Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 17:40

Нәзік жанды кәсіпкерлер

«Арулар – асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар», – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, нәзік жандылар әлемге әр береді. Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген қыз-келіншектеріміз еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Түрлі салада бой көрсетіп жүрген әйел азаматтар кәсіпкерлікті ұршықтай иіріп, тыңғылықты еңбек етуде. Осы орайда, ауданымызда осы саланы дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген аналармен аз-кем тілдескен едік.  Алмагүл Орынбетова, Елена Шатохина, Рушангүл Лазгиева сынды кейіпкерлеріміздің өмір жолымен танысып, бизнес саласына қалай бет бұрғанын сұрап білдік.

 

Алмагүл ОРЫНБЕТОВА:

«Ата-анама алғысым шексіз»

Әкем соғыстан 3-топтағы мүгедек болып оралған.Шешем үй шаруасымен айналысты. Қызмет атқарған жоқ. Киер киіміміз, жеуге тамағымыз болды дегені болмаса, асып-тасқан жағдайымыз жоқ еді. Алайда, әкем перзенттеріне оның бәрінен қымбат дүниені сыйлай алды. Білімге ұмтылуды өсиет етті. Мектепте оқып жүргенімізде үлгерімімізді қатты қадағалады. Нәтижесінде, Қаракемердегі мектепті жақсы бағамен бітіріп шықтым. Қазір сол мектепке кезінде ауданымызды басқарған інімнің аты берілді. Осылай боларын кім ойлаған? Қарапайым тұрмыс кешсек те, ата-анамыздың берер ақылынан кенде болғанымыз жоқ. Сусындап өстік. Бүгінгі биігіміз соның жемісі...

Үлкен өмірге басқан қадамым Алматыға арман қуып келуімнен басталды. Жоғары оқу орнына түстім. Оны аяқтағаннан соң, өскен ауылыма қайта келіп, физика және математика пәндерінен сабақ бердім. 1965 жылы Шелек ауылына келін атандым. Мұнда алғаш орналасқан жұмысым да мұғалімдік еді. Уақыт өте келе директорлыққа да тағайындалдық. Екі жылдан кейін аудандық атқару комитетінің хатшысы етіп қойды. Қаулы жазу сынды мәтінмен байланысты жұмыстар мен үшін оңай болған жоқ, көп ізденуді талап етті. Осы еңбегім бағаланып, араға тағы екі жыл салып, төраға орынбасары қызметіне ауыстым. Партия алдыма үлкен міндеттер қойды. Халық театрын және ансамбль құру бағытында жоспарлы мақсаттар болды. Біз негізін қалаған «Жігер» ансамблі қазіргі күнге дейін бар. Халық театры, одан бөлек, қазақ, ұйғыр оркестрлері құрылды. Сонымен, мәдениет саласы үшін біраз тер төктім дей аламын.

Еңбек жолында Тұтынушылар кәсіподағының басшысы да болған тәжірбием бар. Мұнда ақша жеткілікті мөлшерде бөлінеді екен. Бірақ, толық игерілмеген. Бәрін барлай келе, асқазаны ауыратындарға, балаларға арналған емдік, демалыс жолдамаларының берілуіне септігімді тигіздім.

Зейнет жасына жеткенімде жолдасымнан айырылдым. Ұл-қызымды жеткізу керекпін.Сол мақсатпен «кәсіп бастаймын» деген шешімге келдім. Алғашында кафе, кейіннен автотұрақтың ісін дөңгелеттім. Содан көкөніс сататын дүңгіршек аштым. Ақырында, ол үлкен әмбебап базарға айналды. 2015 жылдан бері базар жұмысы менің мойнымда. 40  адамды жұмыспен қамтып отырмын. Реті түскенде қайырымдылықпен айналысқанды дұрыс көремін. Жасым сексенге келсе де, қатардан қалмай, еңбек етудемін. Өмір – күрес. Ең әуелі өзіңмен күресе білуің керек. Мойымай, әр істің соңына дейін ыждаһатпен жасасаң, міндетті түрде рахатын көресің!

 

 

Рушангүл ЛАЗГИЕВА:

«Кәсібіңе деген махаббат керек»

Сол арқылы қажымай еңбек ете аласың. Мен 1969 жылы Шелек ауылында дүние есігін аштым. Бизнес бастау туралы ой Дубайдағы дәмханада жұмыс істеп жүргенде келді.

2001-2007 жылдар аралығында Дубайда шеф-повар болып қызмет атқардым. Қазіргі бизнесім осы жұмыспен тығыз байланысты. Елге оралған соң, 2012 жылы «Старый замок» кафесін аштым.

Туристердің сүйікті мекенінен мейрамхана ісінің қыр-сырымен жіті танысқаныма қуанамын. Зерттеумен, ұдайы бақылаумен болдым. Меніңше, 6 жыл аз уақыт емес.Бүгінгі таңда «Голд сити» атты қонақ үй, «Алтын алма» мейрамханасы халыққа есігін айқара ашып тұр. Ендігі, 1000 адамдық зәулім мейрамхана да бой көтеруге жақын. Құрылыс жұмысын бастап кеттік. 

 

Елена ШАТОХИНА:

«Кадр тапшылығымен өзіміз күресудеміз»

1967 жылы Шелек ауылында туылдым. 20 жыл бойы мұғалімдік қызметте болдым. Химия-биология пәндерінен оқушыларға сабақ бердім. 2008 жылы өмірімнің жаңа парағы ашылғандай болды. Кәсіпкерлік саласына ауыстым. Зоя Нысанова атындағы кондитерлік цехтың жетекшісі атандым. Бүгінгі күні цех 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. 50 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кондитерлік өнімдеріміз Бәйдібек би мен Шонжы ауылдарының аралығындағы елді мекендерді қамтамасыз етіп отыр.

Әрине, келген табысты бөлісе білу де керек.Бұл – кірісті арттырудың бір жолы. Сондықтан, осы дәстүрден жаңылмай, демеушілікпен айналысамыз.

Бізде күрмеуі шешілмей жүрген бір мәселе бар. Ол – кадр тапшылығы. Қазір осы түйіткілмен күресудеміз. Қажет мамандарды өзіміз оқытып, даярлап шығаруды қолға алдық.      

 

   Дайындаған Ілия СҰЛТАН

Оқылды 2842 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет