Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл туралы «Jetisy` media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Жер жаһанды жайлаған індетке дүниежүзі бойынша 92 мың адам шалдыққан, оның 3200-і көз жұмған. Аталған ауыру анықталған мемлекеттердің қатарын күндігіне 5-6 ел толықтырып отыр.

Соңғы екі айдың ішінде Алматы облысына шет елден 2970 адам келген. Оның 240-ы Қытай мемлекетінен оралса, қалғандары - басқа да елден келіп тұрақтағандар.

Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қажыманұлының айтуынша, Қытай Халық Республикасынан елімізге ат басын бұрған барша азаматтарды карантинге жабуға міндетті. Бүгінгі таңда Қытай елінен облысымызға тұрақтаған 73 адамды арнайы ауруханаға жатқызса, өзге келушілерде ауру симптомы анықталмағандықтан медициниа қызметкерлерінің бақылауымен үйлеріне жіберілген.

Әлемде жүріп жатқан індетке байланысты облыста "коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралуына жол бермеу және эпидемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел жоспар"әзірленген.

Коронавирустық инфекция немесе коронавирустық инфекцияға күдік анықталған кезде хабарлау схемасы жаңартылған. Ведомствоаралық комиссия мүшелері 4 штаб отырысын өткізген.

Барлық санитарлық-карантиндік пункттер санэпидқызмет, обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерімен және 15 адамнан тұратын медицина қызметкерлерімен күшейтіліп, облыс бойынша 450 медицина қызметкері арасында коронавирустың алдын алу бойынша 21 оқу-жаттығу өткізілді.

«Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен және вирустық инфекцияға қарсы қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, дене қызуы көтерілген науқастар үшін арнайы сүзгілер жұмыс істейді. Бұдан басқа, қорғаныш құралдарын және вирусқа қарсы препараттарды (костюмдер, маскалар, науқастарды тасымалдауға арналған капсулалар) сатып алуға 52,6 млн.теңге (РБ) бөлінді»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.

Бүгінгі күні 28,0 млн.теңгеге жеке қорғаныс құралдары сатып алынған. Олар - 250,0 мың бірлік- маска, 150,0 мың бірлік - қолғап және дәрі-дәрмектің 17 түрі.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 20.02.2020 ж. № 9-ПГВр қаулысына сәйкес 20.02.2020 ж. шекарадан өткен азаматтар: 1 А санаты (ҚХР), 1 Б (Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия), 2 санат (Сингапур, Тайланд, Азербайжан), 3 санат (Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малазия) үш санатқа бөлінеді.

2 және 3 санаттағы елдерден келген азаматтар үй карантинінде болады және күн сайын үйде тексеру жүргізіліп, қоңырау шалып, жағдайлары бақылауда болады.

Коронавирустан сақтану жолдары:

-қолды сабынды сумен жуу керек, көпшілік орындарда қол жууға мүмкіндік болмаса, спирттік негіздегі қалталы дезинфекциялық заттарды немесе ылғалды беторамалды (влажные салфетки) пайдаланыңыз;

көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;

аурудың белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамаңыз;

үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз;

бөлменің ауасын жиі желдетіп тұрыңыз;

адамдар көп жиналатын орындарға баруды доғарыңыз;

аса қажеттілік болмаса, Қытайға және басқа да елдерге сапарды эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырыңыз;

«жөтелу этикетін» сақтаңыз - жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды беторамал немесе майлықпен жабу абзал.

Айта кетерлігі, сала мамандары коронавирус инфекциясы тек тірі ағзалар арқылы ғана таралатынын алға тартып отыр. Яғни, ел арасында тағамдардан, шекара асып келетін түрлі жеміс-жидектерден жұғады деп желдей есіп жүрген ақпараттың тек қауесет сөз екенін айтты.

Анар САБЫРОВА

Сәрсенбі, 04 Наурыз 2020 09:26

Сын түзелмей, мін түзелмейді

Өткенге үңілмей болашақты бағдарлау мүмкін емес. Алайда, тіршілікке өзек байлап, күні-түні еңбек еткен адамда кемшілік те болары айқын. Мұндайда қазақ: «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Кезекті VI-шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысында да бірқатар мәселелер талқыға түсті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиын күн тәртібінде екі мәселе: Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және ішкі саясат бөлімінің негізгі бағыттары бойынша 2019 жылы атқарған жұмыстарының барысы және 2019 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және туындап отырған түйінді мәселелерді шешу және тұрақты комиссияның қаулыларын орындау үшін аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі тарапынан қабылданған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов кеңейтілген баяндама оқыды. Бөлім тарапынан атқарылған істерді таразылаған Момунжан Акваржанұлы: – Қазір ауданымызда мемлекеттік ақпараттық саясатты қолдауға бөлінген қаржы тұрғындар саны мен ауқымы жағынан ең төмен аудандардан да төмен болып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті ақпарат құралдарын жан-жақты қолдауға кедергі келтіруде. Осыған орай қолдау көрсетулеріңізді сұраймын, – деді.

Өз кезегінде халық қалаулылары ауданымыздағы ұлтаралық татулықты, дінаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде кетіп жатқан бірқатар кемшіліктерді ашық айтты.

Екінші мәселе бойынша мінберге көтерілген аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Семейқазы Молдақасымов депутаттардың рейд барысында анықтаған мәселелерінің түйіні тарқатылғанын жеткізді:

– Қазір Есік қаласындағы көлік кептелістерін азайту мақсатында өздеріңіз рейд барысында белгілеген Тіккелдиев көшесі ашылды. Алдағы уақытта бұл жұмыс жүйеленеді. Екіншіден, Жамбыл атындағы орталық жастар саябағының аумағындағы салынған кафе де сот шешімімен сүрілетін болды. Бұл бағытта жұмысымыз дәстүрлі жалғасады. Қазір заңсыз салынған мұндай сүрілуі тиіс бірнеше нысандар бар,– деді.

Өз кезегінде мәслихат хатшысы Бекет Ахметов аудан орталығы саналатын Есік қаласының көркін ашу мақсатында жұмысты күшейту керектігін атады: – Есік – тек «Алтын адамның отаны» емес, аудан орталығы. Сондықтан мұндай статусқа сай болу үшін жарқыраған шамдары, көркі көз сүріндірерлік архитектуралық нысандар бой көтеруі тиіс. Әрі қала орталығынан сарқырай аққан өзенімізге де өң бере алмай отырмыз. Айналамыздың бәрі жыпырлаған заңсыз сауда орталықтары, жөнді-жөнсіз салынған нысандар. Есік қаласын дамытудың архитектуралық жобасын депутаттар көргісі келеді. Келесі есебіңізде осы ұсынысымыз бойынша нақты жоспармен келіңіз, – деді.

Комиссия отырысы VI-шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезекті 59 сессиясымен жалғасты.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.

Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді.

Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай, әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады.

Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін өз дамуының сарабдал саясатын таңдады.

Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны халыққа түсіндіру, соның негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру Қазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.

Қазақстанда жалпы мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігі, ұлтаралық қатынастың үйлесімді сабақтасуы айрықша мәнге ие болып отыр. Бірақ бұл Қазақстанда ұлттық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау – өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.

Қазіргі және келешек ұрпақтың басты міндеті – бір-біріне деген ықыласты қатынастар, төзімділік және көпұлттылық кемшілік емес, керісінше, мемлекеттің артықшылығы болып табылатын Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан әрбір халықтың тілі мен мәдениет құрметтеу арқылы осы бейбітшілікті аялау және сақтап қалу болып табылады.

Анар САБЫРОВА

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 17:08

Бүгінгі күннің Абайы

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залын-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында театр сахнасында ұлы ақынның рөлін ерекше сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «Құрмет орденінің», «Құлагер» сыйлығының иегері, театр және кино актеры Болат Әбділмановпен кездесу өтті. Шараға колледж ұжымы, студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кездесудың шымылдығы оркестрдің сүйемелдеуімен колледж хорының орындауындағы хакімнің әнімен түрілді. Еркебұлан Уразаев, Дина Оразғалиқызы Абайдың әндерін әуелетіп, жас ақындар арнауларын оқыды.

«Сыр-сұхбат» бөлімінде кеш қонағына түрлі сұрақтар қойылды.

Өзінің өмір жолынан сыр шерткен Болат Мәзімбайұлы актерлық өзінің ата-анасынан дарығандығын айтты:

– Менің анам Алтын Ружова – халық әртісі. Әкем Оразғали Әбділманов – ол да еңбек сіңірген әртіс. Үлкен сахнада Кебек, Сырым Датұлы, Балуан Шолақ, Қабанбай сынды ұлы тұлғалардың рөлін сомдаған. Мен осы кісілердің отбасында дүниеге келгеніммен, әкемнің перзент сүймеген ең үлкен ағасы Мәзімбайдың қолында тәрбиелендім. 18 жасқа дейін өзімнің шын әке-шешемді білген жоқпын – деген Болат Әбділманов тағы бір қызықты ақпаратымен бөлісті. Айтуынша, қазан айында туылғандықтан атын «Октябрь» деп қойған. Кейіннен, әжесі бұл есімге қарсы болып, атын «Болат» деп өзгертіп алған.

Ең алғашқы Абайды 30 жасында «Қалың елім қазағым» спектаклінде ойнаған Болат Мәзімбайұлы осы сомдаған рөлін Абай өміріне енуге жасалған алғашқы баспалдақ екендігін жеткізді.

– Орыстың ұлы сыншылары «Отеллу без голоса играть нельзя» – дейді. Сол секілді, Абайды ойнайтын актердің де даусы кәсіби тілмен айтқанда баритон болу керек. Кең тынысыты, эпикалық үнді, зор дауысты адам болуы керек. Мыңмен жалғыз алысқан Абай қарапайым тұлға емес – дегенді алға тартқан Болат Әбділманов қазақ халқы өзін өзге рөлмен емес Абаймен танығанына қатты қуанатындығын атып қалды.

– Жасыратыны жоқ, өмір болған соң, өнер болған соң түрлі рөлдерді сомдайсың, жағымсыз кейіпке енесің. Кейде жеккөрінішті тұлғаның рөлін алып шығасың. Бірақ елім мені осы рөлдермен емес, Абай рөлін сомдаған Болат ретінде танып, үлкен құрмет көрсетіп жатады. Бұл мен үшін абырой, үлкен мақтаныш – дейді.

Кездесу барысында «бүгінгі күннің Абайына» түрлі сұрақтар қойылып, жастар алғыс-тілектерін жеткізді. Шара соңында Болат Мәзімбайұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Қорытынды сөзінде колледж директоры Алмас Жылқыбаев актерға ризашылығын білдіріп, ауданымыздың символына айналған «Алтын адам» мүсінін сыйға тартты.

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 17:02

АТАУЛАР ГНОСЕОЛОГИЯСЫ

Қазақ – ат қоюға шебер халық. Әрине, атау беріп, ат қою былай қарағанда қарапайым көрінгенімен, тереңдей түссеңіз ,оның тым күрделі екенін байқайсыз. Өйткені әрбір берілген атаудың өзіндік ерекшелігі болады. Көбінесе басқа халықтардың тілінде кездесетін атауларда оның сыртқы пішініне көп мән беріледі. Мұндай олқылық тіптен ғылыми терминдерге де қатысты. Ал біздің бабаларымыз атау бергенде оның сыртқы тұрпатына емес, оның ішкі мазмұнына мән береді. Сондықтан берілген атау терең мағынаға ие болып, халықтың философиялық танымы мен өмір тәжірибесінен хабар беріп тұрады. Осыған байланысты халқымыздың «құрттың атын жаңылып малта қойыпты» деген мақалы бар. Яғни, орнымен айтылмаған немесе жөнімен қолданылмаған нәрсеге қарата айтылатын сөз. Ал шын мәнінде малта дегеніміз судың түбінде жататын, сықпа құртқа ұқсап кететін, түсі ақ, өте жеңіл тастың атауы. Кезінде құртты суға езіп көжеге қататын немесе сусын ретінде пайдаланатын болған. Суға езіліп кішірейіп кеткен құрттар осы малта тастан аумай қалатын. Сондықтан екеуінің сыртқы ұқсастықтарына қарап кішкентай езілген құрттарды малта құрт деп атаған. Сырттай қарағанда құртқа малта атауын беруде ешқандай сөкеттік жоқ сияқты көрінеді. Бірақ бабаларымыз осы бір сырттай салыстыруға көңілдері көншімегені анық. Демек атау беру қазақтар үшін өте маңызды процесс болғаны анық.

Мәселен ас қорытуға арналған аса қажетті ферментті бөлетін безді ғылымда «Pancreas» деп атайды. Бұл тасбақаның жотасындағы тасы немесе сауыты дегенді білдіреді. Яғни бұл термин де без бен тасбақа сауытының сыртқы ұқсастығына қарап берілген атау. Ал орыстар «поджелудочная железа» деп атаған. Мұнда да асқазанның астында орналасуына қарап атағандығы анық. Екеуінің де көзбен көргендеріне бола атай салғандары күмән тудырмайды. Ал қазақтар болса мұны «ұйқы безі» деп атағанды жөн көрген. Себебі бұл бездің жұмысы тоқтаған жағдайда адам ауыр ұйқыға кетеді. Яғни, комаға түседі. Демек, ұйқы бұл бездің атқарар қызметімен байланысты. Тағы бір тілімізде кездесетін атаулардың бірсыпырасы отпен байланысты. Иә, от өмірдің өзегі екені шындық. От – жылу мен жарықтың бастамасы, энергияның көзі. Адамзат қоғамының дамуы мен гүлденуі де осы отпен тығыз байланысты. Сондықтан ежелгі халықтар оны тәңірінің бір сипаты ретінде көріп, оны қасиетті культ ретінде білген. Алғаш болып мифтік түсініктен бас тартып, нақты ғылымдарға жол бастаған ежелгі грек философтары да әлемнің негізін от, су, ауа, жер деп қараса, қытайлар бұл элементтердің қатарына металды қосады. Демек ежелгі философияның негізін қалаған мектептердің бәрінде от ең басты элемент. Ал бабаларымыз отты қасиетті деп қарағанын жақсы білеміз. Жаңа түскен келінге отқа май құйдыру, ауырған малды оттың арасынан айдап өту, отты сабамау т.б. секілді дәстүрлеріміз осының айғағы. Тіптен оттың өзін ғана емес, оның қалдығы күлді де кез-келген жерге төкпеген, күл төккен жерді баспаған. Бұрынғы сақтар мен ғұндар, үйсіндер мен қаңлылар да, одан бері түріктер үшін ошақтың маңызы ерекше. Ол үйдің ортасында орналасып, оған аса мән берілген. Сондықтан бүгінгі жанұяны бейнелейтін «от басы, ошақ қасы» тіркесі де тегіннен-тегін айтылмаса керек. Отау, отбасы, отан түсінігі де осы отпен тығыз байланысты. Ошақты айнала отырып, оттың басында өз жанұясымен отырған адамнан бақытты жан барма екен, сірә?! Отбасы да от секілді адамның жанын жылуға бөлеп, болашағына жарық түсіретін мейірім мен махаббатқа толы қасиетті орта. Ал Отанның отбасынан басталатынын ескерсек барлығы түсінікті болып шыға келеді. Барлығымыз осы ұлы отанның құшағында түтін түтетіп, өсіп-өнеміз.

Осындайда Отан ұғымының ішкі мәніне үңілсеңіз тағы бір қызыққа тап боласыз. Орыстың «родина» атауы туып өскен мекен, туған жер деген мағынаны беретінін  жақсы білеміз. Демек, бұдан қай жерде туып-өссе сол жер отаны деген ұғым туады. Ендеше атақты дін ғұламасы, алғашқы болып Құран Кәрімнің аудармасын жасаған Халифа Алтай ақсақалдың оқиғасын қалай түсіндіреміз? Оның туған жері де, өскен ортасы да түрік елі. Яғни, оның отаны да сол жер болуы керек. Бірақ қазақ елі тәуелсіздігін алысымен-ақ Қазақстанды Отаным деп осында қоныс аударғанын, ұшақтан түсе салып жерін сүйгенін неге жоримыз?! Онда ол өз туған жерін тәрк етіп, басқа елді таңдағаны сатқындық болып шықпай ма?! Мұстафа Өзтүрік, Қабдеш Жұмәділовтардың да осы қатарда болғаны ма?! Осыған негізделгенде Отан дегеніміз тағдырыңды сол жермен байланыстыруға негіз болған, оның атын естігенде жүрегің жалынға оранатын, сен үшін оттан да ыстық мекен. Ал олар үшін ондай жер туып-өскен жері емес, алыстағы қазақ елі болғаны ақиқат. Сол себепті Отан ұғымы мен туған жер ұғымының арасындағы айырмашылықты дәл тапқан бабаларымыздың теңдессіз тапқырлығына таң қаласың.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Бас-аяғы екі айдан астам уақыттың ішінде дүниежүзін дүр сілкіндірген коронавирусты жұқтырғандар саны ресми дерек бойынша 89 242-ге жетті. Әлемнің 80 еліне тараған бұл вирустан көз жұмғандар – 3058 адам. 45 207 жан ауруынан емделіп шыққан. WorldOmeter ақпарат ресурсында жарияланған соңғы деректер осындай.

COVID-19 коронавирус инфекциясының негізгі ошағы – Қытайда 80 026 адам ауруды жұқтырса, қайтыс болғандар саны мұнда 2912 болған. Дүниежүзі бойынша COVID-19 коронавирусынан көз жұмғандардың көптігімен Иран тізімнің басына шықты, 55 адам. Ал 978 адам вирусты жұқтырған. Айта кетейік, коронавирус тараған Иранмен арадағы жалғыз әуе рейсі, Әзербайжан, Оңтүстік Корея, Жапонияға әуе рейстері наурыздың бірінен бастап тоқтатылды.

        Ауруды жұқтырғандар саны 4335-ке жеткен Оңтүстік Кореяға аптасына тоғыз рет қатынайтын әуе рейсі үшке дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Әлбетте Қытай секілді емес, Оңтүстік Кореяға әуе рейстері неліктен тек шектелгені жайлы сұрақтар қойылып жатыр. Ол жақта осыған дейін айтылғанындай, 35 мыңға тарта Қазақстан азаматы жүр. Оларға Отанына оралуға мүмкіндік беруіміз керек. Олар үшінші мемлекет арқылы да еліне қайта алады», – деді.

Сондай-ақ 5 наурыздан бастап Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер де азаяды.

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді. Сондай-ақ «Дүрбелеңге берілудің ешқандай негізі жоқ. Бізді алаңдатып тұрған негізгі проблема – жалған ақпараттардың таралуы. Сол себепті барлық ақпаратты тек министрліктің ресми сайтынан бақылап отыруды өтінемін», - деген министр коронавирус инфекциясы бойынша жағдай толығымен бақылауда тұрғанын айтты.

Дайындаған Қ.Мұратқызы

 

Country,
Other

Total
Cases

New
Cases

Total
Deaths

New
Deaths

Active
Cases

Total
Recovered

Serious,
Critical

China

80,026

+202

2,912

+42

32,354

44,760

7,110

S. Korea

4,335

+599

26

+5

4,279

30

27

Italy

1,704

+3

41

 

1,580

83

140

Iran

1,501

+523

66

+12

1,144

291

 

Diamond Princess

705

 

7

 

688

10

36

Japan

256

 

6

 

208

42

19

Germany

150

+20

   

134

16

2

France

130

 

2

 

116

12

9

Singapore

106

     

32

74

7

Hong Kong

100

 

2

 

62

36

6

USA

88

+13

2

+1

77

9

8

Spain

86

+2

   

84

2

3

Kuwait

56

+10

   

56

   

Bahrain

47

     

47

   

Thailand

43

+1

1

 

12

30

1

Taiwan

40

 

1

 

27

12

1

U.K.

36

     

28

8

 

Australia

30

+1

1

 

14

15

1

Malaysia

29

     

7

22

 

Canada

24

     

20

4

 

Switzerland

24

     

23

1

 

Iraq

21

+2

   

21

   

U.A.E.

21

     

16

5

2

Norway

19

     

19

   

Vietnam

16

     

0

16

 

Austria

14

     

14

   

Sweden

14

     

14

   

Macao

10

     

4

6

 

Israel

10

     

9

1

 

Lebanon

10

     

10

   

Netherlands

10

     

10

 

1

San Marino

8

 

1

 

7

 

1

Belgium

8

+6

   

7

1

 

Croatia

8

+1

   

8

   

Greece

7

     

7

   

Ecuador

6

     

6

 

1

Finland

6

     

5

1

 

Oman

6

     

4

2

 

India

5

+2

   

2

3

 

Mexico

5

     

5

   

Denmark

4

     

4

   

Pakistan

4

     

4

   

Philippines

3

 

1

 

0

2

 

Algeria

3

     

3

   

Azerbaijan

3

     

3

   

Czechia

3

     

3

   

Georgia

3

     

3

   

Iceland

3

     

3

   

Qatar

3

     

3

   

Romania

3

     

2

1

 

Brazil

2

     

2

   

Egypt

2

     

1

1

 

Indonesia

2

+2

   

2

   

Portugal

2

+2

   

2

   

Russia

2

     

0

2

 

Afghanistan

1

     

1

   

Andorra

1

+1

   

1

   

Armenia

1

     

1

   

Belarus

1

     

1

   

Cambodia

1

     

0

1

 

Dominican Republic

1

     

1

   

Estonia

1

     

1

   

Ireland

1

     

1

   

Lithuania

1

     

1

   

Luxembourg

1

     

1

   

North Macedonia

1

     

1

   

Monaco

1

     

1

   

Nepal

1

     

0

1

 

New Zealand

1

     

1

   

Nigeria

1

     

1

   

Sri Lanka

1

     

0

1

 

Total:

89,778

1,390

3,069

60

41,208

45,501

7,375

 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жайлы «ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңының 57-1-бабына сәйкес, бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықтың шарапаты тиді.

2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде дербес шотта есепте тұрған берешек сомасын төлеген жағдайда ШОБ субъектілері және жеке тұлғалар салықтық рақымшылыққа ілінді.

Алматы облысында кіші және орта бизнес бойынша салық рақымшылығына 9608 субьект қатысқан , олардың 2018 жылғы 1 қазандағы берешек сомасы қорытынды бойынша 5176,0 млн теңгені құрайды. Оның тек 532,1 млн. теңге берешегі төленді.

Салық төлеушілердің келіп түскен көптеген сұраныстарына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық амнистияға жататын адамдардың шеңберін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарына салықтар бойынша берешегі 4 178 млн теңгені құраған , яғни 6 572,7 млн теңгеге төмендеді, - деп хабарлады берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Руслан Ахметжанов.

Салықтық рақымшылыққа іліккендердің қатарында жеке тұлғаларда бар. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комиссиялар құрылған. Комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Салықтық рақымшылыққа байланысты азаматтардың екі категориясы кіреді:

1-катергория. Орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар. Тарқата кетсек көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы , жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері кіреді. Осы категория бойынша Алматы облысында биылғы жылы 49 379 жеке тұлғаның 196202,7 мың теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылып, жалпы төленген негізгі берешек сомасы 843375,8 мың теңгені құрады.

2-категория. Кәсіпкерлік қызметі бойынша, құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар. Бұл категория бойынша салықтық берешектің барлық сомасы есептен шығарылуы тиіс. Екінші дәрежеге сәйкес, Алматы облысында барлығы 15 жеке тұлға жалпы берешек сомасы – 39,7 мың теңге, оның ішінде 22,7 мың теңге, өсімпұл -17,1 мың теңге.Салық берешегі толық есептен шығарылған.

Қазіргі таңда салық берешегін және әлеуметтік төлемдер берешекті төмендету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Гүлжанат Нұрасыл

Надо НАДЫРОВ, председатель курдского ЭКЦ района, депутат районного маслихата:

С 2016 года   Казахстан отмечает  новый праздник, утвержденный указом Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева.  На 22-й сессии Ассамблеи народа Казахстана в апреле 2015 года он предложил отмечать 1 марта – дату учреждения АНК РК, как День благодарности в Республике Казахстан.

«Этот день может стать ярким праздником милосердия, дружбы и любви всех казахстанцев друг к другу», – сказал тогда Нурсултан Абишевич. Ассамблея народа Казахстана – ключевой инструмент государственной национальной политики,  включает в себя более 800 этнокультурных объединений. Работа АНК, региональных ассамблей и этнокультурных центров обеспечивает стабильность единства и согласия  казахстанцев 130 этносов и 17 религиозных конфессий, живущих в республике.

В течение ХХ века на его территорию прибыли свыше пяти миллионов человек из Украины, России и Белоруссии. В начале 20 века в Казахстан прибыло 1,1 млн. переселенцев в ходе столыпинских реформ. В  1930-е годы сюда было сослано 250 тысяч раскулаченных крестьян. Еще 1,2 млн. человек со всех уголков СССР  прибыли на строительство промышленных объектов, подъем целинных земель. Все они обрели возможность спокойно жить и работать, полноправно участвовать в строительстве суверенного  Казахстана.  

Вспомним и то, что многонациональная семья Казахстана – также во многом следствие миграционных потоков, состоявших из депортированных  народов  довоенного и военного времени. Люди, лишенные родины,  зачастую выбрасываемые  из эшелонов в открытую степь, смогли не только выжить, но и сохранить свою культуру, языки, вырастить детей, внуков и правнуков. Потомки репрессированных получили образование, обрели достаток и достойное место в казахстанском обществе, восстановили незаслуженно отнятое доброе имя и историческую память – это в первую очередь неоценимая заслуга казахского народа. Его жертвенность, самоотверженность, человечность, подарили обреченным на гибель народам будущее на новой Родине, право на продолжение своей истории  на  древней  казахской земле.

Мы видим, как в 21 веке на наших глазах миллионы людей на планете становятся  мигрантами  без роду–племени, без исторических корней, надежды на нормальное существание в условиях лагерей для беженцев на чужой земле. Тем  ясней значимость подвига   коренного народа Великой Степи. В тяжелейшие для себя годы,  пройдя через голодный геноцид, военную мобилизацию, он  нашел  в себе силы проявить милосердие и гостеприимство, принял   по сути таких же мигрантов, как родных, невзирая на этнические, религиозные, культурные различия.   

Наглядный пример – Енбекшиказахский район, в котором дружно проживают представители 52-х национальностей, в том числе потомки депортированных греков, курдов, турок, корейцев, чеченцев, поляков, немцев, крымских татар. Все они  являются гражданами Казахстана, имеющими равные права и свободы,  активно участвуют в социально-экономической жизни,  избираются в представительные органы власти.  В нашем районе действуют восемь этнокультурных центров, которые служат надежными проводниками государственной стратегии межэтнического единства и добрососедства.

Основополагающие принципы мультикультурного и  полиэтнического общежития: толерантность, дружелюбие и уважение,  в Казахстане проверены и закреплены  многолетним опытом  поддержки и взаимопомощи всех  народов, сплоченных в единое целое вокруг казахского народа. Проявление благодарности к казахскому  народу  и друг другу  – важнейшая и неотъемлемая традиция   Казахстана в прошлом, настоящем и будущем, залог его успешного развития в третьем тысячелетии.

Жұма, 28 Ақпан 2020 11:33

«One step» – үздік

Жақында Алматы облысының білім басқармасы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектеп директорлары арасында мастер класс өткізді. Ондағы мақсат –  «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби дамуын жетілдіру.

Шарада аудан намысын «One step» белсенді тобы қорғады. Құрамында Б.Букаева (Рахат №1 орта мектебінің директоры), М.Сакалова (Т.Рысқұлов атындағы мектеп директоры), Н.Жумадилов (Қазақстан орта мектебінің директоры), А.Нуркасымова (О.Мухаммади атындағы орта мектеп директоры) секілді білікті, тәжірибелі басшылар бар құрам шеберлік сағаттарын жоғары дәрежеде орындады. Нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Әлбетте, жеңістің соңында табанды еңбек пен тұрақты қолдау тұратыны заңдылық. Осы ретте, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманованың еңбегі ерен. Бұл – ауданымыздағы инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтаудың, зерттеу-жобалау әрекеттерін насихаттаудың, мектеп басшылары мен аудандық білім бөлімі арасындағы кәсіби байланыстың нәтижесі.

«Білікті маман – ел тірегі» демекші,  кәсіби құзыреттілігі жоғары мектеп басшыларының жетістігін көре отырып, білім саласындағы  жас мамандардың өз кәсібіне деген қызығушылығы, ізденушілігі артып, жаңашылдықтан жатырқамай толағай табыстарға жететініне бек сенеміз.

М.ЕДІЛ,

Рахат №1 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020 10:02

Ел бірлігін жырлаған жыр алыбы

28 ақпан – Жамбылдың туған күні

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Сәкен Сейфуллин

 

Ел тарихында халқымыздың рухани тұғырын көтеруді мұрат еткен екі тұлға бар. Олардың бірі Абай болса, екіншісі – Жамбыл Жабаев. Екеуі де ел еңсесі биік болса деген мұратын жырына арқау етті.

«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған Жамбыл Жабаев өз өмірі мен өнерінде адамгершілік құндылықтарды, мейірімді жырлауға арналған ақын екенін аңғаруға болады. Атақ-абыройы қазақ-қырғызға түгел тарап, шығармашылық бақытына ерте бөленген ақын. Оның туындылары әлем халықтарының 50-ге жуық тілдеріне аударылып, тек қазақ қана емес, әлем ғалымдарының зерттеу нысанына айналды.

Қазақтың Гомері атанған ақынның «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған туындыларынан бүгінгі бейбіт тірлік пен берекелі өмірін көреміз. Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді. Дәлірек айтсақ, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыр алыбы Жамбылды қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды өкілі дей келе, Жамбылдың жырларын өзі ұсынған «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясымен тамырласып, мазмұндасып жатыр деген болатын.

Бүгінде көптеген елді мекендер мен даңғылдар, көшелер Жамбыл есімімен аталса, тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің өзге де көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы байырғы Лештуков бұрылысы мен Липецк қаласындағы бұрылысқа Жамбылдың аты берілген. Ижевскіде көше бұрылысы мен көшеге қарасаң, Жамбылдың аты көзге шоқтай басылып тұрады. Волгоград, Иркутск, Кемеров, Қорған, Нижний Новгород, Новосибирь, Хабаровск қаласынан да көруге болады және Украинаның астанасы мен Ужгород қаласынан да Жамбыл атындағы көшелерді көре аласың. 2002 жылы Санкт-Петербургтегі жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы бұрылысқа 4 метрлік қола ескерткіш орнатылды. Бұл Қазақстанның Санкт-Петербург қаласының 300 жылдығына жасаған сыйы болатын.

Бүгінде, міне, аудан тұрғындары Жамбыл Жабаевтың есімі ел есінде қалсын деп бір ауыздан қолдау көрсетіп, Есік қаласында орналасқан саябақты

«Жамбыл атындағы Жастар саябағы» деп атап, атын алтын әріппен кіре беріс маңдайына жазып қалдырды. Бұл саябақ бүгінгі күнде аудан жастарының бас қосып, демалыстарын көңілді өткізетін орталық саябақ болып есептеледі.

Жамбыл руханияты – халық өмірі. Ауданымызда 209 көше тарихи тұлғалардың атымен аталған көшелер болса, оның ішінде 19 көше жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың атымен аталып отыр.

Ақын бірде өзін жүз жасаған терекке теңеп: «Менің тамырларым – туған халқым, бұтақтарым – жырларым, жапырақтарым – ұлдарым мен қыздарым. Мен бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұлдарым мен қыздарымның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді» деп жазған болатын кезінде.

Бүгінгі таңда, ақынның арманы орындалып, қазақ халқы еңсесі биік ел болып, тәуелсіздіктің туын жыр етті.

Салтанат Беспаева,

Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет