Сәрсенбі, 21 Шілде 2021 16:52

Алматы облысында халықтың 42 % -ы коронавирусқа қарсы екпе алды

Ел аумағында эпидахуал күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Жетісу өлкесі «қызыл» аймақта. Сәйкесінше, облыста КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан 0,6%-ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында байқалады.
Өткен тәулікте өңір бойынша КВИ – дің 178 жағдайы тіркелді, 139-ы симптомдық және 39-ы симптомсыз жағдай болып табылады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 29, оқушылар арасында-12 және студенттер арасында-2 жағдай анықталды.
Мамандар, КВИ және оның ішінде "Дельта" штаммен ауырған тұрғын –вакцина алмағандар деп дабыл қағуда.

«Облысқа 1 компоненттен 540 645 доза вакцина келіп түсті, бүгінгі күні онымен 513 109 мың адам егілді, екпенің екінші бөлігін 291 549тұрғын қабылдады. Вакцина алған тұрғындар арасында педагогтар - 37 594 және медицина қызметкерлері – 23 167 көш бастап тұр»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахмет.
Айта кетейік, бүгінгі күні Алматы облысының 42 пайызы вирусқа қарсы вакцина алып үлгерген. Жоспар бойынша, қыркүйек айына дейін 1 млн-нан астам тұрғын екпе алуы керек. Осылайша қоғамдық иммунитет қалыптастырып, екпе алушы халық санын 60%-ға жеткізу көзделген.
Әлия Шагиахметтің айтуынша, өңірде тек «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы ғана қалған, алдағы екі аптада аймаққа 100 мыңнан астам доза вакцина келеді деп күтілуде.

Естеріңізге саламыз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирустық инфекцияның «Үнді», «Британдық», «Оңтүстік Африкалық» және «Бразилиялық» штаммына қарсы тиімді.

«JETISÝ MEDIA» КММ

Оқылды 683 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Құтты мереке Алматы облысы тұрғындарының 42% -ы екпе алды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет