Дүйсенбі, 12 Шілде 2021 14:41

Арманға айналған ала доп

Еуропадағы ала доп додасы басталғаннан бері футбол жанкүйерлері көгілдір экраннан көз алар емес. Жылы жүзді жандар,тартысты ойындар, әсерлі сәттер  жарыс  көркін асыра түскендей. Бізбен бірдей тәуелсіздік алған кей елдердің әлем таңдай қаққан ойын өрнегін көргенде қазақ елі қашан осындай ала доп додасында атой салар екен деген ойға қаласың. Сарапшылар айтарлықтай нәтижеге жету үшін балалар футболын мықтап қолға алу  қажет дейді.  Біз ауданымыздағы балалар футболының аяқ алысына аздап зер салған едік.

Бүгінде оқушылар арасында спортты дамыту мақсатында ауданымыздың көптеген мектептерінде аула клубтары құрылып, жекелеген және командалық спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді. Негізінен көпшілік аула клубтарында балалар футболының дамуына басым бағыт берілуде. Қазір аудандық  спорт мектептері мен орта мектептерде түрлі футбол  командалары бар. Бұл белгілі деңгейде балалар футболын дамытуға оң ниеттің барын аңғартады. Есік қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  бапкері  Жәдігер Рахмановтың сөзінше, қазір аталған спорт мектебінде жетіге  жуық балалар футбол командасы бар. Ол командалар балалардың жас ерекшелігіне қарай жасақталған. «Футбол ойнауға ынта танытатын балалар көп. Олар аптасына төрт күн арнаулы жаттығуға қатысады. Мұнда балалардың жеке шеберлігін арттыру мен командалық ойынды үйлестіруге арналған әдістемелер үйретіледі. Балаларды  қанаттандыру үшін көптеген футбол жарыстарын ұйымдастыру қажет. Пандемия жағдайына байланысты былтырдан бері балаларға арналған футбол додалары тым сиреп кетті. Жақында жарыстар қайта жалғасады деген үміттеміз. Кәсіпқой футболдың дамуына жол ашу үшін әуесқой футболды дамытуға күш салу қажет», – дейді футбол бапкері.

Мұндағы балалардың дені қаршадайынан футболға әуестеніп өскендер. Арасында, тіпті,спорттың осы түрін өмірінің өзегіне  балайтындар бар. Олар алаңда барын салып, жан-тәнімен беріліп ойнағысы келеді. Допты асықша иіруге ұмтылған балақайдың біреуін сөзге тарттық.

 –  Маған футбол қатты  ұнайды. Кішкентай кезімен футбол ойнаумен  айналысамын. Алғашында өзге балалармен бірге  ауладағы алаңда жаттығып жүрдім. Қазір осындағы  футбол секциясына қатысып жатырмын. Біз аудан көлеміндегі түрлі жарыстарда бақ сынаймыз. Әлі де көп ойындарға қатысып, шеберлігімді шыңдасам деген ойдамын, – дейді Ислам есімді жас футболшы. Алайда сол балалар  футболының   тамырына қан  жүгіртуге кедергі келтіріп отырған түрлі факторлар да жоқ емес. Ең әуелі, мектептерде  жасыл алаңдар жетіспейді, ал бар алаңдардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан тозығы жеткен футбол алаңдары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Отандық футбол сарапшылары ауылдарда  материалдық база төмен, доп пен спорттық киім жоқ дегенді алға тартады. Оған қоса мектеп оқушылары арасында аудандық деңгейде футбол жарыстары көп өткізіле бермейді. Олардың сөзінше, егер бала турнирлерге қатыспаса, онда  алға жылжу болмайды, доп тебуге аса ықыласты  аудандық, ауылдық жердегі ашылмаған таланттарды қолдау маңызды. Сонымен қоса,  жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, біліктілік санаты әртүрлі, жалақылары да мардымсыз. Бұл жағдайлар балалар футболының аяғына тұсау салып отырғаны шындық. Қазір  Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша  ауқымды жобасы әзірленіп жатқаны мәлім. Аталған жобалар еліміздегі балалар футболына тыңнан серпін береді дегенге сенгіміз келеді. Әйтеуір, қазақ жанкүйерлері әлемдік додалардан өз құрамасын көруге құмартатыны шындық қой.Әлемдік бәсекелерде қара терге малшынып, доп қуалаған қара домалақтарымызды көреміз деген үміт оты сөнбек емес.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1525 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет