Бейсенбі, 18 Қараша 2021 12:51

Қанатың кеңге жайылсын, қазақ үйі

Еңсесі  биік боз орда,

Еңкейе кірер күн қайда?!

Атақты Доспанбет жыраудың осы отты жыры көшпенділердің  дүние танымын көз алдыңызға әкеледі. Қазақ тарихындағы ең бірінші сәулетті құрылыс – киіз үй болған. Ешқандай шегесіз, тез құрылып-жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үй ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұралар тізіміне де енген  болатын. Кеңес өкіметі кезінен бері таңсық дүниеге айналған қазақтың киіз үйі қайта сұранысқа ие бола бастады. Тіпті еліміздегі ресми кездесудің символына да айналды.

Рахат округі Қайназар  ауылының тұрғыны Сенбі Найманбай 2003 жылдан бері киіз үй жасайды. Созақ өңірінің тумасы Сенбі ағамыз бала жасынан көшпелі өмірді көріп өсіпті. Оның үстіне, шебердің түбегейлі осы салаға бет бұруына ағасы, танымал суретші-дизайнер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, профессор, ұлттық дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі  марқұм  Аманжол Найманбай мұрындық  болыпты. – Марқұм Аманжол ағамыз   2002 жылы Францияға «Қазақ ауылы» деген атпен 10 киіз үй алып барады. Олар 8 қанатты, 10 қанатты, 12 қанатты киіз үйлер болатын. 2004 жылы Астанаға «Ақ орда» тігіп, алып барады. Елбасының тапсырмасы бойынша Мәскеуге В.Путинге Ресейдегі Қазақстан жылдарына байланысты жеті қанатты 2 киіз үй алып барды. Оның  барлығы қазақ өнері ретінде  аса жоғары  бағаланды. Бүгін біз сол ағадан қалған сара жолды жалғап келеміз, – дейді  Сенбі Найманбай.

Шебердің сөзінше, оларға  12 және 16 қанатты үйлерге тапсырыс көп түседі екен. Шебер киіз үйге  қажетті  ағаштарды алғашында Іле мен Сыр бойындағы өңірлерден алдырса, қазір Өзбекстандағы шеберлерге  арнайы тапсырыс береді екен. Ал киізді бастапқыда Жамбыл облысы Қордай ауданынан тапсырыспен алдырса, кейін Қытай мен Қырғызстаннан сатып алыпты. Ал бүгінде  Шымкенттегі киіз өнімдерін өндіретін фабрикадан сатып алады екен.

Сенбі ағамыз өзі жасаған киіз үйлерді жалға береді. – Жалға алушылар қатары наурыз мерекесінде молаяды. Жаз айында әртүрлі жарыстарға тігеміз. Алматы облысына қарағанда Ақмола, Солтүстік Қазақстаннан сұраныс көп. Ресми кездесулерге деп жиі тапсырыс береді. Кейде айдалада өтетін кездесулер болады. Сонымен қоса әйгілі тұлғалардың  мерейтойына да үй апарып тігеміз. Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына  үйлер апарып тіктік, – дейді.

Табиғат пен көшпенді өмірдің  ғажап үйлесіміне негізделген қазақ киіз үйінің тұнып тұрған ғылым екені аян. Ал киіз үй қазақ үшін тек баспана ғана емес, тұтас өмір философиясының оқулығы іспетті болған. Киіз үйдің босағасын аттаған адам есіктен еңкейіп кіреді. Ол оның шаңыраққа деген ізеті саналады. Ал шаңырақ қазақ үшін күллі тіршіліктің күнбезі іспетті. Өмірге келген сәби көзін ашқанда шаңырақтан көк аспанды көретін болған. Сонымен қоса киіз үй санитарлық тазалықты сақтауға да мол мүкіндік береді. Жалпы киіз үйдің өзі ғана емес, оның жеке элементтері де қазақ үшін маңызды рөл атқарған. Бүгінде қазақ киіз үйлеріне шетелдіктер қызығушылық танытып отыр. Сенбі ағамыз Украинада құрылған этноауылға 30 шақты үй жасағанын  айтады. – Қазір ауданымызда туризмді дамыту қажет екені айтылады. Сол бағытта игі істер атқарылып жатса, аудан көлемінде этноауыл жасау керек деп ойлаймын. Түркістан дағы этноауылға біз дайындаған үйлер тігілді. Ол шетелдік туристер тарабынан жақсы бағаланып жатыр. Мен этноауылдың нақты жобасын жасап, аудандық сәулет және архитектура  бөліміне  тапсырдым. Оның нақты іске асуы алдағы уақыттың еншісінде, – дейді Сенбі Найманбай. Біз де ұлт өркениетін өн-бойына жиған қазақ үйінің қанаты кеңге жайыла берсін дегіміз келеді.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1069 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет