Жұма, 09 Шілде 2021 11:38

Домбыра – бабадан қалған бағзы мұра

Шелек тарихи-өлкетану мұражайында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды.

Шелек тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған көрме Елбасымыздың Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы жарғысының халық арасында үлкен қолдау тапқанының көрінісі деп білеміз. Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Осы орайда Шелек тарихи-өлкетану мұражайында «Домбыра – бабадан қалған бағзы мұра» атты тақырыпта домбыра жасаушы, күйші Ақан Серікұлы Базаровтың өзі жасаған домбыраларын қойып, көрермендермен домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Көрме барысында домбыра жасаушы Ақан Серікұлы домбыра жасаудың әртүрлі тәсілдерін айтты. Көрмеге барлығы 7 домбыра қойылды. Көрмені Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары тамашалады. Көрме соңында музей залдары бойынша экскурсия жасалып, көрермендер залдарды тамашалады.

Ақан Серікұлы Шелек өңіріндегі Жаңашаруа ауылында дүниеге келген. Өнерге жастайынан құмар болған Ақан аға: «Әкем құрылысшы бола тұра, домбыра шертіп отыратын. Сонымен қатар,   қалдық ағаштардан аң-құстардың нобайын жасап, домбыра жасаумен шұғылданушы еді», – дейді.   Бабаларымыз  кез келген өнер түрін үлкен талғаммен аса жоғары бағалап отырған. Осыны көріп өскен бала Ақан 1999 жылы Қаскелең қаласындағы Мәдениет колледжіне оқуға түсіп, Шамалғандағы мектеп-гимназияда Еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Оқу орнында ағаш жонудың түрлі тәсілдерін үйреніп, сандық, астау, тағы басқа да заттар жасай жүріп 2002 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет факультетінің сәндік қолданбалы өнер кафедрасын бітіреді. Ол жерде көп шәкірттер дайындаған, домбыраның хас шебері Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазұлынан сабақ алған.  «Дауысы күмбірлеген керемет домбыра жасау асқан талант пен сезімталдықты қажет ететін дүние екені сөзсіз. Қазір өзі де шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздың қолынан шыққан домбыраның жалпы саны 500-ге жуық. «Домбыра жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік құпиясы бар. Әр шебер өз құпиясын кез-келген адамға жайып салмайды. Алайда, ең басты құпиясы әрине, домбыраның ағашына байланысты. Ағашы қандай болса, үні де сондай әуезді болып келеді», – дейді шебер.

«Алдымен, аспапқа лайықты ағаш таңдалады. Ол әбден  кептіріледі. Содан соң домбыраның шанағын белгілі бір заңдылықтарға сәйкес орналастыру қажет. Бет тақтайының қаттылығы, қалыңдығы – бәрі есептеле-ді. Сәл қиыс кетсе, дыбыс дұрыс шықпауы мүмкін», – дейді А.Базаров. Кез-келген ағаштан шауып, домбыра істеуге болады. Бірақ оның барлығы домбырашылардың көңі-лінен шыға бермейді. Сондықтан, Ақан аға  әр жасаған домбырасын кәсіби домбырашыларға көрсетіп, ақыл-кеңесін алып отырады. «Менің басты ақылшым, домбырамның сыншысы – Жолаушы Тұрдығұлов. Әр жасаған домбырамды қашықта тұрғаныммен, шама келгенде іздеп барып, ұстазыма көрсетіп, ақыл-кеңесін тыңдаймын», – дейді.  Ағаштан түйін түйіп, жансызға жан бітірген Ақан шебердің шапқан домбыраларымен осы күні исі қазақ өнерін түсінетін азаматтар өнер көрсетіп жүр десек артық айтқандық емес. Домбыра жасайтын шебердің айтуынша соңғы жылдары ұлттық аспапқа деген сұраныстың артқаны байқалады. Республика көлемінде біршама жылдан бері бекітілген Ұлттық домбыра күні соның айғағы емес пе?!

Айтулы мерекеде біздің мақсатымыз – үн-түнсіз, дабырасыз еңбек етіп, оқушыларға ұлттық қолөнердің сырын үйретіп жүрген ұстаз туралы бір жылы сөз арнау еді. «Ағаштан түйін түйген» шебер ұстазға алдағы жұмыстарында тек сәттілік тілейміз! Біздің тілек киелі аспаптан шертілген күй мен төгілген әндерді талантты шәкірттер орындап, болашақ жас-тар ұлттық құндылығымызды қастерлей білсе деген ой. 

Нұргүл САБАҚАНОВА

Оқылды 1316 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет