Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 10:51

Миржан Әзербаев: «Бұл дертпен қоғам болып күресу керек»

Миржан Әзербаев: «Бұл дертпен қоғам болып күресу керек» mezet.kz

Аудандағы эпидемиологиялық жағдай жайында Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Миржан Әзербаевтан сұрап-білдік.

– Жақында онлайннан дәстүрлі оқу форматына бірнеше сынып көшті. Яғни мектепке баратын бала саны артты. Санитарлық талаптар күшейді ме? Қандай шаралар қолға алынды?

– Аудан көлемінде барлығы 86 білім беру орындарында 53 881 оқушы бар. 76 мектепте 1260 кезекші сынып топтары ашылған. Оларда 16 340 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ бала саны 180 орынға жетпейтін мектептердің қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын дәстүрлі түрде жалғастыруына рұқсат берілген. Осыған байланысты ауданымызда Толқын орта мектебі мен Жаңашаруа орта мектебі бүгінгі күні толыққанды жұмыс істеп отыр. Толқын орта мектебінде 164 оқушы болса, Жаңашаруа орта мектебінде 127 бала бар. Барлық кезекші сыныптар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 20 тамыз айында енгізілген өзгерістердің №98/2020 қосымшасында көрсетілген талаптарға сай жұмыс істеп келеді. Барлық мектептер портативті пирометрлермен, яғни жанаспайтын дене қызуын өлшегіш құралдармен, сондай-ақ дезинфекциялық тоннельдермен жабдықталған. Білім ошақтарында дезинфекциялық құралдардың төмендемейтін қоры жасалған. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс істеп жатқан оқу орындарының қызметкерлері мен оқушылары мектеп ғимаратына тек бетпердемен кіргізіледі және күнделікті жанаспайтын термометриямен теңертеңгілік сүзгіден өтеді. Әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ғимарат алдында асфальтта таңбаланған, ғимарат ішінде қашықтықты сақтау үшін сигналды белгілер жасалған, оқушылар мен қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған антисептикті санитайзерлер әр қабатта және әр сыныпта орнатылған. Мектеп кіреберісінде аяқкиім табанын дезинфекциялық кілемшелерге сүрту міндеттелген, сабақ арасындағы үзіліс кестесі әр сыныпқа әр уақытқа белгіленген. Мектеп ішінде жүріп-тұру мен баспалдақпен көтерілу «біржақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған және әр қабатта санитарлық бекеттер жұмысы ұйымдастырылған.

– Мектеп асханаларындағы санитарлық жағдай қалай бақылануда? Мысалы, кейбір мектептердің асханалары тар, әлеуметтік ара қашықтық мәселесі туындап жатқан болар?

– Ауданымызда кезекші сыныптар ашылған барлық мектептердің асханалары жұмыс істеп тұр. Асханалардың жеке кәсіпкерлері «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 46-қосымшасына сәйкес жұмыс атқарады. Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті «кіру сүзгісі» байланыссыз термометрия жүргізіледі. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында көзге көрінетін және қолжетімді жерлерде қол жууға арналған орындар жасақталған. Асхананың толтырылуы тамақтану залындағы отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-ынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылған. Асхана қызметкерлері бір реттік қолданылатын медициналық маскалармен және қолғаппен жұмыс істейді.

– «Қорам, Қаражота, Байсейіт ауылдарындағы мектептерде ұстаздардан коронавирус анықталды» деген ақпарат бар. Ол рас па?

– Өкінішке қарай, рас ақпарат. 2021 жылдың ақпан айында Қорам, Қаражота, Байсейіт ауылдарындағы мектептерде 5 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген жағдайлар бойынша «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға сәйкес барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. Ол мектептер карантинге толық жабылды.

– Аудандағы ахуалға тоқталып өтсеңіз, жалпы жағдай қандай?

– Аудан бойынша жағдай бірқалыпты. Жұқтырушылар саны қазір біршама азайды. Өткен жылдың аяғындағы мерекелерден кейін күрт өсу байқалып еді. Алда наурыз айындағы мерекелер бар, одан кейін сәуірде мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Сол мейрамдарды халық көп адамның басын қоспай, өз шаңырақтарында атап өтсе, бір-біріне қонаққа баруды тыя тұрса деген өтініш-тілегіміз бар. Әрине, мұның бәрі де алдымен өздеріңіздің және жақындарыңыздың амандықтарыңыз үшін қажет. Бұл дертпен қоғам болып күресуіміз керек. Тек бір тараптың жұмысы жеткіліксіз.

– Қазіргі күнге дейін ауданымызда коронавирусты жұқтырғандар саны нешеге жетті?

– Былтырғы наурыз айынан бері ауданымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 918 науқас тіркеліп, оның ішінде 840 науқас емделіп шықты. Бізде халық тығыз орналасқан, әрі ауданымыз Алматы сияқты мегаполиске жақын жатыр. Қалаға қатынап жұмыс істейтіндер мен келіп-кететін адам көп.

– Облыс бойынша індетті жұқтырғандарды тек үш аурухана қабылдайды. Оның бірі – біздің ауданаралық Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасы. Қазір мұнда қанша науқас ем алып жатыр?

– Иә, облыс бойынша коронавирус жұқтырған науқастарды Талдықорған қаласында, Қарасай ауданында және ауданаралық Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасында қабылдайды. Қазіргі кезде бізде Іле ауданынан 2, Қарасай, Талғар, Қапшағай, Райымбек ауданынан 1 науқастан және Алматы қаласынан 6 науқас ем алып жатыр. Сонымен қатар өз ауданымыздан 11 адам емделуде. Айта кету керек, ауруханаға тек жағдайы орташа-ауыр және ауыр науқастар қабылданады. Ал коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққандар үйде ем алады. Ол науқастар мобильді топтың, жергілікті учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында және карантин талаптарын қатаң ұстайды.

– Ауылдарда медпунктердегі медбикелер бәріне бірдей үлгере ала ма? Мысалы, науқастарды тәулік бойы күзетіп отырған жоқ, ал науқастардың бұл уақытта карантин талаптарын бұзып, қоғамдық орындарда жүрмесіне кім кепіл?

– Коронавирус – жеңіл-желпі қарайтын ойыншық емес. Мұны дертке шалдыққан адам жақсы түсінеді және қоғам алдындағы жауапкершілікті де біркісідей сезінеді. Ал той жасап, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүріп, әлеуметтік ара қашықтыққа қарамайтындар – «Мен науқас емеспін» деген ішкі сеніммен жүргендер. Олар аурудың не екенін білмейді. Ал індетті жұқтырғандар карантин талаптарын қатаң ұстайды.

Коронавирусқа байланысты ауданымызда 53 мобильді топ құрылған. Арнайы мамандар бөлініп, қажетті барлық жабдықпен жабдықталған көлік те берілген. Олар науқастармен тікелей жұмыс жүргізеді. Емдеп, бақылауда ұстайды. Одан бөлек, науқастар учаскелік дәрігердің де, біздің де, керек болса, учаскелік полицияның да бақылауында болады. Күнделікті бейнеқоңыраумен хабарласып, хал-жағдайын біліп отырамыз. Сондықтан алаңдаудың да реті жоқ.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Оқылды 3217 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 02, 2025

«SAQTAN» Жастарды сақтайық –…

Алматы облысында жастар арасында есірткіге тәуелділік, суицид, құмар ойындар сынды зиянды…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет