Дүйсенбі, 24 Мамыр 2021 12:00

Жамбы ату қырағылыққа тәрбиелейді

Кез келген ұлттық мәдениеттің бет-бейнесі болады. Сол бет-бейне – ұлттық бірегейліктің көрінісі. Ата-бабаларымыздан қалған ұлттық ойындар спорт деңгейінде емес, кезінде мәдениет биігіне көтерілген еді. Сол мәдениет қазақ өркениетінің өзегі болатын. Ал қазір біз ата-бабадан қалған сол мұраларды сақтап, әрі қарай жаңғыртып отырмыз ба? Қазақ балаларының ұлттық ойындарға деген қызығушылығы қандай?

Жамбы ату – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойыны. Жамбы ату үшін мергенге жүйрік ат пен садақ керек. Жамбы алтыннан немесе күмістен құйылады. Ойыншы атпен шауып келе жатып, нысанын садақпен атып түсіреді. Мұндай жаттығулар көшпенділердің әскери күш-қуатын жетілдіріп отыру үшін ауадай қажет болған.

Жалпы, жамбы ату ойыны – қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуы тиіс болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуы керек. Төрешілердің ұйғарымы бойынша нысаналар бірнешеу болады. Кермеде жылқының қылынан жасалған жіңішке арқанға асылатын күміс дискті «жамбы» деп атайды. Ойын  қатысушылары атпен шауып келе жатқанда оны қағып түсіру керек. Кімде-кім аз талпыныстан кейін жамбыны қағып түсірсе, сол жеңімпаз атанатын болған.

Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай ұлттық ойындар өзгеріске  ұшырап отыр. Қазақтың ұлттық «Жамбы ату» ойыны 18 ғасырға дейін жасөспірімдер үшін міндетті болған. Садақпен дәл ату үшін жүргізілген байқаулар көшпенділердің мергендік қабілеттерін жақсартуға көмектесіп, өздерінің бапта болуын және дәстүрді үзбей қолдап тұруларына ықпал еткен. Жамбы ату ұлттық ойнын қайта жаңғыртушылардың – бірі Алдияр Нұрғазиев. Оның республика көлемінде бапкерлігін білмейтін жұрт кемде-кем. Жамбы ату ұлттық ойнын Корей еліндегі семинарда қорғап шыққан ағамыз Алдияр Нұрғазиевтің үлесі зор. Осы ағамыздың арқасында ұлттық ойнымызды дәріптеуге мүмкіндік алып отырғанымыз шындық.

2020 жылдың қазан айында «Талдықорған қаласының Ұлттық және ат спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып,  өз мектебімізден «Жамбы ату» ұлттық спорт түрін ашып, қоғамдастық құруға рұқсат алдық. Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылындағы Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектептің 5-9 сынып оқушылары жамбы ату ұлттық ойнын үйренуде.

Қазіргі таңда үйірмеде 20 оқушы бар. Әр жаттығу сайын оқушыларымыз садақ атудың қыр-сырымен танысып, қызығушылықтары артуда. Садақ атудың ерекшелігі басқа спорт түрлеріне қарағанда адамның қырағылығына, жылдам шешім қабылдауына, аттың үстінде емін-еркін отыруына, шапшаңдыққа тәрбиелейді.

Рухани жаңғыру жылдарында ұлттық ойындарымыз арқылы сана-сезімімізді оятсақ, Тәуелсіздігіміздің жарқын  бейнесі емес пе?  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Жамбы ату» үйірмесіндегі оқушыларымыз Жетісу телеарнасына түсіп, Түрген шатқалында «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында өз  өнерлерін  көрсетті. Атап айтсақ, Жолдас Әділхан, Мәдияр Шәріпбай,  Нұрдәулет Нұрахмет, Ислам Нүсіп, Ибрагим Нұрәлім сияқты оқушыларымыз өз мергендіктерімен көзге түсті. Бұл оқушылар – біздің ата-бабамыздың ұлттық ойындарын қайта жаңғыртатын жасампаз жастар. Болашақта олар облыстық, республикалық халықаралық бәйгелердің жеңімпаздары болатынына  сеніміміз  мол.

 

Саржан БАЙКЕН,

Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Қазақстан ауылы

Оқылды 2212 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет