Дүйсенбі, 28 Маусым 2021 14:42

Сөз құндылығы – сана құндылығы

«Түгел сөздің түбі бір –

Түп атасы Майқы би» –

деп бабаларымыз айтып кеткен қанатты сөзді кім қалай түсінеді деп пікірталас жасап жатудың қажеті болмас. Майқы бидің кім екенін ғалым филологтар, тарихшылар анықтап болып, ортақ пікірге келе алмағаны да белгілі. Ақиқат нәрсе – сөздің құндылығы. Бір ауыз сөзбен қырғын соғысты тоқтатып, бір ауыз әділетті сөзбен жер дауын шешіп, ағайынның арасындағы дүрдараздық отын өшірген бабаларымыздың даналығына қайран қаласың.

Сол сөздің құны, сыпайы айтқанда, төмендеп кетті ме деп қауіптену керек. Бүгінгі сөз бостандығы қолымызға тиген заманда сөзқұмарлар көбейіп кеткенін де көріп отырмыз. Сөзқұмар деген көп қолданыла бермейтін терминді әдейі келтіріп отырмын. Әлеуметтік желілерді ашып қалсаң, неше түрлі шала сауатты посттар мен дөрекі комменттерге тап боласың. Мысал келтіріп уақыттарыңызды алмайын, өздеріңіз де көріп, оқып, сауатсыз сөзге күйініп, сирек кездесетін орынды сөзге сүйініп, разы болатын кездер де баршылық.

Би-батырлардың, суырып салма ақындардың салиқалы сөздері, бір шумақ өлеңге сыйғызған пәлсапалық терең ойлары халқымыздың ауыз әдебиеті түрінде, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, бүгінгі күндері ақпарат құралдарының, кітап-жинақтардың бетіне, электрондық құралдардың да жадына цифрландырып сақталып өркениетіміздің, мәдениетініміздің дамуына қызмет етуде.

Жылына бір айналып келетін ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні оқырманға ұсынып отырған өніміміз, қызметіміз Майқы би бабамыздан жеткен түбі бір түгел сөзден құралған ақпараттың сапасы жайында сөз қозғап өтпекпіз.

«Ақпаратты адам – әлеуетті адам» деген тәмсіл күнделікті өмірімізде мыңдаған мәрте өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Ал ақпаратты ұтымды, ұғынықты сөздермен баспа, ақпарат құралдары, кейінгі кезде электронды ақпарат құралдары таратып отыр. Сол ақпарат алаңында ескі мен жаңа, баяулық пен жеделдік бәсекелесу үстінде. Ескі деп тасқа  басылған сөзді, яғни газет-журналдарды алатын болсақ, оның алдын кес-кестеп әлеуметтік желілердегі ақпараттар оза шауып келеді. Алайда әлемдік деңгейдегі ақпарат тарату алаңын сараптап көрсек, газеттердің таралымы әлемнің дамыған алпауыт елдерінің өзінде төмендемегенін байқаймыз. Әлеуметтік желілердің дамуы бұл мемлекеттерде біздің елімізден оқ бойы озық тұрғаны да шындық.

Баспасөзге жазылу, оны дүңгіршектерден сатып алу (киоскілерді мүлдем жойып жіберген қала, ауылдар саны да басым) мүлдем қысқарғанын мойындау керек. Қуанарлық жағдай емес. Оқырмандардың басым бөлігі әлеуметтік желілерге ауысып кетті деген пікір – жаңсақ  пікір. Сөз басында айтып кеттім – желілердегі кейбір эссе деп, мақала деп қопақардай айдар қойып жарияланған материалдарды оқуға ұяласың, ал комментарийлердің мазмұны ұрыс-керістерді еске түсіреді.

Оқырман тарапынан мақала авторы қара түнекті жаудырып сын айтқанша, бұл кемшіліктерден қалай арылу керек екенін айтпай ма деген іштей қойған сұрағына таңдап, талғап оқып, сөздің бағасын ажыратуға ұмтылу керек дер едім. Бабаларымыздың өсиеттеп кеткен «Сөзді би де, құл да айтады. Бірақ бидің аузы дуалы» деген ұлағатты сөздерін ұмытпайық.

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

«Еңбекшіқазақ» газетінің, mezet.kz желілік басылымының бас редакторы,

Қазақстанның Құрметті журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы

Оқылды 1341 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет