Бейсенбі, 17 Маусым 2021 10:18

Жас кәсіпкер 50 түрлі музыкалық аспап жасайды

Алматы облысында 23 жасар кәсіпкер Абзал Әкімбек музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана ашты. Қолөнер шебері жылына 200-ден астам ұлттық аспап шығарады. Өнімді үлкен қызығушылықпен мәдениет майталмандары, музыкалық мектептер мен мекемелер сатып алуда.
Абзал Әкімбек Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылының тұрғыны. Ол жастайынан ұлттық музыкалық аспаптарға, олардың тарихы мен өндірісіне қызығушылық танытып келді. Мектеп қабырғасынан бастап, әсіресе, жазғы демалыс кезінде музыкалық аспаптар жасау шеберханасында тәжірибе жинақтады. Колледжден кейін ол тағы бір жыл шеберханада жұмыс істеді. Уақыт өте келе үйдің ауласында шағын цех ұйымдастырды. Осылайша жеке хоббиі кәсіпке айнала бастады. 2019 жылы Абзал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті. Сол жылы инновациялық идеясы үшін 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен хоббиімді табысты іске асырдым. Көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгіндім. Көп ұзамай «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2,5 млн теңге грант ұтып алдым. Осы қаражатқа станоктар мен құралдарды сатып алдым. Қазіргі таңда шеберханада менімен бірге тағы үш адам жұмыс істейді», - деді жас кәсіпкер.


Шеберханада Абзал Әкімбек аспаптардың 50 түрін дайындайды. Олардың арасында домбыра, прима домбыра, қобызға қызығушылық жоғары. Сондай-ақ жетіген, дауылпаз, сыбызғы, шертер және басқа да ұлттық аспаптар ерекше танымал. Өнімдерді артистер, өнер мектептері және ірі мәдени мекемелер сатып алады. Сонымен қатар сыйлық ретінде де бұйымдар жақсы өтеді.
«Біз жылына 200-ден астам аспап дайындаймыз. Өндіріс ісінде отандық және шетелдік материалдарды пайдаланамыз. Мысалы, жаңғақ ағашын, шырша, үйеңкі, қызыл ағашты, африкалық тропикалық ағаштарды қолданамыз. Сондықтан сапалы бұйым әзірлеу біз үшін өте маңызды шарт. Музыкалық аспаптардың көпшілігін ұлттық нақышты сақтай отырып, ерекше этностильде дайындаймыз», - деді Абзал Әкімбек.
Кәсіпкердің алдағы уақытта отандық және халықаралық көрмелерге қатысып, өнімін танымал етуді мақсат етіп отыр.

Оқылды 1086 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал Работы много – условий нет »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет