Об этом на брифинге на площадке КГУ «Jetisy media»рассказал руководитель Департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области, Кайрат Баймухамбетов.

Приближаются длительные зимние праздники, и все с радостью запасаются большим количеством блюд. Но, ни в коем случае нельзя исключать факт пищевого отравления. Необходимо заранее предостеречь себя и своих близких и избежать опасности.

Чтобы праздничный стол не превратился в больничную койку, рекомендуется при покупке продуктов питания воздержаться от:

- приобретения продукции с неясной и не полной маркировкой. Маркировка должна содержать информацию о наименовании, составе, количестве, дате изготовления, сроке годности, условиях хранения продукции, показателях пищевой ценности, а также рекомендации и (или) ограничения по использованию продукции. Обязательно должно быть указано полное наименование и место нахождения изготовителя продукции, знак ЕАС.

- приобретения продукции в поврежденной, мятой, загрязненной упаковке;

- приобретения продукции, в случае, если на ваше законное требование, продавец не предоставил документ, подтверждающий соответствие продукции (декларация о соответствии, свидетельство о государственной регистрации);

- не приобретайте продукцию с истекшим сроком годности и хранящуюся без наличия холода (особое внимание обращайте на скоропортящиеся продукты - торты, пирожные, салаты заправленные майонезом, холодные закуски и т.п.). Такая продукция может стать причиной инфекционных заболеваний и пищевых отравлений.

Стоит отметить, что результаты мониторинга безопасности продукции, проводимого Департаментом контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области, показали, что 90% несоответствующей пищевой продукции приходятся на нарушение маркировки.

«За 11 месяцев 2019 года зарегистрировано три случая пищевого отравления в быту – ботулизм. В Балхашском районе, городах Талдыкорган и Текели. Всего пять пострадавших, два летальных исхода. Все случаи связаны с употреблением консервированных продуктов приготовленных в домашних условиях. Доля того, чтобы избежать трагических случаев, остерегайтесь покупать домашние консервы, а также «самодельные» мясные и рыбные продукты «с рук» на улицах и рынках. По всем фактам приобретения

некачественных продуктов питания вы можете лично в письменном виде обратиться в Департамент контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области по адресу город Талдыкорган, улица Сланова, 85 «А», или электронный адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , или в его территориальные управления», - подытожил Кайрат Баймухамбетов.

Обязательное медицинское страхование стала одним из главных внедрений в Казахстане. Если ранее медицинское страхование на протяжении многих лет действовало в категории как добровольное, то внедрение обязательного медицинского страхования в Казахстане несет в себе колоссальные изменения.По области в рамках подготовки к внедрению обязательного социального страхования проведена определенная работа и можно с уверенностью заявить, что Алматинская область готова к внедрению обязательного медицинского страхованию.

«Из средств местного бюджета закуплено 952 компьютера на сумму 112 миллиона тенге.Технику закупили и медицинские организации, что позволило довести оснащенность компьютерной техникой рабочих мест до 100%. На уровне областных, районных центров доступ к сети интернет обеспечен на 100%, решен вопрос с доступом к сети интернет 100 медицинских пунктов, где будут до конца года установлена спутниковая связь Astel.Еженедельно проводится мониторинг технической готовности МИС к внедрению ОСМС с заполнением чек-листов. На 17 декабря 2019 года техническая готовность составила почти 96% МИС «Даму Мед», аМИС «Жетысу» 100%.С марта 2019 года ведется работа по прикреплению населения к медицинским организациям первичной медико-санитарной помощи»,- поделился Руководитель управления здравоохранения Алматинской области Бауыржан Ыскак.

По данным Фонда медицинского страхования по Алматинской области, пакет медицинских услуг в системе ОСМС составит 32 миллиарда тенге. По сравнению с 2019 годом рост финансирования - 37%

В целях оптимизации процессов и повышения прозрачности процедуры закупа, минимизации коррупционных рисков и административных барьеров, проведение закупа медицинских услуг на 2020 года будет проведен через веб-портал в цифровом формате с использованием ЭЦП.

«С внедрением ОСМС постепенно будет увеличена в 1,8 раз численность врачей общей практики, что позволит снизить нагрузку на одного врача до 1500 человек (сейчас 2140 человек на 1 врача ОП) и соответственно избавиться от очередей и повысить качество приема и лечения больного.Вместе с тем, в рамках ОСМС с 2020 года на консультативно-диагностические услуги будутвыделяться равномерные средства на каждого человека всех территориальных уровней. Социальные группы имеют преимущественное право на получение таких дорогостоящих медицинских обследований, как КТ, МРТ, ПЭТ, ангиография, ПЦР, медико-генетические исследования. Все профилактические, стоматологические осмотры будут входить в рамках ОСМС. Высокоспециализированные операции будут проводиться на бесплатной основе для застрахованных лиц. Любая экстренная помощь будет проводиться бесплатно», - отметил директор филиала НАО «Фонд социального медицинского страхования» по Алматинской области Нурлан Отаргалиев.

Кроме того, ОСМС позволит снизить показатели смертности и инвалидизации населения от основных хронических неинфекционных заболеваний, снизится необоснованная госпитализация в круглосуточный стационар, не имеющие показания к госпитализации пациенты будут переходить на амбулаторный уровень и на уровень приемных отделений.

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:48

2020 – жаңалыққа толы

Өтіп бара жатқан доңыз жылы еліміз үшін елеулі оқиғаларымен есте қалды. Биыл жаңа Президентімізді сайлап, әлеуметтік-экономикалық салаларда оң өзгерістер орын алды. Жаңа тарих бетін ашқалы отырған қазақ халқы үшін тышқан жылы да табысты, жаңалықтарға мол жыл болмақ. Сонымен, 2020 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтпек? Тарқатып көрейік.

Алдымен 2019 жылы күн тәртібінен түспеген көпбалалы аналардың жәрдемақысына тоқталсақ. 2020 жылдың басты жағымды жаңалығы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы болмақ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап еліміздегі барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ай сайынғы  жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға беріледі. Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай сараланады. Айталық, төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге. Ал алты бала тәрбиелеп отырған отбасына – 63 757 теңге, жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге төленеді. Айта кетейік, мемлекет аталған жәрдемақыны төлеуде отбасы мүшелерінің табысына қарамайды.

Сонымен қатар, жаңа жылдан бас-тап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгереді. Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады. Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларына тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі. Осылайша, мемлекет алаяқтық жолмен, табысын жасырып атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға тосқауыл қоймақ. Атаулы әлеуметтік көмек тек шынайы мұқтаж жандарға беріледі.

Тышқан жылы жалақыны өсіру де жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы тамыз кеңесінде алдағы төрт жылда ұстаздардың жалақысын екі есеге арттыруды тапсырған еді. Яғни, ұлағат иелерінің еңбек ақысы жыл сайын 25 пайызға артады.

Ал Қазақстанның еңбек заңнамасы бойынша, елімізде тек ең төменгі жалақының мөлшері ғана реттеледі. Қалғаны – жұмыс берушінің қалауына қарай. 2019 жылдың басынан бері әлеуметтік жауапкершілік аясында 203 мың кәсіпорын 1,2 миллион жұмысшының жалақысын 32 пайызға, 46 мың теңгеден 61 мың теңгеге дейін көтерді. Келер жылы мәдениет саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың жалақысы 35-50 пайызға артпақ. Бұл турасында Қ.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруі тиіс» – деп нақты тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы да 30-60 пайызға дейін көтеріледі деп жоспарлануда.

2020 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 800 теңгеге ұлғайып, 16 839 теңгені құрайды. Биыл ең төменгі зейнетақының мөлшері 36 108 теңге болса, келесі жылы 38 636 теңгеге жетеді. 2020 жылдың басынан қазақстандықтардың зейнетақысы инфляция деңгейіне қарай өседі.

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты (2020 жылы 2 651 теңге), мемлекеттен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылу бойынша, аса зиянды және ауыр жұмыстарда еңбек ететін адамдарға төленетін әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді.

Елбасы Н.Назарбаев жариялаған жас-тар жылының жабылу салтанатында ел Президенті студенттер үшін жағымды жаңалықты жеткізді. Қ.Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға ұлғайтуды тапсырды. Келер жылдан бастап бакалаврда оқитын студенттер 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, магистранттар 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін шәкіртақы алатын болады. Ал докторантурада оқитындардың стипендиясы 81 998 теңге мен 102 498 теңгенің аралығында болады.

2020 жылдан бастап елімізде пациенттерді қабылдау мен емдеу жаңаша форматта жүргізіледі. Оған себеп, Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшкелі жатыр. МӘМЖ аясында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.

Доңыз жылының үлкен жаңалықтарының бірі – мемлекет несие алып, оны төлей алмай жүрген жандардың банк алдындағы борышының бір бөлігін өтеп берген еді. Жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит берілмейді. 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгеге тең болады. Сонымен қатар, жұмыссыздар да несие ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет. Айта кетерлігі, банктерге азаматтардың кредит бойын-ша берешегі 90 күннен асып кеткен жағдайда, комиссия есептеуге тыйым салынды.

Тышқан жылы кәсіпкерлер үшін де табысты болмақ. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады. Алайда бұл өзгеріс жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнім өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысы жоқ. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес-ке үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Алайда, тексеріс жұмыстары мүлдем тоқтап қалмайды. Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.

Жаңа жыл автокөлік жүргізушілері үшін жағымсыз болмақ. Себебі, келер жылы жанармай бағасы көтеріледі деп күтілуде. 1 қаңтардан бастап бензин акцизі екі есеге дейін көтеріледі. Тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін. Бұл өзгеріс өз кезегінде бензин бағасына әсер етеді. Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі. Яғни, бір литр үшін акциз 8 теңгеден 18 теңгеге дейін ұлғаяды.

Осымен, еліміз жаңалықтарға толы тағы бір табысты кезеңді артқа тастап, жаңа жылға қадам басты. Келер жыл қазақстандықтар үшін жақсылыққа толы болмақ. Әсіресе, әлеуметтік салада болатын оң өзгерістер жұртшылықтың көңіліне қуаныш ұялатты. Қашанда жаңа жылдан тек жақсылық күтетін қазақ халқының сенімі ақталмақ. Лайым солай болғай.

 

Дайындаған С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:43

Қош келдің, Жыл басы!

Жыл қайыру жайында

Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Ғалымдардың пайымдауынша, олай жыл қайыру табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол – бірінші жылдың, одан кейін  көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», – деп ұсыныс жасаған. Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Ал түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тəжірибесі бай, ұғымды халық əр жылға тиісті баға беріп һəм соған сай күтініп те отырған.

 

Тышқан жылы қандай болады?

Қазақтар тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Шынында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмады. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Жыл санау туралы деректер VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Ал осыдан 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» кітабында мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезі сипатталған.

 

Астрологтардың айтуынша...

Астролог мамандардың мінездемесіне сәйкес, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие. Ал жаман қасиеттері – қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсықтау.

«Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Әркіммен тіл табыса алатын қасиетінің арқасында таныстары жетерлік. Бірақ нағыз досқа мұқтаж. Ақыл-ой жағынан алып бара жатқан ерекшелігі болмағанымен, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтынына көпшілік тәнті. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және публицист шығуы мүмкін», – дейді мамандар.

 

Нумеролог не дейді?

Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы келер жылға болжам жасап, қазақстандықтарды қандай тосынсый күтіп тұрғанын айтты. Нумеролог 2020 жыл, жалпы алғанда, позитивті болады деп отыр. Келер жылдың басты саны – 4 екен. «Төрт – төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа жауап беретін сан. Адамдар өз денсаулығына мән беріп, оны жақсартуға ұмтылады. Сауықтыру орталықтары, медициналық мекемелер көптеп салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен азаматтардың баспана мәселесі шешіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тұрғын үй бағдарламалары ұсынылып, шетелдік инвестор-лар көп үй тұрғызады», – деді Құралай Бақытқызы. Қазақстандықтардың еңбекке деген құлшынысы оянады. Бірнеше жұмысты қатар істеуі мүмкін. Халықтың табысы қатты өспегенімен, әр адам өзі тырмысып, еңбектенеді. Бұдан бөлек, маманның айтуынша, адамдар рухани жағынан баюға көбірек мән береді. Біліктілігін арттыратын түрлі курстарға жазылады. Тіл үйреніп, саламатты өмір салтына бет бұрады. «Төрт – тұрақтылық саны. Сол себепті 2020 жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік болады. Десе де, келесі жылы адамдар карьера жағын көбірек ойлайды», – деп болжады Құралай Бақытқызы. Маман, 4 –  спортшылар мен журналистердің саны екенін айтты.

 

Әр айдан не күтеміз?

Қаңтар – тазалық пен медицина айы. Жылдың алғашқы айында жол-көлік оқиғасы, әуе апаты жиі болуы мүмкін. Сондықтан осы айда саяхатқа шығуға кеңес бермейміз. Қауіпті!

Ақпан – салық және кеденмен байланысты ай. Осы салада қандай да бір өзгерістер орын алуы мүмкін. Әділетті ай деуге болады. Яғни, ақпан айында саясатта әділетті шешімдер көп болады.

Наурыз – әдемілік, сәулет және сән айы. Жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленіп, құрылыс қарқын алады.

Сәуір – сыншыл ай. Шенеуніктер халықтан көп сын естиді. Саясатта Конституция, заңнамамен байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Мамыр – денсаулық айы. Медицинада кейбір аурулардың емі табылады. Бұдан басқа, латын әліпбиіне қатысты жаңалық болады.

Маусым – ІТ мен спорт айы. Ғарышкерлер, программис-тер мен спортшылардың айы оңынан туады. Тың идеялар мен жаңа жобалар қолға алынады.

Шілде  – отбасын құратын ай. Жастар неке қиып, саяхатқа шығады. Жұмыста адамдардың қызметі жоғарылайды.

Тамыз – сауда-саттық айы. Бірақ, алаяқтық жиілеуі ғажап емес. Алдап-арбау, сатқындық көбейеді. Сондықтан абай болған жөн. Сонымен қатар, жаздың үшінші айы – ана атанғысы келетіндер үшін таптырмас кезең. 

Қыркүйек – мансап қуғандар айы. Бұл айда адамдардың мансабы өсіп, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Кез келген бизнес жоба сәтті басталады. Сондай-ақ, хирургтер үшін табысты ай болмақ.

Қазан – дау-жанжал, арандатушылық айы. Адамдардың көбі жұмысында басшылығымен, әріптестерімен сөзге келіп қалады.

Қараша – мәдениет айы. Бұл кезеңде көрмелерге, музей мен театрларға жиі барған дұрыс. Адамдар өнерге, сәнге, мәдени шараларға мән береді. Археологияда жағымды жаңалықтар күтіледі.

Желтоқсан – кез келген істі аяқтау айы. Туризммен байланысты уақыт. Ел экономикасында экспорт пен импорт артады.

 

ТҮЙІН: Жылдың басы жаңа бастамалардың, жаңа өмірдің, жақсылықтар мен игіліктердің бастауы болатынына сенім мол. Қуанышты күндеріңіз қап-қап болып, бақыттарыңыз бастарыңызға сап-сап «төгілсін».

 

Баспаға әзірлеген Алмагүл НҰҒМАН

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:13

Жаңа жылдың тарихы мен дәстүрі

Барша адамзаттың, әсіресе, балғын балалар қауымының асыға күтетін жаңа жыл мерекесі босағамызды аттағалы тұр. Әлемнің барлық елінде дерлік тойланатын бұл мейрам көптеген мемлекеттерде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. Алайда, жаңа жылдың шығу тарихы, оның дәстүрлері  туралы барлығымыз біле бермейтініміз белгілі. Соған аз-кем тоқталайық.

Әр елдің салты басқа...

Мерекенің шығу тарихы тереңде жатыр. Ғалымдардың зерттеуінше жаңа жыл алғаш рет біздің заманымызға дейінгі 3000 жылы Месопотамияда пайда болған. Көне замандағы адамдар дәл осы уақытта Мадрук деген құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті де, Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлаған. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізген. Сонымен қатар мерекеде еңбек етіп, жұмыс істеуге, адамдарды жазалауға және үкім шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүр мысырлықтар мен гректер арасында жалғасын тауып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға кеңінен тарай бастаған. Ежелгі грек елінде жаңа жыл жазғы күні 22 маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған. Ал гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталған. Ежелгі Римде жаңа жылды наурыз айында қарсы алатын болған. Біздің заманымызға дейінгі 46 жылы рмдік иператор Юлий Цезарь жыл басын 1 қаңтар деп белгілейді. Оның атымен аталған юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралған.

Қазіргі таңда Грекияда тура сағат түнгі 12:00-де отағасы аулаға шығып, анар жемісін қабырғаға атады. Дәндері бақшаға шашырап кетсе, сол жылы отбасы берекелі, тату өмір сүреді. Греуияда жаңа жыл мейірімділігімен танымал Ұлы Василий күні болып есептеледі. Балалар пеш түбіне аяқ киімдерін қойып, оған Ұлы Василий сыйлық салады деп сенеді.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» – деген дана қазақ. Бұл нақыл жаңа жыл мерекесіне де қатысты айтылғандай. Мереке әр халықта түрліше тойланып, әр елдің салт-дәстүріне сәйкес атап өтіледі. Бірнеше ғасыр бойы көне мысырлықтар шылде-қыркүйек айларында алып Ніл өзенінің арнасынан асуын атап өткен. Бұл кезеңді жергілікті тұрғындар жаңа егін маусымының басталуы деп білетін. Ніл өзені суының киесі бар деп сенетін мысырлықтар жаңа жылды тойлаған кезде аталған өзеннің «қасиетті суын» құмыраларға құйып алатын болған. Наным-сенімге сүйенсек, Нілдің суы ескі-құсқыны шайып жібереді. Сол кезден бастап қазіргідей жаңа жылда ән айтып, би билеу, мерекелік дастархан жайып, бір-біріне сыйлық жасау дәстүрі басталыпты.

Еврейлердің жаңа жылы Рош Ха-Шана – йудейлердің ай күнтізбесі бойынша тишрей айының алғашқы күнінен басталған. Ол көбінесе қыркүйек айының ортасы, қазан айының басына сәйкес келеді. Еврейлер Рош Ха-Шана күні адамның келер жылғы тағдыры шешіледі деп сенген. Қазіргі уақытта да бұл дәстүр жалғасын табуда. Қасиетті саналатын бұл кезде адамдар жасаған күналарын ойлап, келер жылы жақсы істермен жуып-шаюды уәде етеді. Балаларға міндетті түрде жаңа киім алып береді. Дәстүрлі нандарын пісіріп, жемістер жейді.

Күз кезінде жаңа жыл тойлағандардың қатарында Кельттер де бар. Олар сол заманғы Батыс Еуропа дәстүріне сәйкес жаңа жылды қазан айының аяғында атап өткен. Ең қызығы, мейрам жаңа жыл емес, «Жаздың соңы» деп аталыпты. Адамдар үйлерін ақ жидекті улы бұталармен безендірген. Ол адамдарды зұлымдық пен жамандықтан қорғауға тиіс болған. Сонымен қатар, Кельттер арасында мистикалық наным-сенім де кеңінен тараған.  Жаңа жыл күні өлілер қайта тіріледі деген ұғым қалыптасқан. Бұл күні отағасы әйелі мен бала-шағасына әртүрлі сыйлық алу үшін ақша береді.

Қазіргі уақытта біздің 31 желтоқсан күні атап өтіп жүрген жаңа жылымыздың тарихы мүлдем өзгеше. Ол ежелгі Русьтің өткенімен тығыз байланысты. Русьте жаңа жылды көктемде, жергілікті адамдар ауыл шаруашылығы жұмыстарына кірісе бастаған уақытта – 1 наурызда тойлаған. Уақыт өте келе жылдың басы қазіргі білім күні саналатын қыркүйек айының алғашқы күніне ауыстырылған. Кейінірек, 1699 жылы І Петр жаңа жылды 1 қаңтарға қойып, жыл санау осы күннен басталатын болған. Сол кездегі адамдар жаңа жылды қазіргідей түн ортасында тойлайтын. Барлық отбасы мүшелері мерекелік дастархан басында жиналып, мерекені күткен. Сағат тілі түнгі 12:00-ді көрсеткенде, қалада хабар беретін зеңбіректер атылып, шіркеулерде қоңырау соғылған. Сонымен қатар, бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, жаңа жыл көшпелі халықтардың да байырғы мейрамы екендігін жазады.

Бағзы заманда аспан асты елінің жаңа жылы мүлдем өзгеше, қытай күнтізбесі бойынша мерекені бір ай бойы тойлаған. Жаңа жыл жаңа ай туған кезде басталатын – ай күнтізбесі бойынша 17-19 ақпан аралығы. Жаңа жыл түні Қытай көшелерінде сансыз көп шам жағу дәстүрі қалыптасқан.

Францияда 755 жылға дейін жыл басы 25 желтоқсан саналған екен. 1564 жылы ІХ Карл патшаның бұйрығымен 1 қаңтар деп белгіленген. Ағылшындар жаңа жылды 25 наурызда тойлаған. 1752 жылы ғана 1 қаңтарға ауыстырылған. Ал эскимостар жаңа жылды қар жауған күннен бастап санайды.

 

Жасыл шырша тарихы

Жаңа жылды сыйлықтар мен шырша, мерекелік безендіру мен шамдарсыз елестету қиын. Бұрындары да солай болған. Тарихшылардың дерегіне сүйенсек, алғашқы безендірілген шыршалар 1605 жылы қазіргі Франция аумағындағы Эльзаста пайда болған. Кейіннен бұл дәстүр бүкіл Еуропа аумағына тарап, мереке қарсаңында шырша безендіріле бастаған. Әрине, оған барлығының бірдей шамасы жетпеген. Тек, ауқатты адамдар мен саудагерлердің үйінде ғана шырша болған. Ал ХІХ ғасырда барлық жерде шырша қою дәстүрге айналған. 

Шыршаны безендіруге арналған алғашқы шар тәріздес шыны ойыншық Тюрингияда (Саксония) ХVІ ғасырда жасалған. Шеберлер шыныдан әртүрлі пішінді ойыншықтар дайындап, оларды көздің жауын алатын қанық түстермен бояған. Қоңырау, жүрек, аң-құс, шар, бүршік, жаңғақ тәрізді шынылар сол кезден бастап қолданылуда.

Ал жарық электрикалық түрлі-түсті тізбекпен (гирляндамен) безендірілген алғашқы шырша Америка Құрама Штаттарында пайда болған. 1895 жылы шамдары жарқыраған шырша Ақ үйдің алдына қойылған.

 

Кейіпкерлер қайдан шыққан?

Келер жылы молшылық болсын, жаңа дүниелерге қол жеткізейік деген ниетпен адамдар мейрам қарсаңында жаңа киімдерін киюге тырысады. Жаңа жыл алдында біреуге қарыз бермеген жөн деп санаған. Ал өзі біреуге қарыз болса тезірек қайтаруға тырысқан. Ескі-құсқыдан арылу дәстүрі алғаш Италия жерінде пайда болған. Адамдар осылайша жан дүниемізді тазарады деп сенген. Келе жатқан жыл жақсылыққа толы болу үшін мол дастархан жаюды да дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ, жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – жақсы тілек тілеу көне заманнан келе жатса да әлі күнге ұмыт болған жоқ. Себебі, жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады деген сенім қалыптасқан.

Жаңа жыл туралы сөз қозғағанда мерекенің басты кейіпкерлері жайлы ұмыт қалдыру мүмкін емес. Балалар тілек жазып, сыйлықтарын асыға күтетін Аяз ата соңғы бір жарым ғасырда ғана жаңа жылдың символына айналған. Алғашында Аяз ата мерекедегі жалғыз кейіпкер болған. 1873 жылы Александр Островский «Қаршақыз» пьесасын жазып, аппақ қардай сұлу қыз әуелі Аяз атаның туған қызы болған. Кейінірек, жұрт арасында немересі ретінде қабылдап кеткен. Ал қардан жасалатын Аққала ХІХ ғасырда жаңа жылдық кейіпкерлердің санатына енгізілген.  Сол кезде де қазіргідей қардан жасалған үш үлкен шарды бір-бірінің үстіне қойып, басына шелек кигізіп, мұрны сәбізден болған.

 

Баспаға дайындаған

Сардарбек НҰРАДИН

Жұма, 27 Желтоқсан 2019 10:04

Жаңа жылдық сиқырға сенесіз бе?

Жаңа жыл үнемі бір сиқырмен байланысты сияқты болады да тұрады. Ақ қарға оранған айнала, безендірілген көшелер мен шыршалар, сықырлаған сары аяз – бәрі бір кереметтің болатынынан хабар беретіндей... Биыл, жалпы,  табалдырығымыздан Тышқан жылы аттайды. Қазақтар тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі алдамаған. Шындығында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмаған. Тарихқа зер салатын болсақ, Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, алғаш Қазақ ордасы (1456) тышқан жылында құрылған. Астролог мамандардың мінездемесіне сәйкес, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие адамдар. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және пуб-лицист шығуы мүмкін, – дейді мамандар.

Хош, өткен жылмен өкпелемей қоштасып, жаңа жылды жақсылығымен күтетін жандарға «Жаңа жылдық сиқырға сенесіз бе?» деген сауал жолдаған едік...

Айнұр Сақанова, жеке кәсіпкер:

Жаңа жылды күтіп, кереметтей қылып тойлау бала кезімізден қалыптасқан ғой. Анамыз біз үшін үйді де ерекшелеп безендіріп, жаңа жылдық киімдерімізді де дайындап, алда бір күшті мерекенің, қуаныштың келе жатқанынан белгі бергендей болатын. Соған бала көңіл алып ұшып, қанаттанып жүретінбіз. Үйде дас-тархан жайылатын. Дәмдінің бәрі сол дастарханға салынып, ол тек он екіде ғана желінетін. Бұл сиқыр ма, ертегі ме, әйтеуір, бір ерекше күн деп есептеймін. Қазір отбасылымыз. Жолдасым жаңа жылды аса бір серпінмен тойлауды ұната қоймайды, мұсылмандардың мерекесі емес деп. Дегенмен, қалыптасқан үрдіс бойынша дастархан жайып, сағат тілінің он екіні соғуын күтеміз балаларымызбен.

 

Динара Исабекова, үй шаруасындағы ана:

Жаңа жыл – балалық шақтың тәтті естелігі ғой. Кішкентайымызда бәріміз шыршаны шыр айналып, Аяз атаны айқайлап шақырып, біз қаттырақ айқайлаған сайын тезірек келеді ғой деген сеніммен одан сайын жан ұшыра, дауысымыз қарлыққанша шақыратыным есімде. «Таудан асып, қырдан асып келеді» дегенге бала көңіл қатты сенді. Келе жатқанын көргенде шынымен бір сиқыр орын алғандай қуанатынмын. Кейіннен, жаңа жылдағы Аяз атамыз өтірік екенін білгенде, кәдімгідей ренжіп, көңілім түскені бар. Қазір сол сиқырды балаларымыз үшін жасаймыз. Бәрібір, бір кереметке сенгің келеді, жаңа жыл қарсаңында.

 

Мөлдір Сапарғалиева, сақтандыру компаниясының операторы:

Жаңа жылдық сиқыр дегенде, ең алдымен көз алдыма кең жайылған ақ дастархан басындағы отбасым елестейді. Солардың қуанышты жүздері – бір жақсылықтың нышаны екенін сеземін, білемін. Сағат дәл 00.00 соққанда бәріміз бір ерекше көңіл-күймен шаттанып, сыйлықтарымызды таратып, алып жайдарланып кетеміз ғой. Осының өзі сиқыр емей, немене?!

 

Айгүл Шәріпқызы, тележурналист:

Жеке басым Жаңа жылды асыға күтемін. Ең жақсы көретін мерекелерімнің бірі. Қалай қарасақ та жаңа жылдың кіретін, күнтізбенің ауысып жаңаратын уақыты. Әлбетте, қазақ халқына тән емес немесе мұсылмандардың мерекесі емес деп қарайтындар да жоқ емес. Біздің жаңа жылымыз – Наурыз дейтіндер көпшілік бүгінгі таңда. Десек те, 31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түн ерекше сиқырлы, жаңа уақыттың, жылдың, жақсылықтардың бастауы деп білемін. Мектепте өтетін әрбір жаңа жылда мерекелік костюмдарымды өзгеше қылып дайындап, сол үшін берілетін жүлдеден құр қалмайтынмын. Балалығымның ең тәтті қиялдарының бірі осы жаңа жыл мерекесімен ұштасады.

 

Шынар Тілеубекова, фармацевт:

Жаңа жыл әрқашан біздің жанұямыз үшін қуанышқа, сиқырға толы. Әр жылды өз ерекшелігімен қарсы алуға тырысамыз. Оның үстіне үш балапанымыз бар, олар үшін де ерекше мереке, тағатсыздана күтіп жүреді. Үйде шырша әрлегенде жүздері бал-бұл жайнап, Аяз атаға хат жазады. Мектептегі шырша кешіне де қатты дайындаламыз. Айналадағы әсемдікті, ғажайыпты көргенде балалар асыр салып, бәрін де ұмытып кететіндей. Мұның бәрі өздігінен-ақ орын алып жатпағаны, бір сиқырдың бар екені сезілетіндей осы мереке жақындаған сайын.

 

 

Р.S. Жаңа жылдың жарқыраған шамдары, Аяз атаның сыйлық толы дорбасы, терезе сыртындағы сиқырлы сықыр еріксіз елітпей қоймайды. Бала кезімізден қалыптасқан Жаңа жыл мерекесі бәрібір бір қуанышты күндердің алда екендігінің жаршысы іспетті. Ғажайыпқа сенейік, өмірлеріңіз ертегідегідей болсын. Сіз не дейсіз, оқырман?

 

Алмагүл НҰҒМАН

Жұма, 27 Желтоқсан 2019 09:59

2020 жылғы Ұлттық халық санағы

Әлемдік халық санағы мен тұрғын-үй қорының 2020 жылға дейінгі раундына арналған БҰҰ-ның ұсыныстарын ескере тұрып, 2016 жылы 16 қыркүйек күні Бішкек қаласында өткен ТМД төраға Кеңесінің отырысында ТМД елдерінің кезекті Ұлттық халық санағын 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы қазан айлары аралығында өткізу туралы шешім қабылданған болатын.   Осыған байланысты, 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын  өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысы негізінде 2020 жылдың қазанында өткізу бекітілді. Жалпыұлттық іс-шараны өткізу аясында осы жылдың 18 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия  құрамына  Алматы облысы статис-тика Департаменті басшысының орынбасары  және санақ жөніндегі бөлім басшылары келіп, семинар-жиналыс өткізді.

Семинар-жиналыс барысында халық санағын жүргізудің негізгі пункттері түсіндірілді. Халық санағын жүргізу соңғы онжылдықтағы практикаға қарайтын болсақ, оны ұйымдастыру және жүргізу үшін әдіснамалық тәсілдердің сапалы өзгерістері қажет екендігін көрсетті. Санақты екі әдіспен жүргізу қолға алынып отыр. Атап айтқанда, заманауи ақпараттық технологияларды, яғни интернет желісін және портативті-есептеу құрылғыларын (планшеттерді) пайдалану арқылы өткізу жоспарлануда. Жаңа IT-технологияларды пайдалана отырып санақты өткізудің осы әдістері біздің елімізде бірінші рет жүзеге аспақ. Интернет-пікіртерім жүргізу кезінде азаматтар өз бетінше өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне электрондық санақ парақтарын мамандандырылған сайтта толтыра алады. Екінші әдіс санақты жүргізетін персонал мәліметтерді жинау үшін қалған азаматтарды жаппай аралап шығуды пайымдайды. Ақпаратты жинауды санақты жүргізетін персонал планшеттер арқылы электрондық санақ парақтарына енгізуді жүзеге асырады.  Сондай-ақ, ақпараттың қайталануын болдырмау үшін және ақпараттық деректер базасын өзектілендіру мақсатында санақ парағына әр адамның жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) арқылы қосылады.

Ұлттық халық санағының логотипі әзірленіп бекітілді. Логотиптің негізгі көріністері халықтың бірлігін және отбасы құндылықтарын білдіреді. Шаңырақ астындағы қолдарын көтеріп тұрған «адамдар бейнесі» өткізілетін халық санағының ашықтығын, қауіпсіздігін және маңыздылығын білдіреді. Халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!». Халық санағын өткізудегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – халық арасында халық санағына өз еркімен қатысып, нақты мәлімет беру үшін қоғамдық пікір қалыптастыру.

 

Диас Рахымбаев

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 11:17

Әжімдер неден хабар береді?

Беттегі әжімнен адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға, айыруға, тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын ашпақпыз.

Көңілді - ауыз бен көз шетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді.

Қорқақ - езудің екі жағына тарамдалған әжімдер өмірде қорған іздейтін, қорқақ адамдарға тән.

Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар - өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ. Оны «қаз табан» әжімдер деп те атайды.

Адалдық пен шынайылық - екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән.

Зиялылы - екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән.

Алды-артын байқағыш және кең пейілділік - алды-артын байыптағыш, мейірімді, кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады. Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.

Түңілу - қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін, бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады. Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады. Егер әжімдер ауыздан төмен қарай, яғни иекте орналасса, ол - адам денсаулығының бұзылғанының белгісі, я болмаса бұл - өмірден түңілген адамға тән әжімдер.

Алаңдаушылық - бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.

Ашуланшақтық - бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер (әсіресе, екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса) намысшыл, ашуланшақ адамдарға тән.

Күйгелектік - өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған, жиі мазасызданатын адамдарға тән.

Таңқалу - көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан әжімдер көбінесе айналасындағыларға таң қала қарайтын жандарда болады.

Немқұрайлық - жүзінде әжімі жоқ, бетінің еті бос, екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек, айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді. 

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 11:00

Балдырғандардың бал мекені

Бүлдіршіннің тәрбиесінде балабақшаның алар орны ерекше. Осындай өнегелі тәлім ордасы – Есік қаласында орналасқан «Шапағат» бөбекжай балабақшасының 10 жылдық мерейтойы өтті жақында.  2009 жылы сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған балабақша 100-ден аса балдырғанды қанаттандыруда. Жас ерекшелігіне байланысты ойын алаңдарымен қамтылып, 3 мезгіл тамақтандырылып, түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, балапандардың жан-жақты болып өсуіне барлық жағдай жасалған.

Салтанатты шараға  Республикалық «Құрмет» қоғамдық бірлестігінің облысаралық арнайы уәкілі Нұржан Сейдуалы, Есік қаласы әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметов, аудан балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты. Өнерлі өрендер мерекеге орай әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара соңында қызметкерлер арнайы төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Айкен МАСИМГАЗИЕВА,

балабақша әдіскері

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:57

Сыбайластықпен күрес – жауапты міндет

«Дүние-байлық не керек, денсаулығың болмаса, төрелігің не керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бір болып отыр. Адалдықтың ақ туын желбіретуді мақсат тұтып жүрген аудан әкімі кітапханасының кітапханашысы Г.Саурықова мен Рахат №1 орта мектебі кітапханашысы Д.Жанабилованың, мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі С.Армияұлының ұйымдастыруымен аталған тақырып аясында дөңгелек үстел өтті жақында.

Шараға мектептің қамқоршылық кеңесі төрайымы Қ.Жұмабекова, мектеп директоры Б.Букаева, директордың орынбасарлары М.Еділ мен Ш.Батырхан қатысты.  Жиын барысында оқушылар қоғамдық дерттің себебін анықтауға тырысып, онымен қалай күресу керек  екені жөнінде ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Бибігүл Жұмаханқызы шара соңында:

       Адам бойындағы, адалдық, әділдік деген қасиеттерді балалардың бойына кішкентай кезінен бастап сіңірген дұрыс. «Отан – отбасынан басталады» деген бар, сол себепті алдымен үйдегі қарым-қатынас жақсы болса, адалдық, әділдік деген ұғымдарды ата-ана ісімен көрсететін болса, одан кейін араласатын ортасына мән берілуі тиіс. Өз өміріне, болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат ешқашан біреудің ала жібін аттамайды деп  ойлаймын. Бүгінгі шарамыздың да мақсаты сол – адал ұрпақты тәрбиелеп, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыту болып отыр, – деп қорытындылады.

Ж.ЫСҚАҚ

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет