Жұма, 04 Қараша 2022 10:10

Тарихтың тереңіне үңілген

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Райылқызы Мухтарова 60 жасқа толуына орай аталған музей-қорығында фото сурет көрмесі өтті. Аталған шараға жоғары оқу орындары, БАҚ саласының өкілдері, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері, мерейтой иесінің шәкірттері, әріптестері мен достары қатысты.

Гүлмира Мухтарова 1995-1999 жылдары Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында аспирантураны тәмамдап, нәтижесінде «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ислам дінінің ықпалы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы қызметін атқарды.

2002-2010 жж. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде алғашында тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері, кейін директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылы Г.Р.Мухтарованың ғылыми жетекшілігімен Алматыдағы саяси қуғын-сүргін тарихы музейі жасақталды. 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің кірпіші қаланғаннан бастап директор қызметін атқару барысында 18 ғылыми-қолданбалы жобаға басшылық жасап, нәтижесінде 1 монография, 2 ғылыми жинақ, 1 каталог, 3 альбом шығарып 150-ден астам тарих, этнография, мәдениеттану, музейтану салалары бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалаларын жариялады. 2010 жылы қорық-музейдің алғашқы директоры қызметіне сайланып, оның іргетасын қалаған Гүлмира Райылқызы, музей-қорықты еліміздегі музей жұмысының барлық салалары бойынша алдыңғы қатарлы танымал ғылыми-зерттеу, туризм объектісіне айналдырды. Бұл жетістіктер Тәуелсіз Қазақстанның ғана емес, дүниежүзілік имидж үшін де маңызды. Себебі Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің символына айналған «Алтын адам» табылған «Есік» музей-қорығы қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік қонақтардың да назарын өзіне аударып отырған тарихи-мәдени маңызды объект болып саналады. 2012 жылы Республикалық маңызы бар музей қорларының арасында алғашқылардың бірі болып ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде аккредитацияға және археологиялық зерттеулер жүргізу құқығын беретін лицензияға ие болды. Белгілі тарихшы ғалымның мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада оның еңбектері сараланып, тарих ғылымына қосқан еңбегі айтылды. Сондай-ақ Гүлмира Райылқызының 60 жылдық мерейтойына орай Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан мен Мақпал Тажмағанбетованың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевтың, ҚХР Шәнси Археология институтының ҚР Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, ҚР Орталық мемлекеттік архиві сынды ұжымдардың құттықтау хаттары табысталды. «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, «Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайының» директоры Дәулет Шоқпаров мерейтой  иесін құттықтап, ақжарма тілектерін ақтарды.

Бүгінде Гүлмира Райылқызы ескерткіштерді сақтау, қорғау, насихаттау саласына сүбелі үлес қосып келеді. Ол археологиялық ескерткіштерді, соның ішінде Есік қорымы, Рахат кешені, Өрікті қалашығы, Өрнек ескерткіштерін, Алтын адамның тарихын, ортағасырлық Талғар қалашығын зерттеу, қорғау аймағын анықтау, бекіту, жер мәселелерін шешу, инвестиция тарту сияқты өзекті мәселелерді шешуде сіңірген еңбегі  зор. Осы жолда  ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссия аясындағы Ұлттық комитеттің төрайымы, аудандық мәслихатының VI-VII шақырылымының депутаты болып сайланып, қызмет атқарып келеді. Айта кетейік, Гүлмира Райылқызы Мухтарова  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» басқарудағы жетістіктері үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл), Қазақ хандығының  құрылғанына 550 жыл»  (2015 жыл), ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» (2016 жыл) медальдарымен марапатталған.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 735 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет