Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты.

А.САБАНШИЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 09:27

Тағылымы мол мереке

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаев: «...Барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» – деп, мерекелік датаны ұсынған еді. Содан бері үшінші жыл қатарынан аталып отырған мерекенің мәні арта түсті. Сталиндік режимнің құрбаны болған ұлттар қазақ халқына алғысын жеткізіп, бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тағылымы мол мейрам ауданымызда да аталып өтті.

Қайназар ауылындағы мәдениет үйіндегі шараға этно-мәдени орталық өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиылған көпшілікті алғашқы болып мерекемен құттықтаған аудандық мәдениет үйінің директоры Бақытжан Рақымжан мерекенің маңызына тоқталып өтті. Кейіннен, ауданның құрметті азаматтары Нұрбуби Маруповна, Зульфия Раджабова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұстазы Ольга Масленикова қиын-қыстау сәтте көмек қолын созған қазақ халқына ризашылығын білдіріп, бүгінгі тату-тәтті тіршілікке шүкіршілік етті. Шара соңында ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 17:10

Ұстаздық еткен жалықпас...

Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Абдықадырова Жұлдыз Сейтжанқызының көктемі мен жазы, қырау-лы күзі жас ұрпақты тәр-биелеумен өтуде. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздар үшін айтылса керек.

Шелек селосындағы В.И.Ленин атындағы орта мекте-бін үздік бітіріп сол жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетін математика және информатика мамандығы бойынша тәмәмдап шыққан Жұлдыз Абдықадырова еңбек жолын 1998 жылы Шелек селосындағы №7 кәсіптік мектебінде мұғалім болып бастады. 2007 жылы информатика мұғалімдері арасында өткізілген «Алтын диск» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, тәрбие-леген тәлімгерлері де биіктен көрінуде. 2014-2015 оқу жылын-да колледж студенті Саера Садирова Жұлдыз Сейтжан-қызының жетекшілігімен аймақ-тық, облыстық «Кіші Ғылыми Академия» конференциясына қатысып І және ІІ орындарды жеңіп алды,одан әрі республика-лық конференциясына қатысып ІІІ орынды еншіледі.

2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шелек политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Сонымен қатар математика және информатика пәнінің жоғары санат мұғалімі. 2014-2016 жылдары Алматы облысы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен,Алматы облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Өнегелі де ардақты жан Жұлдыз Абдықадырова – үлгілі отбасының қамқоршысы. Отағасы Алмаспен тату-тәтті өмір сүріп, үш перзентіне тәрбие мен білімді ұштастырып беріп отырған бақытты ата-ана.

2017 жылдың 6 қарашасынан Еңбекшіқазақ аудандық мәс-лихатының депутаты болып сайланған Жұлдыз Сейтжан-қызы сырбаз қалпынан, қара-пайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды жан.Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, колледжін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.

Жұлдыз Сейтжанқызы осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімтал-дықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені, оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, жұрт-шылыққа да өнеге.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұға-лім шабыттандырады» – деген. Жұлдыз Абдықадырова мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұр-сұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісі-не сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шебер-лік – дарын ғана емес, үйре-ну, ізденудің нәтижесі. Оқы-тушы шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты» – дейді Жұлдыз Сейтжанқызы.

Гузель ТУРГАНОВА,

Шелек политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 17:09

Лаураның «балаусасы»

Балалар – біздің болашағымыз. Оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәрбие беруде отбасының, оқу орындарының алар орны зор. Солардың ең алғашқысы – балабақша. Ағашты қалай тіксең, солай өседі. Демек, ой-өрісі, сана-сезімі өзінің ғана жасына сәйкес келетін балаларға кімдер, қалай білім-тәрбие беруде. Бүгінде білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде сіңірген еңбегі үшін республикалық «Жас дарын» орталығының ұйымдастырған «Самға самұрық» IV республикалық балалар байқауының алғыс хатымен және бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған Саукатова Лаура Маратқызы жайлы әңгіме болмақ.

бала күнінен сурет өнеріне құштар болып өскен Лаура 1996 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеттің сурет факультетін тәмамдаған. Өзін қоршаған балауса балалықтың сұлу сырын бояумен жеткізуге тырысатын. Мектептегі байқаулар, кештер сызба өнерінсіз өтпейтін.

Өзінің еңбек жолын Масақ орта мектебінде бастаған ол, бүгінде Шелек ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасындағы «Балауса» тобында 20 бүлдір-шінді тәрбиелеуде. Айнала-сындағы қоршаған ортаны көзімен көру, яғни сурет арқылы тез қабылдайтын 3-4 жастағы балалармен жұмыс жасау Лаураға қызық та қиын.Кішкентай бүлдіршіндердің әрбір қимылын қадағалап, 15-20 минут көлемінде ұйымдастыру оқу қызметінің жоспары бойынша «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық», «Әлеуметтік», «Шығармашылық» тақырыпта 5 сала бойынша білімді баланың санасына сіңіру аса шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді.

«Бала тіл – бал». Бала-бақшада ең алдымен басты назарда баланың сөйлеу тіліне ереше көңіл бөлінеді. Ата-анасы қандай байланыста болса, тәрбиеші де сол психологиямен жұмыс жасауы қажет. Ақниеттің сүйікті ойыншығы, Амирдің кітабы, Камилямнің дәмді тамағы бәрін, бәрін әрі анық, әрі дәл білгенде ғана оның мінез-құлқын түсінесің, жұмыс жасай аласың. Сонда ғана еңбегің нәтижелі болады – дейді Лаура бізбен әңгімесінде.

 

Айжан СЫЗДЫҚОВА.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 17:00

Жақсының нұры тасысын

Бұл күнде басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан некен-саяқ шығар. Ауылда да, қалада да емханаларға бара қалсаң қалың көпір халықты көресің. Электронды кезек жасалған жерде у да, шу да жоқ. Кейбір емханаларда жұмыстан кешіккен дәрігерді күтіп, жабық есікке қараған ашулы жүздерді, мұңайған көздерді көресің. Кейде дәрігердің шәлкес мінезіне шыдамай ашуға жол беріп, булығып жатқандар жағы кездеседі. Сабырға шақырып, өмір ғой дейміз де қоямыз. Неге?

Айтайын дегенім, ауданға Елбасымыз келіп Есікте, заман талабына сай салынған жаңа емхана мен аурухананы көріп жұмысына, жабдықталуына риза болып кеткені әлі есімізде. Оған білікті дәрігер Гүлнәр Құраметова бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалған еді. Міне, содан бері біраз жыл өтті. Ауырып, кейде жолдамамен осында келе қалсаң (тек мен ғана емес, емделуші басқа адамдардың пікірі осындай) әр дәрігер, медбике өз орнынан табылады. Әр науқасты ашық қабақпен қабылдап, қойылған диагнозына байланысты сауығу, ем қабылдау жолдарын бәйек болып түсіндіріп жатқаны. Әрине, аурудан айығып кету үшін қабылдаған дәрімен қоса, емделушінің жүректен шыққан жылы сөзі, саған деген шынайы пейілі, мейірімі қосымша ем болары сөзсіз. Гүлнәр Құраметованың өзіне де қашан барсаң, келушілерге кабинетінің есігі ашық. Сөзіңді тыңдап, мазалап келген шаруаңды шешуге қолынан келген көмегін көрсетіп, адамгершілік танытып жүргені. Әр ақ халатты жан бойына ұялай бастаған менмендік пен пендешіліктен арылып, осылай әркез қарапайым қалпын сақтап, кішіпейіл болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытса нұр үстіне нұр болар еді ғой. Ауруыңды да бір сәт ұмытқандай боласың.

Міне, қаһарлы қыстың ызғары да кетті. Жаймашуақ көктеммен аруларымыздың мерекесі есік қақты.

Көпшіліктің құрметіне бө-леніп, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған халық қалаулысы, тәжірибелі дәрігер, ардақты ана Гүлнәр Құраметова және ұжымындағы барлық қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, отбасыларына бақыт тілеймін.

 

Әбілбек Айтақынов, зейнеткер, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының құрметті азаматы.

 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:49

Ғасыр жасаған кейуана

Ғасыр

жасаған кейуана

«Өсетін елдің қарты қазына болар» деген екен кешегіміз. Расында, кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы ақ жаулықты әжелеріміз бен асқаралы аталарымыз баршылық. Ел басына күн туғанда әкелеріміз ат үстінен түспеген, аналарымыз тылда тірлік істеген. Бәр-бәрі ұлт болашағы, ұрпақ қамы. Осындай аналарымыздың бірі – Рахымбүбі Жақаева. Ғасыр куәгері атанып отырған абыз анамыз бүгінде 100 жаста.

Зұлмат жылдары ол небәрі 23 жаста-тын. Әкесі соғысқа аттанып, әулетінің тұңғышы анасымен бірге тылда тер төкті. Білекті сыбанып, бейнетке белшесінен батты. Соғыс тұсындағы ауырт-палықтың уын да татты:

Бала кезіміз бейнетпен өтті ғой. Анам ауырып қалғаннан кейін мені тылға еңбек етуге алып кетті. Таңның атысынан, күннің батысына дейін қолдан кетпен түспеді. Шөп шаптық. Күніне 90 жұмыртқа, 150 литр сүт, 40 кг етті майдан-ға жіберіп отырдық. Өзімізге қалатын бір уыс бидаймен күн көрдік, – деп өткенін ой елегінен бір өткізіп тастады Рахымбүбі әжеміз.

Иә, сол Ұлы Отан соғысы қасіретінің жалыны шарпымаған, ошағы ортасына түспеген отбасылар некен-саяқ. Аңыраған ананың жанарына мұң тұнды, шыңғырған бала даусынан таулы өлкенің таңы жыртылды. Тас жастанып, тау жамылған жетім ұл мен жесір ананың қара басына қайғы орнады. Әкесі соғыста қаза болып, анасы ауыр хәлде төсек тартып жатса, соңынан ерген 3 бауырын асырап бағу сол кездегі қаршадай қыздың мойнындағы іс болды. Алмастай жігері мен қиындықта сыналған қажыр-қайраты оны осындай ауырт-палықтан алып шықты. Тұрмыс құрды. Ана атанды.

Жолдасым Досбол Жақаев осы Таутүргеннің азаматы-тын. Бір үйдің жалғызы еді. Соғыс кезінде колхозда басшылық қызметтер атқарды. Жасымнан еңбекпен шыңдалғандықтан тұрмыс құрсам да қара жұмысқа келгенде білек сыбанып кірісіп кететінмін(күлді). Үш қыз, бір ұлды тәрбиеледік, өсірдік, өндір-дік. Бүгінде қыздарым тұрмыс-та. Ұлым қолымды ыстық суға малып отыр. Бейнеттің зейнеті болады деген рас екен. Сол алапат замандарда бұлай шалқып өмір сүру түсімізге де кірмейтін. Тойып тамақтансақ қой шіркін, деген үмітпен өмір сүретінбіз, – дейді. Ғасыр жасаған анамыздан немере-шөберелері жайын-да да сұрадық. Қанша немере, шөбересі бар екенін жатқа айтып отырғанына таң қалғанымызды жасырмайын: – Қазірде 12 немерем, 22 шөберем бар. Неме-ремнің алды 49 жасқа келді.

«Ақ шашты ана: «жастығым – балам» дейді, ақылды бала: «Ай-күнім – анам» дейді». Алақанына салып, ақ жаулығын ақ көрпесі ретінде көрген әжеміздің баласы Мұқатай да, келіні Елмира да абыз ана алдын кесіп көрген емес. «Ғасыр көріп отырғаным – осы ұл-қыздарымның арқасы. «Ана көркі алдындағы баласы, қала көркі үйі, орман-ағашы» демей ме бұрынғылар. Көркім де, қуанышым, байлығым да – үш қызым, бір ұлым, немере-шөберелерім, – дейді ғасыр куәгері.

«Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы». Қыз – ұлттың болашағы, ар-ұяты екенін ескерсек, намысты ұл мен, бұрымды қыздарымызға жарық сыйлайтын осындай текті аналарымыздың жалғасы көбейсін. Осы тілегін Рахымбүбі әжеміз де мереке қарсаңында жеткізді:

Ұрпақ – көздің нұры, кө-ңілдің гүлі. Бұл исі қазақта қалыптасып қалған қағидат. Себебі, біз осы бала-шаға ұрпағымыз үшін ғұмыр кешеміз. Ал сол ұрпағымыз намысты болсын, қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын. лайым, басымыздан бақ таймасын! Егемен елдің ертеңі жарқын болсын! Әмин!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Суретте: ұлы Мұқатай, келіні Елмирамен бірге.

 

Жұма, 01 Желтоқсан 2017 16:31

Тәуелсіздік тірегі

 

Тіл – ұлттың баға жетпес байлығы, егемендіктің айғағы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Бұл турасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет» – деген болатын.

Сонымен қатар елімізде тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Барлық мемлекеттік мекемелерде талқылау, дөңгелек үстелдер мен пікір алмасу шаралары ұйымдастырылуда. Осы орайда, жақында аудандық прокуратура қызметкерлерінің бас-тамасымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жиын өтті.

Аудандық прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау өкілдері және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының қатысуымен өткен шара барысында аталған бағдарлама турасында баяндамалар оқылды. Бағдарламаның мемлекеттік тіл мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық құжат ретінде ұзақ мерзімге жасалып отырғанын ескерсек, мемлекеттік органдарда қазақ тілінде әзірленетін құжаттардың, іс жүргізудің сауаттылығы, сапалық, яғни тілдің қолданымдық жағын білу талабы назардан тыс қалмауы қажет. Осындай мәселелер қозғалған келелі жиын соңында қатысушылар мемлекеттік тілді дамытудағы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Еркін ҚҰСАЙЫНОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер.

Жұма, 01 Желтоқсан 2017 16:27

Үйлену – оңай, Үй болу қалай?

 «Нұр Отан» партиясының желілік кестесіне сәйкес «Жанұя жарасымы» тақырыбында жас отбасына арналған семинар-тренинг өткізілді Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының ғимаратында.

Отбасылық жарасым – еліміздің болашағы жастардың өмірге ата салтын сақтай отырып, бүгінгі күннің сын-сынақтарына тө-теп беруі үшін керек. Бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап ұрпақтарына аманат қып тапсырған еліміздің аумағын игеріп, гүлдендіру үшін де демографиялық жағдайымыз дұрыс болу керек. Осындай кіріспе сөзбен семинарды ашып, жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев жас отбасылардың үштен бірі ажырасып кететінін қынжыла атап өтті.

Әкім аппаратының заң бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, АХАЖ бөлі-мінің мамандары, аудандық ақсақалдар, әйелдер ұйым-дарының жетекшілері Т.Ұзақов, Р.Исатаева семинарға қа-тысқан жас отбасылар мүшелеріне кеңестер берді, игі тілектерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Мемлекетіміз осы жас отбасыларды демеп, ауылдық жерлерде мамандарды тұрақтандыру үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қабылдап, жастарға баспана жасап алуға қол ұшын беріп отыр. Семинар-тренингке келген жас мамандар негізінен мұғалімдер бұл игілікті пайдаланып отырса, кейбірі сөзбұйдаға салынып, уақыт оздырып жүргенін Қуат Сұлтанұлы сынға алды.

«Құжаттарды тапсырып қой-дым», – деп қарап отырмай, құзырлы органның есігін қаға беру керек», – дейді Қ.Байғожаев.

Семинарға арнайы шақырылып көңілге қонымды көрініс қойып берген Рахат орта мектебінің педагог-психологтары Айна Көмекбай мен Динара Болатханқызы артық сөзге келмей жас отбасы мүшелеріне бір-бір резеңке шар беріп, ауамен толтыртты. Жастардың бір бөлігіне психолог Динара Болатханқызы шарды жаруды тапсырып еді, шарлардың тамтығы қалмай быт-шыт болды.

Психологиялық-тәрбиелік мәні бар экспериментке қатысу-шылардың екінші бөлігіне үрленген шардың аузын ашып, ауаны жайлап шығаруды бұйырды педагогтар. Бұл шарлар жыртылмады, қайта пайдалансаң да сау. Ешқандай лекция оқымай педагог-психологтар өзара келіспеушілік туған жағдайда аптығын басып, әліптің соңын бағдарласа шаң-шұң ұрыс та азаяды, отбасы орнында, бірлесіп ғұмыр кешу осыдан басталады деген сабақ. Қорытындылап айтқанда отбасы-лардың ажырасуын азайту үшін жасалған амалдар, қарекеттер көп. Оқырманға ой салып, тақырыпты жалғастыруды жөн деп санаймыз.

Қ.ҚАСЫМҰЛЫ

 

«Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр  және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары...» деп басталған еді Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы бір тұтас ұлт» атты XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. Шынымен, жастар бойына патриотизмді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, ата тарихымен таныстыру – ұстаз ретіндегі міндет-борышымыз.

 

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Назарбаев.

Осы тұрғыдан ой өрбітсек, жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да айрықша аталған. Тіпті, 2017-2018 оқу жылында Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында 5 сағат бөлінді. Онда ұстаздар қауымы белгіленген тәртіп бойынша сабақтарды мұражайларда, мәдени ұйымдарда, тарихи ғимараттарда өткізуі тиіс. Көшбасшымыздың өзі «Есік – көне Сақтың астанасы» деп бағасын берген Есік қаласына Н.Островский атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары республикалық «Есік» археологиялық қорық-мұражайына келіп, қазақ тілі мен тарих пәнінен дәріс алды. Мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Н.Шаңбаев пен Е.Әлімжан және өзім бастаған 30 оқушыдан құралған топ мұражайдағы экспонаттарды ыстық ықыласпен көрді. Тіпті, толассыз сұрақтарын да жаудырды. Басым көпшілігі тарих кітабынан суретін ғана көріп жүрген «Алтын адам» турасында сауалдарын бүгіп қалмады. Сонымен қатар тарихи құндылығымыздың табылуына себепші болған Бекмұханбет Нұрмұхамбетовтың жұмыс бөлмесін көрді, мұражай маңындағы қорықтарға сұқтана қарады. Екі сағатқа жуықтаған сабақ барысында жас буын өздері өскен өңірдегі тарихқа толық қанықты. Патриоттық актіде көрсетілгендей «...Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз» деп тарқасты.

Түйіндей келсек, туған жерге деген сүйіспеншілік оның тарихын танудан басталады. Ал кіндік қаның тамған өлкеңе деген ыстық ықылас Елбасы айтқандай «Туған елге» ұласады. Әрдайым, жас буынның бойына патриоттық рухта тәрбие беруді тек сөзбен емес, нақты іспен атқарғанымыз оң серпіліс береді.

 

Күлпәш ШАҢБАЕВА,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Жексенбі, 26 Қараша 2017 12:42

Облако хлопка на фоне гор

В Енбекшиказахском районе можно найти  любые виды растительных культур. Однако кто бы мог подумать, что в предгорной зоне Семиречья прекрасно растет…хлопок. Но это так! Обильно распустившиеся  кусты хлопчатника  снежно-белым облаком накрыли землю. Чтобы увидеть созревшее хлопковое поле, далеко ехать не надо. Достаточно посетить крестьянское хозяйство Нурадина Маткаримова в Тургенском сельском округе. О селекционных достижениях Нурадина ага наша газета пишет не впервые. Частые гости на его поле и телевизионщики. Там действительно есть на что посмотреть и что показать на экране: в нашем резко континентальном климате, с его неожиданными заморозками, засушливым летом и зимними ветрами в зоне Шелекского «коридора», у Нурадина Маткаримова  дают отличные плоды  неженки юга – хурма, инжир, гранат! Не говоря уж о замечательно вкусных и урожайных сортах столового винограда, широкого ассортимента овощей. 

Секреты восточного земледелия  Нурадин ага  привез из солнечного Узбекистана, где трудился агрономом в хозяйствах Каракалпакстана. Всю жизнь он  изучал и собирал старинные сорта овощей и фруктов Центральной Азии. А когда в 1991 году вернулся на историческую родину и создал крестьянское хозяйство, стал культивировать их на нашей почве. Чтобы добиться успеха со столовым виноградом, дающем пудовые кисти, понадобилось два десятка лет. Помимо того, Нурадин ага разработал свой способ зимнего хранения урожая  прямо на лозе, в поле, благодаря чему виноград сохраняет все полезные свойства и остается до мая свежим. В 2010 году, когда мы познакомились, он вывел сорт помидоров, которые поспевают уже в июне. А в 2017 году  земледелец из Тургеня впервые высадил хлопчатник, прекрасно принявшийся в предгорье. Как говорит Нурадин ага, вовсе не из экспериментального интереса, а для  получения семян и разведения в Казахстане хлопка урожайностью до 70 центнеров с гектара, в два раза больше, чем получают в Узбекистане. В хлопководческих регионах республики  его достижения, безусловно, будут иметь большое значение.

 Одно огорчает земледельца, свыше 50 лет самостоятельно занимающегося  селекцией. Ему уже за 70, но он так и остался  одиночкой-селекционером, о достижениях которого время от времени сообщает  пресса.   Но лучшим вознаграждением за свои труды для Нурадина Маткаримова будет польза для сельского хозяйства страны. По его словам, пока не спешат к нему  на поле ученые, не находятся инвесторы, способные практически воплотить его идеи, наработанный опыт районирования саженцев и семян плодоовощных культур, даже зерновой кукурузы и хлопка. В 2018 году Нурадин ага обещает продемонстрировать новый сорт кукурузы, дающий два урожая в год и новый сорт винограда, какого нет больше нигде. 

 Нужно совсем немного – поддержка и внимание со стороны государства, науки, предпринимателей, чтобы  знания  и достижения Нурадина ага  стали востребованы  в аграрной практике. Тогда выращивание гранатов и инжира будет обычным делом в наших садах…

 

И.ТУРАНИН.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет