Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 17:09

Өтпелі кезең оңай болмайды

Биылғы 2021 жыл ерекше жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыдан үш онжылдық бұрынғы 1991 жыл да Қазақ кеңестік социалистік республикасы үшін ерекше жыл болды. Өйткені, әйгілі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі өзі де сықырлап құлауға шақ тұрған Кеңес Одағының іргетасын шайқалтып-ақ тастаған болатын. Сол 1991-де Балтық жағалауы мемлекеттері Одақтан шығып болып, басқа елдер де «еншісін» алып мызғымас Одақтың «діңгегі» дерлік Ресейдің өзі тәуелсіздігін жариялап қойған еді. Сәл кешеуілдеген біздің елдің азаматтары алаңдаулы болғаны газет беттерінде де айшықталып қалыпты. Бұған өзіндік себептер де болғаны рас. Сол 91-де Кеңес Одағын сақтап қалу хақында референдум да өткізілген еді. Оның нәтижесі сақтауды жақтау болғаны да рас. Газет беттерінде Одақсыз өмірді көздеріне елестете алмайтын азаматтардың хаты да жарияланыпты. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық ол азаматтардың. Тек референдум қортындысына қарамай-ақ Қазақ КСР-і жоғарғы кеңесі 1991-дің 25 қазанында, ал ел Президенті 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы әлемге әйгіледі. Өте шұғыл, өте тығыз оқиғаларға толы 91-дің басында билік органдары Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері қандай болу керек деген мәселені көте-ріп, арнайы қомиссия іске кірісіп те кеткен болатын.

Сексенінші жылдардың соңын ала қылт етіп елімізде бастау алып, қалпына келтірілген Нау-рыз мерекесі де Президент жарлығымен бекітілді. Оған дейін ше? Оған дейін сексен сегізде, сексен тоғызда, тоқсаныншы жылдарда бүкілхалықтық Наурыз мерекесі өз елімізден де әрі асып, шетелге де жетіп, қалған болатын. Олай дейтінім, Тәуелсіздік туы көтерілмей тұрып, 1990-ның наурыз айында Мәскеудегі бүкілодақтық статусы бар қоғамдық ғылымдар академиясының іргесінде біліктілік курсында оқудың сәті түскен болатын. Үш оқиға ұмытылмастай есте қалды. Москва қаласының теледидарын қарап отырып: «Құрметті Москвада тұратын қазақтар, қазақстандықтар, Ленинградта Балтық жағалауы елдерінде оқып жатқан студент жастар Москваның Замоскворецк Мәде-ниет сарайында өтетін Наурыз мерекесіне шақырамыз» деген хабарлама Анатолий (Шелек типографиясының сол кездегі басшысы) екеумізді елең еткізді. Ертеңіне демалыс күні еді Замосковерцкий мәдениет сарайын қиналмай тауып бардық. Метро станциясынан азғана жүріп, мәдениет ошағына жақындамай-ақ Алматының көшесінде келе жатқандай сезіндік өзімізді- Құрманғазы атындағы оркестр ұлы композиторларымыздың күйлерімен сол аумақты түгел өзіне қаратып алғандай, Мәде-ниет сарайының алаңында ине шаншар жер жоқ. Орыстар оны «Яблоку негде упасть» дейді. Көзіне жас алып, елжіреп тұрған егде жастағы орыс азаматына таңданып «Почему плачете?»  десем: «Всю жизнь проработал в Казахстане, всю жизнь слушал домбровую музыку, а сейчас вот в московской двушке коротаю жизнь. До чего я оказывается привязан к Казахстану», – дейді кемсеңдеп әлгі байғұс орысым. Қасымдағы жерлесім Анатолийге айтам, әзіл-шыны аралас: «Вот видишь, как нас ценят москвичи, а ты все в тамбовский лес рвешься». Дәу сарайдың фойесі де ат шаптырым дерсің – ұзын-ұзын үстелдер, қымыз-шұбат, қазы-қарта, құрт-ірімшікке толы. Мұхтар Шаханов, цирк артістері Мұтұрғановтар, әнші-күйшілер дегендей Мәскеу мәдениет сарайын қазақ өнерінің ордасына айналдырып жіберді дерсің. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылы әз наурыздың елімізде қайта жаңғыруының екінші ғана жылы болатын. Енді міне шекара асып, бұрынғы тоталитарлық Одақтың орталығында Наурыз мерекесі өтіп жатқаны көңілге қуаныш пен мақтаныш сезімін толтырғандай және жақсылықтың хабаршысы, ұлттық дәстүріміздің жаңғыруы деп түсіндік.

Екінші оқиғаны жүрегім сыздай тұрып есіме түсіремін. Қоғамдық ғылымдар академия-сының екі жүз, үш жүз тыңдаушылық үлкен залында лекция оқуға, мемлекеттің саясатын түсіндіруге келген тәп-тәуір киінген кеңестік профессор шоқша сақалын шошаңдатып мәлімдеме жасамасы бар ма?!

– Әзірбайжанның Баку қаласында алаңға шыққан бас-бұзарлар тәртіпке бағынбай тәуелсіздік талап етуде. Оларды 86-жылғы Алматыдағыдай танк табанына тастап, жөнге салу керек, – деді. Мен атып тұра келіп аузымды ашқанша болған жоқ еліміздің батыс өңірінен келген орыс ұлтты әріптестерім: Алаңға шыққан жастар наразылығы республика басшылығына тағайындалған бейтаныс кадрдың орнына өз адамымызды, яғни қазақстан-дықты қою керек деген талап болатын. Ал күшпен танк табанына салушымен ешкімді жеңе алмайсыз. Сіздің сөзіңіз арандату, наразылық тудыру» – дегенде зал ол журналисті қолдап ду ете түсті.

Міне, сол кездегі орталықтың саясаты профессордың аузынан шыққан бір ауыз сөзбен түйінделген еді. Ал үшінші есте қалған оқиға шығармашылыққа байланысты болды. Біліктілік курсында оқып жатқан редакторларға тәжірибелік оқу газетін шығару міндеттелген. Оны ұйымдастыру үшін шығармашылық конкурс өткізіледі екен де жоғары бағаланған жұмыстар іріктеліп 1-орын алған тыңдаушы редакторлыққа, 2-орын – орынбасар, 3-орын жауапты хатшы, тағысын тағылар дегендей редакция құрамы бекітіледі. Міне, сол шығармашылық конкурста менің жұмысым бірінші орын алған екен. Оның өзін конкурстың комиссия мүшесі МГУ-дің профессоры айшықтап айтып тас-тады. Ал қоғамдық ғылымдар академиясы 1-орынды «қайдағы бір азиатқа» қимаған. Ашықтан ашық кемсітушілік, шовинистік пиғыл таныту ол кезде де болған, бүгінгі күні де, өкінішке қарай, Никонов, Федоров дегендер ұлы державалық саясаттың қолшоқпарын сілтеуде.

Осындай саясаттың құйындай соққан желінің өтінде тұрған елімізде алаң жұртымыз өз тәуелсіздігін жариялап қойған одақ құрамындағы республикаларға жаутаңдай қарап, өзгерістерді күту еді, сол бір өтпелі кезеңнің басы – 1991 жылы.

Қарап отырды деген сөз қолын қусырып аспаннан қашан тоқаш жауады деп аузын ашып, көзін жұмып бей-жай отырды деген мағынада емес, әлбетте.  Сол жылғы қыркүйектің басында Қазақ КСР-нің Жоғарғы кеңесінің  босаған орнына сайлау  өтетін болып, үш адам үміткер ретінде тіркелген еді. Нағыз демократиялық жағдайда өткен сайлауда Қаракемердегі әскери бөлім командирі Б.Жаңасаев  жеңіске жетті. Әрине, әскери адам жастар жағынан да, әсіресе, соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері жағынан жаппай қолдау тапқан еді. Ал бұрынғы жоспарлы экономика құлдырап, нарыққа аяқ басқан заманда бұрынғы бәсекеге төзе алмай жабылып қалған өндіріс нысандарының жұмыскерлері екі қолға бір күрек таппай, кейбірі диванға шалқасынан түсіп теледидарға тесілумен болса, енді біреулері ішімдікке салынып кеткен заман болды. Осындай қиындықтар кезінде көз мөлдіреп тамақ сұраған балаларын асырау үшін көптеген әйелдер ала дорба арқалап, саудаға кіріп кеткен болатын. Осы жағдайға байланысты маусымның басында «Мужайтесь женщины» тақырыбында жарияланған мақала хабарлайды. Күнделікті өмір ағымымен қатар мемлекеттік деңгейде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі де талқыланып шешу жолдары ұсынылып жататын. Айта кетейік, бұл мәселе бүгінгі күн тәртібінен де түскен жоқ.

Тамыздың 10-күні жарияланған жаранамалық материалда баспасөз құралдарына  газет-журналдарға келесі жылға жазылу науқанын тамыз айынан басталғанын көреміз. Бүгінгі пошта шайқалып-найқалып бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуды ресми қазан айы деп атаса да шын мәнінде «қараша-желтоқсанмен  сол бір-екі айға әкеліп тірейді».

Сонымен, 91-де жарияланған референдумның «Сіз СССР Одағының тең праволы егеменді мемлекеттер одағы ретінде сақтау қажет деп санайсыз ба?» деген сұрағына «жоқ» дегеннен гөрі «иә» деген жауап басым болғанмен Одақ ыдырап тынды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен тәуелсіз еліміз мемлекет болып жарияланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда.

Х.ҚАСЫМҰЛЫ

Оқылды 1560 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет