Жұма, 11 Қараша 2022 09:15

Жасаған ортаға да жанашырлық қажет

Күн сайын көшеден қолына сыпырғы, күрек ұстаған тазалық жанашырларын көреміз. Жұмысшылар көбінесе шаң-тозаңда, шақырайған күннің астында, шытынаған аязда жұмыс істейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамайды. Өйткенi, олар қала тазалығына жауапты екенін сезінеді. Табиғаты сырға, тарихы терең жырға толы, ежелгі өркениеттің бесігі – «Алтын адамның» атамекені болған Есік қаласында тазалықты сақтау мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Биылдың өзінде қала тазалығын қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 54 млн 65 мың теңге қаржы қарастырылған. Қала әкімі Асхат Аңсатбаевтың  айтуынша, қала аумағында бүгінгі күні күл-қоқыс шығарумен «Бақыт и К 2012» жеке кәсіпорны айналысуда. Бүгінде аталған мекеме қала тұрғындарымен және өзге де мекемелермен жасалған келісім-шарт негізінде өз міндетін атқаруда. Әлбетте, тазалықпен қатар Алтын адам атамекенін абаттандыру да аталған «Бақыт и К 2012» жеке кәсіпорнының құзырында. Қолдағы мәлімет бойынша, 50 мыңға жуық тұрғындардан шыққан қалдықтарды аптасына бір рет жауапты мекеме жинайды. Сөйтіп, қоқыс алаңына жеткізеді. Олардың айтуынша, бір жетіде шамамен 200 тоннадан артық қоқыс шығарылады екен. Дегенмен тазалық жұмысына жауапты мекемемен әлі келсім-шарт жасамаған отбасылар да бар көрінеді. Олар көбіне келісім-шарты бар көршілердің жинап қойған тұрмыстық қалдықтарына өз қоқыстарын қосып жібереді екен. Соның салдарынан, тазалық жұмыскерлері нормадан артық қоқыс шығаруға мәжбүр болады. Қызмет бағасының арзан болғанына қарамастан қаладағы көп санды базарлар мен дүкендер келісім-шарт жасамай отыр. Сол себепті олар көбіне қоқысты жол жиегі мен өзен аңғарына төгеді. Тазалық сақшылары кейде сол бей-берекет төгілген қоқыстарды да тазалап тұруға мәжбүр екенін жасырмайды. Қалай десек те, қаланың әрбір тұрғыны таза ортада, жасыл аумақта жүргісі келеді. Ал оны жасау – бәріміздің ортақ ісіміз.

Қала әкімі аппаратының мәліметінше, үш жылдан бері қала маңындағы үш қоқыс полигоны заласыздандырылған. Қазір Есікте коқыс полигондарына қатысты қандай да бір түйткіл жоқ екенін айтады. Таза қаланың тынысы кең. Үрдіске айналған жалпықалалық сенбілік шаһардың көркеюіне көп үлесін қосуда. Жақында ғана Алматы облысының елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша өткен тазалық шарасына 2000 адамды қамтыған 50-ден астам кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер белсенді түрде атсалысты. Сонымен қоса, аталған сенбілікке «Есік Су», «Бахыт и К 2012» ЖШС-нің техникалары жұмылдырылды. Тазалық шарасының шеңберінде 70-тен астам көше, тұрғын үйлерге, мекемелерге, ұйымдарға іргелес 900-ден астам аумақ, 4 саябақ пен сквер тазартылып, 200 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі ауасыз өмір сүре алмайтыны ақиқат болса, сол ауаны сүзгіден өткізіп тазалайтын, денсаулыққа залалды газдарды, шаң-тозаңды тартып алып, орнына оттегі бөліп шығаратын – ағаш. Даланың әрін, қаланың сәнін келтіріп, шуды азайтатын, желді тосып, ықтасын болатын да – осы өсімдік. Қала әкімі аппаратының дерегінше, жыл басынан бері аудан орталығында 1380 түп ағаш егілген. Жалпы, көктемгі маусымда – 1230 түп, ал күзгі маусымда 150 түп жеміс ағаштары егілді. Жасаған ортаны жасылдандыру жұмысы алда тағы өз жалғасын таппақ.

Есік қаласы – тарихтың таңғажайып құпиясын жасырған құтты мекен. Ол – біздің ортақ отбасымыз. Оның табалдырығының таза, шаңырағының шаңнан ада болуына да әрбіріміз жауаптымыз. Біз бәрімізге ортақ артылған жүктің салмағын сезініп, санамыз сауалдарға лайықты жауап тапқанда ғана, туған жеріміздің келбеті жарқын, келешегі нұрлы болмақ.                                                        

Е.АСЫЛ.

Оқылды 697 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет