскер құру орта ғасырдың аяғында феодалдық рыцаризмді саяси таптарға айналдырды. Рыцарлардың прототипі белгілі бір дәрежеде ежелгі Римдегі эквиттердің (шабандоздардың) меншігі болып табылады. Алайда Еуропада соғыс жүргізу және қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру тәсілдерінің түбегейлі өзгеруі IV-VII ғасырларда халықтардың ұлы қоныс аударуы барысында шығыстан келген көшпенділердің қысымымен Рим империясының құлауымен байланысты болды. Сармат атқыштарының ауыр қаруы және ғұн типті дәнекерленген болаттан жасалған ұзын түзу қылыш Еуропаның ортағасырлық рыцарларының қару-жарағының айқын прототипі. Ғұндардың басшылығымен Одақ ыдырағаннан кейін дәл осы көшпенділер (ең алдымен, сарматтар мен остроготтар) қоғамның үстем қабатын құрағандықтан, орта ғасырдағы еуропалық рыцарлық мәдениеттің ежелгі мәдениеттен айырмашылығының бастапқы көзі көшпелі мәдениетте көрінуі қисынды. Алайда олардың салыстырмалы түрде аздығына байланысты оның әсерін жергілікті негізімен синтездеу кезінде таратуға ұзақ уақыт қажет болды.

Рыцарлықты немесе бекзадалықты ортағасырлық рыцарларға сәйкес келетін мінез-құлық пен ар-намыс кодексі ретінде де қарастыруға болады. Шын мәнінде, бұл кодекс сирек құрметтелді, бірақ көркем әдебиеттің арқасында галантты рыцардың романтикалық бейнесі бұқаралық санада қалыптасты, ал «рыцарь» сөзі ақырында асыл адамгершілік адамның синониміне айналды. «Рыцарьлар, – деп жазады тарихшы Жан Флори – бұл ең алдымен сарбаздар». Оның пікірінше рыцарлық тек XII ғасырдың аяғында ғана мүлік жағынан қалыптасқан қоғамдық институт немесе әлеуметтік топ болған жоқ (Е. Д.Смирнова Нобилитет как феномен западноевропейского средневековья (историко-историографический аспект) // Истор. фак. БГУ. –  Минск, б. г. – С. 2. ).

Иә, Ұлы даланың төсінде ерекше ерлігімен танылған Әжібай Найманбайұлы шындығында да Крест жорығында батыс христиан әлемі мойындаған мұсылман күрдтердің батыры Саладдин (оған «Шығыстың Рыцарі» – деген атақ берген) сол сияқты қазақтың арасынан шыққан бекзада, рыцарь болғандығына еш күмән жоқ. 

Әжібай батырдың атында Алматы қаласында көшенің аты берілсе, туған өлкесінде бір ауылда (Асысағада) мұсылмандар зиярат ететін мешіттің аты, өзі қаздырған тоғанның басында  ескерткіш қойылып, оның сүйген жарының атында «Әулие Тұмарша ана» бұлағы маңайында да ескерткіш белгі орнатылған.

Ал Әжібай Найманбайұлының сүйегі Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген себепті оның туған жерінде мүрдесі жоқ. Ұранды бабаның рухы Түркістан жерінде орын тепкендігі ұрпағына аманат болып, әкеден балаға беріліп, жыл сайын ауқатты ұрпақтары киелі жерге келіп, батыр бабаларын еске алып, құран оқып, ас беріп тұрған. Оны көне көз қариялар күні бүгінге жалғастырып келеді. Әжібай батыр Найманбайұлының мәйіті Әзірет Сұлтанның жанында екені ұрпақтары үшін үлкен абырой. Оның кейінгі кездегі дәлелі ретінде «Қазақтың рухы жаңғырды» атты мақаланың жарық көруі болды. (Қазақ әдебиеті газеті  № 24 (2602) жұма, 1999, 11-18 маусым). Онда кесенеде сақталған құлпытастардың тізімі берілді. Сол тізімдегі 58 номерде Әжібай батыр деп көрсетілген.Түркістанда Қожа Ахмет жақсылары тізімдемесіндегі әруақтарды қайта жерлеу рәсіміне Әжібай Найманбайұлы ұрпақтарынан құралған делегация арнайы ас беріп, ресми құран оқып қайта жерлеу рәсіміне барып қайтты.

ХVIII ғасырдан бері елін қорғаған батырлар жөнінде ел аузында тараған деректер бойынша, «Өтеген сен су астында қаласың, Райымбек, сен шу астында қаласың, ал Әжібай, сен Түркістанға барасың» – деген тәмсіл сөз ақиқатты меңзейді. Өтеген батыр, шындығында, Қапшағай көлі орналасқан жерде, Райымбек батыр Жібек жолы бойында Алматы орталығында жерленген. Ол туралы тарихи жазба деректер де жоққа шығармайды. (Ә.Ділдебаев Орталық ғылыми кітапхананың сирек қоры, 833-бума. «Өтегеннің қалыңсыз қыз беруі», А.Сейітқызы «Өтеген батыр» Алматы, 1994, 115-117 беттер., Ә.Ділдебаев, Е. Ысмайлов «Ақындар». Алматы, 1946). Ал, Әжібай батыр Найманбайұлына Түркістан топырағы бұйырғанын жоғарыда айттық.

Асыл бабамыздың бүкіл Түркі әлемі құрметтейтіндей жер бетіндегі соңғы мекені киелі жерде орын тебуі оның қазақтың бекзада рыцарлық қасиетін бағалауының белгісі деп білеміз. Ұрпақтары еліктеп өсіп, ел мен жерді қорғауда үлгі боларлықтай осындай хас батырлар туралы  деректерді жастардың санасына сіңіру – бүгінде  қажет-ақ шаруа. Ерен ерлігімен қоса елеулі еңбегімен ел есінде қалған Ер Әжібай Найманбайұлына көрсеті-лер құрмет әлі де алда болмақ.

 

Ж.СИМТИКОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты,

саяси ғылымдарының докторы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Коронавируспен ауыратын қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамау әкімшілік жазаны қарастырады. Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді,  - делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.Сонымен, Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар болып шыққан адамдар оқшаулану ережесін бұзған болып саналады.  Яғни, карантинге түскен науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады,- делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді.

 

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ішкі істер министрлігінің келісімімен, Алматы облысыполиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры С.Кудебаевтың 2021 жылғы 3 маусымдағы №378 ж/қ бұйрығымен полиция полковнигі Алтынбаев Жақсылық Бецкутович Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Жақсылық Алтынбаев осыған дейін аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 10:53

Жалындаған жастар жарады

Өткен аптада «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол – 2021-2025 жылдарға арналған «Жастар – Отанға» бағдарламасын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын бекіту.

Отырысты ашқан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанов: «Ауданымызда 14 пен 29 жас аралығында 70 мыңға жуық жас бар. Сан жағынан алсақ, бұл көрсеткіш бір ауданның халқымен тең. Жастармен жұмыс істеуге үлкен ден қоюымыз керек. Осы орайда біздің «Жастар – Отанға» атты партиялық бағдарламамыздың алар орны ерекше», – деді. Жалпы айтсақ, бұл бағдарлама жастардың өмір салтын дұрыс, әрі қоғамға да, өзіне де пайдалы етіп қалыптастыруға бағытталған.  

Әр жастың қоғам өміріне белсенді араласуы, тұлғалық дамуы, уақытын тиімді пайдалануы, жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстауы және қазіргі күні үлкен мәселеге айналған – деструктивті діни ағымдардан аулақ болуы, жас отбасыларының әлеуметтік мәселелері, баспана мен жұмысқа орналасуы сынды сұрақтарды жан-жақты қамтыған 2021-2025 жылдарға арналған «Жастар – Отанға» бағдарламасының Жол картасын Еңбекшіқазақ ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Мәди Бердібаев таныстырды. Жоспарға енген әр мәселе өзекті, әрі оның шешу жолдары да тиянақты жазылған.

Жастардың талпынысы мен әр мәселені бүге-шігесіне дейін саралай алуы болашақтан көп үміт күттіреді. Мағжан Жұмабаев айтпақшы, «Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, ...Мен жастарға сенемін!»

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

В рамках реализации масштабного инвестиционного проекта по переработке и обогащению вольфрамовых руд в Согетинском сельском округе Енбекшиказахского района начато строительство горно-обогатительной фабрики. Заказчиком является ТОО «Жетысу Вольфрам», который  планирует реализовать данный проект совместно с иностранным инвестором.           

 Срок реализации проекта – 2021-2023 годы.  Общая сумма - 945 млн. 500 тыс. тенге, мощность проекта с переработкой составит 3 млн. 300 тыс. тонн руды в год.                              

Целью данного проекта является изготовление концентрата из руды для дальнейшей реализации на внутреннем и внешних рынках, для усиления качества металлопропродукции при их изготовлении. Данный проект ТОО «Жетысу Вольфрам» планируют реализовать совместно с учредителем «Jiaxin International Resources Investment Limited» (КНР).           

На сегодня реализуется I этап проекта, ведутся подготовительные работы, привлечены 30 человек из числа местных жителей и 2 иностранных специалиста из КНР. Средняя заработная плата рабочих составит около 250 тыс. тенге в месяц.         

В дальнейшем дополнительно будут трудоустроены 175 жителей района и обучены 50 человек по специальностям фабрики.

 

Пресс служба

Енбекшиказахского районного акима

 

Сан-салалы өмірімізде өндірілетін тауарымыз, көрсетілетін қызмет түрлерімен қатар сапаға аса зор назар аударылып, бұл көрсеткішке қатаң талап қойылатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда баспасөз өнімдері – газет-журналдар, кітап шығару саласына қойылатын талаптар ішкі мазмұны, оқырман сұранысына сай болуы, әр тарапты тақырыптарды қамту көрсеткішімен қатар басылымның сыртқы келбеті – дизайны мен көркемделу деңгейі де заман талабына сай болуы керек.

«Еңбекшіқазақ» газеті ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бері аудандық, қалалық газеттердің ішіндегі өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамай үздіксіз шығып келе жатқан басылым. Әрине сол кеңестік жүйенің ықпалынан шығып, өзінің тәуелсіз мемлекетін құру жолындағы еліміздің басынан өткен қиындықтар газет өндірісіне ықпалын тигізбей қоймаған еді. Рубль аймағынан шығып, өз теңгеміз өмірге келгенге дейін 7-8 айлап жалақысыз, баспахана қызметіне төлейтін қаржысыз қалған да жылдар болды. Жаңа нарықтық жағдайға төселе бастағандығымыздың бір айғағы – ҚР Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін облыс көлеміндегі өз саласындағы жеңімпазы атанып, ел астанасының Ақмола қаласына көшіп барған жылы Конгресс-Холда Елбасының қатысуымен өткізілген Кәсіпкерлер форумына жолдама алып, осы жолдар авторы сыйлық алған болатын.

Бүгінгі күндері де әлемдік індеттің кедергілеріне қарамай «Еңбекшіқазақ» газеті басылымының құрылтайшылығымен ғаламтор-интернетте тіркеліп, ақпарат айдынында қызмет көрсетіп отырған mezet.kz желілік басылымының жұмысы 2020 жылдың қорытындысымен газет шығару саласындағы АА категориясы бойынша жоғары бағаланып, «Сапа жұлдызы» белгісіне ие болды (суретте). Бұл аз ғана жетістігіміз редакция ұжымының, газеттің ең басты тапсырыс берушісі – оқырмандарымыздың жеңісі деп білеміз. Іске сәт!

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Қазақстанның құрметті журналисі

Жұма, 04 Маусым 2021 14:59

Праздник во дворе школы

Педагогический коллектив средней школы имени Садыра ,соблюдая все санитарные требования, в день защиты детей традиционно провел школьный праздник.  В связи с распространением коронавируса в старших классах проводились классные часы в онлайн формате.

Школьный двор был украшен цветными шарами и флажками. На спортивной площадке состоялись конкурсы  рисунков, стихов, рисунков на асфальте, спортивные соревнования. Под руководством  акима Саймасайского сельского округа Р.Бакиева и директора школы К.Таирова, благодаря спонсорам  школы по  программе Международного дня защиты детей «Бақытты бала-бақытты ел» прошла  акция «Мейрімділік – балаларға».

Спонсорами праздника выступили: ИП «Бахыт» (Л.Айтбакиева), ИП «Малика» (Б.Садыров), ИП «Гульназ» (Г.Садыкова), ИП «Дильшат» (С.Имиров), овощной магазин З.Бакиева, ИП «Қалайым Ана» (Н.Нуралиев), также З.Режапова, Д.Маметбакиев, Н.Шапошникова, Т.Калиева, Р.Кадырова,

В этот день детям раздавали сладости, напитки, фрукты, мороженое, игрушки. Не остались без внимания дети с ограниченными возможностями, а также учащиеся из многодетных  и  малообеспеченных  семей. Для них развезли по домам подарки со сладостями.

Праздник прошел на высоком уровне. Родители оценили наши старания, выразили благодарность организаторам. Дети были в восторге от полученных эмоций.

 

Г.САПАРОВ,

заместитель директора СШ им.Садыра

по воспитательной работе

Бүгінде «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы  аясында көптеген қордаланған әлеуметтік мәселелер өз шешімін табуда. Елбасының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік жоба халыққа пайдасы мен өміршеңдігін көрсетті.  Биыл да осы жоба шеңберінде облыс көлеміндегі 40-тан астам  әлеуметтік нысан қайта  жаңғырмақ.

Аталған жоба аясында қайта жаңғыратын әлеуметтік нысандардың бірі – Есік қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат. Жақында аталған мектеп-интернатқа «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Рахимов арнайы барды.

Интернат директоры Гүлнар Өтепбергенова оқу орнындағы жатақхана мен кітапхананы, арнаулы кабинеттер мен спорт залдарын көрсетті. Сондай-ақ Гүлнар Тойлыбаева мектеп-интернаттағы шәкірттердің спорттық жетісіктерімен танысып, жарық әлемді көрмесе де, жаны нұрға толы дарынды балалардың өнер туындыларын тамашалады.

Бүгінде оқу ордасында мүлдем көрмейтін және нашар көретін 180-нен астам бала тәрбиеленуде. Балалар оқу құралдарымен, жылы сумен және құнарлы ас мәзірімен қамтылған. Директор Гүлнар Өтепбергенованың сөзінше, қазақ тілінде білім алатын балалардың үлесі басым. Алайда оларға қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдар жетіспейді. Кездесу соңында Гүлнар Қожағұлқызы  партия тарапынан аталған  мектеп-интернатқа  қашан да қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

 

Ерзат АСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет