Сейсенбі, 04 Тамыз 2020 15:20

Біле жүріңіз

Құрметті оқырман, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі туралы хабардар болыңыз.

Тұрғын үй көмегі тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларға, мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж жандарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға беріледі.
Тұрғын үй көмегі - жекешелендірілген немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар, коммуналдық қызметтер және байланыс шығындары, әкімдік жеке тұрғын үй қорынан алынған үйдің жалдау төлемдері және электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны.

✔️Онлайн қызметті Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

✔️Қызметтің дайын болуын 8 жұмыс ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз. 

Ал бұл қызметті алу үшін:
✔️Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
✔️Іздеу жолы арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін табыңыз;
✔️Қызметті онлайн сұратыңыз;
✔️Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;
✔️Есеп-шотыңыз жайлы мәліметтерді растаңыз;
✔️Екінші қадамға өтіп, ЭЦҚ арқылы өтінішті растаңыз;
✔️Үшінші қадамда отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;
✔️Отбасыңыздың табысын растайтын құжаттардың, үйдің шығындарына қатысты есеп-шоттар мен түбіртектердің скан көшірмесін қоса жүктеңіз;
✔️Сұранымды растаңыз.

 

Сейсенбі, 04 Тамыз 2020 15:19

СOVID-19: Аудандағы ахуал қандай?

Аты жаман аурумен арпалыс жер-жерде жүріп жатыр. Мегаполистерге ғана емес, түкпірдегі ауылдарға да жеткен індеттің кімді болса да алаңдатып қойғаны шындық. Аудандағы жағдайдың қандай екені – халықтың жадында жүрген сауал. Ендеше, осы сұраққа жауап беріп көрелік. Еліміздегі ең үлкен аудандардың бірі – Еңбекшіқазақтағы жағдай қандай?

Бүгінде ауданда СOVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған 474 науқас тіркелген. Оның 115-інде аурудың белгілері болса, қалған 359-ы – симптомсыз. Науқастардың әлеуметтік құрамы әрқалай. Індетті жұқтырғандардың көп бөлігі – жұмыссыздар – 199 адам. Одан кейінгі орында зейнеткерлер тұр, 78 адам тіркелген екен. «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» 2020 жылғы 02 тамыздағы № 23 Қаулысында 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылған еді. Дегенмен, кәрі мен жасты да аямай алып кетіп жатқан бұл дертте адам жасынан бұрын, ағзаның иммунитеті көбірек рөл атқаратыны да соңғы күндері айтылып жатыр. Әрине, жас келген сайын адамның қауқары да кеми түседі. Біздің айтпағымыз – жастар да бейқам болмаса екен деген тілек. Осы орайда аудандағы жағдайдың мына дерегіне көз жүгіртсек. Ауруды жұқтырғандар арасында 19 мектеп оқушысы, 2 студент тағы бар. Өкінішке орай, індетпен бетпе-бет айқаста жүрген 38 медицина қызметкері де коронавирусты жұқтырған екен. Сонымен қатар 18 әскери қызметкер, өзге қызметтегі 32 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 34 жан аты жаман ауруға шалдыққан екен.

100 мың тұрғынға шаққанда ауруды жұқтыру деңгейі 170,4%-ті көрсетіп отыр. Ал коронавирус белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін ауданымызда 242 уақытша төсек орын қарастырылған. Бұл орындардың 62-сі Шелек өңірінде, қалған 180-і Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханада.

Ауданымыз бойынша 456 ауру ошағы анықталған. Барлығында эпидемияға қарсы дезинфекция шаралары жүргізілді. Онда болған 1773 адамның барлығы тексеруден өтіп, 152-сінде коронавирусқа тапсырылған тест оң нәтиже көрсеткен.

16 мамырдан бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы зертханада ПТР тәсілімен коронавирус инфекциясының бар-жоғына зерттеу жүргізіліп келеді. Тәулігіне 300-ге дейін зерттеулер жасалуда. 4 тамызға дейін барлығы 18 620 тест тапсырылған.

Аудан әкімінің «COVID-19-бен күресу туралы» бұйрығына сәйкес, науқастарға тиісті медициналық көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық бөлімдер мен ұйымдардың басшылары 10 қызметтік автокөлікті уақытша пайдалануға аурухана қолданысына берген.

Індетпен бетпе-бет айқаста жүрген медқызметкерлер мен олардың жақындарының арасында аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бар жағдайды жасап отыр. Бүгінде ақ халаттылар жұмыстан тыс уақытта демалуы үшін «Денсаулық» шипажайы, ROSA және GoldCity мейманханаларына орналастырылған.

Иә, екеуара түсіністік пен сенім болғанда ғана бұл дерттің дендеп кетуіне жол бермейміз.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирус инфекциясымен ауырып жазылғандарға 5 пайдалы кеңес айтты.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирусты инфекциямен ауырған адамдарға ұсынар кеңесі төмендегідей:

1. Күн сайынғы тыныс алу гимнастикасы. Дем алуды – дем шығаруды бақылау арқылы қарапайым жаттығу жасау. Оларды отырып та, төсекте жатып немесе шалқайып отырып та жасауға болады. Аурудан кейін организм әлі де күшеймегендіктен, жаттығуды шамадан тыс көп жасамаңыз, жүктемелерді біртіндеп арттырғаныңыз дұрыс. Тыныс алу гимнастикасы өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді және оны оттегімен қанықтырады.

2. Таза ауада күн сайын серуендеу. Жаяу жүру газ алмасуды жақсартады және коронавирус инфекциясынан соң және организмнің ұзақ уақыт әлсіреуінен кейін сізге өте қажет күш қуат береді.

3. Дұрыс тамақтану керек! Организмге ақуыз, майлар және көмірсу қажет. Көкөніс пен жеміс-жидек мол болатын жазда соларға көбірек мән беріңіз. Тәттілерден де бас тартпаңыз (тек белгілі бір көлемде) – олар көңіл-күйіңізді жақсартады.

4. 7-8 сағаттан кем болмайтын толыққанды ұйқы. Ұйықтардың алдында бөлмені міндетті түрде желдету керек және 2 – 3 сағат бұрын тамақтанған дұрыс. Бұл тез қалыпқа келуіңізге көмектеседі.

5. Стрестің және үрейдің алдын алу. Қазір барлығымыз – ауырғандар да, ауырмағандар да стресс жағдайындамыз. Аталған инфекцияның ерекшелігі гипоксия, оттегінің жетіспеуі. Бұл қорқыныштың және депрессияның алғышарты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда психологтен кеңес алуыңызға болады. Ол сізге алаңдамауға және сенімді болуға кеңес береді. Әлде жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты күшейтіңіз, табиғат аясына шығыңыз, Д витаминін арттыру үшін күнге күйіңіз, оң эмоция тезірек қалыпқа келуге көмектеседі.

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020 15:00

Жомарт жандар тартуы

 

Қазір коронавирус індеті бүкіл әлемді шарпып барады. Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер экономикасы қуатты, ғылым-білімі мен медицинасы жетілген болғанына қарамастан індеттің таралуын бақылауда ұстай алмай қалды. Әлбетте, көрінбейтін жаумен арпалысу – ешкімге де оңай соғып жатпағаны белгілі. Осы орайда Қазақстанда мемлекет коронавирусқа қарсы шаралар қабылдап жатқанын баса айту керек.

Көзге көрінбейтін індетпен күрес  әлем елдерінің басына ауыр сынақ әкелгені ақиқат.  Ал осынау майданның алғы шебінде ақ халатты абзал жандар тұр. Әрине, антына адал, сертіне берік нағыз бүгінгі күннің батырларына қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Себебі, өз өмірін таразы басына тігіп, елдің амандығын биік қойған дәрігерлер қауымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Дегенмен кез келген салада жақсы маман болумен бірге, техникалық базасы да алдыңғы қатарда болуы шарт. Еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына (ИВЛ) сұраныс артқан. Аталған аппараттың жетіспеушілігінен оны қолдан жасап пайдаланып жүргендерді де ғаламтордан көрген болатынбыз.

Осындай қиын сәттерде халықтың бірлігі мен берекесі қаншалық маңызды екені аңға-рылды. Яғни, қарапайым азаматтар қаражат жинап аппараттарды өздері сатып ала бастаған. Сонымен бірге, қайырымды азаматтардың да көмегі арқасында ауруханаларға аппараттар тарту етілді. Осындай игі бастамалар Шелек өңірінде де өз жалғасын тапты.

Шелек ауылындағы аудандық орталық ауруханасына бүгінде 12 өкпені жасанды желдету аппараты тарту етілді. Оның біреуін «DAULETTEN Қайырымдылық қоры» ұсынса, жетеуі «Шұғыла» қоры атынан сыйға берілген. Одан бөлек, Е.Сұлтанғазиев екі данасын, ал Қ.Амиров пен Б.Нұрбеков бір данадан тарту еткен.

Бүгінде Шелек аудандық орталық ауруханасына көптеген адамдар коронавирус індетімен түсіп, олар түгелге жуық жазылып шықты. Бұл да аурухана дәрігерлерінің біліктілігі мен қабілеттерінің деңгейін анық көрсетеді. Ал қайырымды азаматтардың көмегімен тарту етілген өкпені жасанды желдету аппараттары болса аурухана қызметкерлерінің жұмысына серпін беріп, қаншама науқастың өміріне араша болары хақ. Ең бастысы, халқымыздың басына қиындық түскенде елім дейтін жомарт жандардың төбе көрсетуі бәрімізді қуантады.

Н.ТІЛЕУҚАБЫЛ

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020 14:35

6 оттегі концентраты табысталды

 Тосыннан келген індет біздің елімізді ғана емес, көш басындағы алпауыттарды да есеңгіретіп жіберді. Жайбарақат тіршілікті абыр-сабыр етіп, медицина саласын сынға салды. Осындай сәтте мойымаған ақ халаттылар өздерінің кәсібилігін көрсетіп, қаншама адамды ажалдан арашалап қалды. Еріктілер жылында оларға еріктілер қосылып, өмірлік маңызы бар істердің басын қайырды.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ауруханаларда жасанды тыныс алу (ИВЛ) аппараттары мен оттегі концентраттары жетіспеушілігі айтылып келеді. Осындай олқылықтың орнын толтырғысы келген ауданымыздың ерікті жастары аудан әкімдігінің бастамасымен тұрғындарға үндеу жасап, небәрі бір жарым күннің ішінде 700 мың теңге қаражат жинаған. Тез арада түскен қаржыға оттегі концентраттарына тапсырыс беріп, өткен аптаның аяғында аппараттар аудандық ауруханаға тапсырылды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Айбек Ілебаев та арнайы барып, сын сағатта ерен ерліктерімен көзге түсіп, игі істердің ұйытқысы болып жүрген ерікті жастарға ризашылығын білдірді.

– Бүгінгі жастардың жасап жатқан жақсылықтары медицина саласының қызметкерлері мен індеттен зардап шегіп жатқан науқастарға жасаған үлкен сый болды. Сендердің арқаларыңда қаншама адамның өмірі аман қалады, қаншама науқасқа үміт отын сыйладыңдар. Мұның өзі – батырлық. Қиын-қыстау күнде елінің қамын жеген жастардан іргетасымыз қаланса, болашағымыз жарқын болмақ – деді Қуат Байғоджаев.

Бұдан бөлек, еріктілер аурухана маңында кезекшілік ұйымдастырып, медицина қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Кіреберісте адамдардың дене қызуын тексеру, жол көрсету, науқастарға берілген азық-түлікті жеткізу сынды жұмыстармен айналысады.

Ерікті жастар жеткізген 6 оттегі концентраты бірден іске қосылады. Осы айдың аяғында тағы 8 оттегі концентраты жеткізіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Гүлмира Отынбекованың айтуынша, қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Соңғы 2 күнде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар мүлдем тіркелмеген.

 

С.НҰРАДИН

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлердің санын мәлімдеді.

«Елімізде коронавирус инфекциясы расталған медицина қызметкрелерінің саны 8 518 адамды құрайды. Бүгінгі күні дәрігерлердің арасында өкпе қабынуымен ауырғандар туралы мәлімет жоқ», – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол коронавируспен күресте өкпе қабынуына шалдыққан дәрігерлерге бір реттік әлеуметтік төлем берілуі мүмкін екендігін де айтты.

«Егер коронавирустық өкпе қабынуымен күрес барысында ауырып қалған медицина қызметкерлері төлемге өтінім беретін болса, онда біз оларға қолдау көрсетеміз. Аталған медициналық құжаттар жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберілетін болады», – деді Ажар Ғиният.

 

Шаң басып, келмеске кеткен тарих беттерінде небір аласапыран замандар болды. Әлем жұртшылығының басынан небір зұлматты жылдар өткен десек қателеспейміз. Оның кейбірін қауымдар, халықтар мен мемлекеттер бір-бірімен соғысып қолдан жасаған болса, енді біразы адам баласының еркінен тыс табиғи апаттар мен індеттер түрінде орын алды. Әр ғасырда айналып келіп отырған обаның адамзатқа қандай қайғы-қасірет әкелгеніне қарт тарих куә. Бірақ адамзат өркениеті соның бәрінен аман-есен өтті.

Қазақ халқы да өз тарихында талай рет басынан аса ауыр қасіретке толы алапат, аласапыран қиын-қыстау кезеңдердің куәсі болды. Расында да, «мың өліп-мың тірілген» халқымыз талай нәубетті бастан кешіп, осы күнге аман-есен жетті. 

Бұл тұрғыдан қай жағынан қарасақ та, адамзатты апаттардан алып өткен – оның бойындағы күрескерлік рух пен сабыр-төзім, ақыл-парасат пен ғылым-білім, ынтымақ-бірлік пен тәртіп дейтін құндылықтар.

Бүгінде коронавирус инфекциясымен күрес бүкіл әлемде көзге көрінбейтін дұшпанмен арпалысқан қан майданға айналды. Өмір мен өлім таразыға түскен сол майданның алғы шебінде ақ халатты абзал жандар жүр. Әрине, науқастың өмірін сақтау үшін өз денсаулығын қатерге тігіп, күні-түні тынбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен медбикелердің, басқа да медицина қызметкерлерінің қаһармандығы ешбір цифрмен, ешбір соммамен өлшеуге келмейді. Олар – бүгінгі күннің нағыз батырлары.

Тұтас халықтың алғысына бөленген ақ халаттылар еңбегінің ешбір өлшемі жоқ, десе де оларға ризашылығымызды білдіру – парыз. Осы орайда аудандық мәслихат аппараты 22 шілде күні Шелек ауылындағы аурухана басшылығы мен инфекция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат пен арнайы сыйлықтарын табыстап қайтқан болатын.

Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штаттық режімде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың стационарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Сақтықта қорлық жоқ

Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер экономикасы қуатты, ғылым-білімі мен медицинасы жетілген болғанына қарамастан індеттің таралуын бақылауда ұстай алмай жатыр. Бұл өз кезегінде елімізде де біраз шектеулерге әкелді.

Қазіргі кезде эпидемиялық жағдайды реттеу үшін облыс, аудан әкімдігі шұғыл, батыл қадамдарға барып, маңызды әрі қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша COVID-19 індетімен Еңбекшіқазақ ауданында, жалпы, 427 адам тіркелген. Иә, бұл – қауіпті ауру,  оны емдейтін вакцина әлі жасалған жоқ. Бірақ оны қауіпті екен деп байбалам салып, үрейге бой алдырмау керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл сын-қатерге бірлесе қарсы тұрып, одан аман-есен абыроймен өтеміз деп сенемін.

«Жұт жеті ағайынды» дейді дана халқымыз. Бір жағынан пандемия алқымнан алып жатса, екінші жағынан экономикалық дағдарыс елімізге қосымша ауыртпалықтар әкелді.

Сол айтқандай, елімізде карантиндік режим бекітілгендіктен көптеген азамат табысынан айырылып, қиын жағдайға тап болғаны жасырын емес. Осы күрделі кезеңде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларға қол ұшын беру – мемлекеттің тікелей міндеті. Қазақстанның бұл уақытша қиындықтарды жеңіп шығатын қаржылай қоры да, халқының бойында күш-жігері де бар. Бұл бағытта «үкімет не береді?» деп  емес, «біз азаматтарға қандай көмек бере аламыз?» деген Еңбекшіқазақ ауданының белсенді азаматтары, кәсіпкерлер аудан әкімдігімен бірлесіп еңбек етіп, өздерінің үлестерін қосып, мүмкіндігінше түрлі көмек түрлерін көрсетуде. Әрі бастамалары ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Ұлтымыздың қанында бар қайырымдылықты берік ұстанған ізгі ниетті азаматтар індетпен күрес шарасына білек сыбана кірісіп кетті. Әрине, қай бағытта жұмыс атқарсақ та, әрбір істелген сауапты іс пен жүйелі жұмыс елдің игілігі мен жастардың жақсылығына істелген еңбек деп білемін.

Сол атымтай жомарт бір шоғырдың ішінде аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мүшелері, жастар ресурстық орталығының бастамасымен құрылған «Жақсылықта жарысайық», «Иманды жастар» еріктілер тобы, белсенді кәсіпкерлеріміз бар.

Аудандық пробация ұжымы, аудандық жастар орталығы және ауданымыздың ерікті жастарының бірлесе ұйымдастыруымен көпбалалы, жалғызбасты және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қажетті азық-түлікпен және медициналық маскалармен қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық жұмыстарын жүргізді. Жалпы, бүгінгі күнде ТЖ кезінде ауданымыздағы 883 отбасына жалпы сомасы 14 000 000 теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Қайырлы іс жалғасын табады. Аталмыш жұмыстардың барлығында ауданымыздың белсенді және ерікті жастарының ерен еңбегі жатыр деп білеміз. Қазіргі таңда ауданымызда 300-ге жуық ерікті бар.

Ауданымыз көлемі мен халқының тығыздығы жағынан үлкен аудандардың бірі екендігі баршамызға мәлім. Алайда,  қазіргі үлкен проблеманың бірі – тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осынау аппаратты ауруханаға алып беру және жеткізу жұмыстары бірден қолға алынып, аудан жастары болып қор ашылып, қорға жиналған қаражатқа Қытай еліне алты аппаратқа тапсырыс берілді. Аппараттар аудандық ауруханаға ағымдағы жылдың 24 шілде күні табыс етілді.

Бұдан бөлек, вирустық індет пен күресте ақ халаттыларға, емделушілерге күш-қуат қажет. Ал қазақтың ұлттық сусындары ағзаға керек дәруменге толы. Сондықтан да аудан әкімдігінің ұсынысымен мың бір дертке шипалы қымыз бен саумалды ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары ауруханаларға тегін жеткізіп беріп отыр.

Біраз бұрын дәрі-дәрмек іздеп түңілген, дәріхана жағалап дәрменсіз күй кешкен жұрттың жанайқайы қатты шыққаны белгілі. Қайта сол сыннан нәтиже шығару үшін аудандағы дәрі-дәрмек қорын жасақтау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіп, қасқалдақтың қанындай болған аса қажетті дәрілердің дәріхана сөрелерінен табылуы үшін шаралар қабылданып, қатаң бақылауға  алынуда.

Әрине, әр кезеңде ел ішінде топалаңда тоқаш ұрлайтындар табылып жатады. Міне, сондай ел басына күн туып, адам шығыны болып жатқан тұста да құлқынның құлы болғандар арамызда әлі жүр.

Жергілікті билік тарапынан қаншама тексеру жұмыстары жүргізілсе де, қулығын асырып, дәрі-дәрмекті заңсыз сақтап, сатқан іс-әрекеттер мен карантиндік режимді бұзып тығылып той жасағандардың іс-әрекеті тыйылмауда. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде.

Бүгінгі таңда  баршамыз үшін қойылатын негізгі үш талап бар. Біріншіден, жан-жақты ойластырылған, ақылға қонымды әрі рационалды шешімдерді дер кезінде қабылдай білу. Екіншіден, сол шешімдерді жүзеге асыру барысында жедел әрекет ету, яғни, мобилділік. Үшіншісі, халық пен билік арасындағы тиімді кері байланыс орнату. Бұл талаптар былайғы жаймашуақ кезде де маңызды. Ал қазіргідей аласапыран жағдайда тіптен маңыздылығы арта түспек.

Бұл – біздің жалғыз мүмкіндігіміз. Екіншісі болмайды. Егер қазір пандемияның таралуын тежей алмасақ, бірнеше айдан кейін, яғни күн суытып, ауа райы адамдарды жабық орындарда уақыт өткізуге мәжбүрлейтін кезеңде, тіпті қиын жағдайға тап келуіміз мүмкін.

Шетелдік ақпарат құралдары күз айларында пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деп хабарлауда. Әлем елдерінде коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар тіркелуде. Мұндай деректерді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі де жоққа шығармайды. Демек, бұл жолы да коронавирус пандемиясын сөзімнің басында айтып кеткен құндылықтарға арқа сүйеу арқылы ғана жеңе аламыз.

Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса – ер болар, бірлікті болса – ел болар» деген сөзі бар. Халқымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік міндет, бағымыздың жанбағы барымызды бағалай білуімізге байланысты. Дана халқымыз айтпақшы, бұл – «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез.                               

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық

мәслихат хатшысы

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. А.Чарапиевтің «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» 2020 жылғы 02 тамыздағы № 23 Қаулысы (жалғасы).

Жұма, 31 Шілде 2020 11:12

Жас түлекке жаңа жол

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті құрылды.

Осы оқу жылында біздің университетке «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» және «Туризм» мамандықтары бойынша 700 грант берілді.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

* Халықаралық деңгейдегі Университет;

* жоғары білікті оқытушылар;

* халықаралық үлгідегі диплом;

* қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту;

* тілдік оқыту орталығы;

* практикаға бағытталған оқыту, әлемнің шетелдік тағылымдамасы;

* қызықты студенттік өмір (дебаттар, халықаралық студенттік конференциялар, спорттық секциялар));

* 30 мың теңге мөлшеріндегі Стипендия

ҰБТ-ға түсу үшін бейіндік пәндер: “География” және “Шет тілі”болуы тиіс.

ҰБТ тапсыру кезінде әр пән бойынша орташа қорытынды баға 5 балдан төмен болмауы тиіс, ал жалпы балл 50 балдан төмен болмауы тиіс.

Грантқа құжаттарды 20 шілдеден 19 тамызға дейін тапсыруға болады.

Онлайн режимінде құжаттарды тапсыру үшін қажетті құжаттарды поштаға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қажетті құжаттар:

1. Ректор атына өтініш;

2. Орта, орта-арнайы білімді растайтын құжат (түпнұсқа);

3. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

4. Фото 3*4 – 6 дана;

5. Бал. Анықтама 086-У;

6. ҰБТ сертификаты;

7. Скоросшиватель және конверт

Анықтама телефондары:+7 (707) 317-43-56, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192-66-91.

Біздің мекенжайымыз: 161200, Түркістан қаласы, Байбурт көшесі, 5 (Амфитеатр), Қабылдау комиссиясы.

 

*****

Уважаемые абитуриенты!

По постановлению Правительства РК был создан Международный университет туризма и гостеприимства.

В этом учебном году, нашему университету было предоставлено 700 грантов по  специальностям Ресторанный и гостиничный бизнес и Туризм.

ПРЕИМУЩЕСТВА УНИВЕРСИТЕТА:

* Университет международного уровня;

* высококвалифицированные преподаватели;

* диплом международного образца;

* обучение на казахском, русском и английском языках;

* центр языкового обучения;

* практикоориентированное обучение, зарубежная стажировка мира;

* интересная студенческая жизнь (дебаты, международные студенческие конференции, спортивные секции);

* Стипендия в размере 30 тысяч тенге

Для поступления, профильными предметами на ЕНТ должны быть: «География» и «Иностранный язык». 

В среднем по каждому предмету при сдаче ЕНТ итоговая оценка не должна быть ниже 5 баллов, а общий балл должен быть не ниже 50.

Документы на грант можно сдать с 20 июля по 19 августа.

Для сдачи документов в режиме он-лайн, необходимо отправить требуемые документы на почту: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Необходимые документы:

  1. Заявление на имя ректора;
  2. Документ (оригинал) подтверждающий среднее, средне-специальное образование;
  3. Документ удостоверяющий личность (копия);
  4. Фото 3*4 – 6 штук;
  5. Мед. Справка 086-У;
  6. Сертификат ЕНТ;
  7. Скоросшиватель и конверт

Телефоны для справок:

+7 (707) 317-43-56, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192-66-91.

Наш адрес: 161200, г. Туркестан, ул. Байбурт, 5 (Амфитеатр), приёмная комиссия

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады" деп хабарлайды Ақорда.

 

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.

Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет