Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 15:38

Ерік АБИТОВ: Өзгеріс өзімізден басталады

Ерік АБИТОВ: Өзгеріс өзімізден басталады mezet

Қоғам үшін үлкен қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлықтың дендеуі. Ол елдің экономикасына кері әсерін тигізіп, дамуына тежеу болып қана қоймай, халық мәдениетінің төмендеуіне, адами қасиеттің, ар-ұяттың жойылуына себепші болады. Материалдық қана емес, рухани тоқырауға түсіреді. Яғни коррупция – қоғамдағы ең үлкен кертартпа күш. Сондықтан да онымен күрес ешқашан тоқтаған емес. Ал күрестің қалай жүргізіліп жатқанын Алматы облыстық мәслихат депутаты, әрі «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ерік Абитовтен сұрап-білдік.

– Сыбайлас жемқорлық фактілері неге азаймай тұр? Әлде заң әлсіз бе?

– Алдымен, сыбайлас жемқорлықтың не екеніне тоқталсақ. Бұл – жең ұшынан жалғасқан жымысқы жүйе. Ол жылдар бойы жүйеленіп, әрі әрдайым түрленіп отырады. Сондықтан мұқият зерделеу, әрі жылдам әрекет ету маңызды. Барлық саланы шырмауықша шырмап алған жемқорлықтың тамыры бірден үзілмесі анық. Дегенмен, соңғы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жобалар жүзеге асып жатыр. Ал заңға келер болсақ, жемқорлықтың салдарымен емес, оның негізгі себептерімен күресу маңызды деп ойлаймын. Яғни қылмыскерді қамағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алуға, болдырмауға көп күш жұмсау керек. «Біздегі заң әлсіз» дегенмен келіспеймін. Былтыр ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылданды. Соған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынды. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға да тыйым салынды. Яғни жазасын өтеу орындарындағы тәртібі мен басқасына қарамастан, ешқандай рақымшылдық жасалмайды.

– Жазалаудан гөрі қылмыстың алдын алу маңызды екенін айттыңыз. Ендеше, жемқорлықтың алдын алу шаралары қалай жүзеге асып жатыр?

– «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жылдық жұмыс жоспары бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдарда, бюджеттік мекемелерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуын үнемі қадағалап, ішкі және сыртқы мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды кеңінен тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен, түрлі әлеуметтік топтармен түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Өйткені параны беретін бар, алатын бар. Яғни сыбайлас жемқорлық – тек бір жақтан болатын қылмыс емес. Онда екі тарап бар екенін ескеру керек.

Осы орайда тұрғындарға айтарым, қоғамның қай бағытта өзгеретіні онда өмір сүретін әрқайсымызға тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әр азамат белсенділік танытуы қажет. Өзгерісті өзіңізден бастаңыз, жемқорлық әрекетке бармаңыз! Ондай жайтқа куә болсаңыз, бей-жай қарамай, 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалыңыз. Қоғам дертіне айналған жемқорлықты бірлесе ғана жеңе аламыз.

– Жемқорлық фактілері жиі кездесетін салалар қандай?

– Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ішкі істер органдарында, мемлекеттік қызметтер саны бойынша көп қызмет атқаратын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім саласында да жемқорлық фактілері жиі тіркеледі екен. Дегенмен, соңғы уақыттарда мұндағы жемқорлықтың жолын кесу үшін көптеген тиімді жобалар іске асып жатыр.

– Ол жобалар жайында айтсаңыз...

– Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жасалды. publicbudget.kz сайтынан кез келген түрлі әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және қызмет көрсету үшін қанша бюджет бөлінгенін көре алады. Мысалы, есігіңіздің алдында жөнделіп жатқан жолға қанша қаражат жұмсалғанын осы сайттан біліп, сапасына көңіліңіз толмаса, қандай да бір келеңсіздікті байқасаңыз, интерактивті карта арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады. Түскен өтініштерге байланысты тиісті жұмыстар атқарылады. Одан бөлек, соңғы жылдары цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру қарқын алды. Мемлекеттік қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланыс көп болған сайын сыбайлас жемқорлық жасау тәуекелі де арта түседі. Осы тәуекелді болдырмау үшін кезінде енгізілген «бір терезе» қағидаты да тиімді жоба болды. Мұның барлығы да коррупцияның алдын алуда үлкен күш екені сөзсіз.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 2338 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет