Медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев коронавирусқа қарсы вакцина жайында айтты. Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында бұрынғы денсаулық сақтау министрі бірнеше пайдалы кеңеспен бөлісті.

Коронавирусқа қарсы вакцина адамды инфекциядан 97%-ке дейін қорғайтынын, ал қазақстандықтардың басым бөлігі вакцина салдырғаннан кейін медициналық бетперде мен шектеу шаралары қажет болмайтынын айтқан Досқалиев: «Қазір бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Кейінгі кезде науқастардың саны азайып жатқаны қуантады. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар нәтиже беруде. Ал жекелеген адамдарға келер болсақ, коронавирустан ғана емес, басқа да аурудан ада болу үшін бірнеше қарапайым шара қабылдаған жөн»,  – дейді.

Бірінші – жеке гигиенаны сақтау

Әрбір адам жеке гигиенаны сақтауы қажет. Ал жеке гигиена деген – тазалықты сақтау, ағзаны таза ұстау.

Екінші – дұрыс тамақтану

Біреу күніне үш рет, біреу төрт рет тамақтануы мүмкін. Маманның айтуынша, қанша рет тамақтанса да, астың құрамында пайдалы заттар болғаны жөн.

"Адам ең бірінші ақуызды керекті мөлшерде жеу керек. Ол – ет, сүт, балық, еттен жасалған тағам. Сонымен қатар қыста көкөніс пен жемістер жеген жөн", - деді ол.

Үшіншісі – дұрыс ұйықтау

Досқалиевтің сөзінше, ұйқының ұзақтығы тәулігіне сегіз сағаттан кем болмауы қажет.

"Қазір сегіз сағаттан кем ұйықтамаймын. Жас кезімізде ұйқы аз болды. Хирург болған соң кезекшілік кезінде ұйқы дұрыс болмайды. Түн ұйқы төрт бөлінеді. Қазір мен зейнеттемін. Уақытым бар", - дейді ол.

Төртіншісі – темекі шекпеу, ішімдікке салынбау

"Темекі тартпау қажет, мұны аса маңызды деп санаймын. Себебі ол адамның денсаулығына зиян. Сонымен қатар адам ішімдікке салынбауы керек. Мүлдем бас тарту қажет деп айтпаймын, себебі ол мүмкін емес", - дейді Досқалиев.

Бесіншісі – мөлшерден тыс қыздырынбау

"Бұл жерде әңгіме жазғы уақыттағы күнге қыздырыну туралы болып отыр. Адамдар тез қыздырынамын деп күннен мөлшерден тыс ультракүлгін сәуле алады. Олай болмауы қажет", - дейді ол.

Айтуынша, сауна, монша секілді жерлерде де шектен тыс қыздырынуға болмайды.

Алтыншы – денеге физикалық салмақ түсіру

Әр адам салауатты өмір салтын ұстануы керек. Ол жаяу жүру болуы да мүмкін, міндетті түрде ауыр жаттығу жасаудың қажеті жоқ. Жастарға не істесе де жарасады, ал 60 жастан асқан кісілерге жаяу жүру де жарайды.

"Астанада қар жиі жауады. Жеке үйде тұрған соң өзім далаға шығып сол қарды күреймін. Қыста сенбі-жексенбі күндері міндетті түрде қарда жүруге арналған көлікпен серуендеймін. Кейінгі кезде скандинав жүрісі сәнге айналды, оның да пайдасы бар", - дейді Досқалиев.

Жетінші – аурудың алдын алу

"Бұл – профилактика. Хирург болғандықтан, жылына екі рет тексеруден өтемін. В, С гепатиті, ВИЧ-ке тексерілемін. Жылына бір рет флюорография, электрокардиографиядан өтемін. Бұл – қалыптасқан нәрсе. Медицина саласына байланысты болған соң мұның бәрі студенттік кезден басталды", - дейді Досқалиев.

Айтуынша, ауру асқынған кезде ғана емес, алдын ала тексеруден өтіп тұрған дұрыс.

Сегізінші – вакцина салу

Досқалиевтің айтуынша, тұмаудың өршитін кезеңінде вакцина салдыру қажет. Бұл COVID-19 инфекциясына да қатысты.

"Қазір коронавирустан қорғанудың басқа амалы жоқ. Басқа жағдайдың бәрінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары болады. Өкінішке қарай, бұл ауруға қазір дәрілер жоқ. Коронавирустан 97%-ке жуық қорғайтын – вакцина. Одан басқа жолы жоқ. Ресейдің "Спутник V" вакцинасының сапасы өте жоғары. Қазір өзіміздің де вакцина әзірленіп жатыр", - дейді профессор.

Досқалиев өзінің коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. Ол 40 жылдан астам уақыттан бері қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина салдыратынын, соның арқасында төсек тартып жатпағанын алға тартты.

"Тұмаумен ауырған адам емеспін. Кейде салқындап, түшкіріп, жөтелетін кездер болады. Оның өзі көп болса екі күнге созылады. Тұмау болдым деп төсек тартып жатқан емеспін", - дейді ол.

Айтуынша, егер Қазақстан халқының 70%-і вакцина салдыратын болса, бетперде тағудың да қажеті жоқ. Алайда коронавирус әлі біраз уақыт адаммен бірге өмір сүреді.

"Ондай жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасады. Содан кейін қазір қабылданып жатқан шаралар да қажет болмай қалады. Коронавирус адаммен біраз уақыт өмір сүреді. Табиғи шешек ауруы инфекциясымен әлем 150 жылдай күресті. Қазір Қазақстанда оған қарсы вакцина салынбайды, бұл инфекцияның жойылғанын білдіреді. Ол кезде қазіргідей үздік технологиялар болған жоқ. Осыған байланысты коронавирус 150 жылға созылмайды деп ойлаймын, алайда бізден кетіп қалмайды", - дейді Досқалиев.

Тоғызыншы – оқшаулану және көп адам жиналатын жерге бармау

"Коронавирустан қорғанудың ең жеңіл жолы – әр адамның оқшаулануы. Үлкен той, адам көп жиналған жерге аса қатты қажет болмаса бармаған жөн. Адам болған соң дүкенге, дәріханаға барады. Ал ол кезде бетпердені тағу керек. Содан кейін қолын жуып тұруы керек. Барлығы адамның ағзасына қол арқылы барады. Адам бәрін қол арқылы жасайды. Тамақты да, етікті де қолмен ұстайды. Адамның ең көп жұмыс істейтін мүшесі – қол", - дейді Досқалиев.

Айтуынша, өзі де кей жұмыстарды қашықтан істеп жатыр. Арасында емханаларға кеңес сұрау беру үшін барады. Мұндай кезде де барлық қорғану шараларын сақтайды. Ал басқа уақытта үйінде болады.

Оныншы – аурудың бәрі жүйкеден

"Адамның жасы ұлғайған сайын адам тамырлары тарылады. Денедегі тіндерге қан жеткізу үшін жүрек қарқынды қысқарады. Ал жүректің қарқынды қысқаруы қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Егер адам менің бұған дейін айтқан кеңестерімді орындайтын болса, гипертония ауруы кейінірек пайда болады", - дейді Досқалиев.

Менде қан қасымының көтерілуі бар. Ол қызмет бабы бойынша пайда болды. Себебі жұмыста күйзеліс, жүйкеге әсер ететін сәттер жиі болды. Ал аурудың бәрі жүйкеден келеді, дейді ол.

Маманның айтуынша, медицина адамға тек 30% көмек береді. Қалған 70% әр адамның өз қолында. Егер осы аталған кеңестерді сақтаса, ауру біраз уақыт жоламайды.

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 11:32

Сағыздан қалай тазартуға болады?

Кілемге сағыз жабысса, оны лақтыруға емес, тезірек тазалауға асығыңыз. Оның жолдары төмендегідей.

  1. Кілемге жабысқан сағыздың үстіне таза судан бірнеше мұз қойып қойыңыз. Оның суы ақпау үшін су өткізбейтін қапқа салып қоюға болады. 10-15 минуттан кейін кілемдегі сағыз суықтан қатая түседі. Сол кезде оны қолмен тырнап алып тастау оңай.
  2. Егер сағыз кілемнің бетіне емес, түктерінің түбіне қарай жабысқан болса, суық емес, ыстық көмектеседі. Сағыз жабысқан жерді фенмен қыздырыңыз да, полиэтилен қап немесе қағазбен үйкеп сүртіп, сағызды жабыстырып алыңыз. Егер сағыз толықтай кетпейтін болса, ол жерге бірнеше тамшы өсімдік майын тамызып, 5 минуттан кейін жылы суға ыдыс жууға арналған сұйықтықтан құйып, жуып алыңыз.

 

Дайындаған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 11:29

Бала тәрбиесі құрсақтан

Әлемде анасын сүймейтін, қастерлемейтін халық жоқ. Қазақ үшін бір Құдайдан кейінгі бар құрметке лайық жан – Ана екені даусыз. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеп, азамат ету – ата-анаға ортақ парыз. Дегенмен, тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген перзенті үшін ең негізгі ана тәлімінің орнын ешкім баса алмайды.

Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан сәттен басталатынын медицина баяғыда-ақ дәлелдеген. Атам қазақ та мұны тым ертеден ескерген. Сөйтіп, ананың қабағына кірбің түсірмеуді ойлаған. Өйткені ана қуанса – іштегі бала да қуанып, қайғырса – бірге қайғырады деп білген.

Кез келген адамның әдебі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең әуелі анадан даритынын ұғынған атам қазақ жүкті келінінің жүріс-тұрысына, көңіл-күйі мен тамақтануына және демалысына аса мән берген. Сонымен қатар ана бойындағы мінез-құлқы мен денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға берілмесі үшін жаман әдеттерден арылуға, таза жүруге үндеген. Бұған жүкті әйелдің кештетіп суға бармауын, жануарларға зілденіп аяғын көтермеуін, орамалсыз жүрмеуін ескерткен көптеген тыйым сөздер мысал. Ал мұның астарында ұлттың ертеңі, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқанын бүгінде біріміз ескерсек, екіншіміз құлаққа да ілмейміз.

Қасиетті кітап Құран Кәрімде «Алла тағала барлық кемшіліктен пәк, таза болған соң құлдарынан да тазалықты талап етеді» деген жолдар бар. Ал хадисте: «Балаларыңды өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңдер. Өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған»,  – дейді. Бұл – біле-білгенге үлкен ғибрат.

Мамандар ана құрсағындағы бала төрт айында тәрбие күтетінін, анасы нені көп үйренсе,кейін баласы сол нәрсені тез игеріп алатынын айтады. Бұл – шындық. Осы орайда Америка ғалымдарының өткізген мына бір тәжірибесін айта кетуді жөн көрдік.

Бір күнде, бір уақытта туған үш неміс, үш ағылшын, үш орыстың баласын кіндігі кесіле салысымен  бір үйге апарады. Ең әуелі неміс тілінде «Өмірге қош келдіңдер, жолдарың сәтті болсын», – деп жақсы-жақсы сөздер айтады. Сонда ағылшын мен орыс балалары қыбырсыз жатыпты да, неміс сәбилер қозғалып, үн шығарған. Ал осы сөздерді ағылшын тілінде айтқанда, неміс пен орыс ұлтының нәрестелері қозғалмай, ағылшын шараналар қимылдапты. Орысша айтқанда дәл солай болған. Бұл тәжірибе нәтижесі бала ана тілін ана құрсағында жатқанда-ақ білетінін көрсетпей ме?!

Медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың сан алуан әсері барын, яғни құрсаққа жаңа біткен шарананың кейін қандай мінезді пенде болып дүние есігін ашарына сыртқы ортадағы әуездің маңызын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Қазақ аттың жалы, түйенің қомында көшіп жүріп ән айтқан, күмбірлете күй тартқан. Сәби іңгәлап өмірге келген күнді шілдеханамен қарсы алып, тербелген бесікке бөлеген. Сөйтіп, ырғақты тербелісті бұзбай, құрсақтағы көмескі үнді ананың бесік жырына ұластырған.

Ананың сәбиіне деген ерекше мейіріммен айтылған әуезді жыр баланың бойына ұлттық сана-сезімді, бабаларына тән өр мінезді дарытады. Сондықтан сәби үшін бесіктің де, бесік жырының да маңызы мол. Ол – құрсақтағы тәрбиенің табиғи жалғасы.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 09:35

Вебинар өткізу – заман талабы

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Француз педагогі Жубердің «Оқыту деген – екі есе оқу» деген сөзін еске алар болсақ, педагог өз кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге міндетті. Әлеуметтік белсенділігі дамыған оқушылар мен жас мамандарды қалыптастыруда білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбегі мен игі ісінің алатын орны зор.

Мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Онлайн оқуда мектепке бармаймыз деп шектеліп қалмай, дамыған әр түрлі интернет ресурстарының көмегімен түрлі іс-шараларды өткізу бүгінде Н.Островский атындағы орта мектептің дәстүріне айналды. Осы уақытқа дейін қашықтықтан оқыту кезінде синхронды сабақтан бөлек, әр сенбі сайын түрлі іс-шаралар мен вебинарлар пән бірлестіктері мен оқушылар арасында өткізіліп келеді. Соның бірі – мектептің «Асыл мұра» бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қазақ поэзиясының падишасы, ақын әрі қоғам қайраткері, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына байланысты сыныптан тыс өткізген іс-шарасы. Оған қатысқан 5-11 сынып оқушылары онлайн форматта ақынның шығармашылығынан өлеңдерін жатқа оқып, ақынға өз жырларын арнады. Сонымен қатар, «Словесник» бірлестігі орыс тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен «Пушкинские чтения» тақырыбында шығармашылық іс-шараны өткізді. Оқушылардың білім-білік дағдыларын шыңдап, әріптестерімен тәжірибе алмасып өткізіп жүрген вебинарлардың берер пайдасы зор.
Мектептегі атқарылып отырған көптеген іс-шаралар қазіргі кезде бір жүйеге қойылған. Оған дәлел, күні кеше аудан көлемінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандағы 84 мектептің қатысуымен өткізілген семинарда Н.Островский атындағы мектеп әкімшілігі өз іс-тәжірибелерімен, жұмыс жүргізу жүйесімен бөлісті. Жиында көрсетілген жұмыстарды әріптестеріміз аудан мектептеріне үлгі боларлықтай, жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» демекші, басшымыздың бағыт-бағдар беріп, әкімшіліктің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері мен мұғалімдердің талмай ізденулерінің арқасында әлі талай жақсы нәтижелерге жетеміз деп сенеміз.

Майгүл ӘСЕТҚЫЗЫ,
Н.Островский атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Цифровизация – это не следование модной тенденции, а ключевой инструмент достижения национальной конкурентоспособности», – сказал в Послании 2020 года Президент РК Касым-Жомарт Токаев,  – «Нужно стремиться к отказу от использования бумаги в межведомственном взаимодействии и при общении с гражданами».

Повсеместное внедрение IT-технологий и полный переход на оказание госуслуг в формате «электронного правительства» – приоритетная цель, поставленная Главой страны перед системой госуправления. В период пандемии коронавируса  задача максимального перевода госуслуг на «цифру» становится еще более актуальной.

О работе  местных исполнительных органов, акимата района и  горсельокругов, других государственных служб и ведомств Енбекшиказахского района по улучшению  качества оказания государственных услуг в электронном виде, а также о мерах по повышению цифровой грамотности населения рассказывает руководитель районного отдела мониторинга государственных услуг и информационных технологий Валентина БЕКБУЛАТОВА.

– Валентина Ахметовна, какими госорганами оказываются услуги населению? Как осуществляется контроль за их качеством?

– Государственные услуги оказываются 36 структурными подразделениями районного акимата: аппаратом акима района, 9 районными отделами,  акиматов г.Есика и 25 акиматами сельских округов, ведомственными организациями в сфере образования, физической культуры и трудоустройства. На постоянной основе проводится внутренний контроль и аудит качества оказываемых  государственных услуг. За  2020 год проведено 41 контрольное мероприятие, которыми охвачены 19 местных исполнительных органов и 22 подведомственные организации. 

В ходе проведения контрольных мероприятий  были установлены 304 нарушения. В том числе: 8  нарушений сроков оказания государственных услуг; одно нарушение сроков отказа в оказании госуслуги; 9 нарушений процедур  оказания государственных услуг;  65  нарушений требований Закона РК «О государственных услугах»;   221 факт оказания госуслуг при отсутствии полного пакета документов.

 Наибольшее количество нарушений было выявлено в учреждениях образования – 252 (83,0 % от общего количества нарушений). Большое количество нарушений в дошкольных учреждениях  произошло из за того, что с июня по август 2019 года включительно в районном отделе образования не работала информационная система «е-акимат» и услугополучатели не могли взять электронное направление в дошкольную организацию. В школах услуга «Прием документов для организации индивидуального бесплатного обучения на дому детей, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени не могут посещать организации начального, основного среднего, общего среднего образования» была оказана без заключения психолого-медико-педагогической консультации  в связи с тем, что дети имели временную инвалидность и родителям уполномоченный орган не выдал это заключение.    

К дисциплинарной ответственности  привлечены 3 государственных служащих и 4 сотрудника подведомственных организаций: аким и главный специалист Согетинского сельского округа привлечены к дисциплинарной ответственности в виде выговора, заместитель акима Масакского сельского округа  – в виде замечания, директор средней школы имени О.Жандосова, и.о. заведующего детсада «Балауса-1», методист детсада «Еркетай», методист детских яслей-сада «Өркен-1»  –  в виде замечания.

–  Сколько  госуслуг в целом  оказывается в электронном и бумажном форматах? 

– Государственными учреждениями оказывалось 84 услуги (в сравнении с аналогичным периодом 2019 года  – 98 видов услуг, что на 14,3 % меньше). Из них только в государственных органах (без альтернативы) - 2, через НК АО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» – 37. В электронном виде – 68 (81 %), в бумажном виде – 16, в электронном  или бумажном виде – 39. Наибольшее количество услуг оказано в сфере  социальной защиты населения (28,8 %), образования (26,5 %), регистрации актов гражданского состояния (22,5 %).

За 2020 год сделан 2 821 (5,1 % от общего количества оказанных услуг) обоснованный отказ в оказании государственных услуг, из них 2 172 по услугам, выданным в электронном виде и 649 – в бумажном, необоснованных отказов не было. За аналогичный период 2019 года было 1 084   мотивированных отказов в оказании государственных услуг.

В 2019 году 12 государственных услуг были оказаны с нарушением установленного срока. В 2020 году нарушений сроков оказания государственных услуг по вине государственных органов не было.

– Как ведется информирование населения о порядке получения госуслуг?

– На сайте акимата района размещены актуальные нормативно-правовые акты, определяющие порядок оказания государственных услуг на государственном и русском языках. Во всех государственных органах, оказывающих государственные услуги, имеются  информационные стенды с нормативно – правовыми актами, образцами заявлений, номерами контактных телефонов. Посетителям раздаются брошюры  по правам услугополучателей и порядку обжалования качества оказания государственных услуг.

За  2020 год  проведено 806  разъяснительных мероприятий: выступлений в областной и районных СМИ, публикаций в социальных сетях, проведено 19 «Круглых столов», 97 семинаров, 10 ярмарок государственных услуг, 118 акций «Электронные государственные услуги в режиме реального времени», 86 акций «Egov – жаршысы», 14 пресс-конференций «Qyzmet live», 6 презентаций мобильных приложений «eGov mobile», «Digital agent», «Telegram», 20 публичных обсуждений качества оказания государственных услуг, 10 «Дней открытых дверей». Вывешен  билборд на тему популяризации электронных государственных услуг, созданы 2 видеоролика о преимуществах получения государственных услуг через портал «электронного правительства», 3 видеоролика о порядке получения государственных услуг.

– Что еще делается для обеспечения доступности «электронного правительства»  широким слоям населения?

– Для жителей отдаленных населенных пунктов функционирует «Мобильный ЦОН». По согласованию с акимами 8 сельских округов разработаны графики выездов «Мобильного ЦОНа» в 22 населенных пункта. Согласно графикам представители государственных органов совместно с сотрудниками НК АО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» ежемесячно выезжают в отдаленные населенные пункты, где ведут консультации и прием документов, а также их выдачу.

За  2020 год  было произведено 160 выездов «Мобильного ЦОНа» (83,3 % от плана в связи с тем, что ЦОНы были закрыты на карантин с конца марта до 18 мая 2020 г.),  оказано 6 016 различных государственных услуг 5 174 услугополучателям.

Для  повсеместного доступа населения к получению государственных услуг в электронном виде  с 2017 года  организованы «уголки самообслуживания» с выходом на портал «электронного правительства». В настоящее время по Енбекшиказахскому району «электронные уголки» открыты и работают в 153 местах: акимате района,  акиматах горсельокругов,  районных отделах госучреждений,  колледжах,  средних школах и дошкольных учреждениях, медучреждениях, домах культуры,  библиотеках, спортшколах.

За минувший год через «электронные уголки» жители получили 34 164   услуги, что на 16,4 % больше, чем в 2019 году (29 362).

– Что такое «сервисные акиматы» и действуют ли они в нашем районе?

Казахстанский проект «Сервисный акимат» предназначен для повсеместного внедрения «электронного правительства».  В сентябре  2020 года «Сервисный акимат»  открыт в   здании акимата Енбекшиказахского района. В формате «open space» специалистами Центра занятости населения и  районных отделов: жилищно - коммунального хозяйства и жилищной инспекции, архитектуры и градостроительства, земельных отношений, занятости и социальных программ, образования, сельского хозяйства, экономики и бюджетного планирования осуществляется консультирование граждан и прием документов. Здесь же функционирует «уголок самообслуживания»,   организована детская  площадка для посетителей с детьми.

В здании акимата Шелекского сельского округа  также организована работа государственных служащих в формате «open space». На первом этаже здания 3 специалиста аппарата акима Шелекского округа ведут прием населения по вопросам в сфере занятости и социальных программ, земельных отношений, ЖКХ. Также функционируют «уголок самообслуживания» и детская площадка.  

 Оказание госуслуг в 37 государственных органах,  акиматах Тургенского и Каражотинского сельских округов соответствует принципам «Сервисного акимата». Почти полностью реализовали данный проект акиматы Бартогайского, Каракемерского,  Казахстанского, Корамского, Саймасайского округов.

В 28 зданиях (82,3%)  вывешены телемониторы для просмотра видеороликов с демонстрацией порядка получения государственных услуг через портал «электронного правительства», в 8 (23,5%)  - имеется ресепшн. В 21 здании (61,7%) из 34, где расположены 37 государственных органов, ведется видеонаблюдение с функцией записи.

– Созданы ли необходимые условия для лиц с ограниченными возможностями  для комфортного получения государственных услуг?              

– В 24 (70,6%) зданиях из 34 имеются пандусы, возле  30 (88,2 %) зданий организованы автостоянки для лиц с ограниченными возможностями, в 8 (23,5 %) зданиях оборудованы туалеты для инвалидов, в 23 (67,6%) организациях имеется вывеска с наименованием госоргана и графиком работы со шрифтом Брайля, везде имеются кнопки вызова персонала.

– Что делается для повышения квалификации и ответственности специалистов, оказывающих государственные услуги?

– В 2020 году 18 государственных служащих прошли обучение по вопросам оказания государственных услуг. На местах руководители госорганов провели 61 обучающий семинар для своих сотрудников. Во всех исполнительных органах закреплены специалисты, отвечающие за оказание каждой государственной услуги, а так же ответственные лица за соблюдение их качества. Вопрос повышения качества оказания государственных услуг находится на строгом контроле в аппарате акима района.

 

Вел интервью И.ТУРАНИН.

Жұма, 12 Ақпан 2021 10:34

Доброта достойна уважения

Учиться делать добро – тяжелый, но достойный труд. Самоотверженность и силу духа проявила София Бутинова, ученица 7 «В» СШ имени М. Ломоносова села Тургень. Заметив пожар, который внезапно вспыхнул в доме соседей, она сразу бросилась  на помощь. В эту трудную минуту она сумела приложить все усилия, чтобы помочь  соседям, у которых были  дети дошкольного возраста и старенькая бабушка, выбраться из огня. Несмотря на полученные травмы руки и ноги, полученные при спасении одного из детей, София, набравшись терпения, продолжала помогать выносить ценные вещи. Девочка с детства занимается гимнастикой. Именно спорт воспитал ее такой выносливой и смелой. «Девушка с мужским характером»  –  так называют ее в школе.

Узнав об этой  истории, директор школы Гульнар Мусина, учителя и одноклассники, акимат Тургенского сельского округа поблагодарили Софию за ее бескорыстную отзывчивость. От имени школы Софии вручена Почетная грамота и ценный подарок. Также от благодарственного письма  директора школы была удостоена мама ученицы.

Я думаю, что самое большое достижение – суметь воспитание, полученное в школе, совместить с любовью и воспитанием в семье. Если каждый из нас будет ставить выше себя любовь и уважение к другим людям, к миру, к человечеству вообще, то добро будет процветать. Ведь добрые поступки совершаются не специально, не планируются и рассчитываются кем-то заранее. Они делаются сами собой, от души и от сердца, идут изнутри. Это образ жизни.

Каждый из нас нуждается в добром отношении к себе и может возвращать его сторицей. Ведь только так человек делается лучше. Один хороший поступок  помогает человеку сделать личный  выбор, а другой –  спасает чью-то жизнь. Независимо от степени, благие дела навсегда остаются в памяти тех, для кого они были совершены, так как доброта способна изменить людей, сделать их счастливыми.

 

Ирина  СТАРЦЕВА,

учитель СШ имени М.Ломоносова, с.Тургень.

Жұма, 12 Ақпан 2021 10:28

Төрағаның Алғыс хаты

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев партияның бірқатар белсенділеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын тапсырды. «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін» – делінген партия төрағасының алғыс хатында.

Марапатталған партия белсенділері қатарында Е.Жарықбасов, Г.Егенбаева, С.Смәділов, Ж.Осан, Х.Ахметжанов және Қ.Дүйсебаев (суретте).

 Қ.Қасымұлы.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ежелгі мекені – ауыл. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауылдарға жағдай жасалып, әлеуеті артуда. Осы орайда, ауыл жұртшылығының әл-ауқатын білуге, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу мақсатында Малыбай ауылдық округіне арнайы барған болатынбыз. Сапарымыз округ басшысы Бахытжан Аухадиевпен жалғасты.

 

Жайылымдық жер тапшы

Округтің жалпы жер көлемі 9001 гектарды құраса, оның 2592 гектары суармалы жер, жайылымдық жер – 1390 гектар.

1963 жылы В.И.Ленин атындағы ұжымшар «Маяк» темекі кеңшары болып қайта құрылған.  Ол кезде 10 отар қой, сиыр фермасы болған. 1964 жылы «Сөгеті» қой кеңшарына 10 отар қой жайылыммен бірге өтіп кеткен. 2010 жылдан бастап ауыл тұрғындарының ірі қара және ұсақ малдарының көбеюіне байланысты  жайылым мәселесі көтеріле бастады. Қазіргі таңда округ аумағындағы ірі қара 3000-нан асып жығылады. Ұсақ малдың саны 6390 басқа көбейген. 

Бұл мәселені шешу үшін 2017 жылы  аудан әкіміне және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына хат жолдағанымен, еш шешімін таппаған. 2019 жылы ғана ауылдық округке тиесілі жайылым жерлерді анықтау туралы тапсырма берілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша Малыбай ауылдық округінде 3200 га жайылымдық жер бар екені анықталған.

Жайылымдық деп белгіленген жерлер мал жаюға қолайсыз, тастақты, үстірттер болып шықты. Бұл мәселені  шешу үшін «Асы» жайлауынан маусымдық жайылымдық жерлер қарастырылуы керек-ақ.

Жақында өткен аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде де жайылымның мәселесі көтерілген болатын. Әкімнің тапсырмасына сәйкес, комиссия құрылып, биыл бұл проблема оң шешімін табуы тиіс.

Айта кетейік, Малыбай округінде  1 ауылшаруашылық  кооперативі, 2 жауапкершілігі   шектеулі серіктестік және  448 шаруа  қожалығы бар. Былтырғы жылы дәндік жүгері, соя, күнбағыс, картоп,  көкөніс, жоңышқа өнімдері бітік шыққан. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін агротехникалық және химиялық әдістер толығымен орындалуда. Жеміс-жидектер мен көкөністер алқабының аумағы жыл санап артуда. Округтегі  56 гектар жерге отырғызылған алма бағы осыған дәлел.

 

Жастар саябағы ашылды

Былтыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге қойылған ескерткіштің маңына, сұрапыл соғыстан жеңіспен оралған ардагерлерге ескерткіш тақта қойылды. Ескерткіш ардагерлердің балалары және ауыл тұрғындарының демеушілігімен бой көтерген.

Тағы бір жағымды жаңалық, ауылда жастардың бастамасымен Жастар саябағы ашылған. Бүгінде саябақты абаттандыру, жасылдандыруға көңіл бөлінуде. Былтыр күзде саябаққа 150 түп көктерек отырғызылған.

 

«Көктерекке» ауыл мәртебесі керек

Малыбай ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан «Көктерек» бөлімшесінің тұрғындары инфрақұырылымға қол жеткізе алмай отыр. Себебі, елді мекенге ауыл мәртебесі берілмей, бюджеттен қаржы бөлінбейді. Инфрақұрылымнан бөлек, бөлімше тұрғындары тұрғын үйлерінің құжаттарын да заңдастыра алмайды.

Тарихи деректерге сүйенсек, Көктерек ауылы 1874 жылдары құрылған.1929 жылдан тұрғындар ауылшаруашылық бағытындағы техникалық дақылдарды өсірумен айналысқан. Кейіннен 1963 жылы «Маяк» темекі совхозы қайта құрылған. Көктерек ауылында 1980 жылдары сүт фермасы салынып, құрылыс қарқынды жүрді. Тәуелсіздік алғаннан кейін қандастарымыз елге  оралып, Көктерекке қоныстана бастайды. Бұл бөлімшеде бүгінгі күні 46 жанұяда 250 адам тұрады. 5 көшесі бар елді мекеннің жұртшылығы  негізінен мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысады.

Округ әкімдігі бұл мәселе бойынша тиісті мекемелерге сұраныс жасаған. 2018 жылы аудан әкіміне «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру» туралы ұсыныс жіберілген. Бірақ,әлі күнге нәтиже жоқ.

 

Кәсіпкерлік саласы жандануда

Малыбай – тынымсыз тіршілігімен, қаймағы бұзылмаған ынтымағымен, қонақжайлығымен ерекшеленетін елді мекен. Ауылда 2 кафе, 18 дүкен, 1 ТЖО, 2 дәріхана, 1 тігін цехы қызмет көрсетеді. Дегенмен, коронавирус індетінің  таралуына орай енген карантиндік шараларға байланысты демалыс орындары мен кафелер өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Азық-түлік дүкендері мен шаруашылық, автобөлшектер дүкендері карантинде қойылған шектеулер негізінде жұмыс істеді. Айта өтейік, шағын кәсіпкерлердің арасынан 2 дәріхана мен тігін цехы індет кезінде ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмекпен, бетпердемен толығымен қамтамасыз еткен.

 

Экстремалды спорт алаңы

Ауданымызда спорт пен туризмді дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Осы екі саланың басын біріктірген экстремалдық спорт кешені жұмыс істейді Малыбайда. Туризм саласын дамыту үшін ауылдың жоғарғы жағындағы өзеннің жағалуында «Рафт-Сервис» демалу орны қызмет көрсетеді.

Рафтинг – таудағы өзен бойымен жүзу. Бұл белсенді адамдарға арналған эмоциялық демалу. Үрлемелі қайық арқылы тау өзендері мен жасанды  каналдарды есіп өтетін спорт түрі.

Шелек өзені арқылы ағып өтетін маршрутта 3-4 күрделілік санатындағы кедергілер орналасқан. Сәтті жүзіп өту экипаждың әр мүшесінің үйлесімді жұмысына байланысты. Адреналинмен шектеліп қана қоймай, айналаңызды таңғажайып ландшафттар қоршап жатыр. Рафтингпен қатар  өзен жағасында демалыс орындары бар.

 

Оқушылар мұңы – сапасыз интернет

Бүгінде Малыбай орта мектебінде 737 бала  білім алуда. Мектепте 1,4,9 және 11-сынып  оқушылары оқыса, қалғаны қашықтан блім алуда. Мұндағы жалғыз мәселе, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан «Көктерек» бөлімшесінде интернет байланысы өте төмен. Осыған орай, қашықтан білім алуға көшкен көктеректіктердің білім алуына сапасыз интернет кедергі келтіруде.

Білім ордасы 1976 жылы бой көтерген. 2011 жылы жылу жүйесі толықтай ауыстырылған. 2020 жылы мектептің ішкі дәретханаларын жөндеуге бюджеттен  4,5 млн тенге бөлініп, мердігер «Каz Turk» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Мектеп қабырғасында қайырымдылық акциялары да жиі ұйымдастырылады. «Мектепке жол» акциясы бойынша әкім аппараты бірлесіп 10 оқушыны мектепке қажетті  құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Жеке кәсіпкер Тұрғынбибі Палтиева 15 оқушыны қыстық киіммен камтыған. Жалғыз басты аналарға және тұрмысы төмен 20 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілген.

 

Үрмелі аспаптар оркестрі қайта құрылмақ

Малыбайда алдағы уақытта үрмелі аспап оркестрін қайта құру жоспарлануда. Бұл – ауыл жастарын патриоттыққа тәрбиелеуге өз септігін тигізеді дейді ауыл тұрғындары. Әкім аппараты, ақсақалдар алқасы, жігіт ағалары жастармен бірлесе жиында өткізілген бұл бастама аясында.

Әкім аппаратының бас маманы М.Шыныбековтің сөзіне сүйенсек, Кеңес одағы кезінде ауылда үрмелі аспаптар оркестрі болған. «Рухани  шараларды жандандыру мақсатында үрмелі аспаптар оркестірін құруды қолға алсақ деген ниеттеміз. Қазіргі таңда ауылда аспаптарда ойнайтын музыканттарымыз және жастарды үйретуге атсалысатын дирижерымыз Роши Садваков ағамыз бар», – дейді М.Шыныбеков.

 

Аудан орталығына баруға мәжбүр

Адамның денсаулығы – қоғамның байлығы. Осы ретте ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға да арнайы бас сұқтық. 23 қызметкерден құралған медициналық ұжым бүгінде тұрғындандың саулығы үшін тер төгуде. Қазіргі уақытта карантин шектеулерін толық сақтап, ауылдықтардың денсаулығын қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Десек те, денсаулық сақтау саласының өзекті, әлі шешімін таппаған бір мәселесі бар. Ол – ауыл тұрғындарының Есік қаласындағы ауруханасында тіркеуде болуы. Қарапайым сараптама (анализ) тапсыру үшін малыбайлықтар аудан орталығына сабылуға мәжбүр. Осы проблема ауыл тұрғындарын әбден әбігерге салған.

Аталған мәселе бойынша тұрғындарды Шелектегі аудандық ауруханаға ауыстыру жөнінде тиісті мекемелерге ұсыныс жасалған. Алайда, ешқандай өзгеріс жоқ.

 

Сапалы су – әр аулада

Ауылда 3 су мұнарасы жұмыс істейді. 1976 жылы  жылы жасалынған ауыз су құбыры осы күнге дейін күрделі жөндеуден өтпеген. 2020 жылы 19 тамызда  «Орталық Азия консалтингі және ресурстары» қоғамдық қорының демеушілігімен 466 400 теңгеге су соратын насос сатып алынған. Ауылдағы 960 ауланың барлығына ауыз су кіргізіліп, келісім-шарт жасалған. Жуырда есептегіш құралдарын орнату жұмыстары да аяқталды.

 

Шатырдан су ағады 

Қоғамның материалдық дәрежесі көтерілген сайын рухани өмірі де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай өтпелі кезеңде туындаған болатын. Қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар жеке меншікке өтіп, бүгінде ғимараттардың қаңқасы ғана қалған. Бірақ, Малыбайдағы мәдениет үйі тұрғындардың игілігі үшін жұмыс жасауда. Б.Аухадиевтің айтуынша, мәдениет үйі 2014 жылы толық жөндеуден өткен. Бірақ  жауған жаңбыр мен қардың әсерінен ғимараттың шатырынан су өтіп, қызметкерлердің мазасын қашыруда.

Осындай кедергілерге қарамастан, мәдени шаралардың қатары сиремегені қуантады. Мәселен, жуырда ғана ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай онлайн режимінде ауыл тұрғындарының арасында Абай оқулары өткізілген.

 

ТҮЙІН: 

Малыбай ауылдық округіне жасаған сапарымыз барысында бірталай жақсылықтарға куә болдық. Десек те, қордаланған мәселелер қалыпты тіршіліктің күйін қашырып тұр. Округ әкімдігі түйткілдің түйінін тарқатуға барын салып, тұрғындармен бірлесе жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелер жақын арада шешілетіндігі аудан әкімінің есептік кездесуінде айтылды. Демек, берекесі тасып, бірлігі жарасқан ауылдың келешегі кемел, болашағы жарқын болары сөзсіз.

 

Ілия СҰЛТАН.

Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын!

Ата-бабам салт-дәстүрінен аспаған.

Ел шетіне қауіп төнсе, тік тұрып,

Қалың қолын жаудың лезде таптаған.

Иә, бұндай патриотизмге толы өлең шумақтары кімді болмасын, тебірентері анық. «Толғaнсaм, сaнaмдaғы сұрaқтaрдың сaны көп, көкірегімде мол aрмaн бaр. Тaрaу жoлдың тармақталған бaғытындa жaн дүниемді ұлтымның мүддесіне бұрдым» дейді, менің кезекті кейіпкерім.

Әскерге барып, елдің тыныштығын қорғау ісіне машықтану, шыңдалу, Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыру – азаматтық парыз. Бірақ қазіргі жас буын әскерге баруды емес, қашу жолдарын көбірек іздейтін сынды. Оған себеп көп, әрине. Дегенмен, әскери қызметі мен өмірін ұштастырып, институт пен әскери борышын өтегеннен кейін де осы салада тыңғылықты еңбек жолында жүрген азаматтарымыз да бар екенін айту керек. Солардың бірі өз ісінің маманы, сарбаздарға жол сілтеп, патриоттық тәрбие беріп жүрген Мейрамбек Талапкер. Қаракемер ауылындағы №6654 әскери бөлімінде батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Мейрамбек Мерекеұлымен жақында тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдаумен пара-пар. Жастардың біреуі ауырған жанның жарасын емдейтін дәрігер болуды армандаса, бірі ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолында ұстаздықты қалайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Әскери институтын тәмамдаған  Мейрамбек Отан алдындағы борышын өтеп, халық тыныштығын сақтауды өмірінің мәні деп біледі. Мейрамбек Мерекеұлы өз ісінің майталманы. Өйткені, мемлекетіне деген мaхaббaты, туып өскен өңіріне, әскери бөліміне деген сезімі ерекше. Отан алдындағы қызметін атқаруды, рота сарбаздарының бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды тікелей міндеті деп санайды. Әр сарбазды өз бауырындай көріп, тыныштығын қадағалауға тырысады.

Мейрамбек Талапкердің әкесінің патриотизм жайындағы әсерлі әңгімелері нағыз азаматтың бет-бейнесі мен мінез-құлқын танытып, жастайынан жігерлендірген. Әскери адам болуды армандап өскен ол алдына нақты мақсат қоя білді. Бүгінде өзі де алдына келген сарбаздарға психологиялық қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбие беріп жүр. Күн-түн демей, еңбек етіп, үйін жұмысына алмастырып, қарамағындағы 100-ге тарта сарбазды бар білгеніне үйретуі –  оның бастапқы баспалдақтары саналды. Бірақ, лауазымы өскен сайын артылған жауапкершілік те арта түспесе, кеміген емес. Оған мысал, қарамағындағы сарбаздар санының 300-ге жетуі. Сондықтан таңмен таласа тұру, саптық дайындыққа қол астындағы сарбаздарды даярлау, жауын-шашын, қарлы боранға қарамастан ел тыныштығын абыроймен қорғау, апталап-айлап үйінен жырақта, бейтаныс жерде түнеу ол үшін таңсық дүние емес. Таңның атысы, күннің батысы кез-келген жағдайға сақадай сай болуы шарт. Ал ол үшін қырағы-лық, тапқырлық, білімділік қажет. Мейрамбек Мерекеұлының бойында осы үш қасиет ұштасып жатыр.

Бүгінде жастарға Отан алдындағы міндетін түсіндіру маңызды. Әскерге бару – ер жігіттің ел алдындағы қасиетті борышы. Жалпы әскери жарғымен танысып, қару ұстап, саптық даярлықты меңгеруді мектеп қабырғасында алғашқы әскери даярлық пәні үйретеді. Ал әскери парызын өтеуге келген әрбір жас жігіт мектепте алған білімін әрі дайындығын әскери бөлімдерде жетілдіре түседі. Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз кез келген жағдайда шапшаң қимылдап, тез әрекет етіп, шешім қабылдайды. Әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, техниканың тілін меңгереді. Ең бастысы – әрбір сарбаздың туып-өскен жеріне деген махаббаты күшейе түседі. Бауыржан Момышұлының: «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскер қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес», – деген сөзін өмірлік ұстанымы еткен Мейрамбек, антына әрдайым адал болуды азаматтық борышы санайды.

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті.

Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 14:36

Зейнеткер теледидар ұтып алды

Өңір жұртшылығына хаттар мен сәлемдемелерді жеткізіп, түрлі деңгейдегі баспа басылымдарын өз оқырмадарымен қауыштырып,  көптеген төлемдерді жасауға зор мүмкіндік беріп отырған аудандық пошта байланыс торабының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Жақында аталған ұйымның Есік қаласындағы филиалында ұтыс ұйымдастырылып, тұтынушыларға сыйлықтар үлестірілді.

Бүгінде  «Қазпошта» акционерлік қоғамының сан салалы қызмет өтеу түрі күн сайын кемелденіп келеді. Жақынғы жылдардан бері «Қазпошта» акционерлік қоғамы өз тұтынушыларына басқа  банктермен селбестік негізіндегі тиімді несие беруді қолға алған. Осы қызмет түріне  тыңнан серпін беру үшін жақында аудандық пошта торабында «Банк Хоум Кредит» банкінен  несие алғандарға ұтыс ойынын ұйымдастырды. Ұтыс ойынына қатысқандардың арасынан Қазақстан ауылдық округінің тұрғыны Алтын Тұңғышбаеваның айы оңынан туып, теледидар олжалады. Кеудесін қуаныш кернеген зейнеткер әжей қиырдағы елді мекендерге де қызмет етіп келе жатқан пошта торабына  алғыс  айтып, ағынан жарылды. Шара барысында ұтыс ойынына қатысқандарға  түрлі сыйықтар  тарту етілді. Бұл ретте,  аудандық пошта торабының басшысы Диас Қосыбаев: «Біз қызметімізге жүгінген тұтынушыларымызды ынталандыру үшін алғаш осы ұтыс ойынын жасадық. Алда әр ай сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.  Әр жолы ұтысқа қатысқандар түрлі тұрмыстық техникаларды тегін алу мүмкіндігіне ие болады»,  – дейді.

 Ерзат  АСЫЛ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет