Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 16:35

Кәсіпкерлік – өңір экономикасының өзегі

Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқарады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Жақында аудан әкімі  Әлібек Жақанбаев өңіріміздегі балық шаруашылығын негіз еткен бірнеше кәсіпкерлік нысандарына барды.

Аудан әкім Әлібек Жақанбаев, орынбасары Бауыржан Бименов Көлді ауылындағы «Халық Балық» ЖШС-не барып, ондағы балық шаруашылығының тыныс-тіршілігмен танысты. «Халық Балық» ЖШС-і 1962 жылы құрылған Қазақстандағы ең ірі балық өсіру нысандарының бірі. Кеңес кезінде аталған шаруашылықта жылына 1500 тонна балық ауланған. Соңғы жылдары басшылары жиі ауысуына байланысты шараушылығы тұралап қалған балық өсіру кешені өткен жылдың қараша айында кәсіпкер Бекежан Дәуренқұловтың меншігіне өтіпті. Ал қазір шаруашылығы шатқаяқтаған кешеннің тамырына қайта қан жүгіртуге қарекет жасалып жатыр. Бүгінде 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған «Халық Балық» ЖШС-де сазан, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, құбылмалы бахтах, бекіре  (сібір бекіресі, орыс бекіресі, сүйрік, бестер, ролик) сынды балық түрлері өсірілуде. Аталған шаруашылық алда  тауарлы балықты 1000 тоннаға, құбылмалы бахтахты (форель)  100 тоннаға, ал бекірені 100 тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қоса балық кешенінде қазір 3 млн 25-30 грамдық жазғы шабақтар өсірілуде.        

Шаруашылық иелерінің айтуынша, алда мұнда студенттер мен жас мамандар балық өндірісі саласындағы тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін база құрылып, балық аулаушыларға арналған инфрақұрылымы бар үлкен туристік кешен бой көтермек. Балық өсіру нысанындағы қолға алынып жатқан игі жобаларды көзбен көрген Әлібек Әскербекұлы «Халық Балық» ЖШС-нің жоғары өндірістік деңгейдегі толық циклі бар балық өсіру шаруашылығын дамыту мақсатындағы тың бастамаларына сәттілік тіледі.

Жұмыс сапарының кезекті күн тәртібінде аудан әкімі «Алма-Атинские яблоки» ЖШС-не қарасты алма бағына ат басын бұрды. Аталған компания Әймен ауылындағы 130 гектар аумаққа алма ағашын отырғызыпты. Бүгінде тамшылатып суару технологиясы енгізілген алма баққа Голден Делишес, Гала, Фуджи, Айдаред, Джонатан сынды сегіз сорттағы алма ағаштары егіліп, оны баптауға білікті мамандар жұмылдырылыпты. Жұмыс сапарында Әлібек Әскербекұлы «Алтын Есік» серіктестігінің түйеқұс фермасына да аялдады. Кезінде 320 млн теңге инвестиция салынған фермада 40 түйеқұс бар болса, бүгінде оның саны 50-ден асыпты. Шаруашылықта 70-ке жуық адам жұмыс істейді. Ферма басшысының сөзіне сүйенсек, елімізде сирек кездесетін құстарды көру үшін елімізден, сондай-ақ, алыс-жақын шетелден қонақтар жиі келеді. Түйеқұстарды тамашалап қана қоймай, әсем табиғатымызға тамсанып, демалып кетеді екен.

Ауданымыздағы тағы бір балық өсіретін маңызды кешен - Есік көліне көтерілетін тұста орналасқан «Гидросервис» ЖШС-нің жанынан ашылған «Алтын Есік» форель шаруашылығы. Бүгінде аталған кешенде  заманауи технологиямен патша балықтары өсірілуде. Онда айына 20 тоннаға жуық өнім өндіріліп, Қазақстанның барлық аумақтарымен қоса шетелдерге де экспортталады. Кәсіпкер Бекежан Дәуренқұловқа тиесілі шаруашылық нысандарының жағдайына қаныққан аудан әкімі өңірдің экономикалық әлеуеттін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті. Сонымен қоса кәсіпкерді әлеуметтік салалардың серпілуіне дем беруге шақырды. Әлібек  Әскербекұлы өңірімізде кәсіпкерлікті дамытуға бар мүмкіндіктер жасалғанын, қашан да кәсіпкерлерді әкімдік тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 2130 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Баға, қайда барасың? Аяқкиіміңіз қайдан келді? »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет