Сәрсенбі, 20 Шілде 2022 15:36

Еңбегі бардың өнбегі бар

Қазіргі кезде республикамыз бойынша барлық өңірде жылыжай шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келе жатқаны белгілі. Бұрындары ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету проблемасы көрші елдерден тасымалдау арқылы шешіліп жүрсе, енді өзгеге жалтақтамай, қолдан келетін іске өзіміз ақ білек түріп кірісе бастадық.


Соңғы жылдары ауданымыздың көлемінде де жылыжай шаруашылығына ден қойған кәсіпкерлердің қатары молайып келеді. Алматы мен аудан тұрғындарын арзан әрі сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуді басты мақсатына айналдырған Жаңашар ауылдық округіндегі кәсіпкер Мақұлбек Сайдоллаұлы көлемі 10 сотық болатын өзінің алғашқы жылыжайын 2018 жылы ашқан. Қазірге дейін алаңды жарты гектарға дейін ұлғайтты. Сонымен қоса, бүгінде жылына жылыжайдан 50 тоннаға жуық өнім алады екен. Шаруашылық иесі ең әуелі «Қазақстан фермерлер» қауымдастығының Еуропа елдерімен бірлескен бағдарлама аясында арнайы оқыту курсынан өтіпті. Курс барысында арнайы кәсіби мамандардан сабақ алып, жылыжай шаруашылығымен айналысудың қыр-сырын меңгеріпті. Сонымен қоса, «Қазақстан фермерлер» қауымдастығы бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерге жылыжайға қажетті техникаларды тегін беріпті.


– Арнайы кәсіби оқу курсынан өткен соң, тәуекелге бел буып, баспанамды сатып, өзіме тиесілі жер теліміне
жылыжай сала бастадым. Әрине, алғашқыда қиындықтар кездесті. Жер теліміне су мен жарық жеткізе алмай әуре болдым. Қазір жылыжайды жерасты суы арқылы тамшылатып суарамын. Ал жарықты көрші кәсіпкерлермен келісімшарт жасап пайдаланып отырмын. Қазір мұнда жеті жылыжай бар. Онда негізінен қызанақ пен қызылбұрыш өсіріледі. Өнімдердің басым бөлігі Алматыға сатылады. Қазір шығыс пен солтүстік өңірлерден тапсырыстар бар. Бүгінде үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Ал өнім жиналатын кезде онға жуық адам жұмысқа тартылады. «Еңбегі бардың өнбегі бар» демекші, міне, осылай алға жылжып келеміз, – дейді кәсіпкер.


Шаруа қожалық иесінің сөзінше, қарапайым жылыжай кешендері әр өңірде болуы керек. Олардың көптігі бәсекелестікке жол ашады. Сонда ғана халықтың өздерінде өскен экологиялық таза әрі сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алып тұтынуына мүмкіндік туар еді. Оның айтуынша, көкөніс өндірудің үлкен әлеуеттері бола тұра, біз импорттық өнімдерге тәуелдіміз. Бұл салада инвестицияның аздығы сезіледі. Жалпы кәсіпкерлер жылыжайдың болашағы зор екенін ұғынғаны жөн сияқты. Мақұлбек Сайдоллаұлы экологиялық таза өнім өндіруге баса назар аударатынын атап өтті. Ол үшін топырақты жыл сайын құнарландырып отыру шарт. Кәсіпкер жылыжайдағы топырақтың құнарлылығын сақтау үшін қойдың тезегін пайдаланады екен. Сонымен қоса, түрлі зиянкестермен күресу үшін де ең өнімді тәсілдерді қолданады. Жылыжайдың жағдайын таныстырған Мақұлбек Сайдоллаұлы аталған кәсіптегі кейбір қиындықтардың барын
жасырмады.


– Біріншіден, жылыжай кешенін дамыту үшін бізде агрохимиялық зертхана жоқ. Екіншіден, топырақ құрамын, түрлі зиянкестермен күресу жолдарын жақсы меңгерген мамандары бар сервистік кеңес беретін орталық жоқ. Менің ойымша, егер біз халықты экологиялық таза, сапалы өніммен қамтамасыз етеміз десек, осы жағына көбірек назар аударуымыз керек. Мегаполис халқын жыл бойына көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жылыжайлардың өнімділігін арттыруға күш салуымыз қажет. Қыс айларында алматылықтардың тұтынып отырған өнімдерінің дені Қытай мен Өзбекстаннан жеткізіледі. Ол өнімдердің сапасына ешқандай кепілдік берілмейді. Сол үшін мемлекет жылыжай шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетсе, әсіресе инфрақұрлымдарды жақсартуға баса назар аударса, бұл сала елдің ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосар еді, – дейді кәсіпкер.


Кәсіпкер алдағы уақытта сұранысқа сай жылыжай көлемін кеңейтуді және көкөніс сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр екен. Демек, жергілікті халықтың көкөніске деген сұранысын қанағаттандырудың қадам-дары жасалуда. Бұл – тұтынушы дастарханына ұсынылатын өнімдердің сапасына, экологиялық тазалығы мен қолжетімділігіне және қауіпсіздігіне негіз қалады деген сөз. Жылыжай шаруашылығын дамыту – бүгінгі заман талабы.

 

Ерзат АСЫЛ

 

Оқылды 6571 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет