Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:08

Береке басы – бірлік

Татулық – біздің басты байлығымыз. Осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз бен алған асуларымыз – Қазақстандағы ұлтаралық келісім, бірлік пен татулықтың арқасы. Сондықтан, баға жетпес байлығымызды көздің қарашығындай сақтау – азаматтық парыз. Осы орайда, жақында Шелек әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын және «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерлетуге, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған «Ұлтаралық келісім және қоғамдық  сананы жаңғырту» атты ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Шараға Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев, «Ұлт Тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғам қайраткері Дос (Досмахамбет) Көшім, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы қатысты.

Жиынды жүргізген Жаныс Сапарғалиев ішкі саясат саласы бойынша облыста атқарылған шараларға тоқталып өтті:

– Елбасы өз Мақаласында: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» – деп белгіледі. Елiмiзде 130 ұлттың, ұлыстар мен этникалық топтардың өкiлдерi өмiр сүруде. Осындай жағдайлар аясында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi үшiн экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, дiни даму-дың бiрдей мүмкiндiктерi нақты қамтамасыз етiлген.

Облыстық ішкі саясат басқар-масы тарапынан мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында халықтың осал топтарымен, оның ішінде жастар, қоғамдық ұйымдар,  БАҚ өкілдері және  оралмандармен жұмыс жүргізуге бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы Жаркент қаласында белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Сұнқар» республикалық сыйлығының лауреаты Есенкүл Қапқызымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл, Ұйғыр аудандарына Азимбай Ғали, Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Андрей Чеботарев, Мұрат Абенов, Тимур Козырев сынды белгілі саясаткерлер шақырылып, тұрғындармен жүздесті. Кездесулер барысында «Рухани жаңғыру» бағ-дарламасының «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа  есім», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі»  жобалары  туралы ашық әңгімелер болды.  

Бүгінгі жиынымыздың мақса-ты да сол, өңірдегі қоғамдық тұрақтылық және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық түсіндіру іс-шара-ларын жүзеге асыру болып табылады, – деген Жаныс Құдай-бергенұлы алғашқы сөз кезегін кездесудің басты қонағы Дос Көшімге берді. Түрлі Мемлекеттік бағдарламаларды атаған Дос Қалмаханұлы «100 нақты қадамның» қазақ халқына берері мол екендігін айтып өтті:

– Себебі, «100 нақты қадамда» нақты іс-шаралар қамтылған. Оның ішіндегі маған ұнағаны – Ұлттық біртектілік. Біртектілік деген не? Ол бұрынғы интернаттағы балалар секілді бірдей киініп, бірдей тамақ ішу емес. Бұл жерде әңгіме ұлттың бүгіні мен болашағы жөнінде. Оның ішіндегі проблемасындағы халық ойының бағыты бір жерден шығуы керек. Бірақ, жүзеге асырылуы әртүрлі болуы мүмкін – деген қоғам қайраткері осы ұлттық біртектілікті қалыптастыру үшін төрт мәселеде бірлік болу керектігін айтты. Алдымен тіл, кейіннен дін, тарих және мәдениет бірлігі. Дін мен мәдениетаралық қақтығыс бізде жоқ. Керісінше өзара түсіністік орнаған. Алайда, тіл мәселесі қатты ақсап тұрғанын айтты Дос Көшім:

– Кеше ғана мен Жетісудағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Сонда ішіндегі радио хабарландырулар орысша сайрап тұр. Менің намыстанғаным, сол жердегі адамдардың 99 пайызы қазақтар. Орысша айтып жатыр ма, қытайша айтып жатыр ма, оларға бәрібір – деп ашынған қоғам қайраткері осылай жалғаса берер болса ұлттық біртектіліктің ұшқыны да қалмайтынын қа-дап айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы өзекті болып отырған ономастика мәселесіне тоқталды. Яғни, жер-су, көше мен елді мекен аттарын ауыстыру – солтүстік пен шығыста халық арасында түсінбестік тудыруда. Суворов пен Кутузов көшесінің орнына Мәшһүр Жүсіп, Қабанбай батырдың атын қойсақ, орыстілді қазақтар «а кто они такие?» деп, қарсылық танытады. Ал олар қазақ тілін білсе, қазақтың тарихын білер еді. Біздің батырларымыз бен алаштың арыстарын ардақ тұтар еді. Осылайша, жанайқайын жеткізген Дос Көшім көше, ауыл аттарын ауыстырудың өзі қоғамдық санаға оң әсерін тигізетіндігін жеткізді. Және де еш жерде айтылмаса да, өзге ұлт өкілдерінің арасында туындап жүрген жаңсақ пікірдің басын ашып берді:

– Ономастикаға келгенде орыс тілді ағайындар арасында «Қазақ мемлекеті ұлттық бағыттағы бір нәрсе жасап жатыр» – деген пікірлер туындайды. Бұл – қып-қызыл өтірік. Себебі, біз көшелерімізге тек қазақтардың атын қойып жатқан жоқпыз. Айталық, Алматы қаласында Панфилов атындағы көше мен саябақ, Брусиловский, Зенков, Затаевич атындағы көшелер бар. Бұлардың барлығы Тәуелсіздіктен кейінгі қойылған атаулар. Аталған азаматтар Қазақстанға, Алматыға еңбегін сіңіргендіктен, ешкім қарсы сөз айта алмайды. Тағы бір мысал, Шығыс Қазақстанда Лениногорск деген қала болды. Сол елді мекенге қазақтың біртуар азаматы Д.Қонаевтың атын беру туралы ұсыныс жасалды. Бірақ, қаланың аты Риддер болып өзгертілді. Өйткені, қаланы ашқан неміс кеншісі Риддер. Өз басым, еліміздегі көшелерден Толстой мен Пушкиннің атын алып тастаса, мен ренжімеймін. Себебі, олар бұл жерге еңбегі сіңбек түгілі, Қазақстанда болған жоқ. Алайда, Пушкиннің аты Орал қаласында тұрса мен қарсы емеспін. Пушкин үш күн сол қалада жатып, «Комендант қызы» деген романын бастаған – деп, Дос Қалмаханұлы қазіргі уақыттағы туындап отырған кереағар пікірлерге нүкте қойды. Сондай-ақ, жиынға қатысушы-ларға ономастика мәселесіне жеңіл-желпі қарамай, атсалысуларын сұрады.

Шара барысында Дос Көшім-ге татулық, адамгершілік, саясат, жер тақырыбындағы түрлі сұрақтар қойылып, айтылған пікірлерге көпшілік дән риза болды. Ауыл тұрғындары атынан сөз сөйлеген ақсақал Әлден Әбдірешов:

–  Бүгінде жиын жасағандар-дың барлығы жетістіктерді тізіп, кемшіліктерді бүгіп қалады. «Ауруын жасырғанды – өлім әшкерелейді» – демекші, осы жиында қазақ қоғамының кем-шіл тұстары, ақсап тұрған бағыттары сөз болды. Жиылған жұртшылық айтылған әңгімеден ой түйді деп сенемін – деп құрметті қонаққа ризашылығын жеткізіп, мемлекетімізге ең алдымен ұлтаралық татулық, бірлік керектігін айтты.

Кездесу соңында Қайсар Асқарұлы да бірліктің түбі – береке екендігін, көпұлтты мем-лекетті дамуға жетелейтін – ынтымақтастық екендігін айтып, шараға қатысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

 

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:06

Кең болсаң, кем болмайсың

Жақында «Мектепке жол» акциясы аясында Рахат №1 (94000 теңгеге), Қ.Сәтпаев атындағы (82000 теңгеге), М.Горкий атындағы (89000 теңгеге) орта мектептерінен таңда-лынып алынған 12 балаға қайырымдылық жасалды.

Мектепке қажетті кос-тюм, аяқ киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім, бантиктері, сөмкелерін асынған оқушы-лардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар, спорттық шара, атап айтсақ, футболдан оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылып, заманауи хип-хоп биінің элементтері көрсетілді. «АҚШ-тан келген немерелерім Адамжан, Әмина және Жапониядан келген немерем Саюридің қолдауымен жүзеге асты акция негізінен. Жақсылықтың жаршысы болған балаларыма ризамын», – дейді «Білімді дамыту қорының» директоры Қайырғали Ахметов.

Алмагүл НҰҒМАН.

Суретте: аудан әкімінің орынбасары А.Бидаев және қор директоры Қ.Ахметовтың қайырымдылық жасау сәті.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 11:56

Бай болуға — кәсіп керек

Өркениет дамып, цифрлық технология күн санап қарыштаған заманда екі қолға бір күрек табу оңай емес. Алайда, күнкөрістің көзін білетін адамға кәсіп ашып, еңбектің тәтті нанын жеу қиынға соқпасы анық. Ол үшін мемлекеттен арнайы бағдарламалар қабылданып, іс бастаған адамдарға түрлі жеңілдіктер мен көмек көрсетілуде. Осындай жақсылықтың шапағатын көріп отырған кәсіпкер Жолды Тоқтаржан бүгінде ісі өрге домалап, қарқынды бизнесімен қуатты мемлекеттің құрылуына септігін тигізіп отыр.

Елбасының өзі қатаң сынға алған жеңіл өнеркәсіп саласының бүгінде ақсап тұрғаны жасырын емес. Базар мен сауда орталықтарына бас сұға қалсаң Италия, Түркия, Қытай елдерінен, тіпті, көршілес Қырғыз ағайындардан жеткізілген киім-кешектер көздің жауын алады. Іздесең де таптырмайтын қазақстандық өнімдердің бағасы қымбат. Бұған себеп, шикізаттың жоқтығы. Ал шикізат қайдан шығады? Әрине, өрісі малдың жүнінен. Қойнауы шикізатқа толған ауылдағы осындай мүмкіндікті пайдаланып Шелек ауылынан жүн өңдейтін цех ашқан кәсіпкер Жолды Тоқтаржан «Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін ту ғып ұстайды.

Өгізаяңмен ілгерілеген саланы дамытуды көздеген кәсіпкер жүн өңдеуді 2010 жылы бастаған. Кейіндері жұмысы жанданып, кәсібін ұлғайтуды қолға алған. Бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен несие алуға кезекке тұрып, өткен жылы 1 ай оқудан өткен. Өзінің бизнес-жоспарын қорғап, кәсібін дамытуға «Бизнес бастау»      бойынша төменгі 6 пайызбен несие алған:

– Төменгі пайызбен 6 млн теңге несие алдым. Бір жыл, яғни, биыл каникул. Келер жылдан бастап, несиемді өтеймін. Ал алған қаржыма Қытайдан жаңа қондырғы әкеліп, бұрындары апталап күттіретін жүн түтуге деген кезек сейілді – дейді кәсіпкер. Айтуынша, 2014 жылы аспан асты елінен көрпе тігетін қондырғы әкелген. Бүгінде, көрпе мен жастық, қызға жасау жасатқысы келгендердің саны артып, алдағы екі айға тапсырыс қабылдап қойған. Оған қолданылатын маталар Алматы қаласынан жеткізіледі. Отбасылық бизнеске айналған цехта қазіргі таңда 6 адам жұмыс істейді. Тапсырыс көп түсетін маусымда қосымша жұмысшылар тартылады.

Мемлекеттік бағдарлама-ның жемісін көріп, ешкім қызығушылық танытпайтын іспен айналысатын кәсіпкер келешекте өндіріс пен цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр:

– Еңбек еткісі келген адамға жұмыс табылады екен. Біз уақыт өткен сайын цехымыздың аумағын арттырамыз, сәйкесінше, өндіріс көлемі де ұлғайып, ғимаратымыз таршылық етеді. Келер жылы нысанды үлкейтуді жоспарлап отырмыз – деген Жолды Тоқтаржан биыл есік алдынан дүкен ашпақ ниетте. Сауда орнында көрпе-жастық пен маталар сатылып, тапсырыстар қабылданатын болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Бабаларымыздың айтқан осынау нақылы ғасыр сүрлеуінен өтсе де, құндылығын жоймай келеді, жоймайды да. Себебі, қиындықтан көңілі күйреген, жоқшылық бүйірден түйреген, қысқасы, сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда сүрінген жан сүйеуге, жылаған жан жебеуге мұқтаж.  Жақсы ниетті жарым ырыс деп санаған «Елім-ай» қоғамдық қоры «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде «Шын жүректен» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Қырбалтабай, Ақши округтерінде болып, 1-6 сынып аралығындағы 20 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті құрал-саймандары мен сөмкелерін табыс етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен шарада қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Мырзақожа ақ тілектерін ақтарып, сөмкелерін үлестірді. Өз кезегінде Қайнар Жұмағожа-ұлы:

– Тамыз – үздіксіз дайындық  айы. Ең бірінші, ұл-қыздарды жаңа оқу жылына, екінші қыстың қам-қарекетін жасайтын мезгіл. Сондықтан көп отбасыға бұл материалдық тұрғыда ауырлық етері ақиқат. Жыл сайын дәстүр-лі ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тауып отыр. Әрине, бүгінгі акциямыз соның бір жемісі, – дей келе жаңа оқу жылында білімгерлерге табыс-тар тіледі. 

– «Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын» дейді қазақ. Қазіргі уақытта аудандағы аз қамтылған отбасыларға қол-дан келгенше көмек көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Екіншіден, бұл мемлекеттік саясаттың бір тармағы. Осы мақсатта аудан-дық ішкі саясат бөлімі тарапынан арнайы лот та белгіленіп, ұттық. Сондықтан жыл соңына дейін түрлі қайырымдылық шаралардың өтуіне барынша күш жұмсайтын боламыз, – дейді Жаңаберген Мұхамедұлы.

 

Өз тілшіміз.

Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 15:25

Еңбек еткен – емеді

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының негізі. Халықты жұмыссыздықтан құтқарып, дамуға бастайтын басты жол. Сондықтан болар, етек-жеңімізді жиып, толыққанды зайырлы мемлекет атанғаннан кейін осы салаға көптеп көңіл бөлінуде. Тіпті, қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласы Елбасының тікелей бақылауында. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» – деген болатын. Қолайлы жағдай туғызылып та жатыр. Бүгінде ауданымыздың өзінде күн сайын жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуда.

Кәсіпкерлік – пайда та-уып, халықты жұмыспен қамту ғана емес, оларға сапалы әрі қолжетімді тауар ұсыну. Дәл осы бағытта ауданымызда «Арзан» дүкендер желісі жемісті еңбек етуде. Алдымен Есік қаласында, кейіннен Шелек ауылында ашылған киім-кешек дүкені бүгінде тұрғындардың шексіз ризашылығына бөленуде. Басқа сауда орындарымен, тіпті, базармен салыстырғанда бағасы әлдеқайда арзан заттар сатылатын мұндай дүкен Қазақстан  бойынша 20 жерде жұмыс жасайды.

Оның екеуі – ауданымызда. Көпшіліке қолжетімді тауар ұсынатын дүкендер желісінің қожайыны жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр. Өзі бір емес, екі бірдей ұлттық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған кәсіпкер университет табалдырығында жүріп-ақ, ата-анасына қолғабыс еткен. Осылайша, адал еңбектің дәмін татқан Ақылбек Қалқаманда алғашқы компьютер клубын ашқан. Кейін оның санын төртеуге жеткізіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. «Жаңаша көзқарас пен еңбек – жетістің кілті» – деген жас кәсіпкер қайырымдылық жасаудан да құралақан емес. Алматы қаласындабірнеше спорт алаңдары мен балалардың ойын алаңдарын жасаған өз қаражатына. Сонымен қатар, ауданымызда бизнесін дөңгелеткеніне ұзақ уақыт болмаса да, өзінің ұлттық спортттың жанашыры екенін дәлелдеп, демеушілікпен айналысуда.

– Жас кәсіпкер Ақылбек Аққайырдың ауданымызға келіп, дүкен ашқанына ұзақ уақыт өтпеді. Алайда, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік өміріне араласып, қолұшын беріп тұрады. Айталық, таяуда ғана Асы жайлауында өткен малшылар слетінде бас бәйгені өзі тікті. Сонымен қатар, спорттық ойындардың жүлделерін де өз мойнына алды – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали.

Бүгінде еңбектің тәтті нанын татып, өзгелерге де қолұшын беріп жүрген азаматтар кемде-кем, әсіресе, жастар арасында. Осы тұста, өз күшімен кәсіп бастап, жемісін өзгелермен бөлісіп жүрген Ақылбек Аққайырдың жасаған жақсылығын неге атап өтпеске? Күні кеше ғана ісін дөңгелеткен азаматтың игі бастамасы талай қалталылардың жүрегіне ой саларына сеніміміз кәміл.

Сардарбек НҰРАДИН.

Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 14:58

Жаппай қырып-жою қаруына жол жоқ!

Бұл күні 1945 жылдың 6 тамызында Жапонияның Хиросима қаласына Америка Құрама штаттарының әскери әуе күштері атом бомбасын тастады.   

Littl boi яғни «Бөбек» аталатын атом бомбасының зардабы жан түршігерлік болған. Бомба жарылғаннан кейінгі қас қағым сәтте 80 мың адам ажал құшып, 12 мың тұрғын хабарсыз кеткен, ал 40 мың адам жарақат алған. Міне «Бөбек» деп зымияндықпен ат қойылған атом бомбасының жарылысынан жапондықтарға келген зардабы. Төрт шақырылым болатын радиуста, яғни 12 шаршы километр аумақтағы ғимараттар мен құрылымдар түгел қираған. 90 мың үйдің 62 мыңы жойылып кеткен. Осыдан үш күн кейін 9 тамызда қуаты 20 мың килотонна тротил баламасы  (эквивалент) бар FatMan («Жуан жан»)  бомбасы Нагасаки қаласына тасталып, бұл елді  мекенде де аса  зор адам шығыны, материалдық зақымдар келтірілген болатын. Шынтуайтқа келгенде Екінші дүниежүзілік соғыста басқыншылар жағында болған Жапония бұл атом бомбаларын жармай-ақ, бейбіт тұрғындарды қырып-жоймай-ақ жеңілудің алдында тұрған еді. Бірақ адамгершілік  қағидалары жайына қалып атом бомбасын сынау  керек болды, әлемге атом қаруымен «жұдырық  көрсету» керек болды. Міне, жапон елінің екі қаласын қиратып жүз мыңдаған адамдарды  қырып тастаған екі ғана бомбаның зардабы  осындай болды.

1955 жылғы 6 тамызда атом және сутегі  қаруына тиым салу  жөніндегі бірінші халықаралық конференция өткізіліп, Тынық мұхиттың оңтүстігі  ядро қаруынсыз  аймақ болып жарияланды. (Раротонга келісімі). Содан бері  жыл сайын 6 тамызда «Хиросима күні  – Бүкіләлемдік  ядролық қаруға тиым салу күні» аталып өтеді.

Атом қаруын сынау, өндіру жағынан сол кездегі Қазақстан құрамында болған  Кеңес  мемлекеті де «шеткері» қалмаған еді. Ал ядролық  қаруды  сынақ  алаңы етіп кеңестік  басшылар Семей  полигонын таңдады. Бұл  сынақтар мыңдаған тұрғындарымыздың  денсаулығына зиян келтіріп, өмірге  кемтар сәбилер әкелгені белгілі. Тәуелсіздіктің  қарсаңында Қазақстанның  белгілі қоғам қайраткері ақын Олжас Сүлейменовтың  бастамасымен  ядролық қару өндіруді тоқтатып, сынақ полигондарын  жабуға бағытталған «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, бүкіл әлемге «5-5» талабы жарияланды. Жоғары көтерілген қолдың бес саусағы  әлемдегі бес атом қаруын сынау полигондары  жабылсын  дегенді   білдіретін символдық мағынасы бар еді. Сөз арсында айта кеткен жөн, сол кездегі  «Невада-Семей» қозғалысының бір тармағы – болып Қытайдағы «Лобнор  полигоны жабылсын!» филиалы құрылды да оның жетекшілігіне осы  жолдардың  авторы  тағайындалған  еді. «Лобнор» әлемдегі сол бес полигонның  бірі еді және шекаралас біздің жерге де зардабы тиіп  жататын. Сол кездегі Еңбекшіқазақ, Шелек  аудандары аумағында құрылған «Лобнор жабылсын!» қозғалысы да  көптеген  іс-шаралар  өткізіп көрші Қырғыз, Өзбек елдеріне барып, Қытай шекарасына  дейін  жаяу шерулер ұйымдастырып, полигондағы  сынақтарды тоқтатуға зор ықпал жасаған болатын.

1911 жылы Қазақ  мемлекетінің  бірінші Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонының жабылуы  туралы Жарлыққа қол қойды. 2010 жылы Вашингтонда өткен самитте сөз сөйледі.  Ал 2015 жылдың  тамызында  БҰҰ Бас Ассамблеясында  ХХІ ғасырда ядролық қарусыз  әлемді тұрғызу –  адамзаттың  басты мақсаты» деп ұсынды.

«Манифест, ХХІ ғасыр» бейбітсүйгіш  бүкіл әлемге  әйгілі болды.

Жыл сайын Жапонияда «Соғысқа, ядролық қаруға жол жоқ!» ұранымен «Бейбітшілік  маршы» өткізіледі.  Бұл марштың соңғы шарасы 6-тамызда сол өткен ғасырдың 45 жылы Хиросимада жарылған атом бомбасының эпицентрінде қойылған  Бейбітшілік Паркінде аяқталады. Қаланың қақ ортасында атом жарылысының айғағы ретінде  қозғалмаған жердің  бір бөлшегі  «Атом қаруы жойылсын!» деп айқайлап  жар салып тұрғандай әсер қалдырады.

Х.Ахметжанов.

 

«Жасыл ну, жағалай тау, жағалай көл,

Бармысың, көкшіл аймақ, көгорай бел». Немесе «Бұл қала – арман қала, жап-жасыл орман қала» деп әнге қосқан Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Оңтүстігіміздегі ірі мегаполис болғандықтан ондағы қарбалас тіршіліктің «қолтаңбасы» екені айтпаса да айғақ. Ендігі қам-қарекет қандай болмақ? Бұл турасында біраз айтарымыз бар.

Әр істе қазақтың айтқаны ақыл ғой шіркін. Ал мұндайда бабаларымыз: «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ғой. Біздің сөз етпегіміз де осы. Әйткенмен, көгалдандырудың жаңа-ша түрін айтпақпыз.

Жақында аудандық мәслихат депутаты, ауылының шынайы жанашыры Болатжан Нұрбековтың жылыжайында болдық. Замана ағысына қарай тың іске түрен салған Болатжан ағамыз «Паулемия» деген ағаштың ұрығын отырғызып жатқанын айтты. Әдейілеп ат арытып, әр талын үш мың теңгеден Қырғызстаннан алып келген ағаштың екі түрі бар екен. Бірі – өзіміз атаған ауа ластануының алдын алады, екіншісі құрылыс материалдарын, музыкалық аспаптарды әзірлеуге ыңғайлы. Түп атасы еуропалық Павловния мен бірқатар ағаштарды арнайы будандастыру арқылы жаңа түрін тапқан италиялық ғалым – Эмилио Армати. Бүгінде Орта Азияға енді ғана енген ағашты Қазақстаннан алғаш боп «ЭКО ЛЕС КZ» деген ЖШС ашып, жұмысын бастаған да Болатжан ағамыз.

– Қырғызстанда осы ағаштың артықшылықтарын насихаттау мақсатында форум өтті. Соған барған едім. Қызығушылығым артып, бірінші боп 10 гектар жерге көгалдандыруға бағытталған 6000 түп тамырды алып отырғыздым. Шыны керек, басында сенер-сенбесімді білмедім. Өйткені, ұрықтары да тым кіші. Ал ғалымдардың айтуынша, ол жылына төрт-бес метрге дейін өседі. Үш айдың ішінде жылыжайға отырғызған тамырым көзге көрінді. Енді оны ашық алаңға орнықтыруға болады. Қазір осы жұмысты бастадық – дейді Б.Нұрбеков.

Көгалдандыру мақсатындағы бұл ағаштың артықшылығы 1 жылда 2 тоннаға дейін ауаның лас қабығын өзіне қабылдап алады. Әрі жыл сайын 3-4 метрге дейін өссе, 3 жылда тұтас ірі мегаполистерді жасылдандыруға қауқарлы. Тіпті, жапырағының өзі 70 см-ге дейін ұлғаяды. Ал өмір сүру ұзақтығы – 60 жыл.

– Тағы бір ерекшелігі – Паулемия ағашының жапырағының құнарлығы жоңышқаға бергісіз. Оны малдарға азық ретінде пайдалануға да болады, – дейді Болатжан Саймасайұлы.

Екінші бағыт, яғни құрылыс материалдарын, музыкалық аспаптарды әзірлеуге арналған Паулемия ағашын да 2 гектар жерге отырғызбақ. Демек, бастапқыда 1200 түп Масақтың төріне тігілмек. Ал оның артықшылығы өз алдына. Ол турасында кәсіпкер былай дейді: – Бұл ағаш тік өседі. Әр үш жыл сайын 12-15 метрге дейін бой түзейді. Диаметрі 24-30 см. Оны келісім-шарт негізінде әлемдік компаниялар өздері келіп, кесіп алып кетеді. Кейін түбінен қайта көктейді. Кубына 130 доллар қолыңызға санап береді. Бұл ағашқа Сізден керегі тек уақытында суарып отыру.  Былайша айтқанда жалқаудың жұмысы – дейді.

Жылдам өсетін ағаштың жапырағы гүлдейді, тіпті, одан бал алуға болады екен.  Ғалымдардың пайымынша, гүлдеген сәтінде әр гектар ағаштың гүлі 700-1200 кг бал беруге қауқарлы.

Шыны керек, шығын шықпай кіріс кірмейді. Айталық, кәдуілгі қарағайға да күтім керек. Уақытында суарудан бөлек, түрлі жәндіктерден аластатып отыру үшін дәрілейсіз дегендей... Бұл турасында Болатжан аға: – Әрине, әр елдің табиғаты бөлек. Сондықтан оны зерттеп, зерделеу де арнайы ғалымдардың құзырында. Сол себепті жылына әр гектарына 10 мың доллардан шығын шығады. Оның ішіне тиісті мамандардың келуі, ағаштарды дәрілеуі, тамырын тексеруі, қысқасы толық күтімі кіреді – деп ақтарылды.

Осы тұрғыда бұтағынан көбейтуге бола ма деген сұрақ туындайтыны заңдылық. Ал оған Болатжан Саймасайұлы былай жауап берді: – Өзіміз қазақ ағашты дәл солай көбейтетініміз бергілі ғой. Сондықтан ғалымдардан оны да сұрадым. Болады. Бірақ, 15 жыл күтімді қажет етеді. Дәл осы тамыр секілді үш жылда 15 метрге дейін өспейді. Себебі, бұл тамырға арнайы ДНК енгізілген деді. Сондықтан бұтағынан бой көтерту бос әурешілік екен, – дейді.

Болатжан Саймасайұлы алдағы жоба-жоспарымен де бөлісті. – Үш ай толған көгалдандыруға бағытталған ағашты ашық алаңға шығарамын. Ал жаңа келетін 1200 түп бірден ашық алаңға отырғызылады. Кейіннен біздің қысқа қалай шыдайтынын бақылаймыз. Бәрі ойдағыдай болса, келесі жылдан бастап еліміздің түпкір-түпкіріне таратуды қолға алсам ба деп отырмын. Болашақта тек осы ағашты өсіретін көшеттіктерді(питомник) көбейту жоспарым бар.

Түйінінде айтарымыз, бүгінде экологияның ластануы әлемдік проблема. Оны шешу мақсатында қазір еліміздің түпкір-түпкірінде сүмбіл теректер егу қолға алынған. Оның машақаты сол, 15 жыл күтіп-баптайсыз. Ал «Паулемия» – жылдам өседі, экономикалық тұрғыда   табысты, басы артық бас қатыруды да қажет етпейді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты,  «Нұр Отан» фракция мүшесі.

Бейсенбі, 24 Мамыр 2018 13:10

Орманымыз сенімді қолда

Өрт – адамзаттың қас жауы. Әсіресе, орман өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі. Осыдан 6 жыл бұрынғы Медеу шатқалында болған тілсіз жау төтеншеліктермен қатар, тұрғындарды да әбден есеңгіреткен еді. Салдарынан қаншама гектар қарағай жойылып кетті. Болашақта осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасымен түрлі шаралар өткізілуде. Осы орайда, жақында Шелек орман шаруашылығында өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Апат кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында өткізілген шараға облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нүсіпбаев арнайы қатысып, орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексерді.

Қаіпсіздік мақсатында ұйымдастырылған арнайы шараға басқа аудандардың орман шаруашылығы өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру қызметі және Асы, Шелек, Қаражота ауылдық округтерінен жиналған еріктілер тобы атсалысты.

Оқу-жаттығудың семинарында сөз сөйлеген Шелек орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Бекболат Алтаев өртке қарсы өткізілген іс-шаралар мен үгіт-насихаттар бойынша есеп беріп, орманның адам өмірі үшін маңыздылығын айтып өтті. Кейіннен, Шелек өрт сөндіру бөлімінің қызметкері орман өрті кезінде қандай нәрселерді ескеру керектігін түсіндіріп өтті. Сөзіне сүйенсек, алапат өртті сөндіруге шыққан техниканың кептеліс жасамай қозғалғаны маңызды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер желдің өтіне қарсы тұрмауы керек. Әрдайым, желдің бағытын анықтап отыру – өте маңызды.

Шара барысында жоғарыда аталған өртке қарсы құрал-жабдықтарды, тенхникаларды аралап көрген Қанат Нүсіпбаев мамандармен тілдесіп, дайындықтарына көңіл бөлді. Әсіресе, еріктілердің қауіпсіздігін ерекше атап өтті:

– Бүгін еріктілер тобы оқу-жаттығуға келіп отыр. Егер өрт орын алған жайғдайда бұл азаматтар үстеріндегі киімдерімен өрт сөндіре алмайды. Синтетикадан және басқа да отқа тез тұтанатын матадан жасалған киімдер апат кезінде адамның өміріне қауіп туғызады. Сондықтан, округ әкімдері осы адамдарды арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Өздеріңізде бюджет бар, осы мәселені қарастырарсыздар – деп әкімдерге ұсыныс жасады.

Жиналыстан соң арнайы қонақтар мен бақылаушылар өрт болатын аумақтағы штабқа аттанды. Арнайы дайындалған бірнеше жерге өрт қойылды. Дабыл соғылып, белгілі аймақта өрт оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар берілді. Санаулы уақытта жеткен техника мен мамандар қызыл жалынды сөндіруге бірден кірісіп кетті. Алдымен тілсіз жау бағыт алған жақты трактормен жыртып, оттың келесі бетке өтуіне кедергі жасалды. Көзді ашып-жұмғанша сақадай сай техника апаттың алдын алды. Барлығы шынайы түрде болды. Тіпті, оқу-жаттығуға тікұшақ келуі керек болған. Белгілі себептермен қатыса алмады. Алайда, шынайы өрт болған жағдайда, тікұшақтар техника бара алмайтын жерлерде жұмыс жасайтындығын айтты «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің аға ұшқыш-бақылаушысы Талғат Алиев:

– Бүгінде облыс бойынша 2 тікұшақ таулы, орманды аймақтарды бақылайды және апат кезінде сол жерлерге құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді тасиды. Отты сөндіруге де атсалысады. Сондай-ақ, осы айдың аяғында мекемеміз 2 патрульдеу ұшағымен толығады. Қазір келісім-шарт жасалуда – дейді.

Жалпы оқу-жаттығу жоғары дәрежеде өтті. Мамандар да, техникалар да өздерінің мүмкіндіктерін көрсетіп, апат жағдайында қалай әрекет ету керектігін пысықтады. Облыстан арнайы келген Қанат Нүсіпбаев та көңілі толатындығын жеткізді. Сонымен бірге, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

Аумағы 117 мың гектардан асатын орман шаруашылығында 2 өрт сөндіру станциясы, 14 өрт сөндіруші маман, 2 өрт сөндіру көлігі үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, мамандар су бүркігіштер, сусорғыш насостар, бензинді аралар, тракторлармен қамтылған.

– Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ және темекі тұқылынан тұтанады. Кей жағдайларда найзағайдың түсуінен де орын алып жатады. Осындай жағдайлардың барлығына мекеме қызметкерлері әрдайым сақадай сай. Құдай бетін арылсын, егер өрт оқиғасы тіркелсе, мамандар мен техника жеткілікті – дейді Бекболат Алтаев. Айтуынша, тәжірибе көрсеткендей орманшылар өртті орман қорына жеткізбеу үшін белгіленген аумақтан тыс жердегі дала өрттерін сөндіруге мәжбүр. Аталған жағдайлар былтыр Алғабас және Таусүгір аумақтарында болған. Апат салдарынан, 600 гектардан астам жер күлге айналған. Абырой болғанда, орманшылыққа бірнеше шақырым қалғанда тілсіз жау ауыздықталған.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

ЖАҚЫНДА БАУЫРЛАС ЕКІ ЕЛДІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ТАТУЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮРГЕН АУЫЛЫ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП  ӨТТІ.

Сонау Түркиядан ат арытып келген құрметті қонақтарды Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова бас болып, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары барынша сән-салтанатпен күтіп алды. Ең алдымен Д.Қонаевтың рухына тағызым етіп, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бауырсақтан дәм татып, ұлттық нақышта киінген ақ әжелердің әуелеген әнін тыңдады. Қонақтарға арналып «Қош келдің, түбі бір түрік бауырлас!» атты арнау айтылды.

Түргендік түрік этносы дайындаған ұлттық көрмемен танысты. Бір айта кетерлігі, аталған мектепте қазақтан басқа 17 этнос өкілі білім алуда. Олардың дені түріктер. Сол себепті қонақтарда өздерін еркін сезінгені байқалады.

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында қазақтың баланың тұсауын кесу дәстүрі мен түріктердің қыз ұзату жоралғысы көрсетілді. Әсіресе, тұсау кесу рәсімі қонақтарға қатты ұнаған болса керек, барынша қызыға тамашалап, зор ынта танытты. Шараның үшінші бөлімі мек теп директоры Р.Ахметованың сөзімен басталды.

Өз сөзінде келген қонақтарға алғыс айтып, мектептің тарихы мен жетістіктерін таныстырып өтті. Келесіде сөз алған округ әкімі Б.Елеусізова бауырлас түрік еліне өзінің ыстық лебізін білдірді. Түркиялық делегацияны бастап келген Хакан Демир мырза да қазақ халқы мен мектеп ұжымына ризалық танытты.

Еңбекшіқазақ аудандық «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы бастығының орынбасары Н.Кулаев мырза қазақ халқы мен қонақтарға рақметін айтып, қонақтарға түрік этносының жай-күйін таныстырды. Келген қонақтарға қазақ дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.

Қонақтар ортаға шығып өздерінің ұлттық биін биледі. Шара соңында қонақтарға Түргенннің көз сүріндірер сұлу табиғаты көрсетіліп, дастархан жайылды.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

ЖАҚЫНДА БАУЫРЛАС ЕКІ ЕЛДІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ТАТУЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮРГЕН АУЫЛЫ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП  ӨТТІ.

Сонау Түркиядан ат арытып келген құрметті қонақтарды Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова бас болып, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары барынша сән-салтанатпен күтіп алды. Ең алдымен Д.Қонаевтың рухына тағызым етіп, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бауырсақтан дәм татып, ұлттық нақышта киінген ақ әжелердің әуелеген әнін тыңдады. Қонақтарға арналып «Қош келдің, түбі бір түрік бауырлас!» атты арнау айтылды.

Түргендік түрік этносы дайындаған ұлттық көрмемен танысты. Бір айта кетерлігі, аталған мектепте қазақтан басқа 17 этнос өкілі білім алуда. Олардың дені түріктер. Сол себепті қонақтарда өздерін еркін сезінгені байқалады.

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында қазақтың баланың тұсауын кесу дәстүрі мен түріктердің қыз ұзату жоралғысы көрсетілді. Әсіресе, тұсау кесу рәсімі қонақтарға қатты ұнаған болса керек, барынша қызыға тамашалап, зор ынта танытты. Шараның үшінші бөлімі мек теп директоры Р.Ахметованың сөзімен басталды.

Өз сөзінде келген қонақтарға алғыс айтып, мектептің тарихы мен жетістіктерін таныстырып өтті. Келесіде сөз алған округ әкімі Б.Елеусізова бауырлас түрік еліне өзінің ыстық лебізін білдірді. Түркиялық делегацияны бастап келген Хакан Демир мырза да қазақ халқы мен мектеп ұжымына ризалық танытты.

Еңбекшіқазақ аудандық «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы бастығының орынбасары Н.Кулаев мырза қазақ халқы мен қонақтарға рақметін айтып, қонақтарға түрік этносының жай-күйін таныстырды. Келген қонақтарға қазақ дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.

Қонақтар ортаға шығып өздерінің ұлттық биін биледі. Шара соңында қонақтарға Түргенннің көз сүріндірер сұлу табиғаты көрсетіліп, дастархан жайылды.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет