Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының III слеті өтті.

Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды.

Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған.

Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды.

Жиын барысында билік басында жұмыс істеп жүрген тұлғалар сөз алды. Баяндамашылардың ішінде Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Сарыбаевта төбе көрсетті. Ол мемлекеттік мүддесін қорғайтында, адамның ой-санасын өзгертуге ықпалы бар басқарма ішкі саясат екенін нақтылап көрсетті.

Мінбеге шыққан қонақтардың сөзі аяқталғаннан кейін жыл бойы үздік көрсеткіш көрсетіп, тынбай еңбек еткен мамандар мен басшылар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Аумақтағы ішкі саясат бөлімінің басшылары, аудан, қала әкімдері менбаспасөз-хатшылары» лайықты бағаларын алды. Шараның соңы жабық түрде өткен семинар-тренингке ұласты.

Анар САБЫРОВА

Жұма, 13 Наурыз 2020 12:47

Келіңіз, бізде жұмыс бар!

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деуші еді көнекөздер. Расында, адалдан ас тапқанның көңілі жай, жүре-гі тыныш болады. Тіпті, «Бізде мұндай жұмыс бар» деп алдыңызға «асы-ңызды» ұсынып отырса, бұдан артық не керек?! Жақында осындай ізгілікті іс-шараның куәсі бол-дық.

Иә, Шелек ауылы-ның  мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту орталығы және Шелек ауылдық округі әкімінің қолдауымен Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Оған Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева, басқарма бөлімінің басшысы А.Жусамбаева және Кербұлақ, Ұйғыр, Панфилов, Талғар аудандары, Қапшағай қаласы т.б. секілді халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорлары қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты– нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңіраралық Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру әрі жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету және өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою. Ол үшін ерікті түрде қоныс аударушыларға жәрдем беріледі әрі осы ақылы еңбек ресурстарының аумақ-тық ұтқырлығын ынталандылады.

«Еңбек» бағдарламасына қатысушы-лардың ерікті түрде қоныс аударуы негізгі екі бағыт бойынша іске асырылмақ. Ең әуелгісі, өңіраралық қоныс аудару. Бұл дегеніміз жұмыс күші жеткілікті облыстардан керісінше жұмыс күші жетіспейтін облыстарға жұмысқа орналастыруға немесе сонда өз кәсібін бастауға жәрдемдесу. Мұндай обылыстардың қатарында ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстары бар.

Екіншісі – облыс ішінде қоныс аудару. Бұл бағыт бойынша экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден облыстық немесе аудандық маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына қоныс аудару жүзеге асырылады.Бұл бағыттың аясында мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мүмкіндігі бар.

Жәрмеңке барысында «Отандас Ел» қоғамдық бірлестігінің қатысумен қоныс аудару мәселелесін кең ауқымда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бағдарламаның негізгі бағыттары айтылды. Аталған  жәрмеңкеге 250-ге жуық қоныс аударуға ниет білдіруші азаматтар келіп, сұрақтарына жауап алды. Бос жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілер тарапынан да 54 адам келіп, еңбектен нанын табуды ниет еткендерге түрлі ұсыныстар білдірді.              

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Жуырда Асы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық мәслихат депутаты А.Сайдуллаев, Асы ауылдық округінің әкімі Ұ.Сағымбеков ауыл азаматтарын қабылдап, олардың мәселесін тыңдады.

Ең алдымен Жаңашаруа ауылының жігітбасы А.Боқашев ауылдағы мәдениет үйінің жайын сөз етті. А.Боқашевтің айтуынша, мәдниет үйі бүгінгі күнде әбден тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрғандықтан пайдалануға келмейді. Сондықтан оны түгелдей сүріп тастап, жаңа ғимарат тұрғызу керек. Сонымен бірге ауыл тұрғындарының құдайы тамақ, ас секілді дәстүрлі жиындарын өткізуге арналған қатымхана салу жайын да атап өтті. Ауыл тұрғындарының өзара келісімі мен ұйымшылдығының арқасында қатымхана тұрғызуға 5 млн теңге көлемінде қаржы жиналған. Ендігі кезекте ғимарат тұрғызуға керек жердің құжаттарын рәсімдеуге көмектесулерін сұрады. Әңгіме барысында ауылдың ауыз су мәселесі де көтерілді. Бұл ретте ауданымыздың жомарт кәсіпкерлерінің бірі Ж.Осан өз қаражатымен жаңартып, онда туындаған проблемаларды шешіп беруді өз мойнына алғандығын атау керек. Тек дихандардың жер суарудан қиналып отырған жайы бар. Тіптен жердің биіктігіне байланысты Көктерек ауылына мүлдем су бармайды.  А.Боқашев осы мәселені де оңды шешіп беру туралы  ауыл тұрғындары атынан өз өтінішін айтты.

Ал Қайрат ауылынан келген В.Зунунов ауылдың ауыз су мәселесін ортаға салды. Бүгінде ауылдағы ауыз су жеткізтетін құбырлар өте ескірген. Кезінде 385 мың теңгеге арнайы насос сатып алынса да құбырдың ескіруіне байланысты жоғарғы қысыммен жұмыс жасауға болмайды. Осы себептен күніге екі сағат су жіберілсе, екі сағат тоқтатуға мәжбүр. Жалпы қыста он сағат, ал жазда он екі сағат су беріледі. Тіршілік нәрін пайдаланып отырған 390 отбасы бар. Оның тек 318-і ғана ақша төлейді. Барлығы 1100 адам болып, адам басына 250 теңгеден ақша алынады. Бірақ ай сайынғы электр шығындары 120 мың теңгені құраса, 80 мың теңге осында жұмыс істейтін адамдардың жалақысына жұмсалады. Сондықтан басқа қажеттіліктерді қамтамасыз етуге қаржы тапшы. Осы жағынан көмек сұрап келген В.Зуноновтың осы мәселені оңды шешіп беруге көмек сұрады.

Келесі кезекте Қызылшарық ауылынан Б.Шалданбаева жаңа түскен құрылыстардың тұрғындары атынан жарық пен ауыз су мәселесін көтерді. Бүгінде ауылда 50-дей жаңа үй салынған. Оның отызында тұрғындар бар. Жалпы 8 көшесі болса да ешқайсысына атау берілмеген. Ауыз суды тұрғындар қолмен қазып кіргізсе де, жарық мәселесі әлі шешілмеген. Жолы да нашар жағдайда. Бұл сұрақтарға байланысты ауылдық округ әкімі Ұ.Сағынбековтің жауабы бойын-ша бүгінде жаңа түскен құрылыстарға электр желілерін жүргізтуге 300 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алдағы уақыттарда бұл мәселе толықтай шешілмек. Сонымен бірге, 24 көшеге атау беру туралы жоғарыға ұсыныс берілген. Оның ішінде аталып өткен 8 көше де бар.

Одан кейін Қызылшарық ауылының тұрғыны М.Сағат пен Қайрат ауылының тұрғыны Н.Нұрболатты да қабылдады. Олардың да мәселесін шешіп беретінін, мемлекет жағынан жәрдем алуға құжаттарына байланысты қолдан келгенше көмектерін аямайтынын жеткізді.

Одан әрі «Шелек-Болашақ» ЖШС-тың директорының орынбасары Аркен Сайдуллаевтің демеушілігемен екі отбасыға азық-түлік жағынан көмек көрсетілді. Бұл да олардың көңіліне демеу болатыны анық. Мұның тағы бір себебі жас кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына көптеп тартып, олардың елдің дамуына үлес қосуына үндеу болып табылады. Одан әрі Қызылшарық ауылында орналасқан жастарға арналған спорт сарайын аралап, ондағы жағдайлармен танысып қайтты. Айта кетейік, бұл ғимаратты аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер А.Сайдуллаев жастардың спортпен айналысуы үшін сыйға тартқан болатын.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Миға зияны көп

Адамзаттың күннен-күнге технологияға деген қызығушылығы артып, қалталарында бірнеше электромагниттік сигналдарды үздіксіз қабылдайтын гаджеттермен жүреді. 

Бұған әлемдегі ең танымал болған Wi-Fi технологиясы да кіреді. Көптеген адамдар Wi-Fi арқылы желіге қосылудың қарапайым және қол жетімді мүмкіндігін пайдаланады және бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігі туралы ойламайды.

Бірақ егер сіз бұл туралы байыпты ойласаңыз 2,4 ГГц жиіліктегі радио толқындарын шығаратын құрылғылардың қасында үнемі қауіпсіз болу оңай емес екенін түсінесіз. Мұның бәрі ойдан шығарылған нәрсе емес. Мұндай сәулеленудің дененің әртүрлі жүйелеріне әсері дәлелденген факт.

Wi-Fi радиациясының денемізге қандай зиян тигізетінін егжей-тегжейлі қарастырайық.

Wi-Fi-дың адам ағзасына зияны

Кейбір медициналық сарапшылар радио толқындар радиациясының адам ағзасына әсері теріс деп санайды. Көптеген органдар жүйесі зардап шегеді. Осындай қабілеті бар электр құрылғыларының үнемі «назарында» бола отырып, сіз өзіңіздің денсаулығыңызға нұқсан келтіріп, тіпті қауіпті ауруларға шалдықтыра аласыз. Телефондар, ноутбуктер, планшеттер, маршрутизаторлар және басқа да жабдықтар интернетке қосылу үшін ойлап шығарылған. Ал бұл сәулелену организмге әсер етудің кумулятивті қабілетімен сипатталады.

Яғни, адам ағзасында белгілі бір сәулелену деңгейінің жинақталуымен сәтсіздіктер пайда болады. Алдымен бұл денсаулыққа қатысты «жылжулар» болып, содан кейін бәрі өлімге әкелуі мүмкін. Бірақ, әдетте, ауыр диагнозға тап болған бірде-бір адам оның денесінде болған өзгерістерді Wi-Fi маршрутизаторын, телефонды, микротолқынды пешті және т.б. құрылғыларды себепкер деп таппайды.

Әрине, технологияның артықшылықтарынан толығымен бас тартудың қажеті жоқ, тек денсаулығына зиянды әсерді азайту және Wi-Fi-ды қолдануды шектеу керек.

Сәулелену мидың тамырларына қалай әсер етеді?

Тұрғын үйде немесе жұмыс бөлмесінде Wi-Fi маршрутизаторын белсенді қолдану арқылы адам ағзасына келтірілген зиян деңгейін зерттеу үшін бірнеше тәжірибелер жүргізілгені. Белгілі бір сәулеленудің тұрақты әсері қан тамырларының спазмын тудырады. Шамадан тыс әсер ету қан тамырларының қабырғаларының жұқаруына, қан ұйығыштарының пайда болуына, интракраниальды қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осылайша, инсульт қаупі жоғарылайды, ми жасушаларының белсенділігі төмендейді және ми тамырларына байланысты ауыр аурулар пайда болады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның миындағы глиомалардың жоғары пайызы соңғы технологияның нәтижесі болуы мүмкін.

Жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?

Жаңа технологиялардың адам ағзасына зияны туралы зерттеушілер Wi-Fi жүйесінің жүйке жүйесіне әсері туралы ойландырды. Әр түрлі тәжірибелер барысында Wi-Fi радиациясының қатысуымен технология объектілерін жиі қолданғаннан кейін депрессиялық күйлер жиілей түсетіні, летаргия, апатия дамып, жұмыс қабілеттілігі төмендейтіні анықталды.

Wi-Fi-дың балалар ағзасына тигізетін зияны

Қазіргі ата-аналар Wi-Fi радиациясының өсіп келе жатқан баланың денсаулығына әсері туралы алаңдамауы мүмкін емес. Балалардың денсаулығы ең нәзік, өйткені көптеген ағзалар әлі толық қалыптаспаған. Мәселен, кейбір гематологтар Вай-Фай функциясын қолдайтын қазіргі заманғы технологиялар объектілерінен сәуле шығару гемопоэз жүйесіне зиянды әсер етуі мүмкін деп санайды. Зерттеудің әсерінен қан формуласы өзгереді, жарылыс қан жасушаларының пайда болуы сияқты патологиялық бұзылулар дамуы мүмкін. Шынында да, бүгінгі күнге дейін қан лейкемиясының нақты себебі анықталған жоқ. Гематологтар кейбір жағдайлардың баланың прогрессивті денесіне немесе ересек адамның әлсіреген денсаулығына технологиялық прогрестің әсерін тигізетінін жоққа шығармайды.

Wi-Fi денемізге зиян келтіре ме? Әрине, иә! Шынында да, адамның өзі денсаулығына қауіпті заттарды шамадан тыс пайдалану арқылы зиян келтіреді. Сонымен, технологиялық прогресстің ағзаға тигізетін кері әсерін шектеу біздің қолымызда. Неліктен бұл мүмкіндікті пайдаланбасқа?

Дереккөз: bugin.kz 

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 16:03

Абай – дара, Абай – дана қазақта

Тағы бір той Бөлекте болды. Әрі басқалардан бөлек те болды. «Абай  – дара, Абай – дана қазақта» атты әдеби-танымдық байқау өткізіп жатқан М.Горький атындағы мектепке бардық.

Үлкен де, кіші де, ер мен әйел де қазақтың ұлттық киімін киіп, алдыңнан топ болып шыққанда ерекше күй кешеді екенсің. Қыздардың киген бүрмелі көйлегі мен кестелі тақиясы еріксіз сүйсіндірді. Басындағы ақ кимешек пен аяғына киген мәсісі де әжелерге жарасып-ақ кеткен. Ал бөрік пен үстіндегі шапаны жігіттер жағын жігерлендіріп тұрғандай. Осы көріністің өзі-ақ залдағы әрқайсымыздың бойымыздағы ұлттық рухты асқақтата түскендей.

Байқауға қатысушылардың киіміндегі оюлардың керемет үйлесімін төрге құрылған тұскиіз де толықтырып тұр. Еденге төселген құрақ көрпелер, керегеге ілінген қара домбыра – бәрінен Құнбай, Абай дәуіріндегі қазақтың қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрінің иісі аңқиды. Сол кезеңге еріксіз елітіп барады. Осындай керемет күйде отырып, Абай әндерін тыңдау бір ғанибет.

Үш кезеңнен тұрған байқауға мектеп ұжымынан құралған 6 топ қатысты. Алдымен ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыған үміткерлер екінші кезеңде әдемі әуендерін әуелетті. Осы тұста Қ.Ахметов қолына гитарасын алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдарманға ерекше сезіммен жеткізе орындағанын айта кету керек. Дегенмен, өзге қатысушылар да бір бірінен  кем түскен жоқ. Бірі Абай әндерін баянмен сүймелдеп айтса, енді бірі попурри айтып ерекшеленді.

Бәрінен қызығы, үшінші кезең болды. Оның шарты – Абай Құнанбайұлының өмірінен немесе ақынның шығармалары желісімен сахналық қойылым қою. Алғашқы болып ортаға шыққан «Жаратылыстану бірлестігі» командасы театрдағы кәсіби әртістерден еш кем еместігін көрсетіп, көрерменді күлкіге қарық қылды. Құнанбайды сомдаған мектеп директоры Ш.Примбаев кейіпкерінің образын керемет ашып, нағыз би, болысқа тән мінезін мінсіз жеткізді. Осы тұста директордың білікті басшы ғана емес, ұжымындағы қызметкерлерге жақсы үлгі көрсете алатын, әрі әркез олардың жандарынан табылатын мықты маман екеніне көзіміз жетті. Олай дейтініміз – қызметкерлерінен өзін бір саты жоғары қойып, сол орыннан төмендеуді қор санайтын бастықсымақтарды жиі көреміз. «Балық басынан шіриді» дегенді қазақ сондайларға қарап айтқан-ау.

«Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда жүреді» деген тағы бар. Бұл мектеп ұжымы – осы сөздің айқын мысалы бола білді. Командалар Абайдың өмірінен, аударма мысалдарынан көрініс қойып, тапқырлықтарымен ерекшеленді. Байқаудың бас жүлдесі «Жаратылыстану бірлестігіне» бұйырса, 1-орын Бастауыш қазақ сыныптары бірлестігі, 2-орын «Қазақ тілі пәні бірлестігі», ал 3-орын «Дәл ғылымдар бірлестігіне» берілді. Сонымен қатар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясын  «Ағылшын тілдер бірлестігі»,  «Көңілім әнді ұғады» номинациясын «Бастауыш орыс  сыныптар бірлестігі» алды. «Өлмейтін сөздің иесі» номинациясы Қ. Тажибаеваға бұйырды. Кеш соңы әдемі әуенмен, керемет бимен жалғасты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 10:34

Өнер мен шабыт ұштасқан

Қазіргі таңда елімізде жастар келешегіне зор үміт артып, үкіметіміз жағдайын жасап, қамқорлығына алып отыр.  Соның бір дәлелі, Шелек ауылының №1 орта мектебінің 7»ə» сынып оқушысы Аяла Абдрахманованың жетістігін атап айтуға болады.

Аяла сыныбында озат оқушылар қатарында. Үздік оқумен қатар қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеу жолында шығармашылық талабы да көңілге қуаныш ұялатады. 2019 жылдың 9 ақпанында Алматы қаласында өткен «Жас жұлдыз» республикалық байқауына қатысып қолөнерден яғни, тоқыма тоқудан жəне Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай жазған «Жыр арқауы Шəлкөде» атты шығармасы үздік деп танылып, екі сында да  бас жүлдені иеленіп қайтты. 

Наурыз айында Кеген ауданында өткен «Жарқын болашақ» атты республикалық байқауға қатысып,  шығарма жазудан бас жүлде, қолөнерден 1- орын алды.

Қыркүйек айында Алматы қаласында өткен «Бойтұмар» атты республикалық байқауда шығарма жазып тағы да бас жүлде алды.

Қараша айында Шелек ауылында өткен «Ұлы дала  ұрпағы» атты республикалық байқауға қатысып,  қолөнерден кезекті бас жүлдені иеленді.

Шығарма жазудан 1-ші орынды иеленіп, қолөнерден үздік шыққан Аяла Париж қаласына жолдаманың иесі атанды.

2020 жылы қаңтар айында Талдықорған қаласында өткен «Ақжелең» байқауында бақ сынап, шығарма жазудан 1-орын, қолөнер байқауынан  бас жүлде иегері атанып, Ташкент қаласына жолдама алды. Аяланың мұндай жетістікке жетуіне №1 орта мектебінің директоры Ардақ Мұхамеджанқызының, технология пәнінің мұғалімі Жұпар Қадырова мен қазақ тілі пəнінің мұғалімі Оразгүл Құрбанова апайларының сіңірген еңбегі зор.  Сондықтан ұстаздарына бар жақсылықты тілей отырып əрдайым құрметке бөленіп жүре беріңіздер демекпіз. Сондай-ақ, Аяла қызымыздың атынан анасы Аяла Абдрахмановаға және Сіздерге арнаған өлең шумағын ұсынамыз.

Гүл бағындай жайнап өмір өрісі,

Мейіріммен, шапағаттың кеніші.

Менің əрбір жетістігім өзге емес                                          

Анам сенің еңбегіңнің жемісі!

 

Редакциядан: Аяланың сан байқауда жеңімпаз болуына себепші болып жүрген «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері Жұпар Қадырова

«103». Бас ауырып балтыр сыздай қалса осы нөмерді теріп жедел жәрдем көмегін күтетініміз ақиқат. Ондағы мейірімді дәрігер, дәрі-дәрмек, емханаға жедел түрде жеткізетін көлік – өмір мен өлім арасындағы күресте ең алғы шепте жүретін жауынгерлер. Ендеше, медицина саласында жаңа жүйе және тың жаңалықтардың енуіне байланысты халық арасында түрлі түсінбеушіліктер туындауда. Осыған байланысты аудандық көпсалалы емхана қабырғасында орналасқан жедел жәрдем бөліміне арнайы барған едік.

Бүгінде жедел жәрдем көліктері облыс арқылы басқарылады. Сондай-ақ, кейінгі енгізілген тәртіпке сәйкес сіз 103 нөміріне қоңырау шалсаңыз, облыстық жедел-жәрдем бөлімінің диспетчеріне түседі. Осы орайда аудан тұрғындары арасында түсінбеушілік туындауда. Бұрын 103 нөміріне шалынған қоңырау тікелей аудандық көпсалалы емхана қабырғасындағы жедел-жәрдем бөлімінің диспетчеріне түсетін. Сөйтіп, жедел жәрдем көліктері диспетчердің нұсқауымен сіздің үйіңізге келетұғын. Жаңа тәртіп бойынша сіз 103 нөміріне қоңырау шалып, мекен жай, ауыл атауымен қатар қай ауданнан хабарласып тұрғандыңызыды айтуыңыз қажет.

Мұның себебін сұрай барғанымызда облыстық жедел-жәрдем бөлімі, оңтүстік өңірі бойынша жетекші Нариман Нұрғалиев былайша түсінік берді:

– Бұрынғы жүйе бойынша анықталған кемшіліктер салдарынан, яғни, байланыс жүйесіндегі олқылықтар жедел-жәрдем қызметін орталықтандыруға се-бепші болды. Айталық, бұрын 103 нөміріне Есік қаласынан қоңырау шалған тұрғын Қаратал ауданына, ондағы 103 нөміріне қоңырау шалған тұрғын Есік қаласына түсіп кетіп, басқа да түсініспеушіліктер орын алды. Осы себепті орталықтандыру арқылы, қоңырауларды және жедел жәрдем көліктерінің жүріп-тұруын бақылауға мүмкіндік алдық – дейді Нариман Нұрғалиев.

Облыстық жедел жәрдем бөлімінде отырған диспетчерлер қоңырауды қабылдап алып, аудандық жедел-жәрдем бөліміне жібереді. Осы жерде тағы бір келеңсіздік туындайды. Облыстық жедел жәрдем бөлімінің диспетчерлері ауданымызға қарасты Есік қаласы мен ауылдарын, ондағы мекен-жайларды толық білмейді. Сонымен қатар, көше атауларының өзгеруі, тұрғын үй нөмірлерінің ретсіздігі,  жедел жәрдем көліктерінің науқастың мекен-жайын таппай көше кезіп жүру себептерін тудырса, Нариман Нұрғалиевтың сөзінше: – «Жақын арада аудандық көпсалалы емхананың жедел жәрдем бөліміне тағы бір диспетчер қызметін енгізу жоспарда тұр. Әзірге онда бір диспетчер бар. Онда аудан орталығы Есік қаласы мен ауылдарды жақсы білетін маман жұмысқа тартылады» – дейді. Сөйтіп, жедел-жәрдемнің науқасқа жедел жетуі үшін жүйені жетілдіре беретіндерін жеткізді жетекші.

Сонымен қатар диспетчер жедел-жәрдем көліктерінің қай жерде жүргендігін «GPS» жүйесі арқылы бақылап отыруға мүмкіндік алған. Облыстық жедел-жәрдем бөлімінің Есік филиалына қарасты жедел-жәрдем көліктері тек Тескенсу ауылдық округіне дейінгі аумаққа жауапты. Әрмен қарай Шелек емханасына қарасты жедел-жәрдем көліктері қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, Нариман Нұрғалиевтың мәліметіне сүйенсек, әрбір 10 000 тұрғынға бір жедел-жәрдем көлігі берілуі тисі. Бұл – белгіленген заң. Облыс көлемінде ең үлкен Еңбекшіқазақ ауданы үшін 9 жедел жәрдем көлігі деген аздық етеді, әрине. Ауданымызда ресми тіркелген 299 800 тұрғын бар. Бұл әлі тіркелмеген аудан тұрғындарын айтпағанда. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктерінің көбі ресейлік «Уаз» маркалы темір тұлпарлар. Мұның себебін сұрағанда Нариман Нұрғалиев: «Аудан таулы жерде орналасқандықтан көбіне жол талғамайтын Уаз көліктеріне тоқталдық. Сондай-ақ, жүргізушілер де Уаз көліктерін жүргізуді қалайтындығын жеткізді. Себебі, бұзылған жайда жөндеу жұмыстары тез арада жүргізіліп қатарға қосылады» – дейді.

Әлгі сіздің шақыртуыңызға жедел жәрдем көлігінің кешігіп жатуы дәл осындай себептерден туындаған. Жақында халық алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов жедел-жәрдем көліктерінің жетіспейтіндігін айтып, бұл олқылықтың орны осы жылы толатынын жеткізді. Атап айтсақ, облысқа 70 жедел жәрдем көлігін алу жоспарлануда.

Жалпы, өмір мен өлім арасындағы күресте  жеңімпаз атану үшін бес қаруың сай болуы қажет екендігі әркімге де аян. Бұлар сенімді көлік, дәрі-дәрмек, тәжірибелі дәрігер. Ал біздің бес қаруымыз сай ма? Сіз не дейсіз оқырман?

 

Әділет САРЫБАЙ

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 10:26

Контрафактіге жол жоқ!

Жақында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында зияткерлік меншік мәселесі бойынша жиын өтті. Шараға кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали, Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Толқын Ақанова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Нұрлан Дайырбаев, сот орындаушылар және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Бүгінгі таңда түрлі бренд тауарлардың бәсекелестері көбейіп, тауар белгісін заңсыз қолданып жатады. Айталық, осыдан бірер жыл бұрын «Coca Cola» және «Dizzy» сусындарын жертөледе заңсыз дайындап, сатқандар ұсталған болатын. Бүгінде осы тектес оқиғалар көптеп тіркеліп, кәсіпкерлер мен тұтынушылар зиян шегуде. Осыны жеткізген әділет басқармасының жетекші маманы Талғат Жүгербаев келген қонақтармен таныстырды. Жоғарыда аталған жағдайдың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға зияткерлік меншік және авторлық құқықты қорғаумен айналысатын «Бизнес Оптима» компаниясының өкілдері арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанның тұтыну нарығында, сонымен қатар, әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Тұтыншушылардың басым бөлігі бұл тауарлардың тигізетін залалын білмегендіктен, сапасыз тауар өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, тұты-нушыларды тарту мақсатында арзан сатылады. Елімізде сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді. Себебі, ол заттардың кім және қалай жасағандығын білмейміз – деген компания өкілі осындай жасанды тауарларды сатып алуда сақ болуға шақырды.

Жиынға қатысқан тіс пастасын өндіретін «Colgate» компаниясының сарапшысы Юлия Александровна аталған компания өнімінің түпнұсқа немесе көшірме екендігін қалай ажыратуды көрсетті. Ең алдымен, түпнұсқа қорабының ашылатын тұсында қағаз алты жерден кесілген. Ал көшірмесінде үш жерден, кейбірінде мүлдем жоқ. Сонымен қатар, түпнұсқаның жазулары түсінікті, біркелкі әрі қатесіз жазылған. Тауар көшірмесін өндірушілер бұған мән бермеген. Оған қоса, тауарды сатып алғаннан кейін оның иісі мен түрі арқылы анықтауға болады.

Әділет басқармасының бас маманы Ғалым Достанов аудан аумағында осындай жағдайдың тіркелгендігін айтты. Сөзіне сүйенсек, Құлжа тас жолының бойындағы жанармай бекеттерінің бірінде аталған тіс пастасының көшірмесі саудаланып келген. Бірақ, жанармай бекетінің иесі бұл жайттан мүлдем бейхабар болған. Алайда, кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали да жиылған кәсіпкерлерге алаяқтарға алданып қалмауын ескертті:

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы 3 жылға жеке кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялады. Осыған орай, біз жалған тауар өндіріп сатушыларды тексеріп, анықтай алмаймыз. Олар да жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Осылайша сіздерге келіп, тауарларын ұсынуы мүмкін. Сіз сатқан көшірме тауардан адам денсаулығына зиян келсе, сізді құзырлы органдардың тексеруіне мүмкіндігі бар. Тауар ұсынушылардың сертификаттары мен құжаттарын сұраңыздар – деп кеңес берді бөлім басшысы.

Басқосу соңында сөз алған партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақұлы:

Көшірме жасаушы алаяқтар тек күнделікті тұрмыста жиі қолданатын, сұранысқа ие тауарларды жасап шығарады. Оны сіздер де қолданасыздар. Өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін тауар аларда абай болғанымыз жөн – деп кәсіпкерлерге кеңесін айтты.

Мамандардың сөзінше, белгілі бір сауда нүктесінде көшірме тауардың сатылып жатқандығы туралы шағым түссе, тауар белгісін заңсыз қолдану фактісі анықталса, тексеру жүргізіліп, қомақты айыппұл салынады кәсіпкерге. Тіпті, кәсіпкердің алданып қалғандығы да жауапкершіліктен құтқармайды. 

 

С.НҰРАДИН

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 09:34

Борьба с коррупцией – дело каждого

В нашей стране преодоление коррупции является одним из главных направлений государственной политики, приоритетность которого обозначена главой государства.

В послании Первого Президента Республики Казахстан  Н. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»  –  новый политический курс состоявшегося государства» указано, что коррупция – не просто правонарушение. Она подрывает веру в эффективность государства и является прямой угрозой национальной безопасности.

Коррупция угрожает фундаментальной ценности нашего государства – независимости, благодаря которой стали возможны все успехи Казахстана. Коррупция разрушает доверие общества к государству, снижает эффективность государственной власти, серьезно препятствуя социально-экономическому и духовному прогрессу страны. Без наличия у граждан антикоррупционной культуры, стойкого иммунитета к коррупции, ее публичного порицания невозможно достижение желаемого результата. Енбекшиказахская районная территориальная инспекция  Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ Республики Казахстан, являясь государственным органом, осуществляет свою деятельность согласно нормативным правовым актам. С начала 2020 года в территориальной инспекции МСХ РК проведено 3 собрания по предупреждению коррупции.

В территориальной инспекции на постоянной основе проводится разъяснительная работа среди государственных служащих о недопущении проявления фактов коррупции, совершении коррупционных правонарушений, за которые предусмотрена административная и уголовная ответственность. В здании районной территориальной инспекции имеется ящик для обращений граждан и указаны номера  горячей линии, по которым можно обратиться в компетентные органы в случае совершения государственными служащими коррупционных правонарушений.

  А.ИСКАКОВ,

 главный специалист, ветеринарно-санитарный

инспектор Енбекшиказахской районной территориальной инспекции КВКиН МСХ РК

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 09:16

Абай – дара қазақта

Шелек ауылдық округінің әкімдігі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын дәріптеу арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқау өткізілді. Оған №1, Абай, Ы.Алтынсарин, В.Вихров, Т.Кенжебаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, А.Розыбакиев  орта мектептерінің өнперпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Байқауды Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенхановтың өзі ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі байқаудың шарты бойынша Абайдың балалық шағы, есейген кезі немесе өнері туралы ұжымдық көрніс көрсету, өлеңдері мен қара сөздерін және өз шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу, Абай әндерінің бірін нақышына келтіріп орындау талап етілген болатын. Алайда тек үш мектеп қана өз көрністерін дайындаған. Ал басқа жағынан толықтай дайындалып келген.

Байқауға «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Н.Тілеуқабыл, Шелек ауылдық музыка мектебінің оқытушысы А.Төлегенова, Алматы облысы «Тіл» оқыту әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Шелек өңірі бойынша оқытушысы Б.Ахметова қазылық етті. Қазылардың шешімі бойынша үшінші орынға В.Вихров орта мектебі, ал екінші орынға №1 орта мектебі ие болды. Жүлделі бірінші орынды Ә.Молдағұлова мектебі жеңіп алды. Қалған мектептер алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Н.Исабекова,

Шелек ауылдық округі әкімдігінің жастар ісі жөніндегі

 әдіскер-нұсқаушысы

*****

Жуырда Нұрлы ауылындағы «Балапан» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер арасында балабақшаның музыка жетекшісі Б.Тұрсынғали ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты музыкалық іс-шара болып өтті. Аталған шараға Масақ ауылдық округінің әкімі Е.Нұрмаханов, Нұрлы орта мектебінің директоры Ш.Абітқожаева, балабақша меңгерушісі Т.Мамырова, сонымен бірге тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты.

Шараның басты мақсаты ақынның шығармашылығын дәріптей отырып, оны барынша насихаттау, ұжымның арасындағы бірлікті арттыру. Шара барысында Абай атамыздың өмір жолы мен өлеңдері, қара сөздері мен әндерінен жарысқа түсті. Сонымен бірге Абай атамыз туралы сұрақтар қойылып, ақын шығармашылығы мен өмірін қаншалықты білетіндіктері анықталды.

Абай атамыз тек қазақтың мақтанышы ғана емес, әлемдік ортақ тұлғаға айналған данышпан. Сондықтан оның әрбір ақлиялары мен өнегелері жас ұрпақ үшін таптырмас қазына. Болашақта да мұндай игі шаралар өз жалғасын табатыны анық.

 

Б.Тұрсынғали,

«Балапан» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі

 

*****

«NurOtan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филилалының жұмыс жоспарына сәйкес Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде «Ұлы Халықтың ұлы ақыны» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын, өлеңдерін, қара сөздерін, насихаттап өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілді.

Әдеби-сазды кешке «NurOtan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, ауданымыздың құрметті азаматы, ел ағасы Е.Сұлтанғазиев, ақын Ш.Құсайынұлы, ардагер ұстаздар мен ауылдық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, іс-шараға еңбегі сіңген әріптестерімізді Алғыс хатпен марапаттады.  Осындай іс-шаралар алдағы уақытта  өз жалғасын табады.

Б.Рахимов

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет