Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 17:25

Жетісулық жас кәсіпкер топырақсыз жемшөп өсіруде

Алматы облысының 26 жасар тұрғыны Нұрас Тәлім гидропоника көмегімен жасыл жемшөп өсіре бастады. Гидропоника – топырақты пайдаланбай, құрама жемге балама бола алатын экологиялық таза өсімдікті өсіру тәсілі.
Нұрас кәсібін мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында бастап отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары жас кәсіпкерге идеясын іске асыру үшін «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасы бойынша оқытудан өтіп, кейін мемлекеттік грант байқауына және жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынды.
Кәсіпкер Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында тұрады. Негізгі мамандығы – инженер-техник және автоэлектрик. Алайда, мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемеді. Себебі кәсібін ашып, өзіне жұмыс істеуге және қаржылай тәуелсіз болуға ұмтылды.
«Кәсіпкер болу мақсатым болды. Қоғамға бір пайдамды тигізіп, алға қойған армандарды орындағым келеді. «Бастау Бизнес» жобасына келіп, өзімнің арманыма бір қадам жасадым деп есептеймін. Міне, сондықтан да қиындығы мен қуанышы қатар кәсіпкерлік жолды таңдадым. Ұзақ уақыт бойы айналысатын бизнестің түрін зерттеп, гидропоника сияқты инновациялық бағытты таңдадым. Бұл сала біздің елімізде енді ғана дами бастады, әлеуеті жоғары», – дейді кәсіпкер.
Өткен жылы Нұрас «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша гранттар байқауына қатысты. Оның өсіп келе жатқан дәнді пайдаланып, гидропоникалық жасыл жемшөп өсіруді ұйымдастыру және оны түйіршіктеу жобасы инновациялық деп танылып, 2,5 млн теңге көлемінде грант бөлінді.


Кәсіпкердің айтуынша, қаражатқа шағын жылыжай салып, гидропоникалық қондырғы, жабдықтар, дәндер сатып алынды. Қазір жылыжайда арпа, бидай және жүгерінің бірнеше түрі өсіріледі, сонымен қатар бидай өскіндерінен дәрумендер шырыны алынады. Шағын жылыжайдың айына бір тоннаға дейін жемшөп өсіруге қауқары бар. Шөп топырақсыз өсірілетіндіктен, қосымша салымды қажет етпейді. Тек жылыжайда әрқашан ерекше микроклимат сақталуы керек.
«Инновациялық жобамызға бірнеше ай ғана болды. 2020 жылдың соңынан бастап жұмыс істей бастадық. Қазір серіктестермен әріптестікті жолға қойып жатырмыз, бірқатар мүдделі сатып алушыларымыз бар. Жалпы, жасыл жемшөп – малдың негізгі тамақтануына арналған жем қоспасы. Гидропоникада өсірілген жасыл жемде малға қажетті барлық қажетті қоректік заттар бар екендігі дәлелденген. Сондықтан пайдалы, әрі сіңімді ас болады. Ең бастысы, құрама жемге балама бола алатын экологиялық таза өнім», – деп атап өтті жас кәсіпкер.
Енді кәсіпкер өңірдегі ірі мал шаруашылығы кешендерімен ынтымақтастықты дамытпақшы. Сондай-ақ келесі жылы малға арналған түйіршіктелген жасыл жемшөп өндірісін ашуды жоспарлап отыр.

Оқылды 2290 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет