Жұма, 01 Сәуір 2022 09:54

Дін мен ғылым — егіз ұғым

Қазақ халқының ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен Ислам діні екені белгілі. Қасиетті рамазан айының қарсаңында ислам діні қазақ халқына қандай үлес қосты және қазақ халқының ислам дініне бергені жөнінде ҚМДБ негізін қалаушы, тұңғыш төрағасы, тәуелсіз еліміздің ата дініне қайта оралуына өлшеусіз үлес қосқан хазірет Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫМЕН өткізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Ассалаумағалейкүм Рәтбек аға, сізге қояр алғашқы сауалымыз, Кеңес одағы кезінде дінге деген көзқарастың жақсы болмағаны анық. Сол сәттерде тәуелсіздігін алмаған елдің діни дербестікке қол жеткізу, діни басқарманы ашу идеясы қалай басталды?

– Биссимилахир рахмани рахим, ол уақытты бәріңіз біліп отырсыздар. Қазақ халқына діни басқарманы әкелу 1990 жылдың 12 қаңтарында жүзеге асты, жұма күні ҚМДБ және Орта Азия діни басқармасынан тікелей бөлініп алынды. Бұған себеп әуелі Алла, екінші мен, үшіншіден Кремль дер едім. Менің Қазақстанға діни басқарманы әкелген уақытымда Кремльді Горбачев, Қазақстанды Колбин басқаратын. Бұл екі кісінің қазақ халқына деген көзқарасының қандай болғаны мәлім. Сондай жанып тұрған жалынның ішінен Қазақстанға діни басқарманы әкелу оңай болған жоқ. Бұл жерде Кремль менің еңбегімді бағалағанына мен әлі күнге дейін ризамын.

Мен 1975 жылы Ливия университетінің «Шариғат және халықаралық заң» факультетін араб және ағылшын тілінде докторлық деңгейде оқып келдім. Отанға келгенде еліміз бойынша 25-ақ мешіт бар еді. Мешіті жоқ облыстар да бар болатын. Осыдан ақ діннің жағдайы мүшкіл болға-нын аңғарамыз. Сол жылдардағы қажырлы еңбегіміздің нәтижесінде мешіттер көбейіп, мұсылмандығымыз күшейді.

– Шәкірттеріңіз жайлы айтып өтсеңіз.

– Дінге қызмет еткелі мыңға жуық шәкірт тәрбиелеппін. 300 азаматты іріктеп, Египет, Түркия, Пәкістән мемлекеттеріне арнайы білім алуға жіберген едім. 600 жігітке Қазақстанда оқуға мүмкіндік жасадық. Қазіргі таңда Қазақстанды айтпағанда Моңғолияның мүфтиі, Алтай аймағының өкіл басшысы, Омскінің өкіл имамы - менің шәкірттерім. Еңбегімнің жемісі сол деп білемін. Мен шәкірттеріме ризамын, олармен мақтанамын, Алла тек жақсылығын арнасын.

– Тарихқа жүгінсек ислам дінінің алғашқы құран аяты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 611 жылы түскені аян. VII-VIII ғасырда қазақ жеріне ислам діні тарала бастады. Осы кезең қалай қалыптасты, қалай таралды және ислам діні қазақ халқына не берді?

– Ислам дінінің қазақ жеріне қай уақытта келгені жөнінде сан түрлі пікір бар. Негізінде біздің жерімізге ең бірінші 670 жылдары Укаша Исада деген адам келген, қабірі Түркістан өңірінде. Әскерінің саны аз болғандықтан жеңіліп қаза табады. Одан кейін Құтайбати ибн Муслим Самарқанды басып алған соң 10 күнде Түркістанға келеді. 3 жылда Қытайға жетті, яғни 718 жылы. 760-770 жылдар аралығында Ибраһим Бахили келіп, қазіргі Жамбыл облысын мекен еткен халықтардың барлығын ислам дініне кіргізеді.

ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың басында Қарахандар келді. Олар шығыс Түркістаннан Қара теңізге дейінгі түркі халықтарына ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Сол замандардан бері Ислам діні қазақ халқының ажырамас бөлігі болып келеді.

Қазақ халқы Ислам әлеміне Арыстан Баб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби, Бируни, Ақсақ Темір сынды небір алып, ұлы тұлғаларды сыйлады. Бейбарыс бабамыздың өзі Мысырдағы мұсылман әлемін сақтап қалған ерен тұлға екені дүниеге белгілі. Демек біздің халқымыз арабтардан келген дінді қабылдап қана қоймай, оның әлемге мәшһүр болуына өлшеусіз үлес қосты.

– Хазірет, бір сұхбатыңызда айтқан едіңіз, араб елдерінің бірінде үлкен халықаралық конференцияда осы тақырыпта  баяндама жасадым деп. Сол кезде мұсылман елдерінің басшылары бар, бүкіл сарапшылары бар қазіргі айтқан танымдық сұхбатыңызда да бабаларымыздың батырылғын, ғылымға, білімге, мәдениетке қосқан үлестерін естіп-білдік. Енді, мына ғарыш саласының өзінде мұсылман әлемінде тұңғыш болып қасиетті кітабіміз – Құранды ғарышқа алып шыққан қазақ халқы ғана екен. Осы жөнінде қысқаша айтып өтсеңіз?

– Бұл конференция болардан сегіз ай бұрын маған «Негізгі төрт баяндамашының бірі боласыз, қазірден бастап баяндамаңызды жібере беріңіз» деген хат келді. Египеттің Александрия қаласында өтетін бұл халықаралық конференцияға «Ислам қазаққа не берді, қазақ исламға қандай үлес қосты?» деген тақырыпта баяндама жаздым. Жазғанда қазақ даласынан адамзат ғылымы мен өркениетіне үздік үлес қосқан Әл-Фараби сынды бабаларымыздың шыққандығын айттым. Ол 122 мемлекеттің дін министрлері, муфтилер мен әлемдік ғалымдар қатысқан өте жоғары деңгейдегі конференция болатын. Сонда мен жаңағылардың бәрін айтып сөйлегенде, олар: «Аллаху Акбар!», «Аллаху Акбар!» - деп шуылдады. Бұл конференция Абай бабамыздың 150 жылдығына тұспа-тұс келді. Сондықтан ғұлама Абайдың 150 жылдық мерейтойына бара алмай, сол конференцияға кеттім. Жасаған баяндама өте жоғары бағаланды. Сонда бір мүфти: «Хазірет, тағы бір Александрияның қамалын салдырған Қайтпай деген бабаңыз қалып кетті. Қазір музейден суретін алып беремін», – деді. Сол конференция аяқталған соң әлгі мүфти Қайтпай бабамыздың суретін маған сыйлады. Ол сурет менде әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Міне, солай өздері мойындап таң қалды. Қазақ халқы бұрын сондай болса, қазір қандай деп отырған боларсыздар. Біз діни ілімді де, дүниетанымдық ілімді де тең дамытқан халық екенімізді айттым. Мұсылман әлемінде ең көп халық – арабтар, онан кейін – түріктер. Бірақ оларда бірде-бір ғарышкер жоқ екендігін жеткіздім. Ал аз ғана қазақ ішінен екі ғарышкердің шыққандығын, соның бірі Талғат Мұсабаевтың қасиетті кітабіміз – Құранды түскен жеріне жеткізбесе де, ғарышқа алып ұшқандығын айттым. Олар тағы да: «Аллаху Акбар!» – деп шулады. Міне, солай әлемді талай таңғалдырған сәттеріміз болды. 1985 жылы Алжирде өткен халықаралық конференцияға қатыстым. Аталған коференцияға 118  мемлекеттің дін министрлері, мүфтилер мен әлемдік ғалымдар қатысты. Басында біздің жазғанымызды қабылдамады. Өйткені «Қазіргі заманда мұсылмандар қалай өмір сүріп жатыр?», «Мұсылман жастарының болашағы қандай?» деген екі тақырыпты негізге алу керек болды. Кейін екі күн тыңдап, үшінші күні қайта баяндама жазып, өзіммен бірге оқыған Марокко ғылымдар академиясының президентіне грамматикалық құрылымын қаратып, арнайы комиссияға тапсырдым. Сөйтіп, сол конференцияда баяндама жасау мүмкіндігіне ие болдым. Сонымен «Дін мен ілім – егіз» тақырыбында баяндама жасадым. Сол тұста коммунистік елден  барған біз үшін мұндай сөз айту оңай ма? Әрине, әуелі ислам діні оқуға, білім мен ілімге басатайды.  Бірден сен намаз оқы демейді, алдымен өзіңді келтіріп ал дейді. Біздің ислам ғалымдары дүниені тітіреткен кезде өзгелердің ұйықтап жатқандығын айттым. Мысалы, математиканы жазған Әл-Хорезми – мұсылман, астрономияны жазған Ұлықбек – мұсылман. Сол үшін қазір исламға күмән келтіру – қателік. Ислам діні өмірде ерінбей еңбек етуге шақырады. Ол туралы қасиетті Құранда: «Сен тек еңбек етумен жетілесің», – деп айтылады. Сонымен бірге арабтарда «Аспаннан саған алтын да, күміс те жаумайды. Еңбек етіп күніңді көр» деген сөз бар. Сондықтан біздің жастармыздың артта қалуы мүмкін емес, алайда тоқырау кезеңінде тұрмыз. Бірақ сол тоқыраудан шығып, қайтадан гүлденуге қадам басатынымызды айттым. Баяндамам аяқталған соң дін министрі оң жағымнан, Алжир университетінің ректоры сол жағымнан қолтықтап сахнадан түсірді. Жиналысқа қатысқандар тағы да: «Аллаху Акбар!», «Аллаху Акбар!» – деп қошемет көрсетті. Содан кейінгі әлемдік жиналыстардың бәрінде олар менен бұрын орындарына отырмайтын болды. 80-нен астам мемлекетке ресми шақыртумен бардым. Шетелде өткен конференциялар, арнайы кездесулерде лекция оқыдым. 30-дан астам мемлекеттің патшасы арнайы қабылдады. Азия мен Еуропаның көптеген елінде арнайы шақыртумен қызмет сапарында болдым. Құдайға шүкір, қазақ халқының ілімге берілген халық екенді-гінде ешқандай күмәнім жоқ.

– Бүгінде бірі білсе, бірі білмейтін, көп қозғала бермейтін тақырыптардың бірі ислам әлеміне қазақ халқының қосқан үлесі. Бүгінде осы игі дәстүрді қайта жаңғырту мен оны жастар арасында қайталаудың алғышарттары қандай деп ойлайсыз?

– Мұның алғышарты қазақ жастары дін мен ғылымды қатар алып жүруі қажет. Әрине, намазды дұрыс оқып үйренгеннен кейін, өзге ғылымның жолын оқып кете беруге де болады. Дегенмен қай саланың маманы болсақ та, дін мен руханияттан ұзақтамауымыз қажет. Біз иманды болсақ, ешкімге ақымызды бермейміз, ешкімге алданбаймыз, әлемге әйгілі елге айналуға ешқандай күмәнім жоқ. Біз қазіргі жас ұрпақтың материалистік, атеисттік бағытына  басымдық беріп, идеологиялық жағына мән бермей келеміз. Біз барлығына бірдей қарауымыз, барлығын бірдей түсіндіруіміз қажет. Сол себепті дін мен білімді құстың қос қанатындай көру керек. Мәселен, қазір ислам діні жайлы жағымсыз ақпараттар жетерлік. Ол – дұрыс емес. Ал шындығында ислам діні тарихтан бері біреуге жамандық жасаған емес. Ислам сондай әділетті дін болған. Ал қазір табиғаттың заңдылығына қарсы жұмыс істеп жатқан күштер бар. Сондықтан біз еліміздегі жастарды жақсы жолмен тәрбиелеуге міндеттіміз. Жас ұрпақ өзіміздің ділімізді, тілімізді, еліміз бен жерімізді қорғайтын болуы керек. Қалай десек те отансүйгіштіктің түп тамыры да сол ілім мен білімде, руханиятта жатыр.

– Студиямызға келіп, осындай керемет танымдық әңгімеңізбен бөліскеніңізге алғыс білдіреміз. Қазақ  еліне, қазақ жеріне ақ  бата берсеңіз...

– Біздің еліміз, ата-бабамыз ақ пейіл, ақ сүтпен өскен халық, жүрегіміз де ақ, көңіліміз де ақ халықпыз. Сондықтан сол ақтыққа барып,  әлемді сол ақпен жақ-сылайтын елге айналайық!

– Әумин! Рахмет, хазірет!

Тілдескен: Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ.

Жетісу телеарнасының «Бүгінгі дін» бағдарламасынан ықшамдалып алынды.

Оқылды 3391 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2024

Тәуелсіздікке талпынған Тезек төре

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ТҮГЕНДЕП, АРХИВТЕРДІ АҚТАРЫП, ТЫҢ…
Қаз 31, 2024

Ауылына қарап, азаматын таны

Адам баласы өмірге келгенде алғаш болып мейірімділікті сезері хақ. Жөргекте жатқан…
Қаз 31, 2024

Құқық бұзушылыққа кім кінәлі?

Қоғамымызда жасөспірімдер мен балалар арасында құқықұзушылық пен тәртіп бұзушылық жиі…
Қаз 31, 2024

«Желаяқтар» марафоны

Республика күні қарсаңында Қырбалтабай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен…
Қаз 31, 2024

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет…
Қаз 31, 2024

Мектептегі мерейлі мереке

Республика күні қарсаңында Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Қазақстан – туған елім, ұлы…
Қаз 31, 2024

Девушка с корзиной «ожила»

Пожалуй, единственное сохранившееся творение рук скульптора советских времен – девушка с…
Қаз 31, 2024

Он жил для людей, и они его помнят

Марупа Якуповича Касимова, уроженца с. Ташкенсаз, с большим сердечным теплом вспоминают…
Қаз 31, 2024

Абырой – адал қызметте

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – әлеуметтік қорғау жүйесі…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет