Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 16:16

Жағдай жақсарып келеді

Жағдай жақсарып келеді Сурет интернеттен алынды

Екі жылдың ішінде COVID-19-дан жер жүзінде 3,5 млн-ға жуық жан көз жұмды. Дертті жұқтырғандар саны 168 млн-нан асты. Өкінішке қарай, әлемдегі жағдай тұрақсыз. Ал Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 376 572 және теріс нәтижемен 54 176 науқас тіркелген. Осылайша жалпы алғанда «сары» аймақтамыз.

Десе де, республика ішіндегі көрсеткіштер бойынша бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары әлі де «қызыл» аймақта тұр. Батыс Қазақстан облысы «қызыл» мен «сары» аймақтың арасында болса, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы «сары» аймақта.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі А.Цой еліміздегі сырқаттанушылық деңгейінің біршама төмендегенін, эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын айтты. «Жалпы, соңғы айда аурушаңдылық 20%-ға төмендеді. Егер стационарлық науқастар туралы айтатын болсақ, өңірлер бөлінісінде төсек орындардың күнделікті пайдаланылу мониторингіне сәйкес осы жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындарды қамту 33%-ды құрайды және биылғы мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ға төмендеді, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 2%-ға төмендеді және 26%-ды құрайды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында төсектердің толуының оң динамикасы байқалады – мамырдың (4 мамыр) басымен салыстырғанда төсектердің пайдаланылуының үлес салмағы 60%-дан 47%-ға дейін, Алматы қаласында 57%-дан 35%-ға дейін және Алматы облысында 56%-дан 36%-ға дейін төмендеді» деген министр емделіп жатқан науқастар санының айтарлықтай азайғанын айтты. Сондай-ақ сауығып шығып жатқан азаматтардың тәуліктік саны тәулігіне ауру анықталып жатқан науқастардан көбейіп келетінін де жақсылыққа балады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсаруына жаппай вакциналаудың да оң әсерін тигізіп жатқаны анық. Министрдің есебінше, бүгінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның шамамен 3 млн дозасы пайдаланылған екен. Оның ішінде 1-компонентті 2 015 053 адам салдырған. Бұл көрсеткіш – вакцина алуға жататын халықтың 20 %-ы. Ал екінші компонентті салдырған адам саны 1 млн-ға жуықтапты. А.Цойдың айтуынша, бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті қоры бар: бірінші компонент — шамамен 320 мың және екінші компонент — 650 мың. Спутник V вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы Қарағанды фарм кешенінде өндірілген және кестеге сәйкес өңірлерге жеткізілетін болады.

Елдегі жағдайға кеңінен тоқталған министр эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. «Мәселен, вакцинациялаудың тиімділігі 60%-дан кем болмайтын пессимистік сценарий кезінде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны 95 мыңға жуық адамды құрайды», – деген А.Цой: «Екінші реалистік сценарий бойынша вакцинациялаудың тиімділігі кемінде 80%-ды құрайтын болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды. Вакцинациялаудың тиімділігі 95%-дан кем болмайтын оптимистік сценарийде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адамды құрайды. Бұл ретте, қандай да бір сценарийдің іске асырылуы азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты болатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, вакцинациямен қамтуды арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарға вакцинациямен қамтуды ұлғайту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», – деді.

Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Мамин: «Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет», – деп атап өтті.

Министр айтқандай-ақ, жағдайдың біршама жақсарғанын өзіміз де апта сайын жүргізетін аудандық статистикамыздан көріп отырмыз. Мысалы, сәуір-мамыр айының бас кезінде жұқтырушылар саны ауданда аптасына 200-ден асып кетіп еді. Енді, міне, мамыр айының 18-24 аралығында COVID-19-ды жұқтырған жерлестеріміздің саны 54-ке түсіпті. Жалпы, ауру белең алған былтырғы көктемнен бері Еңбекшіқазақ ауданының 2585 тұрғынында індет зертханалық расталған. Ал бүгінге дейін 2449  жан аурудан сауығып шыққан, яғни жұқтырғандардың 94,3%-ы.

Вакцинаға келсек, коронавирусқа қарсы егу жұмыстары ауданымызда 2021 жылдың 2 сәуірінен басталды. 25 мамырдағы жағдай бойынша «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентімен  ауданның 21 150  тұрғыны  егілсе, 2-компонентін салдырғандар саны – 13 320. «Hayat Vax» вакцинасының 1-компонетімен ауданның 3136 тұрғыны егілді.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 766 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет