Жұма, 04 Маусым 2021 11:48

Тәуелсіздік нышанын құрметтей білейік

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Гимн мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Қазіргі Гимніміз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданып, алғаш рет сол жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік пен дербестіктің нышаны. Осы қасиетті құндылықтарымызды әрбір қазақстандық көзінің қарашығындай сақтап, қастерлеуге міндетті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде айтқан болатын: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» – деген еді Елбасы мемлекеттік рәміздерге қатысты сөйлеген сөзінде.

Бүгінде осы мемлекеттік нышандарды өз биігінде қастерлей алып жүрміз бе? Ақпараттық технология қарыштап дамыған қазіргі уақытта жаңалықтар әлеуметтік желі арқылы желдей еседі. Жақында елімізде заң қадағалау мекемесінің мемлекеттік Елтаңбаны қоқысқа тастағаны анықталған еді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, бірі мемлекеттік қызметшілердің бұл әрекетін құптамаса, енді бірі ескірген рәміздерді қоқысқа тастағанда тұрған ештеңе жоқ деген ойда. Алайда, қарапайым азаматтар білмеуі мүмкін, ескірген, жарамсыз күйге түскен мемлекеттік рәміздерді жоюдың тәртібі мен алгоритмі заңмен белгіленген. Қарапайым сөзбен айтқанда, ескірген Туды 5 мм көлемінде кесіп, Елтаңбаны да осы көлемде бөлшектеп, өртейді. Күлді аяқ баспайтын жерге көмеді. Ол үшін мекеме ішінен арнайы комиссия құрылып, процесті бақылайды және акт толтырады. Бұл – мемлекеттік рәміздеріміздің аяқасты болмауына, қоқыста жатпауына септігін тигізеді әрі рәміздерге деген құрметтің белгісі.

Елдігіміздің айғағы, тәуелсіздіктің нышаны болған мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Әсіресе, мемлекеттік мекемелерде рәміздердің дұрыс орналасуы, ұлттық стандартқа сай болуы және тазалығы заңмен қорғалады. Оны аудан әкімінің жанынан құрылған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия қадағалайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын аталған комиссия мүшелері ауданымыздағы барлық мемлекеттік мекемелерді аралап, рәміздердің жай-күйімен танысты. Шыны керек, айға жуық созылған мониторинг нәтижесі комиссия мүшелерін қуанта қоймады. Жыртылған, кірлеген Тулар, тозығы жеткен Елтаңба, ғимарат ішінде ұлттық стандартқа сай келмейтін Гимннің орналасуы – әрбір ауылдық округте бар кемшіліктер. Мемлекеттік рәміздерге деген осындай заңбұзушылықтарды анықтаған комиссия мүшелері тиісті хаттамалар толтырып, олқылықтың орнын толтыруға уақыт берді. Басқасын айтпағанда, рәміздерге деген сый-құрметіміздің осылайша төмендеп кеткендігін көзіміз көріп қайтты. Әрбір мемлекеттік мекемеде бір маманға рәміздердің орналасуын, жай-күйін бақылау, оларды жаңартып, ескіргенін жою міндеттеледі. Соның өзінде жоғарыда аталған кемшіліктерді көріп, көңіліміз көншімеді. Бәріне бірдей топырақ шашудық аулақпыз, әрине. Десек те, мекемелердің басым көпшілігі мемлекеттік рәміздер туралы заңның орындалуына немқұрайды қарайтын секілді.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету тек мекеме қызметкерлеріне ғана тиесілі емес, ол әрбір адамның борышы болып есептеледі. Сондықтан, рәміздердің заңнама аясында қолданылуы мен күтіп ұстауына барша тұрғын жауапты. Ендеше, көк Туымыздың тұғырында желбіреп, Елтаңбамыздың төрде ілініп, Гимніміздің биікте шырқалуына өз үлесімізді қосайық, құрметті оқырман.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1377 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет