Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2022 10:52

Сең қозғалды, оқырман сен де қозғал!

Биылғы қыркүйектің соңында Алматыдағы ұлттық кітапханада «Қазақ баспасөзі: «Бүгін және ертеңі» тақырыбында өткен конференцияда қазақ тілді басылымдардың таралымы соңғы жылдары күрт төмендеп кетуіне алаңдаушылық білдірген жиынға қатысушылардың атынан мерзімді басылымдар басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған болатын.

Жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салаларында жаңару, Президентіміздің еститін үкіметке қол жеткізу мақсаттарын орындау нақты іске аса бастағанын тікелей айғағы еліміздің бас газеті «Egemen Qazaqstanның» 2022 жылы 2 желтоқсанда жа-рияланған «Министрлер балалар басылымына қолдау білдірді» мақаласы. Осы мақаладан аздаған қысқартулар мен үзінділер жариялай отырып өз пікірімізді де білдіре кетуді жөн көрдік.

Ақын Абайдың осы сөздерін сәл өзгертіп мақалаға тақырып етіп қоюым елді елең еткізген министрлердің сәтті аяқалысы. Абай Құнанбайұлының әр өлеңі, әр қара сөздері өмір философиясына толы. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» – деді хакім Абай.

Тіршіліктің әр сәті сөзден басталады. Бүгінгі жаңа сайланған Президентіміз Қ.Тоқаев елге берген уәделерін, елді жаңарту жолындағы алғашқы қадамдарын ауылдарды дамытуға арналғанын осы мәселені шешуге бағытталған алғашқы Жарлығымен түйіндеген еді Прези-дентті ұлықтауға арналған салтанатты жиында. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің, Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен әріптестік, ауыл үшін, ел үшін, әсіресе ел болашағы жас өркен үшін ынтымақтастықпен қызмет атқаруы көңілге үлкен үміт, селкеусіз сенім ұялатары анық. Ал енді еліміздегі ең маңызды салалар басшылары баспасөзге жазылуды өздерінен бастауы үлкенді-кішілі лауазым иелеріне мемлекеттік қызметкерлерге үлгі болса, қанеки. Осы жолдардың авторы, алпыс жыл еңбек өтілінің елу жылын газет шығаруға арнаған кәсіби редактор тап соңғы үш-төрт жылдағыдай газет таралымының құлдырағанын көрмепті. Оған кінәлі пандемия мен әлеуметтік желінің дамуы десек те, өзіміздің бей-жайлығымыз, салғырттығымыз надандыққа жетелейтін біржақты жедел ақпарат бере алатын интернет өнімдерімен қатар сол сайт-парақшалардағы шала сауатты, көп жағдайда әдепсіз посттар мен фотолар, роликтерге бағынышты болуымыз.

Пандемия демекші осы індет алқымнан алып Covid-тен көптеген науқас төсек тартып, кейбірі о дүниелік болып жатқанда «Еңбекшіқазақ» газеті бір сәтке де шығуын үзбей, еліміздің облыс, ауданымыздың денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің індетпен күресін оған жол бермеу жайындағы ақыл-кеңестерін жариялауды бірінші кезекке қоя білді. Дәрігерлеріміздің жанқиярлық еңбегінің арқасында ауданымызда індетпен ауырғандардың санын қысқарта алған медиктер еңбегі ерен.

Аты да, заты да беймәлім Covid індеті кенеттен тап бергенде онымен күресу жолдарын «ат үстінде» игеру жұмысын жолға қоюмен ғана емес, тұрғындардың індетке көзін ашып, ағарту ісін ұйымдастырған аудандық аурухана және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің індеттен сақтану, алдын алу әрекеттерін медиа саласында жарнамалап – жариялауды жедел қолға алғанын да атап айту керек. 

Х.АХМЕТЖАНОВ.

Газет қатталып жатқанда

Қазақстандық Ел-арна теледидар каналының «Жаңа қадам» бағдарламасында «Газет пе? Гаджет пе?» шоу көрсетілімі өткізілді. Ресейдің мемлекеттік каналдарында өткізілетін телешоуға ұқсаңқырайтын жағы бір-біріне сөз бермей жарыса дабырлағанымен бүгінгі күннің күйіп тұрған тақырыбы мәдениетіміздің құрамды бөлігі «Газет қоғамға керек пе өзі? Әлде тик-токтағы өрескел әдепсіз роликтердің арасынан керекті деректі іздеп әуре болумен өте ме өмірің?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрді шоу қатысушылары.

Оңтүстік Африка мемлекетінің азаматы 27 жыл түрмеде отырып шыққаннан кейін осы елдің президенті болған Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела: «Егер елің мәдениетін жоғалтса, шекараңды аша бер» деген екен. Қазақ мәдениеті өмірін қиып жүріп қараңғы халқына газет ашып берген Ахмет Байтұрсынұлы сынды алаш ардақтыларының еңбегімен дәуірлемеп пе еді?!

Мәдениеті де, экономикасы да, ұлттық салт дәстүрі де ең биік елдер қатарындағы Жапон халқы технологияның қолжеткен жетістіктерін пайдалана отырып, миллиондаған таралымы бар газеттер қызметін де пайдалануда. Неге біз қазақ бір шеттен екінші шетке шыға беруіміз керек?!   

Оқылды 875 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 09, 2025

Посевная-2025: завершение в…

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для…
Маус 09, 2025

Егіс науқаны – 2025: науқанның…

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар…
Маус 09, 2025

Экологиялық ахуал басты назарда

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күні қарсаңында Алматы…
Маус 09, 2025

Алматы облысында қаржы пирамидаларын…

Алматы облысында азаматтарды алдауға бағытталған қаржы пирамидаларына қарсы кешенді…
Маус 09, 2025

Алматы облысындағы табиғи…

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Алматы…
Маус 09, 2025

2025 жыл Құрбан айт: уақыты,…

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін аса маңызды рухани мереке. Бұл күндер мейірімділік пен…
Маус 09, 2025

Алматы облысында волонтерлік…

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл…
Маус 05, 2025

Демалыс базалары мен орындарын ашуға…

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен…
Маус 05, 2025

Жануардың тістеуінен жарақат алған…

Қандай да бір жануардың (үй жануары, жабайы жануар, ауылшаруашылық малдар, кеміргіштер…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет