Вчера в аэропорту «Ушарал» Алакольского района в канун туристического сезона свой первый рейс по маршруту «Нур-Султан – Ушарал - Нур-Султан» совершил 80-местный пассажирский комфортабельный самолет «Bombardier DASH 8 Q400» авиакомпании «Qazaq air».

Первых пассажиров лично встретил президент авиакомпании «Жетысу» Калмухамет Донсебаев. По его словам, на данный момент аэропорт города Ушарал полностью готов к приему и выпуску воздушных судов.

- Мы делаем, все для безопасного и комфортного перелёта граждан. Все наши специалисты повысили свою квалификацию, получив соответствующие сертификаты. При этом, в связи с эпидемиологической ситуацией соблюдаются все действующие санитарные нормы, - сказал глава авиакомпании.

Между тем, в аэропорту «Ушарал» наблюдается заметная оживленность. Рейсы осуществляются почти каждый час. К примеру, на сегодня из Алматы прилетели 18 человек, а в, свою очередь, в обратную сторону улетают 29 пассажиров. Из столицы первым рейсом прилетели 16 человек, а туда воздушное судно полетело с 9 пассажирами.

Отметим, в канун старта туристического сезона начали действовать рейсы по маршруту «Алматы – Ушарал - Алматы» (ежедневно), «Нур-Султан – Ушарал - Нур-Султан» (четыре раза в неделю) и «Талдыкорган – Ушарал - Талдыкорган» (ежедневно).
С 1 июня рейсы по направлению «Нур-Султан- Ушарал-Нур-Султан» будут осуществляться также ежедневно.
Цены на билеты доступны благодаря выделяемым субсидиям из республиканского и областного бюджета. К примеру по направлению «Нур-Султан – Ушарал - Нур-Султан» она составляет 16 тысяч тенге, «Алматы – Ушарал - Алматы» - 15 тысяч тенге, «Талдыкорган – Ушарал - Талдыкорган» - 8 тысяч тенге.

Все задействованные самолеты отличаются высокой безопасностью и комфортабельностью. Это такие воздушные судна, как «Bombardier CRJ200», «Bombardier DASH 8 Q400», LET L-410.

Аэропорт «Ушарал» - один из главных объектов инфраструктуры для развития туризма в Алматинской области. Поэтому здесь создаются все условия для пассажиров.

 

Пресс служба акима Алакольского района 

Жадыраған жаз мезгілі – нағыз демалатын уақыт. Қаланың қым-қуыт тірлігінен шаршаған жұрт бір сәт тыныштық іздеп, таза ауада тыныстағысы келеді. Шілденің шіліңгірінен пана тапқысы келетіндер өзен мен көлдерді және су қоймаларын аңсайтыны анық. Бірі шетел асса, енді бірі отандық туризмнің дамуына өз үлесін қосуда. Осыған орай, кеше отандық туризмнің ошағына айналған айдынды Алакөл ауданының «Үшарал» әуежайында 80 орындық «QAZAQ AIR» әуе компаниясының «Bombardier DASH 8 Q400» жолаушылар ұшағы «Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша алғашқы рейсін жасады.

Алғашқы жолаушыларды «Жетісу» әуе компаниясының президенті Қалмұхамет Донсебаев қарсы алды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Үшарал қаласының әуежайы әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға толық дайын.

«Біз азаматтардың қауіпсіз және жайлы ұшуы үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз. Мамандарымыз өз біліктіліктерін арттыру мақсатында арнайы оқу оқып, тиісті сертификаттарын алып, халыққа қызмет көрсетуде. Сондай – ақ, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әуежайда санитарлық нормалар қатаң сақталуда» - деді, авиакомпания басшысы.

Бүгінде, Алакөлдің туристік әлеуеті артып келеді. Оған дәлел, бүгінгі қатынас бойынша Алматыдан 18 адам ұшып келсе, өз кезегінде кері жаққа 29 жолаушы ұшып барады. Ал, Нұр – Сұлтаннан бірінші рейспен 16 адам ұшып келсе, кері бағытқа 9 жолаушы әуе кемесімен ұшты.

Айта кетерлігі, туристік маусым қарсаңында «Алматы – Үшарал – Алматы» (күн сайын), «Нұр – Сұлтан – Үшарал – Нұр – Сұлтан» (аптасына төрт рет) және «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» (күн сайын) бағыттары бойынша рейстер жұмыс істей бастады.

1 маусымнан бастап «Нұр – Сұлтан – Үшарал – Нұр – Сұлтан» бағыты бойынша рейстер күн сайын жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін субсидиялардың арқасында әуе рейсінің билет бағасы қолжетімді. Мысалы, «Нұр – Сұлтан – Үшарал – Нұр – Сұлтан» бағыты бойынша – 16 мың теңге (әуежай қосатын 1700 теңге пайызымен – 17 700 теңгені), «Алматы – Үшарал – Алматы» бағыты бойынша – 15 мың теңгені, «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағыты бойынша – 8 мың теңгені құрайды.

Мұндағы ұшақтар жоғары қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Олар: «Bombardier CRJ200», «Bombardier DASH 8 Q400», LET L – 410 әуе кемелері.

Жалпы, «Үшарал» әуежайы – Алматы облысында туризмді дамытуға арналған инфрақұрылымның басты объектілерінің бірі. Сондықтан мұнда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Көлдің шипалы суымен емделіп, уақытты тиімді пайдаланып, отандық туризімнің дамуына бірге үлес қосайық.

 

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жұма, 14 Мамыр 2021 17:43

Суретшілер байқауы өтті

Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» атты онлайн суретшілер байқауы өткізілді. Жеңімпазды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Байқауға 10 мектеп окушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Абай атындағы орта мектептің оқушысы Чичак Алиева жеңіп алса, екінші орынды М.Горький орта мектебінің оқушысы София Кирьянов иеленді. Үшінші орынды Клейбаум Валериға тиесілі болды. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айкерім МАҒЖАН,
Бөлек ауылдық округінің жастар ісі
жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Кеше Талдықорғандағы Салтанат сарайында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, онлайн-офлайн форматындағы шараға Жетісу өңірінің барлық аудан қалаларынан сайланған 268 делегаттар қатысты.
Жиын барысында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов облыстық Саяси Кеңестің 2 жылда атқарған жұмыстары жайында есеп беріп, негізгі нәтижелер мен алдағы міндеттер жайына тоқталып өтті. Атап айтсақ, өңір басшысы өз сөзінде «Қоғамдық қабылдаулар – ол халықпен кері байланыстың негізгі құралы. 2019-2020 жылдары партияның қоғамдық қабылдауларында 26 892 өтініш тіркеліп, 14 314 (53,2%) өтініш оң шешімін тапты», - деп атап өтті.
Сонымен қатар Амандық Баталов нұротандықтарға алдағы мақсаттарды атап өтті. Олар – өңірдегі мемлекеттік орган басшылары-партия мүшелері Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген нысандардың уақытылы және сапалы орындауы және осы жылдың екінші жарты жылдығында ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарланғандықтан, партиядан кандидаттарды іріктеу және оларды ауыл әкімдерінің сайлауына ұсыну бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекіту.
Жарыссөзге облыстық мәслихат депутаты Асқар Сүлейменов және облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Президенттік шәкіртақы иегері, «Көшбасшы – 2020» жастар сыйлығының лауреаты Тұрдаш Мадина сөз алып, Саяси Кеңес жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берді.
2019-2020 жж аралығында облыстық партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының атқарған жұмысы жайлы аталған комиссия төрағасы Валерий Сапожников баяндап, тексеру жұмыстарының негізгі нәтижелерімен бөлісті.


Конференция жұмысының тәртібіндегі үшінші мәселе - партия Жарғысының 8.4.2 тармағына сәйкес Саяси Кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты облыстық партия филиалы Саяси Кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева таныстырып, делегаттардың дауыс беруімен 37 партия мүшесі сайланды.
Сонымен қатар, соңғы сұрақ облыстық бақылау-тексеру комиссиясы құрамы 7 адамнан сайлау туралы ұсыныс түсіп, комиссия құрамы бірауыздан сайланды.
Шара соңы Алматы облыстық партия филиалы Саяси Кеңесінің бірінші ашық отырысымен жалғасып, күн тәртібінде ұйымдық мәселе қаралады.
Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес, Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамын облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Ақболатовқа таныстырып өтіп, Саяси Кеңес мүшелерінің дауыс беруімен 13 адам Бюро құрамына сайланды.
Конференция жұмысын қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовқа партияның Сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, өңірдегі партиялық бақылау жұмысының рөлін күшейту жайында тапсырма беріп өтті. Конференция жұмысына қолдау білдірген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейт ел дамуы жолында партиялықтардың атқарған жұмысы ауқымды, нәтижесі көпке үлгі екендігін атады. Сонымен қатар Гүлнәр Тойлыбаева партия филиалы басшылығы тарапынан берілген тапсырмаларды орындауда барынша күш жігерлерін салып, алдағы 5 жылға жоспарланған партия Сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер үнемі назарда екендігін жеткізді.

 

«Nur Otan» партиясы

Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

Жұма, 14 Мамыр 2021 10:05

Даңқ тақтасы ашылды

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Жүнісбай Қайыпов ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

Мемориалды тақтаның ашылуына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  ұрпақтары және округ әкімі мен  ауыл тұрғындары қатысты. Граниттен жасалған Даңқ тақтасына  қан майданға Қазақстан ауылдық округінен қатысқан 92 ардагердің  аты-жөні қашалып жазылған.

Салтанатты шарада округ әкімі  Марат Сүгірбеков ауылдастарды мерекемен құттықтап, Жеңіс сыйлаған батыр аталардың ерлігі ешқашан ұмытылмай, ұрпаққа өнеге болатынын айтты. Сондай-ақ карантиндік шектеулерге байланысты мерекелік шаралар онлайн форматқа ауыстырылғанын хабарлады. Жиылған көпшілік ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ардагерлерге арналған ескерткішті орнатуға мұрындық болған Қазақстан орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Орынбасар Асанбайұлы жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтап, ескерткіш туралы айтып өтті.

– Алдымен мектеп оқушыларымен ұйымдасып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы  барынша ақпарат жинадық. Суреттерін, өмірбаяндарын алып, мектепке музей жасадым. Бірақ мектептегі музейге келуге көпшіліктің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ескерткіш орнату туралы ой келді. Ардагерлердің ұрпақтарымен кеңесіп, олар қаржылай көмек көрсетті, – деді Орынбасар Асанбайұлы.

Салтанатты әуенмен Даңқ тақтасының шымылдығы ашылғаннан кейін жиынға қатысушы ардагерлердің ұрпақтары мен ауыл тұрғындары мемориалға гүл шоқтарын қойды.                                           

Ілия СҰЛТАН

Жұма, 14 Мамыр 2021 09:49

Батыр рухына тағзым

Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Қазақстан ауылы Ж.Қайыпов атындағы орта мектебінде Кеңес Одағының батыры Жүнісбай Қайыповтың 104 жылдығына орай бюсті ашылды.

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуына байланысты бюсттің ашылу салтанаты шағын форматта өтті Аталған шараға Қазақстан ауылдық округінің әкімі Марат Сүгірбеков, ауыл тұрғыны, Жүнісбай Қайыповтың топырағын Ресейдің Батецк қаласынан әкелген Гүлнар Тезекбаева қатысты. Гүлнар Тезекбаева 1980 жылы Батецк қаласына барып, Жүнісбай Қайыповтың жерленген жеріне гүл шоғын қойғаны жайлы аз-кем  айтып өтті.

– Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлықпен батылдықтың иесіндей, асылдықпен жасындықтың  үлгісіндей аты аңызға айналған батыр Жүнісбай Қайыпов − тау тұлға, – деді Гүлнар Ерасылқызы.

Игі шараны ұйымдастыруға жетекшілік еткен  мектеп директоры Мирамкүл Уракбаева мүсінді жасауды өз мойнына алып, мектеп ұжымы мүсінге арнап стенд құрастырған.

– Білім ордасының Кеңес Одағының батыры Ж.Қайыпов атамыздың атымен аталуы – біз үшін үлкен мақтаныш. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі – ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі, – деді Мирамкүл Мырзоянқызы.

Қазақ батыры 1941 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Бас командир резервіндегі 54-жеңіл артиллерия полкінің құрамында Ленинград қаласын қорғауға, Новгород қаласын азат етуге қатысқан. Танкіге қарсы оқ ататын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов ұрыс кезінде бірнеше рет ерлік көрсеткен. Ленинград түбіндегі Копцы ауылы үшін болған шайқаста ол жаудың 2 дзотын талқандады. 1944 жылдың 17 қаңтарында Моторово елдімекені үшін болған ұрыста Ж.Қайыпов жау артиллериясын жойып жіберген. Бір күннен соң Кеңес әскерінің бөлімдері Новгород қаласына бет алды. Жолды артиллериямен тазарта отырып, құрамында Ж.Қайыпов бар Кеңес әскері қалаға алғашқылардың бірі болып кіреді. Ж.Қайыпов қаңтардың 14-інен 20-сына дейін жаудың 4 дзотын, бірнеше минометі мен 2 пулеметін және бір топ әскерін жойды. Осы ұрыстарда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Ж.Қайыповқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ленинград қаласы үшін болған ұрыста ол 3-дәрежелі «Даңк орденімен» марапатталған. 1944 жылдың ақпанында батыр ерлікпен қаза тапты. Новгород облысы Батецкое селосындағы көше, ауданымыздағы ауыл, мектеп және бір көше Жүнісбай Қайыповтың есімімен аталады.

 Ілия СҰЛТАН

Бейсенбі, 13 Мамыр 2021 15:44

Мейірім мерекесі

Ораза айт – (араб.: عيد الفطر‎ — 'ид әл-фитр) ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн, ораза айтта бір ай ораза тұтқан адамдар ауыздарын ашып, мерекелік көңіл-күймен бір-біріне құттықтау сөздерін айтып, дұғада болады.

Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын». Осы кезекте адамдарда сұрақ ораза айтқа қалай дайындық жасау, қалай өткізу туралы сұрақтар туындап жатады. Рамазан айының бітуімен Шәууәл айы туады. Биыл рамазан оразасы 30 күн өз кезегінде Шәууәл айының бірінші күні милади жыл санағы бойынша Қазақстар  Республикасында 2021 жылы 13 мамырға сәйкес келді.

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ,

ауданның бас имамы

Бейсенбі, 13 Мамыр 2021 15:41

Мерекенің тарихы мен маңызы

Ораза айт – Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Рамазан айы – ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы және бұл айда әр мұсылманның ораза ұстауы талап етіледі. Рамазан айында ораза ұстаған адам жаман әдеттерден тыйылып, нәпсісіне шектеу қояды. Яғни күнделікті ішіп-жеу, бос сөз сөйлеу сияқты жағымсыз әдеттерден арылады.

Ораза айт – кешірім мен мейірімділік мерекесі. Бұл күн бейбітшілік пен келісімнің жаңа айы. Мейрам басталар уақытта адамдар жаман ойларды санасынан өшіріп, жан дүниесін рухани тазартуы қажет. Мұсылман қауымы оразадан кейін дұға-тілектерінің орындалатынына сенеді.Аталмыш мереке 624 жылы Мұхаммед с.а.с пайғамбардың шешімімен белгіленді және ислам күнтізбесінің тоғызыншы айында барлық мұсылмандар үшін қасиетті кітап – Құран және жазбаша Забур, Інжіл, Таурат кітаптары түсті.

 

Ораза айт күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?

Мұсылмандар арасында Ораза айт намазына барарда әдеттегідей сәресін ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда айт күні Рамазандағыдай сәресін ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек айт намазына шығарда тақ санды: 1, 3, 5, 7 құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болып саналады.

 

Мерекеден бұрын не істеу керек?

Ораза айт алдымен мешіттен бастау алады. Күллі мұсылман таң атысымен Алланың үйіне қарай ағылып, құлшылық жасайды. Пайғамбарымыз өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – деген.

 

Мешітке бармас бұрын нені ескерген жөн?

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрсетіп кеткен төмендегі-дей амалдарын істеу сүннет болады:

Ғұсыл алу. Жуынғанда дененің барлық бөлшектеріне су баруын қадағалау керек. Ауыз қуысы мен мұрынды да шаюды ұмытпаңыз.

Мисуак қолдану. Мисуак болмаған жағдайда тіс пастасы, щеткасын да қолдансаңыз құба-құп. Бастысы – ауыз қуысының тазалығы мен жағымсыз иістен арылу. Алайда Пайғамбарымыздың  әрдайым қолданған мисуактың пайдасы ұшан теңіз. Мұны да ұмытпағайсыз.

Жақсылық жасау. Біреуге қолұшын созу.

Ең тәуір әрі таза киім кию. Киіміңіз жаңа не болмаса таза болғаны дұрыс.

Намазға ерте бару. Қолыңыздан келгенше Құран тыңдап, дін өкілдерінің уағызын естуге үлгеріңіз. Кейін айт намазын оқып, хұтба тыңдаңыз.

Мешітке бармай тұрып, үйден тәтті-дәмнен жеп шығу. Алла елшісі жасағандай, тақ сан болатындай 1 немесе 3 құрма жеу. Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

Мешітке барар жолда тәкбір айту. «Алла ұлық» деп Раббымызға мадақтар айтқан жөн. Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту да  заңдастырылған амалдардан. Алла Тағала Құран кәрімде: «Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырың-дар. Әрі Алланы ұлықтаңдар» делінген.

Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: «Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын».

Қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты адамдар сақтық шараларын сақтай отырып, намаз құлшылықтарын орындап, бір-бірін мерекемен құттықтаған дұрыс болады. Алла баршамыздың шаңырағымызға амандық, жүрегімізге имани нұр сыйласын! Айт мерекесі құтты болсын!

 

Шарапаты мол Шәууәл айы

Алла Тағаланың барлық жаратқан айлары, күндері мұсылман адам үшін қайырлы және қасиетті. Сондықтан әр күнімізге шүкір етуміз керек. Ислам дінінде кейбір уақыттардың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Рамазан айының артынша келетін Шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары көп. 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Муслим).

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» деген («Әнғам» сүресі, 161-аят). Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Ай күнтізбесі бойынша 365 күн емес, 355-356 күн екенін ес-керсек, бұл тіпті артығымен сауап десе де болады. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз. Бұл – Алла Тағаланың бізге берген ұлы мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келісім. Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Умама (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған «Ораза ұста, өйткені оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады» (Нәсаи, Сиям риуаят еткен).

Сондай сауабы мол оразаның бірі – Шәууал айындағы оразаның артықшылығы қандай? Осыған қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген кейбір мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.

  1. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ықтиярында. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.
  2. Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.
  3. Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.
  4. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте «Рамазан оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса» делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзалдығын ұғамыз.
  5. Осы айда қаза оразасын ұстап, нәпіл ораза ұстауға уақыты жетпей қалған адамдар үшін де Шәууәл айының уәделі сауабы үміт етіледі. Бірақ бұл нәпіл оразаға уақыты жетпей қалғандар үшін. Әсілінде, әр оразаны жеке-жеке ұстау қажет. Бұл жоғарыда келтірілген бір жылдық сауаптың математикалық есебіне де сай келіп тұр.
  6. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда олар Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі Рамазан оразасы – бізге парыз етілген ораза.
  7. Шәууал оразасы да Рамазан оразасы секілді «таң» намазынан (Таң намазына 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі) басталып, «шам» намазына яғни, күн батқанға дейін жалғасады.
  8. Шәууал айының алты күндік оразасын әр аптада екі күнге бөліп, әсіресе, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ұстаса, нұр үстіне нұр. Себебі Пайғамбарымыз: (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық) істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын» деді (Тирмизи).

Рамазаннан кейін Шәууал айын-да алты күн ораза тұтудың жыл бойы ауыз бекіткенге теңестірілуі – Алла Тағаланың мейірімінің шексіз екенінің бір көрінісі. Яғни Хақ Тағала Өзіне тән рахымымен құлының жасаған ғибадатына бірнеше есе артық сауап жазып, ақыретімізді құтқаруға илаһи мол мүмкіндік тудырады.

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ,

ауданның бас имамы

       Неменеге жетістің, бала батыр?

       Қариялар азайып бара жатыр.

       Бірі мініп келместің кемесіне,

       Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, –

деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған қариялардың қатары сиреп барады. Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміз саусақпен санарлық. Қазіргі таңда ауданымызда Ұлы Отан соғысының 4 ардагері тұрады. Ұлы Жеңіс мерекесінде аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов бастаған прокуратура, полиция басқармасы, қорғаныс бөлімі, 6654 әскери бөлім өкілдері ардагерлердің шаңырағына арнайы барып құттықтады.

Жылқыбай Тәжіқұлов, Николай Савраев, Мұзапар Шәріпов пен Солтанбай Жарықбасовқа Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың мерекелік құттықтауын жеткізген  Әлібек Әскербекұлы сый-сияпаттарын табыстады.

– Отан үшін қан майданда от кешкен ардагерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Қасық қаны қалғанша қайсарлықпен күресіп, фашизмге тойтарыс берген батыр аталарымызды әрқашан құрмет тұтып, жас ұрпақ соларға қарап бой түзеуі керек – деген аудан әкімі ардагерлерге алғыс айтып, ақ тілегін білдірді. Құттықтай келген топқа ризашылығын білдірген қарттар ақ батасын берді.

Сондай-ақ Әлібек Әскербекұлы 1 мамыр күні 102 жасында өмірден озған ҰОС ардагері Максим Утловтың шаңырағына барып, ардагердің туыстарын мерекемен құттықтады.

Ұлы Жеңіс күніне орай аудандағы ардагерлерге 1 млн теңгеден берілді. Сондай-ақ тыл ардагерлеріне, қаза тапқан әскерилердің отбасына, соғыста қайтыс болғандардың әйелдеріне 30 мың теңгеден, Тәжік-Ауған шекарасын қорғаған әскери қызметшілерге 50 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Отан қорғаушылар күні – өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесі. Айтулы мерекеде аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов бастаған топ Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімі сарбаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап қайтты.

Бүгінде 6654 әскери бөлімде  бөлімше командирлері мен сержанттар, байланыс мамандары, аспаз, брондалған техниканың механик-жүргізушісі, атқыш, радио-химиялық істер қызметіне көмекші патрульдеу бөлімшелерінің сержанттары сынды 20-ға жуық мамандық оқытылады.Ең әуелі  аудан әкімі Әлібек Жақанбаев бөлім командирі, полковник Еркен Жанабергеновпен әскери қосынның қару-жарақтарымен, ұрыс техникаларымен танысып, Ұлттық Ұлан сарбаздарының заманауи соғыс тәсіліне қалай дағдыланып жатқандығын барлады. Одан кейінгі салтанатты марапаттау шарасына қатысқан  Әлібек Әскербекұлы 6654 әскери бөлімі сарбаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, үздік қызметкерлерге Алғыс хат табыстады. Сонымен қоса әскери бөлімге теледидар тарту етті. Аудан әкімі: «Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн демей елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымды білдіремін. Әр сүйем жер үшін ата-баба қонысын көздің қарашығындай қорғап жүрген ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды  бүгінгі мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын»,  – деп, ақ тілегін жеткізді.  Мерекелік шарада 6654 әскери бөлімінің  жауынгерлері есірткі іздеу, террористерді құрықтауға арналған жаттығу түрлерін көрсетті. Мерекелік шара айбынды әскери шерумен өз мәресіне жетті.

Ерзат Асыл

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет