Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 11:02

Халің қалай, баспасөз?

Бала кезден армандап, қарымды қаламгерлерге қарап бой түзеп, қызығы мен шыжығы мол журналистика саласына енді ғана қадам басқан мен үшін газеттің ішкі жұмысына араласу үлкен бақыт еді. Алғаш келген күні «Тәжірибеден «нормально» өтесің ба, «формально» өтесің ба?» деген сол кездегі бас редактор орынбасары Қайнар Жұмағожаның сұрағына ойланбастан бірінші нұсқаны таңдайтынымды айтқаным есімде. Осылайша, «Нормально тәжірибенің» алғашқы іс-сапары Қырбалтабай ауылдық округінен басталды.

Аталған округтің сол кездегі әкімі Серік Қазымұлымен телефонмен тілдесіп, жолға шықтым. Округке қарасты ауылдардың жағдайымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап, шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерін тыңдадым. Елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндайтын бір беттік мақалам бірнеше өңдеуден кейін ғана жарыққа шықты. Қуанышымда шек жоқ. Ақпараттарды оқырманға дұрыс жеткізе білудің қаншалық маңызды әрі қиын процесс екенін сонда ғана түсіндім. Ақпаратты алу, оны зерттеу, жазу, өңдеу, газет бетіне орналастырып, дизайнын жасау – үлкен еңбек. «Мұның барлығын оқырмандарымыз бағлалап жатыр ма?» деген сұрақ туынауы заңдылық. Бағаламаса 10 мың адам, 10 мың отбасы аудан жаршысына жазылмас еді.

Бұрынғының адамдары баспасөздің жай-күйін Кеңес үкіметімен салыстырып айтса, мен осы саланың қазанында қайнаған күннен бастайын. Жеті жыл. Осы уақыт аралығында не өзгерді? Жеті жыл деген көзді ашып-жұмғанша зыр ететін қас-қағым сәт болса да, сол кездегі баспасөздің беделі мен қазіргінің арасы алшақтап бара жатқандай. 10 мыңға жуық. Міне, сол кездегі «Еңбекшіқазақ» газеті осынша таралыммен оқырманға жол тартатын. Бүгінгідей ақпараттық технологияның дамыған уақытында жаман көрсеткіш емес. Қазір ше?

Бүгінгі таңда халық газет оқудан қалып бара жатқандай. Рас, жедел ақпарат беруден әлеуметтік желілер, интернет басылымдармен бәсекеге түсуге қауқары жетпейтіні сөзсіз. Бірақ, білім көкжиегін кеңейтетін танымдық материалдарды, тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін тарихи мақалаларды, смартфонға байланып, онсыз да сөзге шорқақ балаларымыздың білімін арттырып, тіл байлығын дамытатын әдеби шығармаларды жариялауда баспасөздің басым түсетіні айқын. Газет – тәрбие құралы. Бұрынғылардың айтып кеткен осы сөзін естен шығармаған жөн.

Елімізде карантин шаралары енгізілгелі баспасөзге жазылу мүлдем шатқаяқтап қалғаны жасырын емес. Бұл жайында, Қазақстан Журналистер одағы С.Бердіқұлов атындағы сыйлығының лауреаты Бекен Нұрахметов: «...Өкінішке қарай, кедергі де көп. Оның негізгісі – баспасөзге жазылуды талап еткен басшының әрекетін сыбайлас жемқорлықпен немесе қызмет бабын асыра пайдаланумен байланыстырып, артына ит қосып қуатын әдет те біздің халықта пайда болды. Өзінің жекеменшік басылымы емес, халықтың руханияты үшін күш салған адамның басына қара бұлт үйіру дегенді мүлде түсінбеймін. Бұндай кертартпалықпен қалай көгереміз немесе қалай рухани жаңғырамыз? Керісінше, қазақ баспасөзіне жаны ашыған басшыны біз қазақ руханиятының жанашыры, патриоты деп қабылдауымыз керек емес пе? Сондықтан да ұлт намысын қамшылаған патриот азаматтарды қудалауға салу дұрыс па? Әрине, жоқ» – деген еді. Рас, баспасөзге жазылу науқаны кезінде кедергілер көптеп кездеседі. Қазір газетке жазылу науқаны аяқталды. Нәтижесін көріп, Алаш көсемдері қалың ұйқыда жатқан қазақ халқын оятқан баспасөз бүгінгі ұрпақ үшін маңызы болмай қалған ба деген ойға қаласың.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» – деп Қасым Аманжолов жырлағандай, қазақ баспасөзінің, аудан жаршысының бүгінгі жай-күйін біз айтпағанда, кім айтады? «Страна за теми, кто есть» деген орыс актері Олег Табаковтың сөзі бар. Баспасөз бетін ашпайтын, кітап оқымайтын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі Қазақ жерінің иесі, қорғаушылары. Әлеуметтік желіге байланып, виртуалды әлемде өмір сүретін азаматтардың болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Журналист Есей Жеңісұлы бір сөзінде айтқандай, «Ұстазы – Google, тәрбиешісі – YouTube, досы – әлеуметтік желі» болған бүгінгі ұрпақтың қараңғы көгіне шығып, күн болатын қазақ баспасөзінің мәселесі – қоғам мәселесі екенін естен шығармайық, құрметті оқырман.

 

Сардарбек НҰРАДИН,

бас редактор орынбасары

Оқылды 1111 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет